Қазақстан республикасының бюджет кодексі




НазваниеҚазақстан республикасының бюджет кодексі
страница3/23
Дата конвертации17.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

29) жоспарлы кезең – ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;

30) инвестициялық ұсыныс – бюджеттік инвестициялық жобаны одан әрі дайындау мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері әзірлейтін тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсаты, қол жеткізу жолдары көрсетілетін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;

31) квазимемлекеттік сектор субъектілері – ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды, басқа да акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қамтитын жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұйымдар;

32) кезекті қаржы жылы – ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;

33) келісімшарт жасасушы агент – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәміленің тарабы;

34) концессиялық міндеттемелер – жасалған концессия шарттары бойынша концеденттің белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;

35) кiрiстердi бөлу нормативi – әртүрлі деңгейлердегi бюджеттер арасында кiрiс түрлерін бөлудің проценттiк арақатынасы;

36) Қазақстан Республикасының резиденттері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;

37) қаржы агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет жүз процент қатысатын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

38) қаржы жылы – бюджеттiң атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңi;

39) қаржыландыру - бюджет ақшасын оларды алушыларға бөлу;

40) қаржылық есептiлiк – егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, нысаны мен көлемiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын бақылау объектілерінiң қаржылық жағдайы, қызметiнiң қаржылық нәтижелерi және олардың қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпарат.

41) қарыз алу – тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау және талдау рәсімдерін қоса алғанда, қарыз қаражаттарын тарту қажеттілігі туралы шешім қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын айқындау рәсімдері, келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету және кепілдіктері, қарыз бойынша тиісті құжаттарды ресімдеу және қол қою, қарыз шартын ратификациялау (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), қарыз қаражатын алу, пайдалану рәсімдері кіретін процесс;

42) қарыз беруші – мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қарыздарды мемлекеттік кепілдікпен немесе мемлекет кепілгерлігімен берген тұлға немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі;

43) қарыз шарты – қарыз алушы қарыз қаражатын соған байланысты алатын және қарыз берушінің алдында оны қайтару және сыйақыны, сондай-ақ қарызға байланысты басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемені мойнына алатын келісім;

44) қарызға қызмет көрсету – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе банктің қарыз алушының шоттарындағы қарыз қаражаттарының пайдаланылуын есепке алу жөніндегі қызметі және қарыз алушының сыйақы төлемдерін, комиссиялық алымдарды және қарыз талаптарына сәйкес басқа да төлемдерді жүзеге асыруы;

45) қарызды қайта құрылымдау – тараптардың келісімі бойынша қарыз шарты жөніндегі өздерінің міндеттемелерін орындау мерзімдерін, қаржылық және өзге де талаптарды өзгертуі;

46) мемлекет активтерi – өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесiнде мемлекеттiк меншікке алынған, құндық бағасы бар мүліктiк және мүліктiк емес игiлiктер мен құқықтар;

47) мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз – инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз;

48) мемлекет кепілгерліктері бойынша борыш – мемлекет кепілгерлігімен тартылған, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыз сомаларының сомасы;

49) мемлекет кепілгерліктерін беру лимиті – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін тіркелген сома, соның шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін;

50) мемлекет кепілдік берген борыш – мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы;

51) мемлекет кепілдік берген қарыз – мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз;

52) мемлекеттік борышты қайта қаржыландыру – мемлекеттік борышты жаңадан алынған қарыз қаражаттары есебінен өтеу;

53) мемлекеттік емес қарыз – Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті қарыз алушы болатын қарыз қатынастары;

54) мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

55) мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

56) мемлекеттік кепілдіктерді беру лимиті – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен бекітіліп, тіркелген сома, соның шегінде мемлекеттік кепілдіктер берілуі мүмкін;

57) мемлекеттік қарыз – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары;

58) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз – қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастарында оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;

59) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру – Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын бірінші иеленушілерге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау арқылы иеліктен шығаруы;

60) нақтыланған бюджет – атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат қабылдаған өзгерiстер мен толықтырулар ескеріле отырып, бекiтiлген бюджет;

61) нәтиженің көрсеткіштері – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қызметін сипаттайтын, бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің, тиімділігі мен сапасы көрсеткіштерінің жиынтығы;

62) негізгі борыш сомасы – қарыз берушіден алынған және оған қайтарылмаған қарызды, сол бойынша сыйақының, тұрақсыздық төлемінің (айыппұлдың, өсімпұлдың) есептелген сомасын есепке алмастан, өтелуге жататын сома;

63) өтеусiз қаржылық көмек – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына тауарлар берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi қаржыландыру үшiн ақша беруi;

64) өтеусiз техникалық көмек – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарына тауарлар берудi, жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетудi жүзеге асыруы немесе ұйымдастыруы;

65) өзара өтелетін операциялар – қосарланған есепті болғызбау мақсатында бюджеттің бір деңгейінен басқасына берілетін, трансферттер, бюджеттік кредиттер және басқа да ақша сомаларын алып тастаумен байланысты, мемлекеттік бюджетті және облыстың бюджетін, сондай-ақ олардың атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын операциялар;

66) сақтандыру шарты – қарыз алушы қарыз талаптары бойынша өзінен алынуға тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, сақтандыру ұйымының қарыз берушінің алдындағы мемлекет кепілгерлігімен немесе мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін шарт;

67) сыйақының тіркелмеген (құбылмалы) ставкасы – нарық конъюнктурасына байланысты өзгерістерге ұшыраған кредиттер, қарыздар жөніндегі сыйақы ставкасы немесе бағалы қағаздар бойынша сыйақымен қоса табыс;

68) сыртқы қарыз – қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары;

69) тікелей нәтиже – қол жеткізілуі осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметіне толық байланысты болатын, көзделген бюджет қаражаты шегінде атқарылатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы;

70) түпкілікті нәтиже – белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің, басқа да мемлекеттік органдар қызметінің тікелей нәтижелеріне қол жеткізумен ұштасатын, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының, әлеуметтік саланың, экономиканың, қоғамдық қауіпсіздіктің және мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының мақсатты жай-күйі (жай-күйінің өзгерісі);

71) үкіметтік борыш – Қазақстан Республикасының Үкіметі алған және өтемеген мемлекеттік қарыздарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышына жатқызылған белгілі бір күнге борыштық міндеттемелердің сомасы;

72) үкіметтік борыш лимиті – тиісті қаржы жылына алынған және өтелмеген үкіметтік қарыздардың республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін тіркелген сомасы, белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының аяғына) қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің нақты борышы одан аспауға тиіс;

73) үкіметтік қарыздарды хеджирлеу – бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган мен келісімшарт жасасушы агент арасындағы үкіметтік қарыз алудың тәуекелдерін (валюталық, проценттік және өзге де) басқару мақсатында қаржы құралдарымен мәмілелер жасау;

74) ішкі қарыз – қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.

2. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының осы бапта аталмаған басқа да ұғымдары осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалатын мәндерімен пайдаланылады.

Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалары салаларының ұғымдары, Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалары салаларында пайдаланылатын мәндерімен қолданылады.

Бюджеттiк қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы ұғымдарының айқындамалары Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасы салалары ұғымдарының айқындамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының ұғымдары пайдаланылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет

жүйесiнiң принциптерi
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:

1) бiрыңғайлық принципi – бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында бiрыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесінің бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалану;

2) толымдылық принципi – бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсiмдер мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;

3) реалистiк принципi – бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің, мемлектетік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекiтiлген (түзетiлген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуi;

4) транспаренттiлiк принципi – мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесiнiң міндетті ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты мiндеттi түрде жариялау;

5) дәйектiлiк принципi – мемлекеттiк органдардың бюджеттiк қатынастар саласында бұрын қабылданған шешiмдердi сақтауы;

6) нәтижелілік принципi – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару;

7) бюджеттердiң дербестiк принципi – түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында түсiмдердiң тұрақты бөлiнуін белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi және жергiлiктi бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиiстi өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмеуі;

8) сабақтастық принципi – өткен кезеңде бекітілген әлеуметтiк-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар болжамдарына, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау;

9) негiздiлiк принципi – бюджет жобасына қандай да болсын түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн және олардың көлемдерiнiң негiздiлiгін айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер және басқа да құжаттар негiзiнде бюджеттi жоспарлау;

10) уақтылылық принципi – республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, мерзімінде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару;

11) кассаның бiрыңғайлық принципi – бюджетке барлық түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бiрыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;

12) тиімділік принципі – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу;

13) жауапкершілік принципі – тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы;

14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципі – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.
5-бап. Бюджеттiң түсiмдерi мен шығыстарына

әсер ететiн нормативтiк құқықтық актiлер
1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Похожие:

Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Источник: ис параграф-www
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconЭлектр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру ережесі
Ереже «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница