Қазақстан республикасының бюджет кодексі




НазваниеҚазақстан республикасының бюджет кодексі
страница4/23
Дата конвертации17.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілетін заңдардың жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.

Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулылары жобаларының ережелерi Республикалық бюджет комиссиясының мiндеттi қарауына жатады.

2. Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің оң қорытындысы ағымдағы жылдың бiрiншi жартысында берiлуі шартымен осы баптың 1-тармағында аталған актiлер жобаларының ережелерi, келесi қаржы жылынан ерте қолданысқа енгiзiле алмайды.

Егер оң қорытындылар ағымдағы жылдың екiншi жартысында берiлген жағдайда, онда аталған ережелер қолданысқа жоспарланған жылдан кейiнгi қаржы жылынан ерте енгiзiле алмайды.

3. Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерiн қысқартуды көздейтiн жергiлiктi өкiлдi органдар шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттардың қарауына енгiзiлуi мүмкiн. Әкiмнiң қорытындысы тиiстi бюджет комиссиясының ұсыныстары ескерiле отырып жасалады.

Жергiлiктi бюджеттердiң шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтiн жергiлiктi атқарушы органдар актiлерi жобаларының ережелерi тиiстi бюджет комиссиясының мiндеттi түрде қарауына жатады.

4. Тиiстi бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, әкiмнiң оң қорытындысы болған кезде осы баптың 3-тармағында көрсетілген ережелер, келесi қаржы жылынан ерте қолданысқа енгiзiле алмайды.

5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында аталған ережелер республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдарға және жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттар шешiмдерiне, сондай-ақ оларды iске асыру туралы нормативтiк құқықтық актiлерге қолданылмайды.

6. Осы баптың 2-тармағында аталған ережелер кеден ставкаларының өзгеруін көздейтін нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.
2-тарау. БЮДЖЕТТIҢ ТҮРЛЕРI МЕН ДЕҢГЕЙЛЕРI
6-бап. Бюджеттiң түрлерi мен деңгейлерi туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегi бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады.

2. Осы Кодексте белгiленген жағдайларда, Қазақстан Республикасында төтенше мемлекеттiк бюджет әзiрленуi, бекiтiлуi және атқарылуы мүмкiн.

3. Қазақстан Республикасында талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджет, облыстардың бюджеті жасалады.

Мемлекеттiк бюджет өз араларында өзара өтелетiн операциялар ескерілместен, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетiн операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың бюджетін республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді бiрiктiретiн мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетiн операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін бiрiктiретiн орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
7-бап. Республикалық бюджет
1. Осы Кодексте айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттiк саясаттың жалпы республикалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.

2. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi.
8-бап. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала,

астана бюджеттерi
1. Осы Кодекспен айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегi, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi болып табылады.

2. Облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi тиісінше облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешiмдерiмен бекiтiледi.
9-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi
1. Осы Кодекспен айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиiстi ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады.

2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiмен бекiтiледi.
10-бап. Төтенше мемлекеттiк бюджет
1. Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттер негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi.

2. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi.

3. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттің бюджеттері туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады.

4. Төтенше мемлекеттiк бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады.

Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылуы тоқтатылысымен республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау жүргізіледі.
3-тарау. БЮДЖЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ
11-бап. Бюджет түсiмдерi
1. Кiрiстер, бюджет кредиттерін өтеу сомалары, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түскен түсiмдер, қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады.

2. Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер бюджет кірістері болып табылады.

3. Нысаналы трансферттердi қоспағанда, кiрiстер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кiрiстердiң жаңа түрлерiн енгiзу, қолданылып жүргендерінің күшiн жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске мiндеттi түрде өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзiле отырып жүзеге асырылады.

4. Салықтық түсiмдер Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер болып табылады.

5. Салықтық емес түсiмдер негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдерге жатпайтын, Қазақстан Республикасының Салық және Кеден кодекстерiнде көзделгеннен басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде белгiленген, бюджетке мiндеттi, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша болып табылады.

6. Бюджетке:

1) мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан;

2) мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар сатудан;

3) мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерін жеке меншiкке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртiппен өзге де тәсiлмен өткізуден;

4) мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетін ақша негізгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер болып табылады.

7. Трансферттер түсiмдерi бюджеттiң бiр деңгейiнен басқасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері болып табылады.

8. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.

9. Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетін түсiмдер заңды тұлғалардың, оның iшiнде мемлекеттiк меншiктегi халықаралық ұйымдардың, мүлiктiк кешен түрiндегi мемлекеттiк мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуiндегi өзге де мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсiмдер.

10. Қарыздар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) қарыз шарттарын жасасуға байланысты бюджетке ақша түсімдері болып табылады.
12-бап. Бюджет шығыстары
1. Шығындар, бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, қарыздарды өтеу бюджеттiң шығыстары болып табылады.

2. Шығындар қайтарымсыз негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты болып табылады.

3. Бюджеттiк кредиттер бюджеттен қайтарымды, жедел және ақылы негiзде бөлiнетiн ақша болып табылады.

4. Қаржы активтерiн сатып алу заңды тұлғалардың, оның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн және бағалы қағаздарын мемлекеттiк меншiкке сатып алуға бағытталған бюджет қаражаты болып табылады.

5. Қарыздарды өтеу Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттiк сыртқы қарыздар туралы, сондай-ақ ішкі қарыздар бойынша халықаралық шарттарға сәйкес негізгі борышты өтеуге бағытталған бюджет қаражаты болып табылады.
13-бап. Бюджет құрылымы
1. Бюджет құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:

1) кiрiстер:

салықтық түсiмдер;

салықтық емес түсiмдер;

негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер;

трансферттер түсiмi;

2) шығындар;

3) таза бюджетік кредиттеу:

бюджеттік кредиттер;

бюджеттік кредиттерді өтеу;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо:

қаржы активтерiн сатып алу;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетін түсiмдер;

5) бюджет тапшылығы (профицитi);

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану):

қарыздар түсiмi;

қарыздарды өтеу;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.
14-бап. Республикалық бюджеттің мұнайға

қатысты емес тапшылығы (профицитi)
1. Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығыстарын шегергендегі республикалық бюджеттiң мұнайға қатысты емес тапшылығы (профицитi), қарыздар түсімдері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры трансферттерінің түсiмдерiн есептемегенде, республикалық бюджет түсiмдерiнiң сомасына тең.

2. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық мақсатта пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайға қатысты емес түсiмдерден тәуелдiлiгiн төмендету үшін экономиканың мұнайға қатысты емес секторын нысаналы дамыту есебiнен ұзақ мерзімді кезеңде мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері кемітілуге тиіс.
15-бап. Таза бюджеттiк кредиттеу
Таза бюджеттiк кредиттеу бюджеттiк кредиттердiң және бюджеттiк кредиттердi өтеудiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
16-бап. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо
1. Қаржы активтерімен операцияларға:

1) қаржы активтерiн сатып алу;

2) мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетін түсiмдер кіреді.

2. Қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо қаржы активтерiн сатып алу және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетін түсiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

3. Қаржы активтерiн сатып алу және мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетін түсiмдер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
17-бап. Бюджет тапшылығы (профицитi)
Бюджет тапшылығы (профицитi) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең.

Tepic белгiсiмен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгiмен алынғаны - бюджет профицитi болып табылады.

18-бап. Бюджет тапшылығын қаржыландыру

(профицитiн пайдалану)
1. Бюджет тапшылығын қаржыландыру қарыз алу және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебiнен бюджет тапшылығын жабу жолымен қамтамасыз етіледі;

Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі алынған қарыздар, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары сомасының қарыздар бойынша негізгi борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде айқындалады.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгiмен белгiленедi және бюджет тапшылығының шамасына сәйкес келедi.

2. Бюджет профицитiн пайдалану қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджеттің пайдаланылатын қаражаты қалдықтарын жұмсау жолымен жүзеге асырылады.

Бюджет профицитiн пайдалану көлемi қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары сомасынан асып түсуі ретiнде айқындалады.

Бюджет профицитiн пайдалану мәнi терiс белгiмен белгiленедi және бюджет профицитiнiң шамасына сәйкес келедi.
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI МЕН

ЖЕРГIЛIКТI АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ РЕЗЕРВТЕРI
19-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi

атқарушы органдардың резервтерi туралы жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу кезiнде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттер құрамында құрылады.

2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiне:

1) төтенше резерв;

2) шұғыл шығындарға арналған резерв;

3) соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резерв;

4) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв кіреді.

3. Облыстық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiне:

1) төтенше резерв:

2) шұғыл шығындарға арналған резерв;

3) соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резерв;

4) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резервті қамтиды.

4. Аудандық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiне:

1) төтенше резерв;

2) шұғыл шығындарға арналған резерв;

3) соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резерв кіреді.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің жалпы көлемі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді.

Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі трансферттер мен қарыздарды есептемегенде, тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі процентінен аспауға тиіс.

6. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен ақша бөлу қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жоятын, тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың қаулыларымен ағымдағы қаржы жылына республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген көлемдер шегiнде жүзеге асырылады.

Бір қаржы жылынан астам іске асыру мерзімімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, сондай-ақ адам өмірінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына және олардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың зардаптарын жоюға байланысты авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын және өзге де іс-шараларды жүргізу үшін шығындардың жалпы сомасы айқындала отырып және ағымдағы қаржы жылының сомалары және Қазақстан Республикасының Үкіметі кейінгі қаржы жылдарында қосымша шешім қабылдайтын сомалар көрсетіле отырып, Үкіметтің резервінен қаражат бөлінеді.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Похожие:

Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Источник: ис параграф-www
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconЭлектр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру ережесі
Ереже «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница