Қазақстан республикасының бюджет кодексі




НазваниеҚазақстан республикасының бюджет кодексі
страница5/23
Дата конвертации17.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Төтенше резервтер мен соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резервтерге көзделген қаражат жетіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы орган аталған резервтердің жоспарлы тағайындауларын Қазақстан Республикасының Үкіметінен немесе жергілікті атқарушы органның резервінен белгіленген тәртіппен шұғыл шығындарға арналған қаражатты қайта бөлу арқылы ұлғайтуға құқылы.

7. Ағымдағы қаржы жылының желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiнен шұғыл шығындарға және соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға ақша бөлуге жол берілмейді.
20-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану
1. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуiне де пайдаланылуы мүмкiн.

2. Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарына арналған резерві сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін.

3. Соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындау резерві соттардың шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың мiндеттемелерiн орындауға пайдаланылады. 

4. Кезекті қаржы жылында облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, кезекті қаржы жылына республикалық бюджетте олардың бюджеттерiн кредиттеу үшін резерв көзделедi.

Келесі қаржы жылында бюджеттерінде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiн кредиттеу үшін кезекті қаржы жылына облыстық бюджетте резерв көзделедi.

Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, қаржы жылы шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге қарыз беру жүзеге асырылуы мүмкін және республикалық немесе жергiлiктi бюджеттi нақтылау қажет етілмейді.

5. Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемiнде пайдаланылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентiне немесе тиiстi мәслихатқа республикалық бюджет туралы заңға немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы Қазақстан Республикасының Yкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган резервтерiнiң мөлшерiн ұлғайту туралы ұсыныстар енгiзедi.

6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бөлiнген ақша қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған немесе iшiнара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкiмшiсi бөлiнген ақшаның пайдаланылмаған бөлiгiн ағымдағы қаржы жылының соңына дейiн тиiстi бюджетке қайтаруды қамтамасыз етедi.

7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫН

ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
21-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
1. Материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi шотында шоғырландырылатын қаржы активтері түрiндегi, сондай-ақ, өзге де мүлiк түрiндегi мемлекет активтері болып табылады.

2. Материалдық емес активтерді, экономиканың мұнай секторына тәуелдiлiгiн және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерін және өзге де мүліктердi жинақтауға арналған.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.

Материалдық емес активтердi және тәуекелдің қалыпты деңгейінде ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерiнiң кiрiстiлiгiн қоспағанда, жинақтау функциясы қаржы активтері мен өзге де мүлiктiң жинақталуын қамтамасыз етедi.

Тұрақтандыру функциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерi өтiмдiлiгiнiң жеткiлiктi деңгейiн ұстап тұруға арналған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын бiр бөлiгi кепiлдiк берілген трансферттi қамтамасыз етуге қажеттi мөлшерде айқындалады.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану әлемдік, iшкi тауар және қаржы нарықтарының конъюнктурасы, мемлекеттегi және шет елдердегi экономикалық жағдай, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi сақталынып, республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтары ескерiле отырып айқындалады. 

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсiмi және жұмсалуы ұлттық және шетелдiк валюталармен жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялары бойынша есепке алу мен есептiлiк ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын сенiмгерлiк басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады.

Сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелері бойынша жылдық қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырады.
22-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын

қалыптастыру көздерi
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кiрiстер;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер:

1) мұнай секторы ұйымдарының тiкелей салықтарынан (жергiлiктi бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға:

корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы;

пайдалы қазбаларды өндіру салығы, бонустар, өнімді бөлу жөніндегі үлестер;

экспортқа рента салығы;

өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;

2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда), соның ішінде мұнай келісімшарттары талаптарының бұзылғаны үшін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда);

3) республикалық меншiктегi және тау-кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетін түсiмдерден;

4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетін түсiмдерден тұрады.

3. Шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнай, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар мұнай секторы ұйымдарына жатады.

Кезекті қаржы жылына мұнай секторы ұйымдарының тізбесін ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және мұнай операцияларын жүргізу, келісімшарттар жасасу және орындау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп бекітеді.

4. Материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кiрiстер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржы құралдарына орналастырудан құралады.
23-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетін республикалық бюджетке кепiлдi трансферт түрiнде;

2) Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мақсаттарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджеткe берiлетiн нысаналы трансферттер түрiнде;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткiзуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.

2. Материалдық емес активтердi қоспағанда:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жеткiлiктi өтiмдiлiк деңгейiн ұстап тұруды;

3) тәуекел деңгейi қалыпты болған кезде ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кiрiстiлiгiнiң жоғары деңгейiн;

4) ұзақ мерзiмдi перспективада инвестициялық кiрiстер алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры рұқсат етiлген қаржы құралдарына орналастырылады.

3. Материалдық емес активтердi қоспағанда, рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын Басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп айқындайды.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жеке және заңды тұлғаларды кредиттеуге және мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету ретiнде пайдаланыла алмайды.

5. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтердi есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртiбiн айқындайды.

6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын активтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.
24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан

республикалық бюджетке түсетін кепiлдік

берілген трансферт
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін қайтарымсыз түсiмдер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдік берілген трансферт болып табылады;

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдік берілген трансферт мөлшерi республикалық бюджет әзiрленетiн жылдың алдындағы қаржы жылының соңындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерiнiң үштен бiр бөлiгiнен аспауға тиiс.

Үш жылдық кезеңге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдік берілген трансферт мөлшерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi.

3. Есепті қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепiлдік берілген трансферт сомасын Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекіткен тәртiпке сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбеген тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылының республикалық бюджетінде бекітілген бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар.

4. Есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан аударылмаған кепiлдік берілген трансферт сомаларын тарту өткен қаржы жылының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің және қаржы жылының басындағы бюджеттік қаражаттар қалдықтары айырмасының сомасында жүзеге асырылады.

25-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын

басқару жөнiндегi кеңес
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиiмдi пайдалану және оны қаржы құралдарына орналастыру жөнiнде ұсыныстар әзірлейтін, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы консультациялық - кеңесші органы болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi Кеңестiң функциялары:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар әзірлеу;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдерi мен бағыттары жөнiндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн, материалдық емес активтердi қоспағанда, рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесi жөнiндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi Кеңестi құру туралы шешiмдi, оның құрамын және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
6-тарау. БІРЫҢҒАЙ БЮДЖЕТТІК СЫНЫПТАМА
26-бап. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың анықтамасы
1. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама объектiлерге топтамалық кодтар бере отырып, бюджет түсiмдерi мен шығыстарын функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.

2. Бюджет процесi бiрыңғай бюджеттiк сыныптама негiзiнде жүзеге асырылады.

3. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгілейтін тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негiзiнде жасалады.

4. Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманы мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.

27-бап. Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың құрамы
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптама:

1) бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасын;

2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;

3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтиды.
28-бап. Бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына негiзделген белгiлi бiр сипаттамалар бойынша барлық деңгейдегi бюджеттер түсiмдерiнiң топтамасы бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы болып табылады.

2. Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшелiктен тұрады.

Санаттар түсiмдердi экономикалық белгiлер бойынша топтастыруды көрсетеді.

Сыныптар мен кіші сыныптарда түсiмдер олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтастырылады.

Өзіндік ерекшелiк бюджетке төлем немесе түсiм түрiн айқындайды.
29-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы
1. Функционалдық және ведомстволық белгiлер бойынша бюджеттiк қаражаттың жұмсалу бағыттарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республиканың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлердегi бюджеттер шығыстарының топтамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы болып табылады.

2. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының топтамасы мынадай деңгейлерден тұрады:

функционалдық топтар;

функционалдық кіші топтар;

бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi;

бюджеттiк бағдарламалар (кіші бағдарламалар).

3. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы негiзiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiн және бюджеттiк бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкiн.

30-бап. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы
1. Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн мемлекеттiк мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсететін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шығыстарын топтастыру бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы болып табылады.

2. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшелiктен тұрады.

Санат шығыстарды экономикалық белгiлерi бойынша топтастырады. Сынып және кіші сынып шығыстарды мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн операциялардың негiзгi түрлерi бойынша топтастырады. Өзіндік ерекшелiк бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн мемлекеттiк мекеме жүргiзетiн операцияның түрiн айқындайды.

3. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әзірлейді және бекітеді.
31-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісі
1. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негiздеуге, iске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттiк орган болып табылады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi өзiне жүктелген функциялар мен өкiлеттіктерге сәйкес айқындалады.

2. Егер бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджет қаражатын дербес пайдаланады.

3. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдарын қоспағанда, мемлекеттiк органдардың құрылымдық және аумақтық бөлiмшелерi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бола алмайды.

4. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.

5. Жергілiкті бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгілік құрылымы негiзге алына отырып айқындалады.

6. Әкімдердің және облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері уәкілеттік берген атқарушы органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдары облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiлерi болып табылады.

7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және мәслихатының аппараттары, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі уәкілеттік берген атқарушы органдар аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi болып табылады.

8. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiлерi осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң аппараттары болып табылады.
32-бап. Бюджеттік бағдарламалар
1. Бюджеттік бағдарлама нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі бар мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағытын айқындайды.

2. Бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі әзірлейді және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі.

3. Бюджеттік бағдарламалар стратегиялық жоспарда тұжырымдалған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін қажеттілік пен жеткіліктілік принциптеріне негізделе отырып әзірленеді.

Бюджеттік бағдарламалар өзінің мазмұны бойынша мемлекеттік функциялармен, өкілеттіктермен және мемлекеттік қызметтер көрсетумен немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің бағыттарымен біртекті топталуға тиіс.

4. Бюджеттiк бағдарламада оны iске асыруды бағалау үшін тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері болуы тиіс, сондай-ақ бюджеттік бағдарламада сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің болуы мүмкін.

Сапа көрсеткіштері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің оны алушылардың талабына және мемлекеттік қызметтер көрсету стандартына сәйкестігінің деңгейін көрсетеді.

Тиімділік көрсеткіштері бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізуді немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей нәтижеге қол жеткізуді көрсетеді.

5. Бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін де бюджеттік бағдарламаларға арналған нәтиже көрсеткіштерін қолдану шартымен бюджет қаражатын жұмсаудың бағыттары нақтыланған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу тәртібін және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
33-бaп. Бюджеттiк бағдарламалардың түрлерi
1. Мазмұнына байланысты бюджеттiк бағдарламалар:

мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға;

трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге;

бюджеттік кредиттер беруге;

бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға;

күрделі шығыстарды жүзеге асыруға;

мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.

2. Мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты бюджеттiк бағдарламалар:

1) республикалық бюджеттің құрамында бекiтiлетiн республикалық бағдарламаларға;

2) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнің құрамында бекiтiлетiн облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бағдарламаларына;

3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнің құрамында бекiтiлетiн аудандық (қалалық) бағдарламаларға;

4) республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнің құрамында бекiтiлетiн, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламаларына бөлiнедi.

Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар болып табылады.

3. Бюджеттiк бағдарламалар іске асыру тәсiлiне байланысты:

1) бiр әкiмші iске асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға;

2) белгілі бір бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекiтiлетiн және бюджеттiк бағдарламалардың әртүрлi әкiмшiлерi арасында ағымдағы қаржы жылы iшiнде бөлiнуге жататын, бөлiнетін бюджеттiк бағдарламаларға бөлiнедi.

Мұндай бюджеттiк бағдарламаларды бөлу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Бюджеттік бағдарламалар біртұтас бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.

Дамудың бюджеттiк бағдарламаларына бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жатады.
34-бап. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға

және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер

көрсетуді бағытталған бюджеттік бағдарламалар

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен көзделген функцияларға, өкілеттіктерге негізделген, бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге және қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет болып табылады.

2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының, мазмұнының және нәтижесінің сипаттамалары кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету талаптарын айқындайды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын орталық мемлекеттік органдар әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Мемлекеттік қызметтерді алушыларды, оларды көрсетуді қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды және олардың басқа да сипаттамалары көрсетіле отырып, республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үнемі жаңартылатын тізбесінен тұратын нормативтік құқықтық акті мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін білдіреді.

4. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнына олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстар кіреді.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнын айқындау кезінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген стандарттары пайдаланылады.

5. Бюджеттік бағдарламалардың атауларында жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетудің мазмұны көрініс табуға тиіс.

6. Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауы мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылады.
35-бап. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар

беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалар
1. Трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:

1) бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер;

2) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер;

3) жеке және заңды тұлғаларға арналған бюджеттік субсидиялар жатады.

2. Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің бір деңгейінен басқасына өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер болып табылады.

3. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне арналған ақшалай төлемдерден басқа, жеке тұлғаларға арналған трансферттер, бұл жеке тұлғаларға олардың иелігіндегі табыстарын өсіруге не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шығындардың немесе нұқсандардың белгілі бір түрлерін толық немесе ішінара өтеуге арналған ақшалай төлемдер.

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда, мемлекеттiк функцияларды орындаудың және республиканың немесе өңiрдiң дамуының әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн iске асырудың басқа да тәсiлi болмаған кезде ғана жеке және заңды тұлғаларға, соның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарына берiлетін бюджеттен қайтарымсыз төлемдер бюджеттiк субсидиялар болып табылады.

5. Бюджеттен субсидиялар төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
36-бап. Бюджеттік кредиттер беруге бағытталған

бюджеттік бағдарламалар
Бюджеттік кредиттер:

1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;

2) мемлекеттiң сыртқы экономикалық қызметiн жүзеге асыруға;

3) қаржы агенттiктерiнiң мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруына;

4) төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталады.
37-бап. Бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға

бағытталған бюджеттік бағдарламалар
Бюджеттiк инвестициялар бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджеттiк инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
38-бап. Күрделі шығыстарды жүзеге асыруға

бағытталған бюджеттік бағдарламалар
Күрделі шығыстарға, бюджеттік инвестициялардан басқа, шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес материалдық-техникалық базаны құруға не нығайтуға, күрделі жөндеуді (қалпына келтіруді) жүргізуге және өзге де күрделі шығыстарға бағытталған шығыстар жатады.
39-бап. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға

бағытталған бюджеттік бағдарламалар
Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға:

қарыз алу шарттарынан туындайтын, уақыттың белгiлi бiр кезеңiнде сыйақының, комиссиялық алымдардың, айыппұлдардың және өзге де төлемдердiң жиынтық төлемдерi, хеджирлеу мәмілелері бойынша төлемдер;

қарыз алушының қарыз шартында белгiленген тәртiппен алған қарыз сомасын қайтаруы, мемлекеттің қарыз шартынан туындайтын басқа да мiндеттемелердi орындауы;

халықаралық ұйымдарға үлестік жарналар;

мемлекеттік кепілдіктер мен кепiлгерлiктер бойынша міндеттемелерді орындау;

мемлекеттің Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен немесе соттардың шешімдерінен туындайтын басқа да міндеттемелері жатады.
40-бап. Барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын,

сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектілердің

қауіпсіздігін қамтамасыз ететiн органдардың мемлекеттiк

органдар мен олардың мекемелерiнiң шығыстарын сыныптау
Барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар мен олардың мекемелерiнiң шығыстары мынадай бюджеттік бағдарламалар:

мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға, трансферттер беруге және күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама;

бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр өзіндік ерекшелiгі бойынша көрсетiле отырып, бiр функционалдық топ бойынша жіктеледі.
41-бап. Мемлекеттік тапсырма
1. Мемлекеттік тапсырма жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаларға мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және басқа да міндеттерді орындауға арналған тапсырыс болып табылады.

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталы ұлғайтылмай жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау бюджетті әзірлеу кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасалып, онда нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік тапсырманы, республиалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін және мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаны жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

5. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

7-тарау. БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
42 -бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер
1. Бюджет процесiнде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.

2. Бюджет процесiнде республикалық бюджеттiң аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiмен және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қатынастарына жол берiлмейдi.

3. Әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған реттерде, облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда, бюджет процесiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiмен өзара қатынастарына жол берiледі.

4. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттiк басқарудың деңгейлерi арасында функциялар мен өкiлеттiктердің аражiгiнің айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасында түсiмдер мен шығыстардың біркелкі бөлінуіне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдiстерiнiң бiртұтастығына және ашықтығына негiзделген.

5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының, тиiсiнше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесiне араласуына жол берiлмейдi.

6. Осы Кодекстен басқа, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актiлерiнде, есебiнен шығыстар қаржыландырылуға тиiс және түсiмдер есептелуге тиiс болатын бюджет деңгейiн белгiлеуге жол берiлмейдi.

Тек осы Кодекске өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде ғана шығыстарды немесе түсiмдердiң жекелеген түрлерiн бюджеттiң бiр деңгейiнен басқасына беру жүзеге асырылады.

7. Жалпы сипаттағы трансферттердiң үш жылдық көлемiнiң қолданылу кезеңiнде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кiрiстердiң азаюына әкеп соғатын жоғары тұрған органдардың нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауынан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердiң шығындарын өтеу мiндеттi түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.

8. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне беруге байланысты шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын заңнамалық актілер қабылдануынан туындайтын шығындарын өтеу міндетті түрде төмен тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.
43-бап. Бюджетаралық қатынастардың принциптерi
Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негiзделедi:

1) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң республикалық бюджетпен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнің, жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастардағы теңдiгi;

2) аражiгiн ажыратудың мынадай өлшемдерінің бір мезгiлде сақталуын ескеретін түсiмдердi тиiмдi бөлу:

тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсерiне тәуелсiз салықтық және салықтық емес түсiмдер төмен тұрған бюджеттерге бекiтiледi;

мемлекеттiк мекемелер көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын салық түсімдері және салықтық емес түсiмдер аталған көрсетілетін қызметтер қаржыландырылатын бюджет кiрiсiне түседi;

қайта бөлiну сипатындағы, сондай-ақ салық базасы әркелкi орналастырылған салықтар бюджет жүйесiнiң неғұрлым жоғары тұрған бюджеттер деңгейлерiне бекiтiледi;

салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке бекiткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесiн қамтамасыз ететiн бюджет деңгейiне артықшылық беріледі;

нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергiлiктi бюджеттерге бекiтiледi;

3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң бюджеттiк қамтамасыз етiлу деңгейлерiн теңестiру;

4) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметтер көрсетудің бiрдей деңгейін ұсынуын қамтамасыз ету;

5) мемлекеттiк қызметтер көрсетуді ұсынудың тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi – мемлекеттiк қызметтер көрсетуді неғұрлым тиiмдi әрі нәтижелi қамтамасыз ете алатын мемлекеттiк басқару деңгейiне мемлекеттiк қызметтер көрсетуді бекiту;

6) мемлекеттiк қызметтер көрсетуді ұсыну деңгейiн оны алушыларға барынша жақындату – алушылардың қажеттерін барынша дәл есепке алу және мемлекеттiк қызметтер көрсетудің сапасын арттыру мақсатында қызметтер көрсетудің атқарылуын бюджет жүйесiнiң мүмкiндігінше төмен деңгейiне беру.
44-бап. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
1. Бюджетаралық қатынастар:

1) республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң арасында:

трансферттермен;

бюджеттiк кредиттермен;

2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:

трансферттермен;

бюджеттiк кредиттермен;

кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi.

2. Бюджет деңгейлері арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, дамудың нысаналы трансферттеріне бөлiнедi.

3. Нысаналы трансферттерді және бюджеттік кредиттердi жергiлiктi атқарушы органдар тиісті бюджеттік бағдарламаларда айқындалған олардың тек қана нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланады.

4. Нысаналы трансферттер мен кредиттердiң нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттік қаржылық бақылау органының актісіне сәйкес осы трансферттер мен кредиттердi бөлген жоғары тұрған бюджетке Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін бір ай ішінде қайтарылуға тиіс.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінгендерін қоспағанда, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердiң сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесі қаржы жылында пайдаланылуы (түгел пайдаланылуы) мүмкін.

Облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен бөлінгендерін қоспағанда, облыстық бюджеттен бөлінген, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердiң сомасы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесі қаржы жылында пайдаланылуы (түгел пайдаланылуы) мүмкін.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасы ағымдағы қаржы жылының соңына дейін, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.

6. Нысаналы даму трансферттерін пайдалану кезінде үнем жасалған жағдайда жергілікті атқарушы органдар үнемделген тиісті соманы жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыру жүргізілген бюджеттік бағдарламалар бойынша олардың нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға пайдалануға құқылы.
45-бап. Жалпы сипаттағы трансферттер
1. Бюджет субвенциялары мен бюджеттiк алып қою жалпы сипаттағы трансферттер болып табылады.

2. Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекiтiлген сома шегiнде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берiлетiн трансферттер бюджет субвенциялары болып табылады.

3. Республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекiтiлген сома шегiнде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге берiлетiн трансферттер бюджеттiк алып қою болып табылады.

4. Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемi:

Қазақстан Республикасының заңымен - республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң арасында;

облыстық мәслихаттың шешiмiмен - облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің арасында абсолюттiк мәнімен жылдар бойынша бөлiне отырып, үш жылдық кезеңге белгiленедi.

Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемi әрбiр үш жыл сайын өзгертiлуге жатады.

5. Жалпы сипаттағы трансферттер бюджеттiң әрбiр деңгейi үшiн осы Кодекспен бекiтiлген шығыстардың бағыттарына сәйкес мемлекеттік кепілдендірілген қызмет көрсетулерді ұсыну үшiн өңірлердің бюджеттiк қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестiруге және тең фискалдық мүмкiндiктердi қамтамасыз етуге бағытталған.

6. Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде өңірдің салықтық әлеуетi, өңірдегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары және сол немесе өзге де өңірдің өзіндік ерекшелігіне байланысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну жөніндегі шығыстарға әсер ететін факторлар ескеріледі.

7. Жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемi тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi (трансферттерді шегергенде) мен шығындарының болжамды көлемдерi арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

8. Жергiлiктi бюджет кiрiстерiнің болжамды көлемi шығындарының болжамды көлемiнен асып түскен кезде жоғары тұрған бюджетке жергiлiктi бюджеттен бюджеттiк алып қою белгiленедi.

Жергiлiктi бюджет шығындардың болжамды көлемi кірістерінің болжамды көлемiнен асып түскен кезде жоғары тұрған бюджеттен жергiлiктi бюджетке бюджеттік субвенциялар белгiленедi.

9. Жергiлiктi бюджеттердің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарының әдістемесі негізінде есептеледi.

10. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемiнің есеп-қисабы кезiнде жоспарлы кезеңде жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, жергілікті атқарушы органның борышын өтеудегі шығындар ескерiлмейдi.

11. Жалпы сипаттағы трансферттерді аудару тәртібі мен кезеңділігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
46-бап. Нысаналы трансферттер
1. Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілмейтін ағымдағы жекелеген бюджеттік бағдарламаларды немесе бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекiтiлген сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджеттердің төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттері, сондай-ақ жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолдынылуы кезеңінде мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне берілуіне байланысты шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын заңнамалық актілерді қабылдаудан туындайтын, жоғары тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бөлінетін трансферттер нысаналы трансферттер болып табылды.

2. Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисабы кезінде ескерілмейтін, ағымдағы жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттердің төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттері ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.

3. Республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сомалар шегінде:

1) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;

2) экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруға арналған іс-шараларды төмен тұрған мемлекеттік органдардың орындауы үшін жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер дамуға арналған нысаналы трансферттер болып табылады.

Іске асырылуы үшін жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері бөлінетін жергілікті инвестициялық жобаларды жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруға жол беріледі

4. Төмен тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің төлем негізділігін растайтын дамуға арналған нысаналы трансферттер бойынша құжаттары болған кезде және төмен тұрған бюджеттер арасында нысаналы трансферттердің жалпы сомаларын бөлуді бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімдер, тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспары негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аударады.

Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі төмен тұрған бюджеттерден ағымдағы нысаналы трансферттерді белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспары негізінде аударады

5. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім:

шешілуіне нысаналы трансферттер бөлінетін мақсаттар мен міндеттерді;

нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тікелей және түпкі нәтижелерді;

қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы төмен тұрған бюджеттің жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісіне есеп ұсынуы туралы міндеттемені қамтитын құжат болып табылады.

6. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірілмей жасалады.

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер облыстық бюджеттер, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында одан әрі бөлінген жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы тиісті келісімдер жасасады.

7. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына есеп береді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне есеп береді.

8. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу, нысаналы трансферттерді аудару, қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
47-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берiлетiн бюджеттік кредиттер
1. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және қаржы жылы iшiнде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында, тиiсiнше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттік кредиттер берiлуi мүмкін.

2. Төмен тұрған бюджеттерге бюджеттiк кредиттер осы Кодекске сәйкес берiледi.
48-бап. Трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге

қол жеткізбегені үшін жауаптылық
Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттерді бөлу кезінде:

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (астананың) әкімі және жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің уақтылы жасалмағаны үшін жауаптылықта болады;

жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауаптылықта болады;

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауаптылықта болады.
2-бөлім
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Похожие:

Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Источник: ис параграф-www
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconЭлектр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру ережесі
Ереже «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница