Қазақстан республикасының бюджет кодексі




НазваниеҚазақстан республикасының бюджет кодексі
страница6/23
Дата конвертации17.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРІ АРАСЫНДА ТҮСІМДЕР

МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ БӨЛУ
8-тарау. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕР,

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА, АСТАНА,

АУДАН (ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА)

БЮДЖЕТТЕРI АРАСЫНДА БЮДЖЕТКЕ

ТҮСЕТІН ТҮСIМДЕРДI БӨЛУ
49-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсiмдер
1. Мыналар:

1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсiмдердi қоспағанда, корпоративтік табыс салығы;

2) қосылған құн салығы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;

4) шикi мұнайға, газ конденсатына акциздер;

5) ойын бизнесі салығы;

6) мұнай секторы ұйымдарынан түсiмдердi қоспағанда, үстеме пайда салығы;

7) тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақы;

8) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсiмдердi қоспағанда, бонустар;

9) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсiмдердi қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруден алынатын салық;

10) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, экспортқа рента салығы;

11) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсiмдердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесi;

12) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметiн жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi; 

13) жергiлiктi маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;

14) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат берілгенi үшiн алым;

15) бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттік тіркелгені (есепке қойылғаны) үшiн алым;

16) дәрiлiк заттардың мемлекеттiк тiркелгенi, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшiн алым;

17) шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтардың, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;

18) радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиiлiктегі құрылғылардың мемлекеттiк тiркелгенi үшiн алым;

19) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берілгені үшiн төлемақы;

20) радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;

21) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы;

22) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;

23) кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;

24) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы;

25) әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға кеден баждары;

26) кеден бақылауын және кеден рәсiмдерiн жүзеге асырудан түсетін түсiмдер;

27) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары ретiнде алынатын баждар;

28) консулдық алым;

29) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостил қойғаны үшiн мемлекеттiк баж;

30) жеке басын куәландыратын құжаттар берілгенi үшiн мемлекеттiк баж;

31) жүргiзушi куәлiктерiнің берілгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;

32) механикалық көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер берілгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;

33) мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiнің берілгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;

34) нотариаттық iс-әрекеттер жасалғаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж;

35) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;

36) мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баж;

37) механикалық көлік құралдарының және тіркемелердің техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады.

2. Мыналар:

1) республикалық меншiктен түсетін кiрiстер:

республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;

республикалық меншiктегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер;

республикалық меншiктегi заңды тұлғалардың қатысу үлесiне кiрiстер;

республикалық меншiктегi мүлiктi жалға беруден түсетін кiрiстер;

екiншi деңгейдегi банктердiң шоттарында мемлекеттiк сыртқы қарыздар қаражатының орналастырылғаны үшiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң депозиттерi бойынша сыйақылар;

республикалық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар; қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кiрiстер;

республикалық меншiктен түсетін басқа да кiрiстер;

2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткiзуден түсетін түсiмдерi;

3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетін ақша түсiмдерi;

4) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнде (шығыстар сметасында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;

5) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке салықтық емес басқа да түсiмдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.

3. Мыналар:

1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан;

2) мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар сатудан;

3) мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетін ақша негiзгi капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсiмдер болып табылады.

4. Мыналар:

1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен түсетін трансферттер;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін трансферттер республикалық бюджетке түсетін трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.

5. Республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, республикалық меншiктегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, үкіметтік қарыздарды сатудан түсетін түсiмдер республикалық бюджет есебіне жазылады.
50-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсiмдер
1. Мыналар:

1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы;

2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық;

3) қоршаған ортаға эмиссия төлемақысы;

4) облыстық маңызы бар мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшiн алым;

5) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы;

6) жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;

7) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;

8) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы облыстық бюджетке түсетін салық түсiмдері болып табылады.

2. Мыналар:

1) коммуналдық меншiктен түсетін кiрiстер:

облыстық әкiмдiктiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;

облыстық коммуналдық меншiктегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер;

облыстық коммуналдық меншiктегi заңды тұлғаларға қатысу үлесiне кiрiстер;

облыстық коммуналдық меншiктің мүлкiн жалға беруден түсетін түсiмдер;

облыстық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар;

уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;

облыстық коммуналдық меншiктен түсетін басқа да кiрiстер;

2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткiзуден түсетін түсiмдер;

3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетін ақша түсiмдерi;

4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;

5) облыстық бюджетке басқа да салықтық емес түсiмдер облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.

3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiліп берілген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетін ақша облыстық бюджетке негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер болып табылады.

4. Мыналар:

1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен трансферттер;

2) республикалық бюджеттен трансферттер облыстық бюджетке трансферттер түсiмдерi болып табылады.

5. Облыстық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, oблыстық коммуналдық меншiктегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетін түсiмдер облыстық бюджет есебіне жазылады.


51-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана

бюджеттерiне түсетін түсiмдер

1. Мыналар:

1) жеке табыс салығы;

2) әлеуметтiк салық;

3) жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсiпкерлердің мүлкiне салық;

4) жер салығы;

5) бiрыңғай жер салығы;

6) көлiк құралдарына салық;

7) тіркелген салық;

8) мыналарға:

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген алкоголь өнiмiне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыраға;

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген темекi бұйымдарына;

Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңiл автомобильдерге (мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);

бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздер;

9) жерүстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;

10) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;

11) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы;

12) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;

13) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы;

14) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшін алым;

15) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;

16) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегені және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

17) аукциондардан алым;

18) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүргені үшін алым;

19) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк баж;

20) жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркегені үшін алым;

21) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегені үшін алым; 

22) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;

23) қалалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне салық түсiмдері болып табылады.

2. Мыналар:

1) коммуналдық меншiктен түсетін кiрiстер:

республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кірісі бөлiгiнен түскен түсiмдер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгіндегi акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегi заңды тұлғаларға қатысу үлесiне кiрiстер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдарының шешiмдерi бойынша өткiзiлетiн мемлекеттiк лотереялар кiрiстерiнен түсетін түсiмдер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетін кiрiстер;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар;

уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiнен түсетін басқа да кiрiстер;

2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсiмдер;

3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетін ақша түсiмдерi;

4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;

5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiне басқа да салықтық емес түсiмдер (республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне салықтық емес түсімдер) болып табылады.

3. Мыналар:

1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетін ақша;

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсiмдер;

3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiне негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер болып табылады.

4. Республикалық бюджеттен трансферттер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiне трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.

5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетін түсiмдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнің есебіне жатқызылады.
52-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне

түсетін түсiмдер
1. Мыналар:

1) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша жеке табыс салығы;

2) облыстық мәслихат белгiлеген кiрiстердi бөлу нормативтерi бойынша әлеуметтiк салық;

3) жеке және заңды тұлғалар, дара кәсiпкерлер мүлкiне салық;

4) жер салығы;

5) бiрыңғай жер салығы;

6) көлiк құралдарына салық;

7) тіркелген салық;

8) мыналарға:

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген спирттiң барлық түрiне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген алкоголь өнiмiне;

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыраға;

Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген темекi бұйымдарына;

Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңiл автомобильдерге (мүгедектер үшiн арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Похожие:

Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Источник: ис параграф-www
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconЭлектр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру ережесі
Ереже «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница