Қазақстан республикасының бюджет кодексі




НазваниеҚазақстан республикасының бюджет кодексі
страница7/23
Дата конвертации17.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

бензинге (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынына акциздер;

9) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы;

10) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшін алым;

11) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;

12) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшiн алым;

13) аукциондардан алым;

14) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшiн алым;

15) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелерді мемлекеттiк тiркегені үшiн алым;

16) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегені үшiн алым; 

17) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы;

18) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттiк баждардан басқа, мемлекеттiк баж аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетін салық түсiмдерi болып табылады.

2. Мыналар:

1) коммуналдық меншiктен түсетін кiрiстер:

аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдігiнiң шешiмi бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кірісі бөлiгiнiң түсiмдерi;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi заңды тұлғаларға қатысу үлестерiне кiрiстер;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнiң мүлкiн жалға беруден түсетін кiрiстер;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiнен түсетін басқа да кiрiстер;

2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсетуді) өткiзуiнен түсетін түсiмдер;

3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетін ақша түсiмдерi;

4) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;

5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне басқа да салықтық емес түсiмдер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне салықтық емес түсiмдер болып табылады.

3. Мыналар:

1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiліп берілген мемлекеттiк мүлiктi сатудан түсетін ақша;

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн қоспағанда, жер учаскелерiн сатудан түсетін түсiмдер;

3) жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне негiзгі капиталды сатудан түсетін түсiмдер болып табылады.

4. Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне трансферттердiң түсiмдерi болып табылады.

5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен берiлген кредиттердi өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiгiндегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарыздарын сатудан түсетін түсiмдер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiне есептеледi.
9-тарау. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРІ АРАСЫНДА

ШЫҒЫСТАРДЫ БӨЛУ
53-бап. Республикалық бюджеттiң шығыстары
1. Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар:

Қазақстан Республикасы Президентiн және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң жұмыс iстеуi;

сайлаулар мен референдумдар өткiзу;

республикалық деңгейде мемлекеттік жоспарлау;

салық қызметi органдарының қызметi;

республикалық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру және жергiлiктi бюджеттердiң кассалық қызмет көрсетуі, бюджеттік есепке алуды жүргізу және бюджеттердің атқарылуы бойынша есептілікті жасау;

республикалық меншiктi басқару;

сырттай байқау рәсімін, оңалту рәсімін, конкурстық іс жүргізуді және конкурстық іс қозғамастан борышкерді тарату рәсімін өткізуді ұйымдастыру; 

мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;

мемлекеттiк қаржы бақылауы және қаржы мониторингі;

кеден қызметi;

мемлекеттiң сыртқы саяси қызметi;

iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу;

мемлекеттiк статистикалық есеп;

мемлекеттiк қызметтiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;

ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әртүрлi қызмет салалары мен аяларында мемлекеттiк сыйлықтар беру және мемлекеттiк наградалармен марапаттау; 

Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу;

саяси партиялардың қызметін қаржыландыру;

2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:

мемлекеттiң қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;

мемлекеттiк материалдық резервтердi қалыптастыру және сақтау;

ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көрiнiстерiне қарсы күрес;

мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;

облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерiнен қаржыландырылатын iс-шараларды қоспағанда, жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындауға байланысты iс-шараларды ұйымдастыру;

облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 

табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметтi ұйымдастыру;

жаhандық, өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;

кәсiби авариялық-құтқару қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 

мемлекеттiк өртке қарсы қызметтің жұмысын қамтамасыз ету;

азаматтық қорғаныс жүйесiн ұйымдастыру;

азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттiк кадастр жүргiзу;

экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметi;

3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi:

әдiлет саласындағы қызмет;

азаматтардың және мемлекеттiң мүдделерiн құқықтық қорғау;

заңдылықты және құқықтық тәртiпті қамтамасыз ету;

мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу;

сот сараптамасы қызметi;

сот жүйесiнiң жұмыс iстеуi;

қылмыстық-атқару жүйесiнің қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) бiлiм беру:

республикалық бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы бiлiм беру;

республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізу;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейiнгi, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiмді мамандар даярлау;

республикалық деңгейде кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау;

республикалық орта бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шетел мектептерiнде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз ету; 

5) денсаулық сақтау:

жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған медициналық көмек көрсетуі;

республикалық деңгейде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезiнде шұғыл медициналық көмек қызметiн ұйымдастыру;

республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық оңалту;

психиатриялық бұзылулардан (аурулардан) зардап шеккен және қатаң бақылауды қажет ететiн адамдарға медициналық көмек көрсету;

сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүргiзу;

ауру адамдарды шетелде емдеудi ұйымдастыру;

айрықша қатерлi жұқпалы ауруларға қарсы іс-қимыл;

республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндiру; 

санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуі;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнің қатарынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету; 

жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет;

6) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына  сәйкес бюджет қаражаты есебiнен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдерi;

мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;

мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар;

арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;

зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мемлекеттiк жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы; 

бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

баланы бір жасқа толғанға дейін бағу-күту бойынша оларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық  актiлерiнде  көзделген әлеуметтiк көмек;

әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;

саяси қуғын-сүргiн құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер; 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерi болып табылатын әлеуметтiк төлемдер;

көшi-қон iс-шаралары;

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:

қазақтың ұлттық мәдениетiн және басқа да ұлттық мәдениеттердi қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;

республикалық маңызы бар театр және музыка өнерiн, ұлттық фильмдер шығаруды, мұражай ісін қолдау;

мәдениет және мемлекеттiк жастар саясаты саласында әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар өткiзу;

халықаралық және республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;

республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерiнiң дамуын қолдау;

жоғары жетiстiктер спортын дамыту;

Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiнiң халықаралық спорттық жарыстарға дайындығы және қатысуы;

халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде Қазақстан және оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпарат дайындау және тарату;

республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;

республикалық кiтапханалардың жұмыс iстеуi;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;

мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;

8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:

су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су шаруашылығы баланстарын, су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлеу, су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамы, су ресурстарын пайдаланудың ақпараттық-талдау жүйесiн қамтамасыз ету;

судың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу;

су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану;

республикалық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру;

суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингi және оны бағалау;

республикалық маңызы бар орман қорын, жануарлар дүниесiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттiк есепке алуды, табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларын жүргiзу, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк мониторингі;

орман шаруашылығын жүргізу;

орман тұқым шаруашылығы және селекция;

мемлекеттік орман кадастрын, жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрларын жүргізу;

ормандарды өрттен қорғау, орман зиянкестерінен және ауруларынан қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстар;

балық ресурстарын және басқа да су мекенді жануарларын қорғау және өсімін молайту;

балық аулауды мемлекеттiк реттеу және балық қорларын қорғау;

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп ұстау, мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiру;

Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;

қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингi;

республикалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу;

І санат объектілеріне мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргізу;

қоршаған ортаға эмииссияға І санат объектілері үшін рұқсат беру;

гидрометеорологиялық мониторинг;

республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу;

мемлекеттiк жер кадастрын, жер мониторингiн жүргізу;      

топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;

жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс, оның ішінде ветеринариялық препараттарды, олардың қорын қоса алғанда, сатып алу, жеткізу, сақтау, қолдану, сондай-ақ жануарлар мен құстардың қатерлі жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және зарарсыздандыру;

ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтары, байқап көру, сондай-ақ шағым жасалған кезде ветеринариялық препараттардың серияларын (партияларын) бақылау;

фитосанитариялық мониторинг;

карантиндегі өнімнің зартханалық сараптамасы және егіс пен екпе материалдарындағы жасырын жұқтырылған ауруды анықтау;

карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою;

қорымен қоса, пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды жеткізуге, сақтауға және қолдануға байланысты қызметтер көрсетуді сатып алу;

мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервін сақтау және ауыстыру;

аграрлық азық-түлік нарығында сатып алу операцияларын және баға интервенциясын жүргізу;

сорт сынақтары, тұқымдық және екпе материалдың сорттық және егістік сапаларын айқындау;

ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру және басқару;

ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету;

агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;

агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның субъектілеріне бәсекелестік нарығында жоқ немесе жеткіліксіз көрсетіліп келген қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін ұсыну;

агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесін ұйымдастыру;

екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

Похожие:

Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Источник: ис параграф-www
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconЭлектр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру ережесі
Ереже «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница