Қазақстан республикасының бюджет кодексі




НазваниеҚазақстан республикасының бюджет кодексі
страница8/23
Дата конвертации17.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару мен нарық жүйелерін дамыту;

өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау;

өсімдіктердің жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерінің тектік қорын сақтау және дамыту;

суармалы жерлерді мелиоративтік жақсарту жөнінде іс-шаралар жүргізу;

9) өнеркәсiп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:

мемлекеттiк өнеркәсiп саясатын iске асыру;

отын-энергетика кешенiн дамыту;

энергияны үнемдеу саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;

жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингi;

мемлекеттiк геологиялық зерттеу;

геологиялық ақпаратты қалыптастыру;

кенiштер мен шахталарды жабу және жою, техногендiк қалдықтарды көму;

республикалық маңызы бар мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу; 

құрылыс нормалары мен стандарттарын сатып алу және әзiрлеу;

10) көлiк және коммуникациялар:

халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

су көлiгi қызметiн ұйымдастыру және реттеу;

кеме қатынасы жолдарын, шлюздердi күтіп-ұстау және кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

теңiз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету;

әуе және су көлiгiн мемлекеттiк реттеу;

әлеуметтiк маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

магистралды темiр жолдарды дамыту;

аэроғарыш қызметi;

радиожиiлiк спектрi мен радиоэлектронды құралдар мониторингi;

11) экономикалық қызметтi реттеу:

стандарттау, метрология және сертификаттау;

патенттердi, тауар белгiлерiн тiркеу және қорғау;

мемлекеттiк инновациялық саясат;

мемлекеттiк экспорттық және импорттық бақылау;

саудалық және демпингке қарсы реттеу;

бәсекелестiктi дамыту және қорғау;

бағаны және табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу;

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау;

12) басқа да бағыттар:

облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне трансферттер;

үкiметтiк борышқа қызмет көрсету және өтеу;

мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау;

үкіметтік қарыздарды хеджирлеу мәмілелері бойынша шығыстар;

мемлекеттiң кепiлгерлiгi бойынша мiндеттемелердi орындау;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерін орындау.

2. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен:

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелердiң күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттiк мекемелердiң кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру жөніндегі шығыстарына;

2) бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де мемлекеттік қызметтерге және орталық мемлекеттiк органдар қызметінің бағыттарына арналған шығыстар қаржыландырылады.

3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.

4. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерінің шығыстары, мемлекеттік қызметтер көрсетудің  заттай  нормалары мен стандарттары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн  штат санының лимиттерi негiзiнде жоспарланады.
54-бап. Облыстық бюджеттiң шығыстары
1. Облыстық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар:

облыстық деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс icтeуi;

облыс деңгейiнде мемлекеттік жоспарлау;

облыстық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;

облыстық коммуналдық меншiктi басқару;

2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:

облыстық ауқымдағы жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғанысты дайындау және аумақтық қорғаныс; 

облыс аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

облыстық ауқымдағы азаматтық қорғаныс iс-шаралары;

облыстық әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететiн персоналмен қамтамасыз ету бойынша жалпыға бірдей әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;

жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;

iшкi iстер органдарының айдауылмен алып жүруі;

азаматтық, көшіп кету және көшіп келу, шетелдiктермен жұмыс мәселелерi және заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөнiндегi қызмет;

уақытша ұстау изоляторларының, медициналық айықтырғыштардың, кәмелетке толмағандарды, белгiлi тұрғылықты жерi және құжаттары жоқ адамдарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарының, арнайы қабылдау орындарының жұмыс iстеуi және әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды, қызметтік жануарларға арналған питомниктерді күтіп-ұстау;

мемлекеттiк нөмiр белгiлерiн, жүргiзушi куәлiгiнiң бланкiлерiн және көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу куәлiктері бланкiлерiн дайындау ақысын қаржыландыруды қоспағанда, жол полициясы қызметiн қамтамасыз ету;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ситуациялық орталығының электрондық почта, бейне- конференц-байланыс және бейне бақылау жүйесіне қызметтер көрсетуге арналған шығындарды қоспағанда, жанар-жағар май материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарына коммуналдық қызметтер көрсетуге, электр энергиясына, жылуға және байланыс қызметтерін көрсетуге ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоса, қызметтік үй-жайлар мен көлік құралдарын күтіп-ұстау, оларға қызметтер көрсету және оларды жөндеу;

3) бiлiм беру:

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткiзу;

облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беру;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi білімі бар мамандарды даярлау;

балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту;

мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi білім;

облыстық ауқымдағы мектеп олимпиадаларын өткiзу;

жергiлiктi деңгейде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;

балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;

дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдікпен тамақтандыру;

әдістемелік жұмыс;

4) денсаулық сақтау:

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес вакциналарды, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттарды сатып алу;

жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндiру;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шаралар;

5) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:

жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын әлеуметтік көмек түрлерін қоспағанда, мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру;

6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:

елдi мекендердi газдандыру;

облыстық коммуналдық меншікті қорғау жөніндегі шаралар;

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:

жергiлiктi маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;

мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұраның сақталуын және оған қол жеткізілуін қамтамасыз ету;

республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлi спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командалары мүшелерiнің дайынығы және қатысуы;

облыстық деңгейде спорттық жарыстар өткiзу;

жергiлiктi деңгейде туристік қызметті реттеу;

жергiлiктi маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;

облыстық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясат жүргiзу;

жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;

облыстық деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;

8) агроөнеркәсіптік кешен, су, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары:

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде облыстағы ауыл шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстық деңгейде өсімдік шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және өткізуді реттеу;

арнайы қоймаларды (көмінділерді) күтіп-ұстау, салу және жөндеу;

бюджет қаражаты есебінен алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру;

коммуналдық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

суды қорғау аймақтарын, су объектiлерi белдеулерiн белгiлеу;

облыстық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру;

облыстық маңызы бар су құбырларын салу және реконструкциялау;

ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру;

жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп-ұстау және қорғау;

қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар өткiзу; 

ІІ, ІІІ, ІV санат объектілеріне мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргізу;

ІІ, ІІІ, ІV санаттағы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру;

жануарлар дүниесiн қорғау;

облыстық деңгейде жер қатынастарын реттеу;

Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;

инновациялық тәжірибені тарату және қолданысқа енгізу жөнінде іс-шаралар өткізу;

9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн ұйымдастыру және бақылау;

10) көлiк және коммуникациялар:

әлеуметтiк мәні бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

11) экономикалық қызметтi реттеу:

кәсіпкерлік қызметтi қолдау;

12) өзге де бағыттар:

аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне трансферттер;

республикалық бюджетке трансферттер;

жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оларды өтеу;

жергілікті атқарушы органдардың концессиялық мiндеттемелерін орындау.

2. Сонымен қатар, облыстық бюджеттерден:

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттiк мекемелердің кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінiң бiлiктiлiгiн арттыру жөніндегі шығыстарға;

2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген облыстың жергілікті мемлекеттiк басқару органдарының өзге де көрсетілетін мемлекеттік қызметіне және қызмет түрлерінің бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.

3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.

4. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары, мемлекеттік қызметтер көрсетудің заттай нормалары мен стандарттары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының лимиттерi негiзiнде жоспарланады.
55-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана

бюджеттерiнiң шығыстары
1. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар:

республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының жұмыс iстеуi;

республикалық маңызы бар қала, астана деңгейiнде мемлекеттік жоспарлау;

республикалық мңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуын ұйымдастыру;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншiгiн басқару;

салық салу мақсатында мүлiкке бағалау жүргiзу;

2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:

республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс дайындығы және аумақтық қорғанысы;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлiгiмен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету бойынша әскери мiндетті атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;

жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;

республикалық маңызы бар қала, астана аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

қалалық ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс iс-шаралары;

уақытша ұстау изоляторларының, медициналық айықтырғыштардың, кәмелетке толмағандарды, белгiлi тұрғылықты жерi және құжаттары жоқ адамдарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарының, арнайы қабылдау орындарының жұмыс iстeуi және әкiмшiлік қамауға алынған адамдарды, қызметтік жануарлар питомниктерін күтіп-ұстау;
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Похожие:

Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Источник: ис параграф-www
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconЭлектр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру ережесі
Ереже «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница