Қазақстан республикасының бюджет кодексі




НазваниеҚазақстан республикасының бюджет кодексі
страница9/23
Дата конвертации17.11.2012
Размер3.09 Mb.
ТипДокументы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

елдi мекендерде жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

iшкi iстер органдарының айдауылмен алып жүруi;

азаматтық, көшіп кету және көшіп келу мәселелерi, шетелдiктермен жұмыс және заңсыз көшi-қонға қарсы күрес жөнiндегi қызмет;

мемлекеттiк нөмiр белгiлерiн, жүргiзушi куәлiгiнiң бланкiлерiн және көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу куәлiктері бланкiлерiн дайындауды қаржыландыруды қоспағанда, жол полициясы қызметiн қамтамасыз ету;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық органдар аппараттарының ахуалдық орталығының электрондық почта, бейне-конференц-байланыс және бейне бақылау жүйесі қызметтерiн көрсетуге арналған шығындарын қоспағанда, жанар-жағар май материалдарын сатып алуды, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдарының көрсетілетін коммуналдық қызметке, электр энергиясына, жылуға және көрсетілетін байланыс қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарын қоса, қызметтік үй-жайлар мен көлік құралдарын күтіп-ұстау, оларға қызмет көрсету және оларды жөндеу;

3) бiлiм беру:

мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту;

оқудың кешкі (ауысымдық), оның ішінде интернаттық ұйымдар арқылы ұсынылатын нысанын қоса алғанда, міндетті жалпы орта білім беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру;

арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру;

мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту;

республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында мектеп олимпиадаларын өткiзу;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейiнгi білімі бар мамандар даярлау;

жергiлiктi деңгейде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;

балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;

дамуында проблемалар бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалту және әлеуметтiк бейiмдеу;

балалар үшін қосымша бiлiм беру;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткiзу;

мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;

мектепке дейінгілерді қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдікпен тамақтандыру;

4) денсаулық сақтау:

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес вакциналар, иммунобиологиялық және басқа да медициналық препараттар сатып алу;

жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндiру;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы басқа да iс-шаралар;

5) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:

тұрғын үй көмегi;

мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;

белгiлi бiр тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу;

жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру;

мүгедек балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру;

халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;

жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек;

он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:

республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

тұрғын үй қорын түгендеу;

Қазақстан Республикасының  заңнамалық  актiлерiне  сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жер учаскелерiн мемлекет мұқтаждығы үшiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иеліктен шығару;

коммуналдық меншiктегi сумен жабдықтау объектiлерiн, тазарту, сорғыту жүйелерiн, кәрiз, жылу және электр желiлерiн құру және реконструкциялау;

елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;

жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;

елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру;

елдi мекендердi газдандыру;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес республиканың сейсмикалық қауiптi өңірлерінде орналасқан тұрғын үйлердiң сейсмикалық берiктiгiн нығайтуға бағытталған iс-шаралар;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес авариялық және ескi тұрғын үйлердi бұзу;

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:

жергiлiктi маңызы бар театр және музыка өнерiн қолдау;

жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қол жеткізілуін қамтамасыз ету;

мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

хайуанаттар парктері мен дендропарктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

жергiлiктi деңгейде спорттық жарыстар өткiзу;

республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлi спорт түрлерi бойынша республикалық маңызы бар қала, астана құрама командалары мүшелерiнің дайындығы және қатысуы;

жергіліктi деңгейде туристiк қызметтi реттеу;

жергiлiктi маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;

қалалық кiтапханалардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;

жергiлiктi деңгейде мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту;

республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізу;

8) агроөнеркәсіптік кешен, су шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары:

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде өсімдік шаруашылығының, тұқым шаруашылығының, мал шаруашылығының, ветеринарияның дамуын, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді және өткізуді реттеу;

ауру жануарларды санитарлық союды, мал көмінділерін (биотермиялық орлар) жасау мен оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

арнайы қоймаларды (көмінділерді) күтіп-ұстау, салу және жөндеу;

бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың су құбырларын салу және реконструкциялау;

су қорғау аймақтарын, ауыз сумен жабдықтау көздерiнің санитарлық қорғау белдеулерi мен аймақтарын белгiлеу;

республикалық маңызы бар қаланың, астананың ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелерiн қалпына келтiру;

жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп- ұстау және қорғау;  

қоршаған ортаны қорғау бойынша iс-шаралар өткізу;

ІІ, ІІІ, ІV санат объектілеріне мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргізу;

ІІ, ІІІ, ІV санаттағы қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру;

республикалық маңызы бар қалада, астанада жер қатынастарын реттеу;

елдi мекендердi жер-шаруашылық тұрғысынан орналастыру;

Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;

9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын шығыстарды қоспағанда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн ұйымдастыру және бақылау;

10) көлiк және коммуникациялар:

әлеуметтiк маңызы бар iшкi қатынастар бойынша жолаушы тасымалын ұйымдастыру;

қалалардың көшелерін, сондай-ақ оларда жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

11) экономикалық қызметтi реттеу:

кәсіпкерлік қызметті қолдау;

12) басқа да бағыттар:

республикалық бюджетке трансферттер;

жергiлiктi атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету және оны өтеу;

жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін орындау.

2. Сол сияқты, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен:

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк мекемелердiң күрделі шығыстарына, сондай-ақ аталған мемлекеттiк мекемелердiң кадрларды қайта даярлау және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру бойынша шығыстарына;

2) осы баптың 1-тармағында аталған бағыттар бойынша бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мемлекеттік қызметтерге және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттiк басқару органдарының қызмет бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.

3. Осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.

4. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстары көрсетілетін мемлекеттік қызметтің заттай нормалары мен стандарттары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының лимиттерi негiзiнде жоспарланады.

5. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң құрамында мынадай бағыттар бойынша қаладағы ауданның шығыстары көзделедi:

1) қаладағы аудан әкiмi аппаратының жұмыс iстеуi;

2) шаруашылық бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру;

3) мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;

4) шұғыл жағдайларда ауыр науқас адамдарды дәрiгерлiк көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыру;

5) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;

6) елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;

7) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

8) елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;

9) елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру.
56-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала)

бюджетiнiң шығыстары
1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар:

аудандық (қалалық) деңгейдегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың жұмыс iстеуi;

аудандық (қалалық) деңгейде мемлекеттік жоспарлау;

аудандық (қалалық) бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру;

салық салу мақсатында мүлiкке бағалау жүргiзу;

аудандық (қалалық) деңгейдегi коммуналдық меншiктi басқару;

2) қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:

аудандық әскери басқару органдарын жабдықталған шақыру (жинау) пункттерiмен, дәрi-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлiкпен, автомобиль көлігімен, байланыс құралдарымен, медициналық және техникалық қызметкерлермен, қызмет көрсетуші персоналмен қамтамасыз ету бойынша әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар және медициналық комиссиялар құру;

жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;

елдi мекендерде жол жүрісі қауiпсiздiгін қамтамасыз ету;

аудандық (қалалық) ауқымдағы дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елдi мекендерде өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету;

3) бiлiм беру:

мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту;

кешкі (ауысымдық) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру;

аудандық (қалалық) ауқымда мектеп олимпиадаларын өткiзу;

мектепалды дайындық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізу;

балалар үшін қосымша бiлiм беру;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;

мектепке дейінгілерді қоспағанда, білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет ету;

оқушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын ақысыз және жеңілдікпен тамақтандыру;

4) әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:

тұрғын үй көмегi;

үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;

он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші, құлағы естімейтін мүгедектер үшін - ымдау тілінің мамандарын ұсыну;

мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету;

белгiлi бiр тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу;

халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек;

жергіліктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек;

5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін қорғау жөніндегі шаралар;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

тұрғын үй қорын түгендеу;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк қажеттiліктер үшiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен жер учаскелерiн алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иеліктен шығару;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес авариялық және ескi тұрғын үйлердi бұзу;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерiн салу;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес, республиканың сейсмикалық қауiптi өңірлерінде орналасқан тұрғын үйлердiң сейсмикалық берiктiгiн нығайтуға бағытталған iс-шаралар;

коммуналдық меншiктегi сумен жабдықтау объектiлерiн, тазарту, сорғыту жүйелерiн, кәрiз, жылу және электр желiлерiн құру және реконструкциялау;

елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету;

жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;

елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру;

6) мәдениет және спорт:

жергiлiктi деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Похожие:

Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексіне (бұдан әрі Бюджет кодексі) сәйкес «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы»
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Бюджет Кодексі
Источник: ис параграф-www
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының Заңдар жинағының IV томына енгізілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі мәтінін...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Республикасының заңы, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconЭлектр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру ережесі
Ереже «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Қазақстан республикасының бюджет кодексі iconҚазақстан Республикасының Заңы
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесіне қатысушылардың, бюджет қаражатын алушылардың жауапкершілігін күшейту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница