Сауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер Сауда статистикасы




Скачать 35.64 Kb.
НазваниеСауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер Сауда статистикасы
Дата конвертации17.11.2012
Размер35.64 Kb.
ТипДокументы
Сауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер

Сауда статистикасы – бұл негізгі міндеті тауарлар, қызмет көрсету нарығының жағдайы, олардың өсу тенденциясы, сұраныс пен ұсынысты зерттеу және аймақтық ерекшеліктерін білу туралы статистика саласы.

Бөлшек сауда – халыққа жеке тұтыну және үйге пайдалану немесе кәдеге жарату үшін жаңа және бұрын пайдаланылған тауарларды қайта сату (өңдемей сату).

Көтерме сауда – жаңа және бұрын пайдаланылған тауарларды бөлшек сауда сатушыларға, өнеркәсіптік, коммерциялық, институционалды немесе кәсіби пайдаланушыларға немесе көтерме сауда сатушыларға, сондай-ақ осындай тұлғалардың немесе компаниялардың атынан тауарларды сатып алған кезде делдал немесе агент ретінде қызмет ететіндерге немесе осы тауарларды сататындарға алып-сату (өңдемей сату).

Сыйақыға немесе шарт негізіндегі көтерме сауда – өз атынан немесе басқа тұлғалар мен фирмалар атынан мәмілелерді сыйақыға жүзеге асыратын, сонымен бірге сатушылар мен сатып алушылар мәліметімен байланысты комиссиялық агенттер және басқа да көтерме сауда делдалдарының қызметі.

Тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер (қоғамдық тамақтандыру) – тұтыну үшін дайын тағамдарды, сусындарды мейрамханаларда, барларда, кафелерде, таверналарда, асханаларда және тағы басқаларда сату, өзі шығарған өнімдерді, сондай-ақ тез арада пайдалануға жарамды басқа азық-түлік тауарларын өндірумен, өңдеумен, өткізумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет.

Техникалық қызмет көрсету және автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу бойынша қызметтерге көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу: механикалық, электротехникалық жөндеу жұмыстары, отынды электронды бүрку жүйелерін жөндеу, жүйелі тексеру және ағымдағы жөндеу, шанақты, көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектерді жөндеу, жуу, жылтырату және т.б., тоңазыту және бояу, алдыңғы шынылар мен терезелерді жөндеу, отырғыштарды жөндеу; шиналар мен камераларды жөндеу, орнату немесе ауыстыру, тотығуға қарсы өңдеу; қосалқы бөлшектер мен өндірістік үдерістің бөлігі болып табылмайтын құрал-жабдықтарды орнату кіреді.

Тауар қорлары – сауда кәсіпорындарында, қоймаларда, белгілі күнге жолда болатын ақшалай немес заттай тұлғалаудағы тауарлар мөлшері.

Тауарлар құрылымы – абсолюттік немесе салыстырмалы шамада тұлғаланған, оларды сатудың жалпы көлемінде жекелеген тауарлар мен тауарлық топтардың бөлінуі.

Бөлшек сауда тауар айналымының нақты көлемінің индексі - ағымдағы кезеңде базистегімен салыстырғанда тауар массасын сату көлемінің (тауар айналымының сандық факторының) өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

Статистикалық есеп беру нысанының негізгі көрсеткіштері:

  • сауда, қойма желісі, қызмет көрсету бойынша желілердің болуы;

  • тауарларды (қызметтерді) жүзеге асыру көлемі, заттай және құндық көріністе;

  • тауарлар қалдығы;

Тауар айналымы көлемдерін, кәсіпорындар қызметін – заңды тұлғаларды анықтау жылдық, тоқсандық және айлық кезеңділіктегі мемлекеттік статистикалық есептілік нысандарының негізінде жүргізіледі. Салаға ЭҚЖЖ экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес, экономикалық қызметтің негізгі түрлері бар кәсіпорындар зерттеледі:

45 – автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

46 - автомобильдер мен мотоциклдерді қоспағандағы, көтерме сауда;

47 – автомобильдер мен мотоциклдердің саудасынан басқа, бөлшек сауда;

56 – тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызмет көрсетулер.

Жылдық нысанды қызметкерлердің санына қарамастан кәсіпорындар тапсырады. Тоқсандық кезеңділіктегі нысанда – 46.2-46.7, 47.1-47.8 ЭҚЖЖ, 105, 110, 120 кодтары бар КМЖ кәсіпорындар бойынша - іріктеме, 130-311 КМЖ және 45-47 ЭҚЖЖ бар кәсіпорындар бойынша – жалпы зерттеу.

Айлық нысан қызметкерлерінің саны 20 адамнан асатын кәсіпорындармен толтырылады. Қызметкерлер саны 20-ға дейінгі шағын кәсіпорындар бойынша саланың айналым көлемін анықтау үшін олардың қызметтеріне бағалау жүргізіледі.

Нарықта сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің бөлшек сауда тауар айналымын анықтау тоқсан сайынғы іріктеме зерттеу негізінде «Сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің бөлшек сауда тауар айналымы көлемін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарға» сәйкес жүргізіледі.

Тауар айналымы, қызмет көрсету көлемін қалыптастыру экономикалық қызметтің негізгі түрлері «Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу; тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызмет көрсету» болатын кәсіпорындардың, олардың филиалдарының және бұл қызмет түрлері қайталама болып табылатын кәсіпорындар көлемінен құралады. Бұдан басқа, бөлшек сауда тауар айналымына сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалармен және жеке кәсіпкерлермен азық-түліктік, азық-түлік емес, мамандандырылған, әмбебап нарықтарда халыққа тауарларды сату көлемі кіреді.

1998 жылдан бастап сауда және қызмет көрсету саласы бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастыру Экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес, халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Похожие:

Сауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер Сауда статистикасы iconМазмұны Содержание Әдіснамалық түсініктемелер
Тауарлар мен қызметтер бағасына құн салығы және акциздерге салынған салық қосылмаған үстеме сауда бағасы кіреді
Сауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер Сауда статистикасы iconМазмұны Содержание Әдіснамалық түсініктемелер
Тауарлар мен қызметтер бағасына құн салығы және акциздерге салынған салық қосылмаған үстеме сауда бағасы кіреді
Сауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер Сауда статистикасы iconӘдіснамалық түсініктемелер
Жалақы статистикасы жалдамалы қызметкерлер еңбекақысының орташа деңгейінің шамасы, оның өзгерістерінің үдерісі мен заңдылығын, құрылымдық...
Сауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер Сауда статистикасы icon5 тақырып. Сауда саясаты және кедендік тарифтер теориясы. Мемлекеттік сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты
Студенттерге «Сауда еркіндігі жақтастары мен протекционизм жақтастарына қарсы» тақырыбы бойынша дебатқа дайындалу
Сауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер Сауда статистикасы iconҚр статистика агенттігінің жауапты хатшысы Ю. Шокаманов 2009 жылғы 21 қазандағы №15. 09
Ақпараттық қоғам статистикасы көрсеткіштерін әзірлеу бойынша әдіснамалық ұсынымдар
Сауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер Сауда статистикасы icon11 Тауарлармен жасалатын сыртқы сауда
Сыртқы сауданың кеден статистикасы тауарлармен жасалатын халықаралық сауданы есепке алады және қызметтер көрсетілетін халықаралық...
Сауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер Сауда статистикасы iconБілім беру статистикасы
Білім беру статистикасы мектепке дейінгі, жалпы білім беретін ұйымдардың, техникалық және кәсіби, жоғары және жоғары оқу орнынан...
Сауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер Сауда статистикасы iconӘдіснамалық түсініктемелер
Еңбек бойынша статистикалық ақпараттарды жинау және жариялау екі бағытта жүргізіледі
Сауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер Сауда статистикасы iconӘдіснамалық түсініктемелер 3 Методологические пояснения 3
Экономикалық қызмет түрлері және жұмыспен қамту статусы бойынша жұмыспен қамтылған халық
Сауда статистикасы және тауар нарықтары бойынша әдіснамалық түсініктемелер Сауда статистикасы iconТетіктерді және пнд құбырларды сатып алу бойынша бiр көзден мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы
Сарыкөл ауданы әкімдігінің «Ұлан» мкк мемлекеттік сауда жасау ұйымдастырушы тетіктерді және пнд құбырларды бір бұлақ тәсілімен сауда...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница