Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту




НазваниеҚұрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту
страница1/10
Дата конвертации17.11.2012
Размер1.15 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 21.07.2011 16:29:38
ҚРҚНжЕ 1.02-01-2007

 

Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту

тәртібі мен құрамы туралы нұсқаулық

(2009.01.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Мазмұны

 

1 Жалпы ережелер және қолданылу саласы

2 Жобалау құжаттамасын әзірлеу тәртібі

3 Жобалау құжаттамасын келісу тәртібі

4 Жобалау құжаттамасын бекіту тәртібі

5 Екі сатылы жобалау кезіндегі жобалау құжаттамасының құрамы және мазмұны

6 Бір сатылы жобалау кезіндегі жобалау құжаттамасының құрамы және мазмұны

7 Жобалау құжаттамасының құрамына кірмейтін құжаттама (ілеспелі деректер)

А қосымшасы (міндетті) Осы Нұсқауда* пайдаланылған негізгі ұғымдар (терминдер және анықтамалар)

Б қосымшасы (міндетті) Өндірістік мақсаттағы объектілерді жобалауға тапсырма

В қосымшасы (міндетті) Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалауға тапсырыс

Г қосымшасы (ұсынылатын) Өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысының жобасына (жұмыс жобасына) енгізіліп, бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштердің шамамен алғандағы тізімі

Д қосымшасы (ұсынылатын) Құрылыс жобасына (жұмыс жобасына) енгізіліп, қоғамдық ғимараттар және құрылыстар үшін (азаматтық мақсаттағы) бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштердің шамамен алғандағы тізімі

Е қосымшасы (ұсынылатын) Тұрғын ғимараттар құрылыс жобасына (жұмыс жобасына) енгізіліп, бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштердің шамамен алғандағы тізімі

Ж қосымшасы (ұсынылатын) Автомобиль жолдары құрылыс жобасына (жұмыс жобасына) енгізіліп, бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштердің шамамен алғандағы тізімі

И қосымшасы (ұсынылатын) Объектілер құрылысында жобалар (жұмыс жобалары) төлқұжатының нысандары

 

 

1 Жалпы ережелер және қолданылу саласы

 

1.1 Осы Нұсқау құрылысқа арналған жаңа құрылыстарды салу және (немесе) құрылыстағы объектілерді өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта жаңарту, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) қосқанда жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының (одан әрі - жобалау құжаттамасын) құрамы және оны әзірлеу, келісу, бекіту төртібін белгілейді жене Қазақстан Республикасының аумағындағы сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметтерінің барлық субъектілерінің, оның ішінде мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдіктердің және шет ел заңды тұлғаларының қолданылуына арналған.

Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі заңнамасында қарастырылмаған өзге де шаралар болмаса, белгіленген тәртіпте жобалау құжаттамасының бекітілуінсіз құрылысқа жіберілмейді.

1.2 Құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу және бекіту (қайта бекіту) кезінде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнама және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік жөне мемлекетаралық нормативтерді, сондай-ақ осы Нұсқауды басшылыққа алу қажет.

Жобалау құжаттамасы толыққанды өмір сүру ортасын және адамның тіршілік әрекетін қалыптастыруға, жобаланатын объектілердің қауіпсіздік және тұрақтылығын қалыптастыруды қамтамасыз етуге, инвестиция тиімділігіне, материалдық-техникалық жөне еңбек шығындарын оңтайландыруға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған талаптарға сай болуы тиіс.

1.3 Жобалау саттылығы нормативтік талаптарға және құрылысқа арналған (жобалауға тапсырма) жобалау құжаттамасын әзірлеу тапсырмасына сәйкес белгіленеді.

1.3.1 Келесі кезеңде берілген бастапқы параметрлерді, сипаттамаларды, құрылғылық сызбаларды немесе басқа келемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және технологиялық жобалау шешімдерді бөлшектеу жене нақтылауды талап ететін ұзақ мерзімді жобалауға жататын ірі құрылыстар үшін тұрғын үй-азаматтық немесе ендірістік мақсаттағы объектілердің (ғимараттар, құрылыстар, кешендер, көліктік және инженерлік құрылғылар, басқа да тіршілікті қамтамасыз ету объектілері) жобалау құжаттамасы екі сатылы әзірленеді:

бірінші сатысы - жоба алдындағы көрсеткіш-тері жөне қорытындылары негізінде ереже бойынша әзірленетін және белгіленген заңнама тертібінде бекітілуге жататын жоба (Ж);

екінші сатысы - бірінші сатысында бекітілген жоба негізінде әзірленген жұмыс құжаттамасы (Ж).

Мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді көтеретін ең маңызды объектілер құрылысына қатысты және мемлекеттік инвестициялар қатысуы-мен іске асырылатын жоба бойынша жобалау құжаттамасы екі сатылы әзірленеді.

1.3.2 Ұзақ мерзімді жобалауды талап етпейтін құрылыс объектілері үшін, оның ішінде жергілікті құрылыстың тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттары жөне құрылыстары, орташа немесе кіші қуатты өндірістік мақсаттағы объектілері, сондай-ақ желілік құрылыстары үшін жобалау құжаттамасы бір сатылы - белгіленген заңнама тәртібінде бекітілуге жататын жұмыс жобасы (ЖЖ) әзірленеді.

Осы нұсқауда қарастырылмаған бір сатылы жобалау құжаттамасы мынадай кезеңдерде:

- қолданыстағы типтік жобалар (үлгілік жобаны бекіту кезінде) негізінде орындалуға тиісті немесе басқа да үлгілік жобалау шешімдерін қолдануға болатын (үлгілік құрылыстық қондырғылар, өнімдер, тораптар) құрылыс объектілері бойынша;

- құрылыста қайталама немесе бірнеше рет қолдану үшін (жеке жобаны бекіту кезінде) бұрын әзірленген жеке жобаны ресімдеу кезінде;

- қолданыстағы объектілерді (жетілдіру, техникалық қайта жарақтандыру, күрделі жөндеу қайта жаңарту бойынша жүргізіледі.

1.4 Жобалау құжаттамасының түрлері үшін жалпы болып табылатын басқа да ережелерді ескерген жағдайда, әзірлеу, келісу, бекіту, құрамына және мазмұнына қарай Нұсқаудың негізгі талаптары:

- жоба алдындағы құжаттамаға (оның ішінде техникалық-экономикалық негіздемелер);

- қала құрылыстық жобаларға;

- қоныстық жер үлгісіндегі шағын қабатты тұрғын үйлер құрылысына (жеке тұрғын құрылыс объектілері), сондай-ақ пәтерлерді және көп пәтерлі тұрғын ғимараттардағы немесе оның бөліктеріндегі басқа да тұрғын немесе тұрғын емес орын-жайларды қайта жоспарлауға (қайта жаңарту, қайта жабдықтау);

- үлгілік жобаларға өзге де үлгілік жобалау шешімдеріне (үлгілік құрылыстық құрылымдар, бұйымдар, тораптар);

- эксперименттік жобаларға (эксперименттік құрылысқа қатысты жобалау құжаттамасы);

Қазақстан Республикасы аумағының шегіндегі объектілер құрылысына тиесілі жобалау құжаттамасына;

- Қазақстан Республикасының қатысуымен мемлекетаралық (халықаралық) жобаларға таратылмайды.

Осы тармақта келтірілген жобалау құжаттамаларын әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу жөне бекіту тәртіптері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басқа да нормативтік құжаттарда немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық шартымен анықталады.

1.5 Ашылған өнертабыстың нәтижесін жене басқа да авторлық құқық объектілерін, сондай-ақ жобалау үрдісінде пайда болған (жобалау құжаттамасын әзірлеу және келісу) авторлық құқықты қорғау немесе басқа да әзірлеушілерге байланысты құқықтарды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес іске асырылады.

1.6 Нұсқауда қолданылған негізгі түсініктер (терминдер, анықтамалықтар) А қосымшасында келтірілген.

 

 

2 Жобалау құжаттамасын әзірлеу тәртібі

 

2.1 Жобалау құжаттамасын (жобалауы) әзірлеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жобалау-іздестіру (жобалау) жұмыстарының сәйкестендірілген түрлеріне (тармақтарына) лицензиясы бар жеке және занды тұлғалары іске асыра алады.

2.2 Жобалау құжаттамасын әзірлеу:

- белгіленген заңнама тәртібінде құрылыстың тапсырыс берушісі және орындаушысы (бас жобалаушымен) арасындағы жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстарын (бұдан әрі - Шарт) орындауға мердігерлік шарты (келісімшарт) жасасу негізінде;

Нұсқаудың Б және В қосымшаларына сәйкес құрастырылатын және құрылыстың тапсырыс берушісімен бекітілген жобалауға арналған тапсырма негізінде іске асырылады.

Бекітілген жобалауға арналған тапсырма Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылады.

2.3 Шартта міндетті түрде:

- орындаушының (бас жобалаушының) қосалқы мердігер шарты бойынша басқа да тұлғаларға орындауға табыстауды көздеген немесе оның ондай ниеті болмаған жағдайда, жұмыстардың (қызметтердің) түрлері жөне келемдері керсетіледі. Берілген тапсырыс бойынша барлық жобалау (жобалау- іздестіру) жұмыстарының жалпы құнының Шартта қарастырылған, үштен екісінен аса жиынтығы, қосалқы мердігерге табыстауға жіберілуі тиіс;

- авторлық қадағалау жүргізу тәртібі немесе оның қажеттілігі болмауы керсетіледі.

2.4 Тапсырыс беруші мердігерлік жобалау ұйымына (бас жобалаушыға) жобалау тапсырмасымен бірге бастапқы деректерді, оған қоса сәулет және қала құрылысы жергілікті (қала, аудан) органының табыс еткен сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын береді.

2.5 Кейбір объектілер бойынша жоба алдындағы құжаттама әзірленбеген жағдайда, жобалау тапсырмасында оңтайлы шешімді дұрыс таңдауды талап ететін жобалау ұсынымдарының (нобайлар, сызбалар, есептер, негіздемелер) нұсқаларын әзірлеу жағдайы және қажеттілігі көрсетіледі.

2.6 Аталған объект бойынша жобалау құжаттамасын езірлеу (келісу, бекіту) үрдісінде, бекітілген жоба алдындағы құжаттамасы (техникалық-экономикалық негіздемесі, техникалық-экономикалық есебі, басқа да инвестицияларының негіздемелері) бар болған жағдайда, сейкестендірілген негіздемесіз құрылыстың есептік құнын ұлғайтуға, сондай-ақ жоба алдындағы кезенде анықталған басқа да негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін төмендетуге болмайды.

2.7 Құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу үрдісінде, бекітілген қала құрылыстық жобаларда (елді мекеннің бас жоспарларында, бөлшектік жоспарлау жобаларында, салынатын жобаларда) қабылданған жалпы жоспарлау және көлемдік-кеңістіктік шешімдері талдап тексеріледі, жобаланатын объектілер үшін берілген параметрлері, сипаттамалары, техникалық және технологиялық шешімдері анықталады.

2.8 Әзірленген жобалау құжаттамасында мемлекеттік нормативтерді (немесе олардың құқықтық мирасқорлық) қолданысқа енгізген және бекіткен мемлекеттік органдардың жазбаша келісімдері (рұқсатнамалары) болған жағдайда, мемлекеттік нормативтердің техникалық талаптардың (шарттары, шектеулері) көрсеткіштерінен негізделген ауытқулар (шегіністер) жіберуге болады.

Белгіленген техникалық нормалардың керсеткіштерінен ауытқуларды (ауытқуға берілген рұқсаты) куәландыратын келісімі бар құжатта жобалау объектісі, оның мақсаты жене берілген параметрлері (қуаты, сиымдылыгы, рұқсат беру тәсілі немесе жобаланатын объектіні сипаттайтын басқа да негізгі көрсеткіштері), жоспар бойынша орналасқан орны, нормативтердің орнына қабылданатын нақты жобалау шешімдері, сондай-ақ белгіленген нормадан ауытқу (ауытқуға берілген рұқсаты) келісімі туралы қабылданған шешімі бойынша мемлекеттік органның негіздемесі көрсетіледі.

2.9 Жобалауына тиісті мемлекеттік нормативтері бар объектілер бойынша жобалау құжаттамасы мемлекеттік нормативтер мен жобалауға қойылатын талаптарға сәйкестілігі туралы жобаның (жұмыс жобасының) өрбір бөлімдері (маркасы) бойынша графикалық материалдардың (негізгі сызбалардың) «Жалпы деректер» парақтарында орналастырылған жобаның бас инженерінің (жобаның бас сәулетшісінің) қолы қойылған жазбасын қамтуы кетек.

Жалпы түсініктеме қағазының титул парағында ұйым басшысының, жобаның бас инженерінің (жобаның бас сәулетшісінің) және жобаның (жұмыс жобасының) әр бөлімінің (маркасының) орындаушысының қойылған қолы болуы керек.

Жалпы түсініктеме қағазының титул парағында ұйымның жетекшісінің, жобаның бас инженерінің (жобаның бас сәулетшісінің) және жобаның (марканың) әрбір белімінің жауапты атқарушысының (жұмыс жетекшісінің) қолдары болуы тиіс.

Көрсетілген жазбалар, құрылысқа арналған жобалау құжаттамасы жүйесінің стандарттарына (бұдан әрі - ҚЖҚЖ) сәйкес ресімделеді.

2.10 Тапсырыс берушімен аумақтары, есептік қуаттылығы, технологиялық үрдістері, қызметтік мақсаты бойынша ерекше параметрлері (сипаттамалары, қасиеттері) бар объектілерді жобалау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормалары мен ережелерінде жоқ өзге де маңызды жағдайлар бойынша (Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік нормативтер немесе мемлекетаралық нормативтер) ғылыми-зерттеу және (немесе) мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен аталған объектілерді жұмылдырып, жобалау жөне құрылыс салуды жүргізу үшін жоқ нормативтерді алмастыратын сөйкестендірілген техникалық шарттар (ерекше нормалар) әзірленеді.

Көрсетілген техникалық шарттардың құрамына: - олардың әзірленуіне байланысты аталған объектінің ерекшелігі;

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері женіндегі уәкілетті мемлекеттік органымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілуі;

- сәйкестендірілген салааралық уәкілетті мемлекеттік органымен бекітілуі жатады;

- егер осы техникалық шарттарды бекіту туралы уәкілетті мемлекеттік органның шешімінде көрсетілмеген жағдайда, ол тек аталған объектіге ғана тиісті болады.

2.11 Жобалау құжаттамасының материалдарына қолданылатын қатардан шығарылған үлгілік жобалар немесе бөлек үлгілік жобалау шешімдеріне (үлгілік құрылымдар, бұйымдар, тораптар) сілтеме (қайырма сілтеме) жасауға болмайды.

2.12 Дайындалған жобалау құжаттамасына, жобалау басталған уақыттан кейін қолданысқа енгізілген (күшіне енген) жаңа (өзгертілген, толықтырылған) мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтердің нормаларының және ережелерінің, Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылмаған басқа да жағдайлар болмаса, қатынасы болмайды.

Қолданысқа енгізілген жаңа (өзгертілген, толықтырылған) мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтер, тапсырыс берушінің бастапқы мақсаттарынан бас тартуға негіздемесі болмаған жағдайда, жобалау үрдісінде тапсырыс берушінің шешімі жөне жоба әзірлеушісінің келісімі бойынша, нормативтік талаптардың өзгерістеріне байланысты, жобалау құжаттамасына уақытында түзетілімдер енгізу шаралары жүргізілуі тиіс.

 

 

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту iconЖолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудің, күту мен басқарудың нормативтік, жобалық және техникалық құжаттамасын жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде келісу және бекіту ережесін бекіту туралы
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту iconКонкурсты ұйымдастырушы «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы»
«Бөкей ордасы ауданы Жиекқұм елді мекеніне су құбыры құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу», Лот №2 «Бөкей ордасы ауданы...
Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту iconҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №204-ө Бұйрығы
Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге...
Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту iconКонкурстық құжаттама
Алматы қаласындағы әлеуметтік нысандарының жобалық-сметалық құжаттаманың әзірлеу қызметін мемлекеттік сатып алу қатысу конкурс
Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту iconБанктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы»
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу...
Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту iconКонкурстық комиссия құрамында: Андрей Михайлович Горват
«Қарабұтақ-Комсомол-Денисов-Рудный- Қостанай» а-22, 349-389 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеу бойынша...
Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту icon«бекітемін» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы
Р өңірлеріндегі туристік орталықтардың құрылысына жобалау құжаттамасын инвестицияны тарту үшін әзірлеу (4 бірлік), соның ішінде туристік...
Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту iconКонкурсты ұйымдастырушы «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы»
«БҚо зеленов ауданының Жаңатан ауылында 100 бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үйлер құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу» жұмыстарына...
Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту iconКонкурсты ұйымдастырушы «Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы»
Да құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын байлау», Лот№6-«Орал қаласы Деркөл ауылындағы ауысымына 75 адамды қабылдауға арналған...
Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту iconПарниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы
Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес БҰйырамын
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница