Тіл комитетінің төрағасы Е. З. Қажыбектің сөзі




Скачать 102.64 Kb.
НазваниеТіл комитетінің төрағасы Е. З. Қажыбектің сөзі
Дата конвертации12.02.2013
Размер102.64 Kb.
ТипДокументы
Тіл комитетінің төрағасы

Е. З. Қажыбектің сөзі


Мемлекеттік сәйкестілік дегеніміз мемлекетке тән барлық элементтердің тәуелсіз мемлекет белгілеріне сәйкес келуін білдіреді.

Мемлекет сәйкестілікке қол жеткізу үшін өзін-өзі сәйкестендіру процестерінің маңызы зор. Мемлекеттік сәйкестіліктің қалыптасуы іргелі ғылыми негіздемесіз мүмкін емес. Міне осы себеппен, Тіл Комитеті 5 жылдан бері осы бағыттағы әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыр. Зерттеу барысында қазақстандықтардың азаматтық және тілдік сәйкестілігіне ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, мемлекеттік сәйкестілік қалыптасу үшін шынайы азаматтық қалыптасуы керек. Ал мұның бәрі қоғамда жоғары мәдениет болғанда ғана жүзеге асады.

Тарихи тұрғыдан қарағанда, мемлекет әдетте ұлттық мемлекет ретінде пайда болады, оның құрылтайшысы әрі әлеуметтік базасы белгілі бір этникалық қауым болып табылады. Мысалы, Қазақстан – қазақтардың этникалық кіндігі. Қазақтардың этнос ретінде сақталуы мен өсіп-өркендеуіне, мәдениетіне, өмір салтына, тіліне, дәстүріне қамқорлық жасайтын әлемде бұдан басқа мемлекеттігі жоқ. Міне сондықтан, мемлекеттік сәйкестілік аспектілерінің негізгі бөлігінің бірі – мемлекеттік тілдің болуы және тіл саясатында белгілі бір басымдықтарды ұстану болып табылады.

2006 жылғы 24 қазандағы өздерің куә болған Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев өз сөзінде қазіргі қазақстандық қоғамның әлеуметтік-коммуникативтік жүйесіндегі мемлекеттік тілдің ролін нақты айқындап берді, оның қолданыс аясын кеңейту керектігін, мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметін жүзеге асырудың деңгейін арттыру қажеттігін ескертті. Н.Ә. Назарбаев жалпықазақстандық біртектілікті құраумен бірге, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін жетілдірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударды.

Экономика тұрақтап, әлеуметтік ахуалдың беті бері қараған қазіргідей жаңа кезеңде мемлекеттік тіл саясаты да жаңа пәрмен алуға тиісті. Әрине, бұл барлығын қайта бастайық деген сөз емес, алдымен өзімізден бастайық, сосын барып өзгеден талап етейік деген сөз.

Ал еліміздің егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болған бүгінгі таңда бәрін бұрынғыша жүргізіп, жалғастыра беру болашаққа да, жаңа тіл үрдісіне де қиянат болар еді. Сондықтан, тіл құрылысы немес тілдік сәйкестілікті нығайту деген процеске де жаңаша көзқарас болуы керек.

Мысалы, «Қазақ тілінің сөз байлығы» дегенде айтылар әңгіме көп-ақ. Соның ең бастысы – тіліміздегі барша қазына байлықты түгел де ұқыпты жинап, бір арнаға тоғыстыру, компьютердің жадына жазып, мағына-мәнін түсіндіріп, қолданыс аясын анықтап, айқындап мемлекеттік тілдің лексикалық, фразеологиялық, т.б. қорын жасау, оны мемлекет қамқорлығына алу. Себебі, барлық өркениетті ел дәстүрінде сөздік қор паспортталып, компьютер жадында мәңгі –бақи сақталып, толықтырылып отырады.

Үкімет жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның жұмысын да реттеу қажет, министрліктер, академиялар немесе жоғары оқу орындары жанынан ғылым мен өндірістің салалары бойынша бағынышты терминологиялық комиссиялар құру керек. Бұл жұмысқа ғалымдарды, тәжірибелі мамандарды белсене тартып, жаңа терминдерді бекітудің ережесін жасап, Мемтерминкомның құрамын қайта қарау және кеңейту керек. Мемтерминком ғылыми салалық топтармен бірлесе отырып, қолданыстағы терминдерге талдау жүргізу, жаңа терминдерді қалыптастыруды жүйелі жолға қойып алу керек. Осы жерде біз барлық терминдердің түпнұсқалық аналогтарын қалыптастыру мүмкін емес және қажет те еместігін жете түсінгеніміз абзал. Терминологияны барынша қарапайым да түсінікті етуіміз керек. Ең негізгісі - осы бағыттағы міндет нақты қойылуы тиіс: ұлттық терминологияны жетілдіру үшін барынша түсінікті, прагматикалық әдістерді қолдану қажет.

Азаматтық сәйкестілікті қалыптастырудағы ономастикалық атаулардың орны ерекше. Себебі, жер-су, географиялық объектілердің атаулары тікелей тарихпен байланысты. Бұл атаулар елдің елдігін, ғылымы мен әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары мен салт-санасының қай дәреже де екендігін келер ұрпаққа жеткізетін өлшем. Бұл қызметтің ең үлкен саласы, түрлі ақпараттардың үздіксіз ағымы. Мұнда географиялық атаулар да, адамдардың аттары да, мекемелер мен елді-мекендердің, көшелердің және т.б. атаулар жинақталған. Бұл сала рәсімдерді регламенттеуді, қатаң ғылыми көзқарасты, объектілерді паспорттауды және деректер қорын қалыптастыруды қажет етеді. Аталған шараларды жүзеге асыру үшін, құрметті ғалымдар, тарих, география, филология бағытын ұштастырып, ортақ іске кірісу қажет.

Негізінен, ұлт тілі, оның байлығы мен қолдану мүмкіндіктері көп болып ойласар мәселе. Ең негізгісі ұлт тілін оқып-үйрету мен оның өмір-тұрмыста қолданылуы аясын, мүмкіндіктерін кеңейту керек.

Қазіргі уақытта тіл құрылысына қажетті нормативтік-құқықтық база толық қалыптасқан. Алайда, өмір арнасының ағыны бір орында тұрмайды. Уақытпен бірге қоғамда, оның ішінде ортаның тіл саясатын қабылдау деңгейі де өзгеріп отырады. Мысалы, сауалнама жүргізу барысында қойылған «Сіз Қазақстандағы жүргізіліп жатқан тіл саясатын қалай бағалайсыз? (%)» деген сұраққа берілген жауаптар төмендегіні көрсетеді.



Сондықтан да, қолданыстағы заңнамаларға уақыт талабына сәйкес түзетулер енгізуіміз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2001-2010 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін, алдағы уақытта шешімі табылуға тиісті барлық басты міндеттер осы бағдарлама аясында нақтыланған іс-шаралар жоспарына енгізіледі.

Тілдік сәйкестілікті құрудың негізі - барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттыруға байланысты. Мемлекеттік тілді үйренгісі келген барлық талапкерлерге мемлекеттік тілді үйрету үшін жағдай жасау және көңіл бөлу үшін Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқытатын республикалық және аймақтық орталықтардың жұмысын жандандыру мәселесі қолға алынып отыр. Себебі, қоғамда тілді оқып-үйренуге деген қажеттілік жоғары. Әлеуметтік зерттеу барысында сұрақ берілгендердің 56,3% «қазақстандықтардың барлығы мемлекеттік тілді меңгеруге тиіс» деп есептейді (№13.1 кесте).

13.1 кесте

Сіздің ойыңызша, мемлекеттік тілді қандай дәрежеде меңгеру қажет?

Жауаптың нұсқасы

%

Қазақстандықтардың барлығы мемлекеттік тілді меңгеруге тиіс деп есептеймін

56,3

Мемлекеттік тілді тұрмыстық қарым-қатынас деңгейінде ғана білу қажет

12,8

Мемлекеттік тілді кәсіптік қызметіне қарай білу қажет

20,7

Жауап беруге қиналамын

10,0


Айта кететін жай, қазақ тілін еркін меңгерген қазақ ұлты өкілдері санының өзгеру қарқыны байқалады, бұл көрсеткіштің соңғы екі жылдың ішінде өсу үрдісі бар екенін атап өткен жөн (№9.3 кесте). Егер де 1999 жылы пайыздық көрсеткіштің шамалы төмендегені байқалса (74,7%-дан 61,0%-ға дейін), кейінгі жылдары ол ұдайы өсіп келеді (2000 ж. - 64,9%, 2001 ж. - 65,5%, 2004 ж. - 71,5%). Соңғы екі жылдың нәтижелері шамалы стагнацияны көрсетеді (2005 ж. - 76,9%, 2006 ж. - 77,9%).

9.3 кесте
Сіз қазақ тілін қаншалықты еркін меңгергенсіз? (%)

Іріктеме: қазақтар. 1994 жылдан бастап 2006 жылды қоса алғандағы зерттерулердің салыстырмалы мәліметтері





1994 ж.

1996 ж.

1999 ж.

2000 ж.

2001 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

Еркін сөйлеймін, оқимын және жазамын

71,0

74,7

61,0

64,9

65,5

71,5

76,9

77,9

Еркін сөйлеймін және оқимын, бірақ жаза алмаймын

17,5

14,4

21,0

21,4

19,8

17,5

16,1

12,7

Сөзді түсінемін және қинала түсінісе аламын

7,0

6,2

14,0

9,0

9,7

5,8

5,0

5,5

Сөзді түсінемін, бірақ түсінісе алмаймын

1,0

2,9

-

3,2

2,7

1,3

0,9

1,1

Меңгермегенмін, бірақ кейбір сөздерді түсінемін

2,0

0,8

4,0

0,8

0,6

2,0

0,9

1,5

Мүлде меңгермегенмін

1, 5

1,1

-

0,7

1,7

1,4

0,2

1,3



Дегенмен, оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтардың, сөздіктердің сапасын арттыру мен жетілдіру сияқты мәселелер әлі де күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл сала бойынша жұмысты жандандыру үшін шетел ғалымдарымен бірлесе отырып жұмыс істеу жоспарлануда.

Негізінен, мемлекет пен азаматтың өзара қарым-қатынасын нығайтудың бір жолы, Үкімет тарапынан азаматқа көрсетілген көтермелеу шаралары. Міне сол себепті, Елбасы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен бірлесе отырып, 007 «Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру» бағдарламасының 149 жіктемесі немесе басқа бап бойынша бөлініп отырған қаражатқа (0,5%) қосымша 1 пайыздан кем емес дәрежеде мемлекеттік тілді оқытуға, республикалық және жергілікті бюджетте жеке тармақпен белгіленген, қажетті есептерді жасауды тапсырды.

Ұлттық мемлекет бола отырып, Қазақстан Республикасы бүгін қай этносқа жататынына қарамастан елдің барлық азаматтарының мүддесін білдіреді. Бұл біздің Ата заңымызбен қуатталып отыр. Қазақстан халықтарының ұлтаралық татулығы, тұтастығы мемлекеттігіміздің дамуындағы ерекше сипат. Әр түрлі этнос өкілдерінен тұратын халықтың басын біріктіру – аса күрделі міндет. Дегенмен, Қазақстан - мұны жүзеге асыру мүмкін екендігін дәлелдеп отыр. Мысалы, 2006 жылғы мамыр-маусым айында Қазақстанда «Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты» тақырыбында республикалық әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Қазақстан Республикасын өз Отаным деп респонденттердің 93,4% санайды
1 диаграмма

Сіз Қазақстанды өз Отаным деп санайсыз ба? (%)

(ұлттар қимасында)



Мемлекеттің тілдік сәйкестілігінің негізі – іс қағаздарын жүргізу тіліне тікелей қатысты. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Президентінің үстіміздегі жылғы 30 мамырдағы №127 қаулысымен орталық және жергілікті атқарушы органдардағы іс-қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшірудің кезеңдік мерзімдері бекітілді. Мемлекеттік тілдегі құжат айналымының саны мен сапасын арттыру үшін кешенді іс-шаралар әзірлеу қажеттілігі туындап отыр. Дегенмен, іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру – орыс тілінің іскерлік қарым-қатынастан шығып кетуі мен ұмытылуына себеп болады деп есептеу қате ұғым. Осы мәселеге қоғамның назарын айрықша аударуымыз маңызды болып табылады. Басқа ұлт өкілдері шоғырланған аймақтарда осындай жұмыстар барынша асқан жауапкершілікпен және сауатты жүргізілу керек.

Мемлекеттік басқару органдарының мақсаты – халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, басқа ұлт өкілдері азаматтарына іс-жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру олардың құқықтары мен көзқарастарына қысым келтірмейтіндігін әрдайым құлақтандырып отыру. Осы жұмысқа ұлттық-мәдени орталықтар мен мүдделі қоғамдық ұйымдарды белсене тарту мәселесі қолға алынуда. Сонымен қатар, облыс әкімдері ұлттық-мәдени орталықтардың жексенбілік мектептерінде мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыру үшін жағдай жасау туралы мәселені шешуге міндеттелді.

Үстіміздегі жылдың аяғына дейін мемлекеттік тілді меңгерген және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізетін мемлекеттік қызметтегі өзге ұлт өкілдерін материалдық ынталандыру шаралары жүйесі жасалыпп, бекітіледі.

Сондай-ақ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың барлық басшыларына мемлекеттік тілді жетік меңгерген Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік қызметке тарта отырып, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік мәселелерін шешу механизмдерін жасау мәселесін қолға алды.

Алда тұрған міндет - қоғамда Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз деген ұғым түпкілікті орнығуы қажет. Қандай ұлттың өкілі болғанына қарамастан, достық, татулық пен келісім ахуалын орнықтыруға ат салысу - әрбір азаматтың борышы. Көптеген елдерде асқақ қойылатын отаншылдық рухы мемлекетті нығайтуға, қоғамды өз мемлекетіне деген мақтаныш сезімі, өз азаматының мүддесін кез келген уақытта, оның қайда жүргеніне қарамастан, қорғай алатын қабілетіне деген сенімі, мемлекеттік нышандарға деген аялы көзқарас салтанат құратындай етіп, топтастыруға жәрдемдеседі.

Зерттеушілердің «Қазақстан азаматы болу Сіз үшін нені білдіреді?» деген сауалына сұрақ берілгендердің 58,3%-ы «Қазақстан аумағында туылу және өмір сүру» деп жауап берген (№6.1 кесте). Респонденттердің 53,0%-ы үшін бұл «Қазақстанның заңдары мен Конституциясын сақтауды», ал 48,7%-ы үшін «Қазақстан Республикасының Президенті жүргізетін саясатты қолдауды» білдіреді. Сұрақ берілгендердің 45,3% Республика азаматы болу «Мемлекеттің қорғауында болу, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек алу және қорғалу» дегенді, ал 35,3% - «Өз елінің қожасы және оның патриоты болу» дегенді көрсетсе, халықтың ширек бөлігі (27,7%) қазақ тілін білу азаматтылықтың көрсеткіші деп жауап берген.
Азаматтық сәйкестілікті қалыптастырудың жолдары көп, бүгінгі сияқты ой-тұжырым жасауға мүмкіндік беретін отырыстар, кездесулер арқылы біз баршамыз алда тұрған үлкен мәсеселерді шешудің ортақ жолын табамыз деп сенемін.

Негізінен, іске кірісетін кез келді, асықпай аяңдайтын кез өтті. Президент алдымызға міндет қойды, ал біздер оны шешуіміз қажет.

Похожие:

Тіл комитетінің төрағасы Е. З. Қажыбектің сөзі icon«Бекітемін» Қр мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы
Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің 2011 жылы орталық және жергілікті атқарушы органдарда тіл заңнамасының орындалуына...
Тіл комитетінің төрағасы Е. З. Қажыбектің сөзі icon«Бекітемін» Қр мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Б. Омаров
Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің 2011 жылы орталық және жергілікті атқарушы органдарда тіл заңнамасының орындалуына...
Тіл комитетінің төрағасы Е. З. Қажыбектің сөзі iconКонкурсқа қатысу өтінімдерімен конверттерді ашу хаттамасы Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11
...
Тіл комитетінің төрағасы Е. З. Қажыбектің сөзі icon«Білім меценаты-2012» меценаттарына құрмет көрсетудің салтанатты рәсімдерін өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің
Азақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, ұйымдастыру комитетінің төрағасы
Тіл комитетінің төрағасы Е. З. Қажыбектің сөзі iconҚазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық Комитетінің төрағасы Қ. Досмұқаметов
Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық Комитетінің төрағасы Қ. Досмұқаметов
Тіл комитетінің төрағасы Е. З. Қажыбектің сөзі iconБілім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің төрағасы

Тіл комитетінің төрағасы Е. З. Қажыбектің сөзі iconКіріспе зерттеу жұмысының өзектілігі. Ғылымның уақыт тынысымен дамуы тілге де ықпалын тигізеді. Тың ізденістерге жол ашады. Қазiргi кезеңде «тiл мен мәдениет, этнос»
Демек, антропоцентристік бағыт аясындағы зерттеулерде тіл тек жүйе ретінде ғана зерттелмей, тіл мен адамның, тіл мен танымның, тіл...
Тіл комитетінің төрағасы Е. З. Қажыбектің сөзі iconХалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның бағдарламасы
Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А.Қ. Бижановтің
Тіл комитетінің төрағасы Е. З. Қажыбектің сөзі icon«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Партиялық бақылау комитетінің құрамы
...
Тіл комитетінің төрағасы Е. З. Қажыбектің сөзі iconАҚылбек шаяхмет өлендерін қазақ тілі сабағында қолдану
Тіл мен әдебиетті оқи отырып, адамадық болмысың қалыптасады; бүкіл дүниенің әлемдік қақпасы тіл арқылы ашылады. Тіл – достықтың дәнекершісі,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница