Туралы сөзі Құрметті Бердібек Мәшбекұлы!




Скачать 36.07 Kb.
НазваниеТуралы сөзі Құрметті Бердібек Мәшбекұлы!
Дата конвертации12.02.2013
Размер36.07 Kb.
ТипДокументы
Аягөз ауданының әкімі Ә.Мұхтархановтың 2010 жылғы 21 қазандағы облыс әкімдігінің мәжілісінде Аягөз, Глубокое және

Көкпекті аудандары әкімдіктерінің «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңын орындау бойынша жұмыстары

туралы сөзі

Құрметті Бердібек Мәшбекұлы!

Құрметті мәжіліске қатысушылар!

Бүгінгі қаралып отырған мәселе, мал шаруашылығы саласын дамытуға және адам денсаулығын қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындап, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тарапынан жүргізілген тексеру барысында анықталып көрсетілген кемшіліктерді біз өз тарапымыздан жұмыс барысында жіберілген деп санап, оларды жоюға бағытталған іс шаралар жүргізілді. Бүгінгі күнге аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі мемлекеттік мал дәргерлерімен толықтай қамтамасыз етілді. Аудан бойынша 2010 жылдың 1 шілдесіне Аягөз қаласының және 22 ауылдық округінде 8 мал дәрігері болса, қазіргі уақытта 22 мал дәргерімен қамтамасыз етілді. Ал Ақтоғай кенттік округінің әкіміне, 1 мал дәрігері маманымен қараша айының 10-на дейін қамтамасыз ету жөнінде қатаң тапсырма берілді.

Аудан бойынша адаммен малға ортақ аса жұқпалы аурулардың алдын алу үшін, республикалық бюджеттен 63 млн 181мың теңге қаржы бөлінді. Осы қаржыны игеру мақсатында 36 лот бойынша конкурс өткізіліп, 34 лицензиясы бар кәсіпкер мал дәргерлері халыққа қызмет көрсетуде. 2010 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген қаражаттың 48 млн.теңгесі толықтай игерілді.

Аудан бойынша бруцеллез ауруына 2010 жылдың 9 айлығында 566 бас ірі қара, 319 бас қой малы бруцеллез ауруына оң нәтиже беріп, бұл малдар «Ветеринария туралы» Заңға сәйкес дер кезінде Үлбі комплексімен жасалған келісім шарт бойынша, осы ет комбинатына өткізілді.

Аудан бойынша бруцеллез ауруынан шектеу қойылған Ақтоғай, Тарлаулы және Қопа ауылдық округтерінде бруцеллез ауруынан сауықтыру іс шараларын «Республикалық эпизоотияға қарсы отряды» мемлекеттік мекемесі жүргізуде. Бұл ауылдық округтердегі малдардан қан алып, тексеру барысында екі қайтара теріс нәтиже алынғандықтан, мал тұрған орындарға қортынды дезинфекция жасалануда. Биылғы жылы осы ауылдық округтерден бруцеллез ауруына қойылған шектеу алынады.

Жұқпалы аурулар ошағында алдын алу және залалсыздандыру жұмыстарының тиімді жүргізу мақсатында, келесі жылға жергілікті бюджеттен арнайы ДУК автомашинасын алу үшін қаражат қарастырылды.

Кейіннен сатуға арналған малды союды ұйымдастыру ережесін орындау мақсатында, қазіргі уақытта ауданға 23 мал сою алаңы қажет болса, бүгінгі күнге 6 мал сою пункті мен 11 мал сою алаңдары жұмыс жасап, қызмет көрсетуде.

Ауданды мал сою алаңдарымен толықтай қамтамасыз ету үшін, 5 ауылдық округтерінде мал сою алаңдары салынды, ал екі ауылдық округтерінің мал сою алаңдарының құрылысы аяқталынуда.

Мал сою пунктері мен мал сою алаңдары жеке кәсіпкерлердің өз қаражатына салынып, ауданға 38 млн теңге инвестиция тартылды.

Ветеринариялық қызметтің жұқпалы аурулармен күрес жұмысының тиімділігі көбінесе мал қорымдарының болуына байланысты. Мал өлекселерін залалсыздандыратын мал қорымдарына 2009 жылы жергілікті бюджеттен 1,5 млн теңге қаражат бөлініп, 6 ауылдық округте осы қаражатқа ағымдағы жөндеуден өткізілген мал қорымдары пайдалануда.

Қалған 16 ауылдық округте қарапайым жасалған мал қорымдарында мал өлекселері залалсыздандырылуда. 2011 жылға аудандық бюджеттен Аягөз қаласына мал қорымын салуға 5 млн. 932 мың теңге және 5 ауылдық округке 4 млн теңге қаражат қарастырылды.

Мал басын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралардың дұрыс жүргізілуі өте маңызы бар жұмыстың бірі. Анықтамада көрсетілгендей осы уақытқа дейін бұл жұмыс сапасыз жүргізіліп келген. Атап айтқанда Қосағаш ауылдық округінде бірдейлендірілген малдардың мәліметі компьютерлік базаға енгізілмеген, ал Тарлаулы, Бидайық ауылдық округтерінде бұл жұмыстар бекітілген талаптарға сай жүргізілмеген. Осы аталған ауылдық округ әкімдері тәртіптік жазаға тартылып, аталған кемшіліктер жойылды. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру жоспары жасалып, осы жоспарға сай жұмыстары жүргізілді.

Барлық ауылдық округтер бірдейлендіру жұмысына компьютерлермен толықтай қамтамасыз етілген. Ауылдық округтердің мал дәргерлерінің еңбек ақысымен матералдық техникалық базасын қамтамасыз етуге 2010 жылдың 9 айына бөлінген 16 млн теңгенің 7,7 млн теңгесі игерілді. Игерілмеген 8 млн.300 теңге осы уақытқа дейін қабылданбай тұрған мал дәргерлерінің еңбек ақысына қаралған қаржы.

«Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, дәрілік және биологиялық препаратарды сапалы сақтау үшін, әрбір ауылдық округтерде ветеринариялық дәріхана құру жөнінде ауылдық округтердің әкімдеріне тапсырма берілді. Биылғы жылдың қазан айында аудандық әкімдіктің қаулысымен ауданда ветеринария саласында қызмет көрсететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны құрылды. Келесі қаржы жылында ветеринариялық қызметтің материалдық техникалық базасы күшейтіледі.

Облыс басшылығын аудандағы ветеринариялық қызметтің жұмысы үнемі бақылауда және белгіленген іс шаралар жоспарлы және сапалы түрде жүргізіледі деп сендіруге рұқсат етіңіздер.

Аягөз ауданының әкімі Ә.Мұхтарханов

Похожие:

Туралы сөзі Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! iconҚұрметті Бердібек Мәшбекұлы!
«Шығыс Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешенінің жағдайы және бұдан әрі дамыту туралы» мәселесі бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының...
Туралы сөзі Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! iconҚұрметті Бердібек Машбекұлы! Құрметті Болат Икепұлы! Құрметті депутаттар!
Автомобиль жолдары – көліктік-коммуникациялық кешеннің маңызды элементтерінің бірі, қазіргі жағдайда олардың тиімді қызмет атқаруы...
Туралы сөзі Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! icon«Облыстағы айдалатын жерлерді оңтайлы пайдалану туралы» ақпарат Құрметті Бердібек Машбекұлы! Құрметті облыс әкімдігінің мүшелері!
Бұдан басқа, құзретті органдармен үнемі мониторинг жасалып, иесіз жер учаскелерін есепке алу және одан ары оларды тарату бойынша...
Туралы сөзі Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! icon516 мәжіліс залы Төрағалық етті
Төрағалық етті: Шығыс Қазақстан облысының әкімі облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның...
Туралы сөзі Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! iconДоклад акима города Усть-Каменогорска С. Таукебаева на активе с участием акима вк области Б. Сапарбаева
Бердібек Мәшбекұлы барлық игі істердің басы қасында өзіңіз болып, бағыт – бағдар беріп, үлкен көмек көрсеттіңіз. Сізге бүгінгі мүмкіндікті...
Туралы сөзі Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! iconҚаржы министрі Б. Б. Жәмішевтің сөзі Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, әріптестер!
Республикасы Үкіметінің «2010 жылғы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы» мәселесі жөніндегі отырысында Қазақстан...
Туралы сөзі Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! iconҚұрметті Ербол Тұрмаханұлы!
Ылым министрі б. Т. ЖҰМАҒҰловтың математика мұҒалімдерінің І съезінде сөйлеген сөЗІ
Туралы сөзі Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! iconҚұрметті конференцияға қатысушылар! Қадірлі әріптестер!
Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың Білім қызметкерлерінің тамыз конференциясында сөйлеген сөзі
Туралы сөзі Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! icon23. 08. 2010. сағ. 11. 00. Қадірлі ұстаздар! Құрметті конференцияға қатысушылар!
Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың мұғалімдердің тамыз конференциясында сөйлейтін сөзі
Туралы сөзі Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі 2011 жылғы 29 шілдедегі №90-л бұйрыққа Марапаттау туралы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы»
«Қазақстанның құрметті құрылысшысы» және «Қазақстанның құрметті сәулетшісі» омырауға тағатын құрмет белгілері туралы ережелеріне...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница