«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау»




Скачать 110.82 Kb.
Название«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау»
Дата конвертации12.02.2013
Размер110.82 Kb.
ТипДокументы




«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау»

мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Негізгі ұғымдар


  1. Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» регламентінде (әрі қарай - Регламент) келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) тұтынушы – жеке тұлға;

2) уәкілетті орган – «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

3) комиссия – уәкілетті органның бұйрығымен құрылатын, құрамы бес адамнан кем емес аттестаттау комиссиясы;
2. Жалпы ереже
2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.

      Мемлекеттік қызмет регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді.

3. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрі: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1 бабы 4) тармағы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы, «Фитосанитарлық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы (әрі қарай - Стандарт), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5591 болып тіркелген) Сынақтан өткізушілерді аттестаттау ережесі, тұқым сарапшыларын аттестаттау ережесі негізінде көрсетіледі.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі аттестаттау туралы куәлік (әрі қарай – куәлік) беру не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі жауап болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне талаптар
8. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері, сондай-ақ, мемлекеттік қызметті көрсету барысы туралы мәліметті келесі мекенжай бойынша алуға болады: 160000, Шымкент қаласы, Тоқаев көшесі, 17 (телефондар: 53-68-25, 53-91-86). Жұмыс кестесі: күнделікті 9-00-ден 18-30-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

9. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде беріледі: Стандарттың 7-тармағына сәйкес

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз:

1) тұтынушының Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;

2) тұтынушының Стандарттың 4-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сай келмеуі болып табылады.

11. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін хабарласқан сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдеріне дейін;

1) тұтынушы қызмет көрсету туралы уәкілетті органға өтініш береді;

2) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды және барлық құжаттарды қабылдағанын растайтын, тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген қолхатты береді;

3) кеңсе қызметкері құжаттарды басшылыққа ұсынады;

4) басшылық жауапты орындаушыны анықтайды;

5) жауапты орындаушы толығымен құжаттың дұрыстығын анықтап, комиссияға ұсыну үшін құжаттарды немесе дәлелді бас тарту туралы хатты рәсімдейді;

5.1) тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажет құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда басшы бас тарту туралы жауапқа қол қояды;

6) комиссия тапсырылған құжаттарды зерделеп, тұтынушының сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдап, оны хаттамамен ресімдейді.

7) хаттаманың негізінде жауапты қызметкер куәлікті немесе дәлелді бас тарту туралы хатты ресімдеп, басшыға ұсынады;

8) басшы күәлікке немесе дәлелді бас тарту туралы хатта қол қойып, кеңсе қызметкеріне береді;

9) кеңсе қызметкері аттестаттаудан өту туралы куәлікті немесе дәлелді бастарту туралы хатты тіркеу кітабына тіркеп, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тұтынушыға береді.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың саны бір қызметкерді құрайды.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде әсерлер (өзара әрекеттесулер) тәртібін сипаттау
13. Уәкілетті органда құжаттар қабылдауды уәкілетті органның кеңсесі осы Регламенттің 8-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша іске асырады.

14. Тұтынушыға тиісті құжаттарды қабылдағандық туралы келесілерді көрсетумен қолхат беріледі:

1) құжаттарды қабылдау нөмірі мен күнін;

2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрін;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;

4) мемлекеттік қызметті алу күні (уақыты) мен құжаттарды беру орнын;

5) уәкілетті органның өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды тұлғасының тегін, атын, әкесінің атын.

15. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы келесі құжаттарды ұсынады: Стандарттың 11-тармағына сәйкес.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірлік (әрі қарай – ҚФБ) іске қосылады:

1) уәкілетті орагнның басшылығы;

2) уәкілетті органның кеңсесі;

3) уәкілетті органның жауапты орындаушысы;

4) комиссия.

17. Әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімінің) орындалу мерзімін көрсетумен әр ҚФБ әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімінің) кезектілігі мен өзара әрекет етуінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

18. Әкімшілік іс-әрекетінің мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі қисынды кезектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметтік

тұлғалардың жауапкершілігі
20. Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты тұлға уәкілетті органның басшысы болып табылады.

Уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес орнатылған мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жауапты.

«Сынақтан өткізушілер мен

тұқым сарапшыларын аттестау»

мемлекеттік қызмет Регламентіне

1-қосымша

Кезектіліктің және әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімдердің) өзара әркет етуінің сипаттамасы

Кесте 1. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

Негізгі рәсімнің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

Рәсімнің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекетінің №

1

2

3

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның кеңсесі

Уәкілетті органның басшылығы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Іс-әрекеттің (рәсімнің, үдерістің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу, қолхат беру

Хат-хабармен танысу, орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау

Құжаттардың толықтығын тексеруді іске асырады, құжаттарды комиссияның қарауы үшін дайындайды

Аяқтау түрі
(деректер, құжат,
ұйымдастырушылық-өкімшілік шешім)

Құжаттарды бұрыштама қою үшін басшылыққа жолдау

Бұрыштама қою, құжаттарды орындаушыға жіберу

Құжаттарды комиссияға беру

Орындау мерзімдері

30 минут ішінде

1 сағат

6 күнтізбелік күн

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3




Негізгі рәсімнің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеттері

Рәсімнің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекетінің №

4

5

6

ҚФБ атауы

Комиссия

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Уәкілетті органның басшылығы

Іс-әрекеттің (рәсімнің, үдерістің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қарау, шешім қабылдау

Куәлік немесе дәлелді бас тартуды ресімдейді

Хат-хабармен танысу

Аяқтау түрі
(деректер, құжат,
ұйымдастырушылық-өкімшілік шешім)

Хаттаманы ресімдеу басшылыққа жолдау

Құжаттарды басшалаққа беру

Құжаттарға қол қою

Орындау мерзімдері

15 күнтізбелік күн

6 күнтізбелік күн

1 сағат

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

5

6

7




Рәсімнің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекетінің №

7

ҚФБ атауы

Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

Іс-әрекеттің (рәсімнің, үдерістің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Куәлікті аттестаттау туралы куәлік беру кітабында тіркеу

Аяқтау түрі
(деректер, құжат,
ұйымдастырушылық-өкімшілік шешім)

Тұтынушыға қызмет көрсету нәтижесін беру

Орындау мерзімдері

3 күнтізбелік күн

Келесі іс-әрекеттің нөмірі





Кесте 2. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үрдіс.

ҚФБ 1-тобы
Уәкілетті органның кеңсесі

ҚФБ 2-тобы Уәкілетті органның басшылығы

ҚФБ 3-тобы Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

ҚФБ 4-тобы Комиссия


Іс-әрекет № 1
Құжаттарды қабылдау, тіркеу, қолхат беру, өтінішті уәкілетті органның басшылығына жолдау

Іс-әрекет №2 Орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау, бұрыштама қою

Іс-әрекет №3 Өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын тексеруді іске асырады, құжаттарды комиссияға жолдау

Іс-әрекет №4 Тұтынушының құжаттарын қарау, хаттама ресімдеу








Іс-әрекет №5 Куәлікті ресімдеу







Іс-әрекет №6 Куәлікке қол қою

Іс-әрекет №7 Куәлікті аттестаттау туралы куәлік беру кітабында тіркеу және тұтынушыға беру




Кесте 3. Пайдалану нұсқалары. Балама үрдіс.

ҚФБ 1-тобы
Уәкілетті органның кеңсесі

ҚФБ 2-тобы Уәкілетті органның басшылығы

ҚФБ 3-тобы Уәкілетті органның жауапты орындаушысы

ҚФБ 4-тобы Комиссия


Іс-әрекет № 1
Құжаттарды қабылдау, тіркеу, қолхат беру, өтінішті уәкілетті органның басшылығына жолдау

Іс-әрекет №2 Орындау үшін жауапты орындаушыны анықтау, бұрыштама қою

Іс-әрекет №3 Дәлелді бас тартуды дайындау, басшылыққа қол қоюға беру

Іс-әрекет №4 Тұтынушының құжаттарын қарау, хаттама ресімдеу








Іс-әрекет №5 Дәлелді бас тартуды ресімдеу







Іс-әрекет №6 Бас тартуға қол қою













Іс-әрекет №7 Бас тартуды тіркеу және тұтынушыға беру






«Сынақтан өткізушілер мен

тұқым сарапшыларын аттестау»

мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша


Әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланысты айқындайтын сызбалар






тұтынушы қызмет көрсету туралы уәкілетті органға өтініш береді

(10 минут)











уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды және барлық құжаттарды қабылдағанын растайтын, тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген қолхатты береді

(10 минут)


кеңсе қызметкері құжаттарды басшылыққа ұсынады

(1 час)


басшылық жауапты орындаушыны анықтайды

(1 сағат)





комиссия тапсырылған құжаттарды зерделеп, тұтынушының сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдап, оны хаттамамен ресімдейді

(15 жұмыс күн ішінде)

хаттаманың негізінде жауапты қызметкер куәлікті немесе дәлелді бас тарту туралы хатты ресімдейді

(бір жұмыс күн ішінде)



жауапты орындаушы толығымен құжаттың дұрыстығын анықтап, комиссияға ұсыну үшін құжаттарды немесе дәлелді бас тарту туралы хатты рәсімдейді (10 күнтізбелік күн ішінде)





кеңсе қызметкері аттестаттаудан өту туралы куәлікті немесе дәлелді бастарту туралы хатты тіркеу кітабына тіркеп, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тұтынушыға береді

(бір жұмыс күн ішінде)

басшы күәлікке немесе дәлелді бас тарту туралы хатта қол қояды

(бір жұмыс күн ішінде)




Похожие:

«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» icon«Бірегей, элита тұқымдарын, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілер мен тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті
Осы «Бірегей, элиталық тұқымдарын, бірінші, екінші және үшінші қалыптастандырылған тұқымдар өндірушілер мен тұқым өткізушілерді аттестаттау»...
«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» iconРегламенті Негізгі ұғымдар Осы «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау»
Осы «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау»...
«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын...
«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» icon«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Осы «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке...
«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» iconАуыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының...
«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» iconКожанова Акбопе, Жубангосова Алмаш,Алдиярова Гулмайра,Рахбаева Алтынай
Сондықтан, осы жоба арқылы оқушылар тұқым қуалайтын аурулар туралы, олардың себептері мен белгілері туралы білім алады. Осы аурулардың...
«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» iconРегламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары
«Оңтүстік Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі
«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» iconРегламенті Негізгі ұғымдар Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» icon«Тұрғын-үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Мемлекеттік қызмет уәкілетті органмен, олардың мекен-жайлары мен жұмыс кестесі осы «Тұрғын-үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметінің...
«Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызметінің регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Сынақтан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау» icon«Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру»
Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызметі регламентінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница