Кеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер!




Скачать 45.63 Kb.
НазваниеКеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер!
Дата конвертации12.02.2013
Размер45.63 Kb.
ТипДокументы
Кеңащы селолық округінің әкімі А.Б.Мұратовтың 2009 жыл

қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі
Құрметті жерлестер!
Елбасының жарлығына сәйкес биыл алтыншы рет өткізіліп отырған барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есепті кездесулері еліміздің коғамдық саяси өмірін демократияландыру үдерісінің маңызды элементі ғана емес, олар атқарушы органдардың шын мәніндегі емтиханы болып табылады.Себебі,кез-келген өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ең бір өткір мәселерін тұрғындар нақ осында қозғайды. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев талап етіп отырған атқарушы биліктің жаупкершілігін және есеп беруге міндеттілігін арттыруға ықпал жасайтын оның тұрғындармен ашык сұхбаты болып табылады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша есеп беру жиналысында Кеңащы селолық округі бойынша тұрғындардан 5 сұрақ түсіп, бүгінгі күні барлығы да оң шешімін тауып отыр.

Сараптамашылардың болжамы бойынша, 2009 жыл әлемдік қаржы дағдарысының ең шегіне жеткен жылы деп есептелсе де, оған қарамастан елімізбен облысымызда, ауданымызбен округімізде өткен жылымыз маңызды оқиғалармен және әлеуметтік-экономикалық дамуын жалғастырумен атап өтілді.


Кеңащы селолық округінің негізін ауыл шаруашылығы құрайды. Оның ішінде биылғы жылы «Менжинское» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі мен шаруа қожалықтары арқалы 20 мыңға жуық гектар егістік алқабына дәнді-дақыл себіліп, астықты уақытында қамбаға құйып алдық.Шығымдылық гектарына 9,6 центнерден айналды. Бұл көрсеткіш орташа аудандық көрсеткішпен салыстырғанда біршама аз болғанмен былтырғы жылғыдан 20% артық өнім алынды.

Әрине, ауыл шаруашылығындағы жеткен жетістіктерімізге Үкімет тарапынан бөлініп отырған арзандатылған жанар-жағар май 1000 гектарға минералдық тыңатқыштар 4000 гектар алқабына

Р« глифосат» атты арам шөпке қарсы дәрі қолданылды. Өткен жылы «Менжинское» ЖШС-не 9 млн.теңге, жеке шаруа қожалықтарына 2млн.теңгеге жуық субсидия бөлінді.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен жылы 1 гектар жерге картоп, 1,5 гектарға көкөніс отырғызылып жақсы өнім жинап алдық. Өсірілген өнімдер арзан бағамен облыстық және аудандық жәрмеңкелерде сатылды, сонамен қатар Талшық және Ленинград селоларындағы көтерме дүкендерге тапсырылды. Жалпы ай сайын облыстық және аудандық жәрмеңкелерге қатысып, округ бойынша 600 мыңға жуық соманың азық-түлік және жем-шөп сатылды.

Округ тұрғындары жем-шөппен және қысқы отынмен толық қамтамасыз етілді.

Ауыл тұрғындары үшін табыс қөзі саналатын мал саны жылдан-жылға өсіп келеді.Былтырғы жылғымен салыстырғанда қара мал 103%, қой-ешкі 105%, жылкы 110%-ға өсті. Сонымен қатар соңғы жылдары мал өсуімен шаруа қожалықтары да айналысуда. Атап айтсақ, «Алдонғаров» шаруа қожалығындағы асыл тұқымды ақ бас сиырдың саны 250-ге жетсе, жылқы80 бас, 100шақты қой саналады. «Дархан» шаруа қожалығында бүгінгі күні 200 бас жылқысы бар.Үкімет тарапынан 2009 жылы мал шаруашылығын дамытуда 1млн.200 мың теңге несие бөлінді.Жергілікті ветеринария қызметкерлері арқасында жұқпалы ауруларға қарсы «бруциллез», «туберкулез» іс-шаралары жүргізіліп тұрады.

Өткен жылы аудан әкімінің тапсырмасына орай ауылда аббаттандыру, көріктендіру, көғаландыру бойынша қыруар үлкен жұмыс атқарылды. Кеңащы және Байтөс ауылы көшелерінде осыдан 20 жылдай уақыт бұрын жиналып қалған қоқыстар шығарылып, ауылдың келбеті айтарлықтай өзгеріп қалды.Осы жұмыс барысында екі ауылдан 25-30 мың тоннадай қоқыс шығарылды. Орталық парк ішіне 350 көшет отырғызылып, жаңа гүлзарлар жасалынды.Ауыл ішінің жолдарына 40 тонна құм төселіп, тегістелді. Аталған жұмыс нәтижесінде жарияланған үшайлық қорытындысы бойынша жүлделі ІІ орын иелендік.


Округте өткізілетін мемлекеттік мерекелер мен атаулы даталарға байланысты іс-шаралардың барлығы да өз дәрежесінде және уақытында өткізіліп отырада. Осы шараларды өткізуге ЖШС«Менжинское», «Дархан», «Анар», «Бірлік», «Айбек», «Алдонғаров», «Байқал» шаруа қожалықтары барлығы 353 мың теңге демеушілік жасаған. 2008 жылғы бұл көрсеткіш небәрі 255 мың теңге ғана болған.

Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жол картасы» бағдарламасы негізінде Ақ жаркын селосынан бергі жолдарымыз жөнделіп, тегістеліп жақсарып қалды.

Тікелей аудан әкімінің бастамасымен аудан орталығына қатынайтын автобус маршруты ашылып, аптасына 3 рет халық игілігіне қызмет жасауда. Осы игілікті ісі үшін округ халқының аудан әкімдігіне айтар алғысы мол.

Бүгінгі уақытта округ тұрғындарының әлеуметтік саладағы мәселелері толығымен шешілді деп айта аламыз. Таза ауыз суымыз бар, бүгінгі күні1 флягасы 5 тенге. Әр үйде сымсыз телефон орнатылған. Былтырға қарағанда 30 абонент қосылды.Ауыл көшелерінде жарықтандыру да жалғастыруда, қазіргі уақытта Кеңащыда- 20 фонарь, Байтөсте- 7 фонарь жанып тұр.

Округте Кеңащы орта мектебі және Байтөс негізгі мектебі балаларға білім беруді жүзеге асыруда. Осы мектептерде барлығы 39 мұғалім болса, оның 21 жоғары, 11 арнаулы орта, 7-уі аяқталмаған жоғары білімді. Мектептер компьютерлендіріліп, интернет жүйесіне қосылған. Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша 2008 жылы 65 ұпай, биылғы жылы орташа көрсеткіші 75 ұпай болды.

Бұл әрине аудандық орташа көрсеткіштен төмен болғандықтан биылғы жылы бұдан жақсы нәтижеге жетеміз деген сенімдіміз. Мектептерде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталықтар ашылып, 28 бала тәрбиеленуде.

2009 жылы 9 бала туылып, 6 адам қайтыс болды.2 дәрігерлік пункт жұмыс істейді. Оларда қажетті дәрі-дәрмектер жеткілікті мөлшерде. Екі қоғамдық монша және «Менжинский»ЖШС-не қарасты наубайхана жұмыс істеуде.

Хоккей корты да жыл сайын уақытында пайдалануға беріледі. Мектептің спорт залына кешке жастар мен оқушылар баскетбол, волейбол, теннис түрлері бойынша жаттығулар жүргізіледі. Соның нәтижесі болар былтырғы жылы қысқы ойындарда командалық ІІІ орын иелендік. Биылғы жылы да жақсы жетістіктерге жетеміз деген ойымыз бар.

Әлеуметтік салада округ бойынша зейнеткерлер саны - 55

мүгедектер-27

атаулы әлеуметтік көмек- 112.716 теңге

18 жасқа дейінгі жәрдемақы-377.781теңге

«Жол картасы» бағдарлама бойынша- 4 жұмыс орны ашылды.

әлеуметтік жұмыста – 5 орын

қайта даярлау бағытында- 3 орын
Округте 3 дүкендерде негізгі азық түлік бағалары аудандық орташа бағадан аспайды. Аптасына 1 рет аралап, мониторинг жасап отырамыз.

Ауылдық клубқа 2008 жылы бюджеттен 1 млн. теңге қаражат бөлініп, біраз бөлігі қалпына келтірілген болатын. «Жол картасы » бағдарламасы арқылы толық жөндеу үшін 2010 жылға 10 млн.теңгеге жобалау-сметалық құжаттамасы жасалынған.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қараша айында болған тікелей

эфирде қойылған 2 сауалдар тиісті түрде шешілді.

Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдығына орай Кеңащы селосының орталығын аббаттандыру, көшеттер отырғызу, көшелерді тазалап, ретке келтіру, әр үйдің ауласы мен шарбақтарын ақтап, сырлау жұмыстарын жүргізетін боламыз.

Похожие:

Кеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер! iconЖетікөл селолық округінің әкімі Ш. М. Есімбаевтың тұрғындар алдындағы есебі. Құрметті жерлестер!
«Жергілікті орындаушы органдардың басшыларының есептік кездесүлерді өткізу туралы» №1546 жарғысына сәйкес, барлық жерлерде және де...
Кеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер! iconАлқатерек селолық округінің әкімі Қ. Б. Жұматаевтың 2009-шы жылдың қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары алдындағы есебі

Кеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер! iconСырымбет селолық округінің әкімі Д.Қ. Сүлейменовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі Құрметті ауылдастар!
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес елімізде әкімдер тұрғындар алдында есеп беруде
Кеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер! iconУкраин селолық округінің әкімі М. Г. Карпушанның тұрғындар алдындағы есебі Құрметті тұрғындар! Қазақстан Республикасының ел басы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Республикасының елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Дағдарыстан жанару мен дамуға» арналған үндеуін жолдады
Кеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер! iconИмантау селолық округінің әкімі Махметов Аманбек Ғазизұлының округ тұрғындары алдындағы есебі
Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімі бойынша барлық деңгейдегі әкімдер тұрғындар алдында жариялы түрде есеп береді. Бұл...
Кеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер! iconАудан әкімі Ә. Мұхтархановтың өткен 2010 жылдың қорытындысы бойынша есепті баяндамасы Құрметті қауым, жерлестер!
Аудан әкімінің халық алдындағы дәстүрлі есепті кездесуіне қош келдіңіздер! Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
Кеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер! iconАудан әкімі С. Ж. Аймақовтың есебі 2011 жыл. Құрметті жерлестер!
...
Кеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер! iconНижнебурлук селолық округі әкімінің округ тұРҒындары алдындағы есебі
Осы жылы өткен 2008-2009 жылдардағыдай аудан әкімінің селолық округінің тұрғындарымен есептік кездесу алдында ұқсас кездесулер селолық...
Кеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер! iconЗайсан ауданының әкімі Ә. Мұхтархановтың аудан тұрғындары алдындағы 2008 жылдың қорытындысы бойынша есебі
Ел Президентінің Жарлығымен әр деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есебі халық пен мемлекеттік органдардың мақсатын біріктіріп,...
Кеңащы селолық округінің әкімі А. Б. Мұратовтың 2009 жыл қорытындысы бойынша тұрғындар алдындағы есебі Құрметті жерлестер! iconЕгінсу ауылдық округінің 2010 жылы атқарылған жұмысы туралы округ әкімінің есебі Құрметті ауылдастар !
Ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру, кездесуін ашық деп жариялаймын!
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница