Түсіндірме хат




НазваниеТүсіндірме хат
страница5/5
Дата конвертации17.11.2012
Размер0.56 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

5 Шет тілін оқытудағы бақылау


    1. Лабораториялық жұмыс (3 сағат)


Жұмыстың мақсаты:

  1. студеттерді рецептивті және продуктивті біліктердің қалыптасқандығын бақылау әдістерімен таныстыру;

  2. шет тіліне оқыту үрдісіндегі рефликсивті білікерінің қалыптасу үрдісін қарастыру (өзін-өзі тексеру және бағалау).

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. оқу мен тыңдаудағы рецептивті біліктердің қалыптасқандығын баұылау;

  2. сөйлеу мен хаттағы продуктивті біліктердің қалыптасқандығын бақылау;

  3. шет тілін оқыту үрдісіндегі өзін-өзі бақылау.


Глоссарий
Бақылау тәсілдері – бұл сөйлеу мен біліктерінің қалыптасқандығын бақылауға, оқытылғандық деңгейін анықтауға бағытталған мұғалімнің нақты іс-әрекеттері.

Қателік – қате сөйлеу әрекетінің нәтижелі, шет тілін меңгеру барысындағы оқушымен жіберілетін шет тілі ережелерімен қалыптарынан типтік ауытқу.

Өзін-өзі бақылау – бұл адамның өзімен жасалатын іс-әрекеттерді саналы бағалауы және реттеуі.

Тірек конспекті:

1) мәтіндерді шет тілінде оқу біліктерінің қалыптасқандығы деңгейін анықтау барысында баға іздестік, таныстырмалы және зерттемелі оқуға арналған тапсырмаларды орындаудың нәтижелері бойынша іске асырылады.

Оқытудың бастапқы кезеңінде тексеріледі: әріптерді тану және атау; әріптер байланысты және әріптердің дыбыстар мен үйлесімі; сөздерді сөз тіркестерін, сөйлемдерді дыбыстандыру; мәтіндерді толық және нақты түсіну зерттемелі; мәтіндердің жалпы мазмұнын түсіну (таныстырмалы және іздестік оқуға); дұрыс дауыстап оқу.

Кейінгі кезеңдерде (орта және жоғары) түсінуді тексеру үшін түрлі оқу түрлеріне арналған түрлі жаттығулар қолданылады. Таныстырмалы оқу келесі жаттығулар келесі мен бақыланады. Заголовок және суреттемелер бойынша мазмұнды болжау; негізгі ақпаратқа сұрақтар қою және оларға жауап беру: мәтін мазмұнына сәйкес заголовокты таңдау; мәтінде мағыналық бөліктерге бөлу және оларды атау, ат қою; негізгі ақпараттың көшірмесін жасау.

Оқушының оқуын тексеру үшін келесі жаттығуларды қолданылады: жайылма жоспар с резюме, тұжырым, түсінік құру, барлық мәтінге сұрақ қою, мәтіннің бара бар аудармасын теріп немесе толық жасау.

Іздеушілік оқу келесі жаттығулар көмегімен тексеріледі: негізгі деректердің, фактілерді атап өту; ең маңызды ақпаратқа сұрақ қою; бірдей тақырыпты мәтінді салыстыру; таңдаулы аударма жасау.

Аудированиеге қолданылатын түсінудің төрт деңгейі айрықшаланады. Олардың айрықшаланатын қасиеттері тереңділік, толықтылықжәне дәлдік болып табылады:

  1. фрагменттілік түсіну деңгейі;

  2. жалпы түсіну деңгейі;

  3. толық түсіну деңгейі;

  4. сыни түсіну деңгейі;

Фрагменттілік түсіну деңгейі есту біліктіліктілігінің қалыптаспағандығын көрсетсе, онда түсінудің теренділік, толықтылық және дәлдік деңгейін бақылау жаттығулары тек үш деңгейге ғана жатқызылады. Олардың көмегімен фрагменттік түсінуді де ажыратуға болады.

Жалпы түсіну дедеңгейіне ең алдымен тақырыпты мәтіннің мағыналық ядросы ретінде түсіну тән. Осы деңгейдің қалыптасқандығы келесі жолдар арқылы тексеріледі:

  • жалпылама сұраққа жауап;

  • көп таңдаулы тесстер;

  • шетел тілінде негізгі мазмұнды айту;

  • мағынлаы бөлшектерге загаловок түрінде жоспар құру;

  • мәтін типін және негізгі мақсатын анықтау және т.б.



2) толық түсіну деңгейі жеке фактілер мен бөлшектерді түснуді, сонымен қатар негізгіні қосымшадан айыра білуді талап етеді.

Толық түсіну біліктілігінің қалыптасқанын келесілердің көмегімен тексеріледі:

  • жалпы мазмұнға және жеке бөлшектерге қатысты сұрақтарға жауап;

  • жалпы жоспарды құру;

  • суретке (сурет, сызба, жоспар, және т.б.) тірек арқылы мазмұндау;

  • мәтінді драмматизациялау;

  • мағыналық бөлшектерге мәтінді бөлу

  • бос орындарды толықтыру;

Сыни түсіну деңгейі аудиомәтіндері бағалаумен, мазмұнды интерпретациялауымен және ақпаратты қабылдауды мағыналық өңдеумен байланысты.

Аталмыш деңгей жақсы қалыптасқан техникалық біліктіліктің және сөйлеу деңгейі байлығын талап етеді: оған негізінен шетел тілін тереңдетіліп оқитын мектептерде, лингвистикалық лицейлерде және жоғары оқыту кезеңдегі гимназияларда қол жеткізуге болады.

Сыни түсіну деңгейі мәселелі сипатты тапсырмалар көмегімен тексеріледі, ой-пікір құрастыру тыңдалған мәтін бағасы:

  • аңдатпа реферат құрасыту;

  • түрлі көзқарастарды салыстыру;

  • интервью өткізу;

Кеңестер немесе пікірсайыстар және т.б. ұйымдастыру. Сөйлеу біліктерінің дұрыс ұйымдасқан бақылауы мұғалімге оқу уақытын орынды бөлуге, жаттығулардың нәтижелілігін тексеруге, тақырыптық жоспарға түзетулер енгізуге, жеке дербес оқушылардың және жалпы сипаттау практикалық жетістіктерін көруге мүмкіндік береді.

Сөйлеу бірліктерінің қалыптасқандық деңгейінің белгілі көрсеткіші ретінде келесі осындай параметрлер болып табылады:

  • қарым-қатынастағы сөздер (тіркестер) фразалар саны;

  • жай және күрделі сөйлемдер саны;

  • диалогтағы репликалар саны мен көлемі;

Сөйлеуші қолданатын тілдік құралдар да есептеледі (олардың түрлілігі, тақырыптық жалпыламдық дәрежесі). Бұл сандық және сапалы көрсеткіштер айтылымның аналитикалық жағының бағасымен толықтырылуы тиіс, оның ақпараттық, байланыстылық және жайылғандық деңгейі, қарым-қатынас жағдайына сәйкестік.

Жазу бөліктерінің қалыптасқандық көрсеткіштері болып табылады:

  1. жазбаша қарым-қатынастың орындалу табыстылығы;

  2. жазба мәтін мазмұнының сапасы;

  3. мәтіннің тілдік жағы сапасы;

  4. жазбаша тапсырмаларды орындаудағы дербестік дәрежесі;

Жазбаша қарым-қатынасты іске асыру табыстылығы анықталады:

  1. жағдайлардың әр-түлілігімен, оның шеңберінде жазбаша мәтін жасалады;

  2. сөйлеу ойдың барлығы;

  3. тілден жасалатын құралдарды таңдау қабілеттілігі сөйлеу ниетіне және жағдайға байланысты.

Жазбаша мәтіннің мазмұнының сапасы анықталады:

  1. тақырыптар әртүрлілігімен;

  2. берілген фактілердің санымен;

  3. тілдік қиындықтың деңгейімен;

  4. сөйлемдер және сөйлеу формулалардың әртүрлілігімен;

  5. жазбаша мәтін көлемімен

Тілдік жақ сапасы анықталады:

1. тілден жасалатын құралдардың дұрыстығымен және хабардың нақтылығымен, жазбаша мәтінде берілген.

2. хаттың тілден жасалатын құралдарының стилистикалық нормаларға сәйкестігі.

Дербестік дәрежесі анықталады:

а) жазбаша мәтіндерді құру кезіндегі қолданылған тілдік құралдарға сенімділік;

б) коммуникативті есептерді шешудегі қайталаудың және мәтінді түзету қажеттіліктің жоқтығы;

в) көмек қажеттілігінің болмауы;

Жазбаша мәтіндердегі қателерді келесілерге бөлу керек:

  • лексико грамматикалық;

  • орфографиялық;

  • нақтылы;

  • жазбаша мәтінді рәсім деудегі қателер;

  • түпнұсқаға сәйкестілік;

3) қате іс-әрекетті өзін-өзі түзету істеліп жатқан іс-әрекетті салыстыратын, ішкі және сыртқы үлгі эталондарының барымен сипатталады.

Шетел тілді оқытуды сыртқы эталондар болып сөйлеу дағдылардың қалыптасуына ережелер, сөйлеу үлгілері, сыбыр сөздер, түсініктер, кілттер, нұсқаулар қызмет етеді. Олардың негізінде сөйлеу әрекеттерінің ішкі үлгілер-эталондары жасалады.

Өздік бақылау нәтижелі жұмыс барысында және оның құрастырушылардың – өзін-өзі байқау, сөйлеу әрекеттерді эталондармен салыстыру, самокоррекция және өзін-өзі бағалау – қажетсіз сөйлеуге жетеді, ал өздік бақылау деңгейі іскерліктердің және дағдылардың жетілгендік дәрежелерінің көрсеткіштердің бірі болып қарастырылады. Өздік бақылау қателерді түзету фактісімен түрінде көрінеді, сөйлеу барысында жіберілген, бір уақытта сөйлеу дағдыларын қалыптастырумен дамиды мұғалім жағынанбақылау боған жағдайда.
Өздік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. Орта мектеп оқушыларына арналған шетел тілі оқулығында оқу және аудирование іскерліктерінің қалыптасуын бақылйтын тапсырмаларды талдыңыздар

2. Екіауыз қатынас және монолог түрінде сөйлеу іскерліктерінің қалыптасуын параметрларын анықтаңыздар.

3. орта мектепте шетел тілін оқытуда әр кезеңдерінде жазбаша сөйлеу іскерліктерінің қалыптасудың бақылау түрлерімен атаңыздар.

4. әдістемелік көзқараспен басқа тілде сөйлеуге оқытудағы қателердің мәселелерін талдаңыздар.

Ұсынылатын әдебиет
1 Абдигали С.А. Реализация концепции обучения иностранным языкам по учебника немецкого языка.  Алматы, 1998.  120 с.

2 Алхазишвили А.А. Основы овладения устной иноязычной речью.  М., 1998.  198 с.

3 Аренова Т.В. Метод глобальной симуляции.  Астана, 1998.  265 с.

4 Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам. – М., 2000. – 260 с.

5 Гальскова Н.Д., Гез Н.И. Теория обучения иностранным языкам. – М., 2006. – 286 с.

6 Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. М.: Просвещение, 1991. – 123 с.

7 Колесникова И.Л., Долгина О.А. Англо-русский терминологический справочник по методике преподавания иностранных языков.-Санкт-Петербург, 2001. – 210 с.

8 Концепция развития иноязычного образования Республики Казахстан.- Алматы, 2004. – 86 с.

9 Миньяр-Белоручев Р.К. Методика обучения французскому языку.- М.: Просвещение, 1990. – 211 с.

10 Пассов Е.И. Основы коммуникативной методики обучения иноязычному общению.-М., 1989.– 230 с.

11 Рабинович Ф.М. Контроль на уроке иностранного языка// ИЯШ. 1987. №1., 10-16 с.

12 Фоломкина С.К. Обучение чтению на иностранном языке в неязыковом вузе. М., 1987. – 189 с.

13 Цейтлин С.Н. Речевые ошибки и их предупреждение. СПб.: Изд. Дом «МиМ», 1997. – 140 с.

14 Barbara Dahlhaus. Fertigkeit Horen. 1998, Langenscheidt, Fernstudieneinheit 5 – 230 с.

15 Dianne Larsen –Freemen. Teaching English. Methods&Approaches. Cambridge University Press, 2003.– 212 с.

16 Geremy Harmer. The Practice of English Language Teaching. – London-New-York, 1991. – 160 с.

17 Methodology in TESOL. A Book of Readings. Edited by Michael H. Long&Jack C.Richards.USA, 1987. – 189 с.

18 Ranier Ernst Wicke. Kontakte Knupfen. 1998, Langenscheidt, Fernstudieneinheit 9 – 192 с.

19 Strauss Dieter. Didaktik und Methodik Deutsch als Fremdshprache. Eine Einfurung. Langenscheidt. – Berlin, 1995. – 146 с.

Мазмұны
Түсіндірме хат..............................................................................................3

  1. Шетел тілдерін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері.................5

  2. Басқа тілде мәдениаралық қатынасқа оқыту әдістемесі...................11

  3. Оқыту тәсілдері....................................................................................29

  4. Оқытуды ұйымдастыру түрлері..........................................................32

  5. Шет тілін оқытудағы бақылау............................................................38

Ұсынылатын әдебиет................................................................................43



1   2   3   4   5

Похожие:

Түсіндірме хат iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Түсіндірме хат iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 12
Түсіндірме хат iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 15
Түсіндірме хат iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Түсіндірме хат iconҚондырылған туынды құралдарды қайта анықтау
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Түсіндірме хат iconОрнықтырылған туынды қҰралдарды қайта анықтау
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Түсіндірме хат iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 1
Пайдалануды тоқтату, Қалпына келтіру және осыған ұҚсас міндеттемелердегі өзгерістер
Түсіндірме хат iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 7
Гиперинфляциялық экономикадағы қаржы есептілігі ХҚес сәйкес қаржылық есептілік баптарын қайта есептеу тәсілін қолдану
Түсіндірме хат iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 9
Түсіндірме хат iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 2
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница