«Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы»




Скачать 57.22 Kb.
Название«Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы»
Дата конвертации11.07.2014
Размер57.22 Kb.
ТипДокументы
«Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы»

2009 жыл қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қанағаттанарлықтай деп бағалануда.
Тамақ өндіру, қоғамдық тамақтандыру және сауда кәсіпорындарында, сумен қамтуға байланысты топтық аурушаңдықтарға жол берілген жоқ.
Карантиндік жұқпалар, паратиф, ботулизм, туляремия, дифтерия, сіреспе, полиомелит, геморрагиялық қызба, құтырма, риккетсиоз, Д және Е жіті вирусты гепатитінің сирек кездесетін, безгектің жергілікті және әкелінген түрлері тіркелмеген.

Ағымдағы жылы облыс аумағында қызамық пен қызылшаның жағдайлары анықталмаған.
Бактериалды дизентерия (40 пайызға), ротавирусты гепатит (4 есеге), А вирусты гепатит (2,5 есеге), В вирусты гепатит (41 пайызға), С вирусты гепатит (36,5 пайызға), педикулез (25 пайызға) аурушаңдықтары деңгейінің төмендегені айқын байқалады.
Басқа да дерттер бойынша: менингокок жұқпасы, індетті паротит, туберкулез, бруцеллез, қышыма, эхинококкоз, тағамнан бактериалды улану сияқты бірқатар аурушаңдықтар көрсеткіші төмендеген.
Кейбір аурушаңдықтар түрлерінің саны өткен жылғымен бірдей немесе өткен есептік кезеңмен салыстырғанда деңгейі 5 пайыздан жоғары өзгермеген.
Сальмонеллез жұқпасының біршама, дәлірек айтсақ, 16,5 пайызға және кене энцефалитінің 3 есеге артқандығын атап өту керек.

Өткен жылдардағы сияқты сальмонеллез аурушаңдығы негізінен қала тұрғындары арасында тіркелген, олардың үлес салмағы жалпы жағдайлардың 78,8 пайызын құрайды. Аурушаңдық санының өсуі негізінен түрлі салтанаттар кезінде үй жағдайында әзірленген тағамдарды пайдаланумен байланысты болған 4 топтық жағдайдан шығып отыр.
Кене энцефалиті аурушаңдығы деңгейінің өсуі биылғы жылы иксодты кенелер белсенділігінің артқандығына байланысты болды, яғни, ауа райының қолайлы жағдайы (қалыпты температура, жоғары ылғалдылық) олардың белсенділігін арттыра түсті. Мұндай өсу ШҚО аумағында әр үш жыл сайын байқалып отырады, соңғысы 2003-2005 жылдар аралығында болған. Кене шаққанда медициналық көмекке жүгінгендер саны 2008 жылмен салыстырғанда 40,4 пайызға, яғни, 4094 адамға жеткен (2008 жылы – 2915 адам). Оның ішінде дер кезінде қаралып, кене энцефалиті вирусына қарсы иммуноглобулин алғандар саны – 2680 адам.
Өткен жылмен салыстырғанда бруцеллез аурушаңдығы ересек адамдар арасында азайса, балалар арасында керісінше артқан. Баланың ауырғандығы туралы тіркелген әрбір жағдайдың материалдары тергеу органдарына жіберіліп, ұсынылған материалдар бойынша прокуратурамен ұйғарымдар шығарылды.

2009 жылы республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 52 елді мекенде және Көкпекті, Зайсан, Ұлан, Күршім, Үржар, Тарбағатай, Аягөз аудандарының және Семей қаласының ауылдық округтерінде сауықтыру шаралары жүргізілді.



2009 жылы 27 мал көметін орын, 9 мал сою орыны және 95 мал сою алаңдары салынып, қайта құрылды.
Індетке қарсы іс-шаралар жүргізу нәтижесінде 2004 жылдан бері туберкулез аурушаңдығының тұрақты түрде азайғандығы байқалып, туберкулез ошақтарында қайталама жағдайлар тіркелген жоқ. 2009 жыл қорытындысы бойынша тыныс алу органдары туберкулезінің облыстық көрсеткіші 8,2 пайызға төмендеді.
Алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы 3 жылда туляремияның жағдайлары тіркелген жоқ. 2009 жылы «Індеттермен күрес» бюджеттік бағдарламасы бойынша 20894 мың теңге (2008 ж -19346 мың.теңге) бөлінді. Көктемгі науқанда 900,7 га ауданды құрайтын су жағасындағы аумақтарда дератизациялау шаралары жүргізілді.
Адамдар арасында құтырма аурушаңдығы тіркелген жоқ, алайда облыс бойынша 4 ауданда (2008 ж – 5): Үржар, Абай, Тарбағатай, Зайсан аудандарында жануарлар арасында кездесуде. 2009 жылы қаңғыбас және жабайы жануарларды  аулауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға әкімдік тарапынан 22 млн.268 мың теңге бөлініп (2008 ж – 16 млн. 957 мың теңге), оларды аулап, жоюмен 108 бригада айналысады.

Емдеу – алдын алу мекемелерінде топтық ауруханаішілік және қан құюда жұқпалы аурушаңдықтар жағдайы тіркелген жоқ.
2009 жыл қорытындысы бойынша ауруханаішілік жұқпа 42 пайызға, нәрестелер арасында іріңді-септикалық аурушаңдық 21,9 пайызға, отадан кейінгі іріңді-септикалық асқынулар 37,5 пайызға азайған. Ауруханаішілік жұқпадан адамның қайтыс болу жағдайы тіркелмеген.
Ағымдағы жылы облыста 64 мың адамның сумен қамтылу жағдайы жақсартылды, тұрғындарды суқұбыры арқылы сумен қамту 79,6 пайызға жетті.

Жыл сайын сумен қамту нысандарының санитарлық-техникалық жағдайы жақсара түсуде. «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 14 су құбыры қайта жөнделіп, қалпына келтірілді, алайда, бас тоған имараттары мен суқұбыры торабының тозғандығы, елді мекендерде су құбыры нысандарын пайдалану бойынша арнайы бригадалар немесе қызмет құру, су құбырларының кімге тиесілі екендігін анықтау бойынша заңды рәсімдерді өткізу мәселелері өзекті болып қала беруде.



Соңғы жылдары суқұбыры арқылы келетін судың микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сапасы тұрақты болып қалуда және санитарлық нормалар талаптарына сәйкес келмейтін сынамалар көрсеткіші республикалық көрсеткіштерден төмен.
Халықтың эпидемиологиялық салауаттылығы көп жағдайда облыс аумағында өндірілетін және сатылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігімен айқындалады.

Санэпидахуалды тұрақтандыру бойынша кешенді іс-шараларды дер кезінде өткізу мақсатында жаңа қондырғыларды қолдана отырып, тамақ өнімдеріне микробиологиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша апта сайын санитарлық-гигиеналық қауіпсіздік мониторингі жүргізіледі. Осылайша, тамақ өнімдерін «Рэбит» бактериологиялық анализаторымен зерттеуді жүргізу нәтижесінде зерттеулер сапасын жақсартып, стандарттау мүмкін болды. Жаңа қондырғының арқасында ауыр металлдар тұзын анықтауда санитарлық-гигиеналық зерттеулер номенклатурасын кеңейтуге қол жетті. Пестицидтер, улы химикаттар мен микотоксиндерге зерттеулердің көрсеткіші 36 атаудан 50-ге дейін кеңейтілді. Осының арқасында жүргізілетін зерттеулердің нәтижелігі мен тиімділігі артты. Жаңа қондырғыны енгізу мен игеру бойынша жұмыс қызметтің 2010 жылға қойылған міндеттерінің бірі ретінде айқындалып отыр.
Кадрлық потенциалды тиімді және мақсатты пайдалану, зерттеудің заманауи зертханалық әдістерін қолдану халық тұтынатын тамақ өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткіштерін тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Өндірілетін және сатылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша жасалған жұмыс көлемі қызмет жұмысының басты басымдықтарының бірі –  тамақтан улану және тамақтануды ұйымдастырумен байланысты топтық жұқпалы ауруларды болдырмау қамтамасыз етілді.

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша нормалық талаптарға сәйкес емес тамақ өнімдері сынамаларының 2008-2009 жылдардағы үлес салмағы



2009 жылы облыстың жалпы білім беру мекемелерінде оқушыларды оқытуда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар жақсарған. Санитарлық нормалар талаптарына сай емес мектептер саны азайды.
Мектептерді таза ауыз сумен қамтуда алға ілгерілеу байқалады, тасымалданатын суды пайдаланатын мектептер саны азайды.
Ыстық тамақпен қамту бойынша шараларды жүзеге асыру мектептердің үлес салмағын өткен жылмен салыстырғанда 62,6 пайыздан (475) 85,3 пайызға (628 мектеп) арттыруға мүмкіндік берді. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету көрсеткіші 16 пайызға артты. 



2009 жылы бастауыш сыныптар оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту көрсетшікі 39 пайыздан 61,5 пайызға артты.
Облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысшыларының арасында зиянды және еңбекке қолайсыз жағдайларда жұмыс істейтіндердің үлес салмағы бұрынғыдай жоғары және 58,4 пайызды құрайды, оның ішінде әйелдер арасында -46,9 пайыз.
Таукенөндіру және метеллургиялық өнекәсіптік кәсіпорындарда еңбек жағдайы қанағаттанарлық емес, сонымен қатар, зиянды өндірістік факторлардың жұмысшылар ағзасына ұзақ уақыт бойғы әсері оларда кәсіби патологиялардың пайда болуының негізгі себебі болып табылады: өткен жылдың осы іспеттес кезеңімен салыстырғанда кәсіби аурушаңдықтар саны 78 жағдайға артқандығы байқалған.
Бүгінгі таңда облыста еңбекке қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуді жүзеге асыру мәселелері өзекті әрі басым болып қалуда.

Соңғы үш жылда жасалған бағытты жұмыстың нәтижесінде улы химикаттармен жұмыс істеуде кәсіби улану болған жоқ.
Улы химикаттарды сақтауға арналған қоймалардың санитарлық-техникалық жағдайы жақсы – бірінші санаттағы қоймалар саны 2006 жылы 59 - дан (69,4 пайыз) 2009 жылы 63-ке (76,8 пайызға) жетті.
ҚР ДСМ МСЭҚК ШҚО бойынша департаменті зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді кәсіби жарамдылыққа тексеретін дәрігерлік комиссияның медициналық қызметтерінің сапасын арттыруды жоспарлы түрде іске асыруда.
Мемлекеттік санэпидқадағалау және денсаулық сақтау мамандарының бірлескен мақсатты жұмысының нәтижесінде облыстағы 20 емдеу-алдын алу мекемелерінің 8-і жеткіліксіз болған қондырғылармен жабдықталып, кәсіби жарамдылыққа тексеру қызметін жүргізуге рұқсатнама алды. 

 

Департамент директоры Т.Ерубаев

Похожие:

«Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы» iconСолтүстiк Қазақстан облысының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметiн дамыту және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету 20
«Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы» iconҚарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің алқасы
Алқа мүшесі болып табылады. Олар Алқа отырысында тұрғын халық арасында қалыпты санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі...
«Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы» iconХалықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құқықтық, экономикалық және...
«Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы» iconҚарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқасы
Мсэқ департаментінің Алқасы қызметтің органдары мен мекемелерінің іс-әрекеті ҚР «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы...
«Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
«Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
«Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
«Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
«Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
«Шығыс Қазақстан облысының 2009 жылдағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда әзірленген (бас дәрігер – м.ғ. д. К. С. Оспанов, орындаушы – профилактикалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница