Қарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты




Скачать 114.95 Kb.
НазваниеҚарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Дата конвертации13.02.2013
Размер114.95 Kb.
ТипДокументы


Қарағанды облысының білім басқармасы

Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты


«Келісілді»

Қарағанды облысының

Білім беру басқармасының

бастығы

___________ Имангалиев Е.Н.

«_____»__________2010 ж.


«Бекітемін»

Қарағанды облысының

МББҚБА және ҚДИ

ректоры

___________ Контаев С.С.

«_____»__________2010 ж.



«Мен және Біз құндылық кеңістігіндегі» мектептік қауымдастығы жайындағы облыстық жарыстың

ЕРЕЖЕСІ




Қарағанды, 2010

I.Жалпы ережелері


    1. Облыстық жарыстың жалпы мақсаты – жасөспірім-жастардың бірыңғай әлеуметтік білім беру инфрақұрылымын, мектептің бұқаралық ақпараттану құралдарын дамыту және сүйемелдеу (БАҚ);

    2. Облыстық жарыс – аймақта адамгершілік-рухани құндылықтың тууына бағытталған, әлеуметтік тәжірибе нің жаңа формасының тууы және қоғамдық сананың қалыптасуында мектеп қауымдастығы ресурстарын қолдану мүмкіндігі.

    3. Облыстық жарыс – балалар мен жасөспірімдердің рухани-құнды дамуы мен тәрбие үрдісі мәселесіне мектеп қауымдастығы әсерінің тәжірибе алмасу әдіс-тәсілдері.



II.Жарысты ұйымдастырушы қоғамдар


2.1 Қарағанды облысының білім басқармасы.

2.2 Қарағанды облысының мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілілігін арттыру және қайта даярлау институты.

2.3 «Қарағанды облысыжастары бастамашылдығының орталығы» мемлекеттік мекемесі.

2.4 «Өзгеріс-Перемена» облыстық педагогикалық газет баспа бөлімі.

2.5 Жарыстың ақпараттық демеушісі - Қарағанды облысы балалар құқығын қорғау Департаменті.

2.6 Жарысты өткізу серіктестері білім беру ұйымдарының қайырымдылық кеңестері, қалалық және аудандық газеттерінің баспа бөлімдері, коммерциялық емес ұйымдар.

2.7 Ұйымдастырушы комитет (оргкомитет) жарысқа жалпы басшылық етеді және де аралық ұйымдастыру жұмысын атқарып, жарыс жұмысының бірыңғай өлшеуіш бағаларын тағайындайды, әділ қазылар құрамын анықтайды, мәрелік іс-шараларды ұйымдастырып жарыстың қорытындысын шығарады.

2.8 Ұйымдастыру комитетінің құрамы жарысты ұйымдастырушы мекемелерінің басшыларымен бекітеді.

III. Жарыстың мақсаттары мен міндеттері

    1. Жарыстың мақсаттары:

  1. Мектеп газеттерінің беделін арттыру, мектептік баспасөз іс-әрекет жұмыстарын дамытуға бағыттау;

  2. Мәдениет аралық және білімді демократизациялаудың бір-бірінің түсіністігінің ақпараттық - білім беру байланысын дамыту;

  3. Мектептік қоғамда жасөспірімдер ортасында қоғамдағы әлеуметтік және рухани мәселелерді, мүмкін болатын шешу жолдарының тәсілдерін іздестіруге мектеп газеттерінің тілшілері мен баспасөздің назарын аударту.  


3.2 Жарыстың міндеттері:

  1. Аймақтағы қазіргі заманғы мектеп баспалары жұмысының даму тенденциясын анықтау;

  2. Мектеп баспасы үшін, қоғамның заман талабына сәйкесті жауап беретін тапсырыстардың өзектілігін құру бойынша, белсенді іс-әрекеттерді қалыптастыру;

  3. «Өзін-өзі тану» рухани-құнды білім беру бағдарламасын және оның мектеп қоғамындағы рухани-құндылық мазмұнының мәнін, бағалылығын арттыруда оның потенциалын тарату;

  4. Жасөспірімдер баспасында кәсіпке бағыттау жұмыстарының негізінде талантты жас журналистерді, фотокорреспонденттерді, мектеп газетінің версткашыларын анықтау;

  5. Мектеп ұжымының азаматтық ұстанымын көрсететін үздік мектеп баспасөз жобаларын сүйемелдеу;

  6. Қазіргі мектеп баспасы аумағындағы тізімді құру;

  7. Редакциялық ұжымның кәсіби деңгейін арттыру және тәжірибе алмасуын ұйымдастыру;

  8. Жас журналистерді газет жұмысының даму бағытымен таныстыру.



IV. Жарысқа қатысушылар

4.1 Мектеп қауымдастығының облыстық жарысына қатысуға жалпы білім беру мектептерінің негізгі және жоғарғы сатылары, гимназия, лицей, колледж және қосымша білім беру ұйымдары (ДДиЮ, балалар қоғам ұйымдары, жастар-оралым орталығы және т.б.) жас өспірімдер баспасы шақырылады;

4.2. Жарысқа қатысушылар мектеп баспасының барлық ұжымы мен тапсырыс берушілердің жарыс материалдары ұйымдастырушы комитеттен арнайы бекітілген тізімімен белгіленіп, рет бойынша (Қосымша 1-ді қара «Тапсырыс беруді безендіру») берілген тапсырыс өтініші бойынша қабылданады.
V. Жарысты өткізу реті мен шарттары

5.1 Жарыс 2010 жылдың ақпан айының 15 жұлдызы мен 10 қараша аралығында үш бағыт бойынша өткізіледі:

  • Баспалық ЖАҚ (жаппай ақпарат құралы) (мектеп газеттері, журналдары, альманах және т.б.);

  • Электрондық ЖАҚ (WEB-баспамен мектеп сайттары);

  • Мектеп ЖАҚ жобалары.

    1. Жарысты өткізу кезеңдері:

Мерзімі

Іс-шаралар

1 кезең: 2010ж 10 қыркүйегіне дейін

Тапсырыс беру

2 кезең: 2010ж 10 қазанға дейін

Оргкомитетке жарыс материалдарын жіберу

3 кезең: 2010ж 11 – 20 қазан аралығы

Конкурс материалдарына әділ қазылардың эксперттік бағасы

2010ж 10 қараша

Мәрелік іс-шаралар, ашық түрде марапаттау, жарыс жұмыстарын көрмеге қою



5.3 1 кезең тапсырыс беру

5.3.1. Тапсырыста:

1) сауалнама толтыру;

2) «Біз альманах, газет/журналымызды... осылай құрамыз» атты тақырыпта қысқаша эссе жазу (бұл мәтіннің көлемі – 3000 баспа белгісіне дейін бос орынмен бірге);

3) мектеп баспасына сыртқы пікір (Пікірлер жарыстың сайтында жария етіледі).

5.3.2. Барлық бағыттар бойынша өтініш тапсырыстары «Өзін-өзі тану» және тәрбие бойынша Зертхана мекен-жайына 2010ж 10 қыркүйегіне дейін беріледі. Өтініш беру формасы – облыстық МББҚБА және ҚДИ сайтында http://www.ipkro.kz, «Жарыстық іс-шаралар» айдары;

5.3.3. «Электронды БАҚ» бағыты бойынша – жарыстың талаптарына сәйкесті жарияланған материалдардың ішінде, мекен-жай беттері мен электрондық газеттер сайттары көрсетіледі.

5.3.4. Жарысқа жіберілген материалдардың оқушылардың өз беттерімен жасалғанын - редакциялық алқа мүшелері тарапынан, мектептік редакциялық баспа бөлімі Жарысқа берген өз өтініштерінде нақтылы бекітіп, растайды.

5.3.5. Тіркелгені жайлы өтініш тапсырысты МББҚБА және ҚДИ http://www.ipkro.kz, сайтында немесе электрондық мекен-жайдан: E-mail: krg@ipkro.kz білуге болады.

Байланыс телефондары: 8(7212) 41-68-57 (№1 кабинет), 41-70-13 (вахта).


    1. 2 кезең – 2010ж 10 қазанына дейін ұйымдастырушы бөлімге жарыс материалдарын жіберу


5.4.1. Баспалық БАҚ (мектеп газет/журналдары/альманахтары және т.б.)

Жарыс материалдарының құрамы:

Газеттер – 3 баспалық мақаланы таңдап алу, онда соңғы басылым бетіне жарық көргенімен қоса (оның ішінде баспа мерзімі, шығарылым тиражы, айналымы).

Журналдар – соңғы номерді кіріктіре отырып 3 баспа бетіне шыққан мақаланы таңдап алу.

Альманахтар - соңғы номерді кіріктіре отырып 2 баспа бетіне шыққан мақаланы таңдап алу.

Басқа материалдар – жарысқа қатысушылардың еркімен.

5.4.2. Электрондық БАҚ (WEB-баспа және мектептік сайттар) – электрондық баспа шығарылымының 3 –ден кем емес.

5.4.3. БАҚ жобалары – жоба мәтіні және мектеп баспасының 1 сынамалық баспасы (топпен немесе жеке жазылған жобаларды қабылдайды).

5.4.4. Барлық материалдар 1 данадан, сонымен қатар CD-дискіде электрондық нұсқасы жіберіледі. Мектеп баспасының полиграфиялық орындалуы жарысқа қатысушылардың еркімен болады. Жарысқа жіберілген жұмыстарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.

5.4.5. «Жаппай, мерзімді баспа» және жарты жылға дейінгі басып шығарылған категорияға жататын баспалық мақалалар талқылауды қажет етеді. Жарысқа «ғалымдардың мақаласы» немесе әдістемелік нұсқаулары, монографиялар қабылданбайды және қарастырылмайды.

5.4.6. Жарыс төмендегідей номинация бойынша өткізіледі:

«Баспалық БАҚ» бағыты

Редакциялық қатысым:

  • Жалпы білім беретін мектеп аймағындағы үздік баспалары;

  • Қосымша білім беретін ұйымдардың үздік баспалары;

  • Мектеп баспасының үздік дизайны (арнайы сыйлық).

Жеке қатысым:

  • Мектеп баспасындағы үздік жариялым;

  • Қосымша білім беретін ұйымдардың баспасынан жарияланған үздік жариялым.

«Электронды БАҚ» бағыты

Редакциялық қатысым:

  • Үздік мектептік сайт;

  • Қосымша білім беретін ұйымдардың үздік сайты;

  • Мектептік үздік дизайн сайты (арнайы сыйлық);

  • Қосымша білім беретін ұйымдардың үздік дизайн сайты (арнайы сыйлық).

Жеке қатысылым:

  • Сайттағы үздік жариялым.

«БАҚ жобалары» бағыты

  • Мектеп баспасының үздік жобасы;

  • Қосымша білім беретін ұйымдардың үздік БАҚ жобасы.

Қосымша-жеке номинациялар

Ең үздік интерактивті газет;

  • Ұлы Отан соғысы жеңісі 65-жылдығының ең үздік материалы;

  • Ең үздік корреспондент;

  • Ең үздік фотокорреспондент.

5.4.7. Жарысқа жіберілген жұмыстардың мазмұндық және сандық толтырылымдарына тәуелді, әділ қазы алқалар, жалпы сыйлық қорының соммасын өзгертпей, номинация саны мен атын және жеке арнайы сыйлық сандарын өзгертуге құқылы болып табылады.

5.4.8. Жарыс материалдары барлық бағыттар бойынша облыстық МББҚБА және ҚДИ пошталық мекен-жайы бойынша жіберіледі: 470060, Қараганды қ, Жәнібеков көшесі, 42 үй, №1 кабинет «Мектептік қауымдастық жарысы - 2010» деген көрсетіліммен жолданажы. Баспалық материалдардың электрондық нұсқалары – (CD) компакт-дискісінде *. doc, *.pdf; электронды БАҚ көшірмесі - *.html. форматында болуы шарт. Файлдың атауында қажетті ақпараттардың барлығы көрсетіліуі тиіс, мысалы: Karaganda_gym9_psmi.doc; Karaganda_sky9_elsmi.html.

Байланыс телефоны: 8(7212) 41-68-57 (№1 кабинет – «Өзін-өзі тану» және тәрбие зертханасы); 41-70-13 (вахта).
5.5. 3 кезең – Жарыстың жеңімпаздары мен лауретаттарын анықтап, жарыс материалдарына әділ қазылар алқасының эксперттік баға беруі

5.5.1 «Баспалық БАҚ» бағыты бойынша өлшеуіш көрсеткіштері:

  • баспа тұжырымдамасы – ойдың біртумалығы мен жүзеге асуы, «баспа еркінің» болуы, материалдардың мекен-жайлық бағыты;

  • рухани-құнды бағыттағы материалдардың болуы (махаббат, достық, қайырымдылық, төзімділік, қоғамға қызметі және т.б. тақырыптар), «Өзін-өзі тану» айдары (немесе сол айдарға жақын мағынада);

  • мектеп өмірінің оқиғалары мен өркендеуі, жалпы және жеке жетістіктерін айқындау;

  • авторлардың азаматтық ұстанымы;

  • жарияланған материалдардың көркемдік-әдеби деңгейі;

  • баспа бетіндегі материалдарды ұйымдастыру жолдары: құрылысы, айдары, тапсыру әдіс-тәсілдері;

  • газеттерге дизайн және верстка жасау;

  • баспаның жаңашылдығы (интерактивтілігі);

  • баспаның бірізділігі.

5.5.2 «Электронды БАҚ» бағыты бойынша өлшеуіш көрсеткіштері:

  • баспа тұжырымдамасы – ойдың біртумалығы мен жүзеге асуы, «баспа еркінің» болуы, материалдардың мекен-жайлық бағыты;

  • электронды БАҚ баспаның әлеуметтік мәнділігі, қоғам өміріне әсері;

  • рухани-құнды бағыттағы материалдардың болуы (махаббат, достық, қайырымдылық, төзімділік, қоғамға қызметі және т.б. тақырыптар), «Өзін-өзі тану» айдары (немесе сол айдарға жақын мағынада);

  • мектеп өмірінің оқиғалары мен өркендеуі, жалпы және жеке жетістіктерін айқындау;

  • авторлардың азаматтық ұстанымы;

  • жарияланған материалдардың көркемдік-әдеби деңгейі;

  • баспа бетіндегі материалдарды ұйымдастыру жолдары: құрылысы, айдары, тапсыру әдіс-тәсілдері;

  • сайттың дизайны және толықталуы;

  • сайттың қатысушылығы;

  • сайтта форумның болуы немесе басқа да интерактивті алаңдармен сайтқа енушілермен қарым-қатынас жасау.


5.5.3 «БАҚ жобалары» бағыты бойынша өлшеуіш көрсеткіштері:

БАҚ жобаларын бағалау үшін «Баспалық БАҚ» және «Электронды БАҚ» бағыттары бойынша қолданылған бағалау көрсеткіштеріне (жобалау нысанына тәуелді) және төмендегі көрсеткіштер қосымша беріледі:

  • жоба идеясының жаңалығы;

  • жоба иедясының жүзеге асырылуы.

5.5.4 Жарыс жұмыстары он балдық бағалау жүйесімен бағаланады (5.5.1; 5.5.2; 5.5.3 пп. өлшеуіштері).
VI. Жарыстың әділ қазылар алқасы мен қорытындылау

6.1. Жарыс жұмыстарын бағалау үшін әділ қазылардың құрамы - ұстаным бойынша 5 адамнан тұрады:

  • «Өзгеріс-Перемена» облыстық газеттің 1 өкілі;

  • «Қарағанды облысы жастары бастамашылдығы орталығының» мемлекеттік мекемесі – газетінің ұйымдастырушысының 1 өкілі;

  • Қарағанды облысы балалардың құқығын қорғау Департаментінің 1 өкілі;

  • Облыстық ҚДИ «Өзін-өзі тану» және тәрбие бойынша зертхананың 1 өкілі;

  • Ата-аналар қоғамдастық Кеңесінің 1 өкілі.

6.2. Әділ қазылар алқасы жарысқа жіберілген материалдарды қарап, 2010 жылдың 11 мен 20 қазан аралығында іріктеуді өткізіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. Электронды БАҚ материалдарының талдауы мен бағалануы ҒАЛАМТОР (ИНТЕРНЕТ) желісі бойынша таратылады

6.3. Жарыс жұмыстарының жеңімпаздарын әділқазылар алқаларының эксперттік бағалауымен әрбір бағыт (редакцияның қатысуымен) бойынша төмендегідей жүлделі орындар беріледі:


I орын
II орын
III орын

 

- үздік мектеп газеттері, журналдары, альманахтар, электронды баспалар және т.б.


6.4 Ұстаным бойынша әрбір бағыт үшін әділ қазы алқалар «жекелеме қатысу» бойынша және «жеке номинациядан» 1 жеңімпазды анықтайды (п. 5.4.6 қара).

6.5. Облыстық МББҚБА және ҚДИ сайтына енушілердің интерактивті дауыс беру қорытындысы бойынша жарыс материалдарының арасынан «Көрермендер симпатия сыйы» номинациясы жеңімпазы анықталып «Жарыстық іс-шаралар» айдарында жарияланады.

6.5. Мектеп баспасы жарысының соңғы нәтижелелері облыстық МББҚБА және ҚДИ және Қарағанды облысының балалар құқығын қорғау Департаменті сайтында 2010 жылдың 1 желтоқсанынан кеш емес жарияланады.


    1. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау, мәрелік іс-шаралар

7.1. Жеңімпаздар мен дүлдегерлер оргкомитеттің диплпмдары мен сыйлықтарымен марапатталады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2010 жылдың 10 қарашасында өткізіледі.

7.2. Мәрелік іс-шараларға кіретіндер:

Жарыстың салтанатты қорытындысы, «Қарағанды облысының мектептік қауымдастың» көрмесінде жеңімпаздар мен лауреаттарды ашық салтанатты рәсім түрінде марапаттау. Өткізілу орындары мен уақыты қосымша түрде хабарланады.

7.3. Жеңімпаздар, жүлдегерлер мен лауреаттардың жарыс материалдарының ең үздігі облыстық педагогикалық «Өзгеріс-Перемена» газет беттерінде жариялануы мүмкін. Жарыстық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдармен кең түрде қамтамасыз етіледі.

7.4. Жарысқа қатысушылар мен жеңімпаздар үшін мәрелік іс-шаралар өтетін күні баспалық іс, баспа үрдісін үлгілеу негізі бойынша шеберхана (мастерская) іс-әрекеттері өткізіледі.

7.5. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты рәсімде марапатта у іс-шарасы жарыс баспасы жайындағы фильмді көосету арқылы ашылады (жарысқа қатысушылардың өз еркімен 2010 ж 20 қазанына дейін жіберілген, СD-R дискісінде жазылған, таңдалған видео үзінділерден алынған бір бөлігі).

2010 ж видеоролигіне қойылатын талаптар:

  • хронометраж: 2 минуттық;

  • CD дискісіне жазу;

  • апарат тасымалдаушы құралда міндетті түрде қатысушының тіркеу номері, білім беру ұйымы мен жариялық баспа жайындағы ақпарат мәліметі болуы тиіс.

VIII. Қаржыландыру

8.1 Жарысты өткізуді Қарағанды облысының Білім Басқармасы, Мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілілігін арттыру және қайта даярлау институты, Жастардың ірі жөніндегі Комитеті тарапынан қаржыландырады.

8.2 Жарысқа қолдау көрсету үшін жеке және заңды құқығы бар мекемелер шақырылады. Демеушілік ету реті мен шегі, түрі жарыстың ұйымдастыру комитетімен келісіледі. Жарыстың негізгі демеушілері жарыстың барлық ақпараттық материалдары құрылтайшылармен бірге сыртқы бетте еркеріледі.

Ұйымдастыру комитетінің арнайы реквизиттері:

Пошталық мекен-жайы: 470060, Қарағанды қ, Жәнібеков көшесі, 42, каб №1. Чеснокова Н.П.

Телефон: 41-68-57, 41-70-13 (вахта)

Электрондық пошта мекен-жайы: E-mail: krg@ipkro.kz.


Похожие:

Қарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты iconС. С.Қонтаев Иманғалиев Е. Н. 2010 ж. 2010 ж. Облыстық эксперттік кеңес жайлы ереж е
Мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Қарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты iconҚазақстан казахстан kazakhstan
Білім басқармасы, Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Қарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты iconШЫҒыс қазақстан облысы білім департаменті шығыс қазақстан облысы білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты диктанттар жинағы
ШЫҒыс қазақстан облысы білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Қарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты iconБілім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
...
Қарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты icon1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Облыстық “Жыл оқытушысы ” байқауын Білім және ғылым қызметкерлері облыстық салалық кәсіподақ комитеті, облыстық білім басқармасы...
Қарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты iconШығыс Қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты (ШҚо баи) Шығыс Қазақстан аймақтық білімдегі жаңа технологиялар орталығымен (ШҚ абжто)
ШҚо баи) Шығыс Қазақстан аймақтық білімдегі жаңа технологиялар орталығымен (ШҚ абжто) бірлесе отырып, 2010 жылдың 10 желтоқсанында...
Қарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты iconМемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институты қызметкерлерінің байланыс телефондары
Мұхамеджанова Әлия Ғафурқызы – директор, экономика ғылымдарының докторы, профессор
Қарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты icon«Үздік on-line сабақ»
Облыстық білім басқармасының 2011 жылғы 12 cәуір №228 бұйрығына сәйкес облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау...
Қарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты icon«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша білім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
...
Қарағанды облысының білім басқармасы Облыстық Әкімі жанындағы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты icon«Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларына келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) көрсетеді
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница