Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының




Скачать 38.78 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының
Дата конвертации13.02.2013
Размер38.78 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының

2010 жылғы 13 желтоқсан

329 өкімімен

БЕКІТІЛГЕН


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) Стратегиялық әзірлеу және талдау бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ


Осы Ереже Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Жоғарғы Сот аппараты) Стратегиялық әзірлеу және талдау бөлімінің міндеттерін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) Стратегиялық әзірлеу және талдау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) (бұдан әрі – Депаратамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Депаратамент туралы ережеге, Жоғарғы Сот Төрағасының және Депаратамент басшысының өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлім өз жұмысын Департаменттің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен тығыз өзара іс-қимылда жүргізеді.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
4. Бөлімнің негізгі міндеттері:

сот жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі түбегейлі негіздемелер мен практикалық ұсынымдарды әзірлеу;

Жоғарғы Соттың жалпы отырысының, Жоғарғы Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

5. Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды:

1) сот жүйесі тиімділігінің және сот жүйесіндегі, соның ішінде соттарды әкімшілендіру ету мәселелері бойынша жүзеге асырылатын (жоспарланған) іс-шараларға мониторинг жүргізу және талдау;

2) сот жүйесінің даму үрдісін болжау;

3) шет елдердің сот жүйесіне салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу;

4) Жоғарғы Сот және Депаратамент басшылығына сот жүйесін одан әрі жетілдіру, нормативтік қаулыларды қабылдау қажеттігі, сот жүйесіне инновацияларды, соның ішінде пилоттық және басқа да жобаларды жүзеге асыру арқылы енгізу барысы мен оларды іске асыру нәтижелерін талдау мәселелері бойынша талдамалы баяндамалар, ұсыныстар мен ұсынымдар беру;

5) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының жобаларын әзірлеу және сүйемелдеу;

6) өзіне заңнамалық актілермен жүктелген функцияларды жүзеге асыру бойынша Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қызметін қамтамасыз ету;

7) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының Жоғарғы Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңеспен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

8) соттардың қызметін жетілдіру мақсатында одан әрі пайдалану үшін зерттеу нәтижелерінің деректер базасын құру;

9) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені» баспа өнімдерін шығару жөніндегі қызметті үйлестіру;

10) судьяларды оқыту және біліктілігін арттыру әдістемесі жөніндегі ұсынымдарға зерттеу жүргізу және әзірлеу, оларды оқу бағдарламаларын сүйемелдеу жөніндегі секторға беру;

11) ғылыми-практикалық іс-шараларды (конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, семинарларды, оқыту тренингтерін және басқаларын) ұйымдастыру және өткізу, осы іс-шаралардың материалдарын жариялауды жүзеге асыру;

12) Жоғарғы Соттың Интернет-ресурсының тиісті айдарын сүйемелдеу;

13) қадағалау алқасының, азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі алқалардың хатшылықтарымен бірлесе отырып, ай сайынғы әзірлікті қамтамасыз ету және «Заңгерге», «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетеніне» жариялау үшін неғұрлым ғылыми және практикалық қызығушылық тудыратын құқық қолдану практикасының материалдарын ұсыну;

14) отставкадағы судьялармен бірлесе отырып, «Заңгерге», «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетеніне» жариялау үшін материалдарды іріктеу мәселелерін теориялық, ғылыми-практикалық, ақпараттық-талдау, әдістемелік тақырыптық тұрғыдан қамтамасыз ету және үйлестіру;

15) Жоғарғы Сот басшылығы, жалпы отырыс хатшысы және Депаратамент басшысы айқындайтын өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

6. Бөлім белгіленген тәртіппен:

1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

2) судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерін оқыту мен біліктілігін арттыру процесіне қатысуға;

3) Депаратаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауға;

4) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;

5) заңнамада және Жоғарғы Сот Төрағасы мен Депаратамент басшысының актілерімен белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Бөлім жұмысын ұйымдастыру
7. Бөлімді Бөлім қызметіне басшылық жасауды жүзеге асыратын және оның міндеттерін орындағаны үшін жеке жауапкершілік көтеретін Бөлім меңгерушісі басқарады.

8. Бөлімнің қызметі Жоғарғы Соттың және Бөлімнің жұмыс жоспарына, сондай-ақ Департамент басшысы бекіткен Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

9. Бөлім жұмысы өзара ауысымдылық, есеп беру, алдына қойылған міндеттерді орындағаны үшін жеке жауапкершілік негізінде құрылады.
___________________

Похожие:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының iconҚазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқалары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті
...
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының iconЖастар практикасы бойынша бос орындарының тізімі
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы...
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының iconЖастар практикасы бойынша бос орындарының тізімі 09. 07. 2012жыл
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы...
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының iconЖастар практикасы бойынша бос орындарының тізімі 02. 07. 2012жыл
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы...
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының iconҚаралатын істің күні мен уақыты Сот пен судьяның атауы
Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Қарағанды облыстық сотының кеңсесінің
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының iconЖ. Әбдиев 2010 жылғы «13» желтоқсан
Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) Стратегиялық әзірлеу...
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының iconАрыздың мәні
«(Қр жоғарғы Сотының аппараты) Қр жоғарғы Сот жанындағы сот қызметін қамтамасыз ету Департаменті, Алматы облыстық сотының кеңсесі»...
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының iconҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы
Жариялылық принципін қамтамасыз ету, сот процестерінің ашықтығы мен анықтығы туралы процессуалдық заңдардың нормаларын соттардың...
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының iconҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы
Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөнінде заңдардың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының icon1. Сот оқуы стратегиясының паспорты
Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты,...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница