Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы




НазваниеНотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы
страница1/6
Дата конвертации13.02.2013
Размер0.6 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже бекiтілсін.

2. «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 294 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7182 болып тіркелген).

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Имашев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 31 қантардағы

32 бұйрығына

1- қосымша

 

 

Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі

ереже

 

1. Жалпы ереже

 

1. Осы нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабына сәйкес әзірленді.

Ереже жеке практикамен айналысатын нотариустың (бұдан әрі - жекеше нотариустың);

мемлекеттік нотариаттық кеңсенің мемлекеттік нотариусының (бұдан әрі - мемлекеттік нотариус) нотариаттық іс өндірісін, Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйедегі электрондық тізілімді (бұдан әрі - БНАЖ электрондық тізілімі) жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Нотариаттық іс жүргізу «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Заңның 5-бабына сәйкес жүргізіледі.

3. Ереже:

1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу;

2) істер номенклатурасын жасау;

3) істерді қалыптастыру;

4) істерді ресімдеу, істердің тізбесін жасау;

5) істерді сақтау;

6) істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік мұрағатқа беру, мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

7) істерді жою;

8) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімін, нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуді жүргізу;

9) шетелде іс-әрекет етуге арналған құжаттарды ресімдеу;

10) нотариустың мөрі, мөртабаны және бланкісін пайдалану;

11) мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу. Өсиетхаттарды есепке алу тәртібін айқындайды.

4. Іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, мұрағаттық құжаттарды сақтау және есебін жүргізу, пайдалану, сондай-ақ нотариаттық құжаттарды тиісті мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсыруды:

жекеше нотариус;

мемлекеттік нотариус қамтамасыз етеді.

5. Мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе ауысқан кезде іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, нотариаттық мұрағаттық құжаттарды сақтау және есебін жүргізу, пайдалану аумақтық әділет органының бұйрығымен басқа мемлекеттік нотариусқа жүктеледі.

Жекеше нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата осы Ережеде көзделген тәртіппен құжаттарды басқа нотариусқа беру жөнінде шара қабылдайды.

Жеке практикамен айналысатын нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатылған кезде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата құжаттарды жекеше нотариаттық мұрағатқа беру жөнінде шара қабылдайды.

6. Жекеше нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатылған кезде БНАЖ электрондық тізіліміндегі деректерге қол жеткізу құқығы жекеше нотариаттық мұрағатқа беріледі.

7. Жекеше нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған кезде және мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе демалыста болған кезде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бұйрық (бұйрықтың күні, нөмірі, тоқтата тұру мерзімі мен негіздемесі немесе жұмыстан босату, демалыста болуы) туралы деректерді енгізу арқылы нотариаттық іс-әрекетті БНАЖ электрондық тізіліміне тіркеу мүмкіндігін жабады.

Лицензияның қолданысы қалпына келтірілген кезде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі оның жолын ашады.

8. БНАЖ жұмысы тоқтап қалған жағдайда жекеше нотариус осы Ережеге 1- қосымшаға сәйкес нысан бойынша БНАЖ жұмысының мүмкін еместігі туралы акті жасайды.

Жекеше нотариус БНАЖ жұмысының тоқтап қалу себептері жойылған соң нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде жасалған жазбаны БНАЖ жұмысы қалпына келтірілген сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей БНАЖ электрондық тізіліміне ауыстырады.

9. Жекеше немесе мемлекеттік нотариустың БНАЖ арқылы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан мәліметтерді жеке мақсаты үшін пайдалануына жол берілмейді.

10. Жекеше және мемлекеттік нотариустар жасайтын және алатын құжаттарды есепке алу, істердегі құжаттарды топтастыру, оларды сақтау мерзімдерін айқындау істер номенклатурасымен реттеледі.

Істер номенклатурасы - оларды сақтау мерзімі көрсетілген істер атауларының (тақырыптарының) жүйеге келтірілген тізбесі.

11. Құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы құжаттандыру және құжаттаманы басқарудың үлгілік ережесіне сәйкес ресімделеді.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жағдайы Құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы №1583 қаулысымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

2. Құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу

 

12. Келіп түскен барлық құжаттар тіркеуден өтуі тиіс.

13. Құжаттарды есепке алу үшін және оның орындалуын бақылау үшін мынадай:

осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кіріс құжаттарын тіркеу журналын;

осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шығыс құжаттарын тіркеу журналын жүргізіледі.

14. Кіріс құжаттарының бірінші бетінің төмен оң жақ шетінде кіріс құжаттарын тіркеу журналы бойынша тіркеу нөмірі және оларды тіркеген күні қойылады.

15. Шығыс құжаттарында осы Ереженің 4-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша тіркеу мөртабаны қойылады.

16. Құжаттар мекенжайларға пошта арқылы немесе қолмен апару арқылы жіберілді.

 

 

3. Істер номенклатурасын жасау

 

17. Істер номенклатурасы (ағымдағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей) үш данада жасалады және келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мемлекеттік нотариаттық кеңсенің істер номенклатурасын аумақтық әділет органының басшысы бекітеді және мемлекеттік мұрағатпен келіседі.

Жекеше нотариус істер номенклатурасын жекеше нотариаттық мұрағатпен келісім бойынша бекітеді.

18. Істер номенклатурасына барлық құжатталатын қызметтерді қамтитын істердің атаулары (тақырыптары), оның ішінде - тізілімдер, кітаптар, журналдар енгізіледі.

Істер номенклатурасы осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес Мысал істер номенклатурасының негізінде жасалады.

Мысал істер номенклатурасы істер номенклатурасын дайындаған кезде, оларды мұрағатқа өткізу немесе жоюға беру үшін іріктеген жағдайда сақтау мерзімін айқындаған кезде негізгі құжат ретінде пайдалануға арналған.

Істер номенклатурасын жасаған кезде Мысал істер номенклатурасында белгіленген сақтау мерзімін кемітуге жол берілмейді.

Номенклатураның әрбір бөлімінде істер номенклатурасында көзделмеген, алайда күнтізбелік жыл ішінде қалыптастырылған істер тақырыбына енгізу үшін резервтік индекс қарастырылады.

19. Жылдың соңында осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген істер немесе томдардың саны және санаты туралы қорытынды жазба енгізіледі.

20. Істер номенклатурасының данасы жедел сақтаудағы істер үшін есептік құжат ретінде мемлекеттік нотариаттық кеңсенің немесе жекеше нотариустың мұрағатында қалады.

 

 

4. Істерді қалыптастыру

 

21. Мемлекеттік нотариаттық кеңседе және жеке нотариустағы барлық құжаттар орындалған соң істер номенклатурасына сәйкес топтастырылады және істердің ішінде жүйелестіріледі.

22. Істерге бір жылдың құжаттары топтастырылады.

23. Істерге оларға қатысы жоқ құжаттарды, сондай-ақ құжаттардың сызбалары мен жобаларын енгізуге жол берілмейді.

24. Істер белгілі бір мәселеге немесе нотариаттық іс-әрекетке жататын құжаттардың жеке папкасына топтастырылады.

25. Істер ауқымы бойынша 180 парақтан аспауы тиіс. Парақтар саны 180-нен асатын қосымшалар жеке томға бөлінеді, ол туралы құжатта белгі қойылады.

Істе бірнеше том (бөліктер) болатын болса, істің нөмірі (индексі) мен тақырыбы істің әрбір томға том нөмірін қосылып қойылады, соңғы томға (бөлігіне) «соңғы» («соңғысы») деген сөз қосылады.

26. Нотариустың мұрагерлік істерді ресімдеуге байланысты қаулыларының көшірмелері мұрагерлік істерге орналастырылады.

Нотариаттық іс-әрекеттерді кейінге қалдыру туралы қаулылардың даналары кейінге қалдырылған нотариаттық іс-әрекеттерге байланысты құжаттармен топтастырылады.

 

 

5. Істерді ресімдеу. Істердің тізбесін жасау

 

27. Істерді ресімдеу істерді сақтауға дайындау жөнінде кешенді жүргізілетін жұмыстардан тұрады, ол мұқабадағы, брошюродағы сипаттаманы, парақтардың нөмірленуін, куәландыратын жазбаны және ішкі сипаттаманы қамтиды.

28. Істер осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша істер мұқабасына орналастырылады.

29. Істер аяқталған соң іс жүргізуде істер номенклатурасына сәйкес белгіленетін оның сақталу мерзіміне сәйкес толық немесе жартылай ресімдеу жүргізіледі.

30. Тұрақты және уақытша (10 жылдан артық) сақтау мерзімдері істері мыналарды көздейді:

істегі парақтарды нөмірлеу;

істегі куәландыру парағын жасау;

істегі құжаттың ішкі тізбесін жасау;

істі қатты мұқабаға брошюралау (тігу);

істердің мұқабасына барлық деректерді осы Ереженің 36-тармағына сәйкес толтыру.

31. Істің соңында осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәландырушы парақ тігіледі.

Істің куәландырушы парағына нотариус мөрін қоя отырып, қызметін және куәландырушы жазбаны жасаған күнін көрсетіп қол қояды.

32. Тұрақты және уақытша сақтау (10 жылдан астам) мерзіміндегі істерде осы Ереженің 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ішкі жазба жасалады.

Ішкі жазба жеке парақта жасалынады. Әрбір құжат дербес реттік нөмірмен ішкі тізбеге енгізіледі, 2 бағанда - істер номенклатурасына сәйкес құжаттың индексі, 3 бағанда - құжаттың күні, 4 бағанда - нотариаттық іс-әрекеттің атауы, 5 бағанда парақтардың нөмірі көрсетіледі.

Іс құжаттарының ішкі жазбасына жекеше нотариус немесе мемлекеттік нотариус қол қояды және істің басына тігіледі.

33. Уақытша сақтаудағы істерді (10 жылға дейінгіні қоса алғанда) тігу папкаларында сақтауға жол беріледі, істегі құжаттарды қайтадан жүйелендіру жасалынбайды, істің парақтары нөмірленбейді, куәландырушы жазбалар жасалынбайды.

34. Күнтізбелік жыл аяқталған соң іс жүргізуде аяқталған тұрақты және уақытша (10 жылдан жоғары) сақтау істеріне осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты сақтаудағы істердің тізбесі жеке жасалынады. Тізбе істердің күндері мен парақтарын көрсете отырып, істер тақырыбының тізбесін көрсетеді.

Уақытша сақтаудағы (10 жылға дейін) істерге тізбе жасалынбайды.

35. Жекеше нотариустың немесе мемлекеттік нотариаттық кеңсенің істерінде сақталатын құжаттар Заңның 3-бабының 6-тармағында көзделген тұлғаларға беріледі.

Істерден құжаттарды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі, бұл ретте іске құжаттың көшірмесі мен түпнұсқасын алу туралы акті (хаттама) тігіледі.

36. Оның құжаттарынан бұрын алынған құжат қайтарылған жағдайда олар бұрын көшірмесі алынған іске қайта тігіледі, өз кезегінде олардың көшірмелері алып тасталады.

37. Нотариус жүргізген тізілімдер, кітаптар, журналдар оған бірінші жазба енгізгенге дейін тігіледі, парақтары нөмірленеді. Нөмірленген және тігілген парақтардың саны кітаптың соңғы парағының беткі жағына көрсетіледі. Жеке практикамен айналысатын нотариус жүргізетін кітаптар үшін нөмірленген және тігілген парақтардың саны туралы жазба нотариаттық палатаның лауазымды тұлғасының қолымен және мөрімен расталады. Мемлекеттік нотариаттық палатада жұмыс істейтін мемлекеттік нотариус жүргізетін кітаптар үшін нөмірленген және тігілген парақтардың саны туралы жазба аумақтық әділет органының лауазымды тұлғасының қолымен және мөрімен расталады.

 

 

6. Құжаттарды сақтау

 

38. Іс жүргізудегі құжаттар аяқталған соң он жыл ішінде олар қалыптастырылған жері бойынша сақталады, сосын жекеше нотариаттық мұрағатқа немесе мемлекеттік нотариаттық кеңсенің мұрағатына жіберіледі.

39. Жекеше нотариус, мемлекеттік нотариус құжаттар мен істердің құжаттарды сақтау мерзіміне сақталуын қамтамасыз етеді.

40. Істерұйымның бекітілген істен номенклатурасына сәйкес орналастырылады, мұқабаларының түбіртектерінде олардың индекстері көрсетіледі.

 

 

7. Істерді жекеше немесе мемлекеттік мұрағатқа тапсыру.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №33 бұйрығы «Нотариат туралы»
Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустермен куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын...
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы iconНотариаттық округтегі ең аз нотариустар санын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №34 бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰйырамын
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы iconҚазақстан Республикасының Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 31 қаңтар №31 Астана қаласы Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2 тармақшасына сәйкес бұйырамын
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы iconҚазақстан Республикасында нотариаттық іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы
Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, “Әділет органдары туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3 тармақшасын...
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 28 наурыз №132 Астана қаласы
«Электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы...
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы
Нотариаттық қызмет саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесінің бағалау өлшемдерін бекіту туралы
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 18 мамыр №225 Астана қаласы «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы»
...
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 20 қаңтар №18 Астана қаласы Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының...
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы iconНотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №29 бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағына сәйкес БҰйырамын
Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №32 бұйрығы iconНотариустың үй-жайы талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №29 бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 2-тармағына сәйкес БҰйырамын
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница