Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті




Скачать 395.25 Kb.
НазваниеҚазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті
страница1/4
Дата конвертации13.02.2013
Размер395.25 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4


ҚАЗАҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР АКАДЕМИЯСЫ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

ПӘН: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

АЛМАТЫ 2011

ҚАЗАҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР АКАДЕМИЯСЫ

Заң факультеті


«Бекітемін»

ОӘЖ Проректоры

_________Утешева Е.А.


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

ПӘН: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ

Алматы, 2011


Оқу-Әдістемелік Кеңеспен баспаға ұсынылған .

(Хаттама № 1 ;10 қазан 2010 ж.)

Құрастырушы : аға оқытушы Нурман К.Н.

Рецензент: з.ғ.к. доцен Тайторина Б.А.
Аталмыш пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындаудың әдістемелік нұсқаулары теориялық және тәжрибелік сабақтарға беріле отырып студенттердің теоретикалық ой тұжырымдауының қалыптастырылуына, пәннің мәні мен мазмұнын түсіне отырып қорытындылай алуына үйретеді.

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыс

жазуына арналған әдістемелік нұсқаулар.
Кіріспе

Студенттердің өзіндік жұмысы – студенттердің ғылыми әдебиеттерді, нормативтік материалдарды өз бетінше оқуының маңызды нысандарының бірі болып есептеледі. Ол студенттерге өз білімін жетілдіруге, қоғамдық құбылыстар мен процесстерді бағалай білуге, ғылыми және саяси мағлұматтардың көптеген ағымдары бойынша бейімдесе алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындау студенттерге монографиялық жұмыстардың, нормативтік материалдардың (әсіресе, Қазақстан Республикасының Конституциясының баптарын), оқу әдебиеттерінің мазмұнын қисыны бойынша талдау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, теориялық ережелерді дұрыс тұжырымдау және ашу қабілетін дамытады, құқықтық терминологияны үйренуге, тәжірибелік ұсыныстарды білдіруге, өз бетінше қорытынды шығаруға ықпал етеді; мұның бәрі бағдарлама бойынша материалдарды неғұрлым терең әрі жақсы игеруге мүмкіндік береді.

ҚР Конституциялық құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын, сонымен қатар, оқытушының студенттердің білімін тексеруінің бір нысаны болып табылады, студенттердің оқытылатын пәнге қарым-қатынасы қандай және олардың өз бетінше жасаған жұмысы қаншалықты жемісті екендігін тексеруге мүмкіндік береді.
ҚР Конституциялық құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

ҚР Конституциялық құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы студенттер үшін бірінен бірі келіп шығатын бірнеше сатыдан тұратын, жоспарланған еңбек процесі ретінде ізденістің алғашқы тәжірибесі болып табылады. ҚР Конституциялық құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жазудың бүкіл барысын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

а/ тапсырмаларды, кеңес алу және жұмыстың алдын ала жоспарын жасау.

ә/ тапсырма тақырыбына қатысты ғылыми материалдарды жинау (ең алдымен библиографиямен жұмыс істеу), әдебиеттерді оқу.

б/ мәселенің құрамдас бөліктерін талдау, тақырыпты баяндау.

в/ материалды тұтас өңдеу.

г/ жұмыстың жоспарын нақтылау.

ғ/ ҚР Конституциялық құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын қорғау.
Әрине, өзіндік жұмыстар тақырыптарының барлығының күрделілік деңгейі бірдей емес, алайда олардың кез-келгенімен жемісті еңбек етуге болады. Кейде, бірден кейбіреулерді баяндаудың күрделілігі қорқытып жіберуі де мүмкін, оған ешқандай қысылу қажет емес екендігі туралы ескертіп қою қажет, бір рет оқығанда түсініксіз болған мәселе, оны екінші рет қайталап оқыған кезде немесе мәселеге басқаша көзқараспен назар аударған кезде түсінікті болады.

ҚР Конституциялық құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыс тақырыбының түсініксіз болған ешбір мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс. Олардың барлығы өз бетінше немесе оқытушының көмегімен қажеттілікпен түсіндіріледі.

Студент, өзіндік жұмысын мұқият көңіл бөлу арқылы, уақытын дұрыс бөлу арқылы, асықпай, жоспар бойынша және жүйелі түрде жұмыс істеу арқылы оның жемісті орындалуын қамтамасыз етеді.
ҚР Конституциялық құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жоспарын құру және келісіп алу.

ҚР Конституциялық құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жоспарының болуы онда тек тақырыпқа қатысты мәселелерді ашуға, материалдарды баяндауда ізбе-ізділік пен нақтылықты қамтамасыз етуге, олқылықтар мен қайталануды болдырмауға, өзіндік жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыруға, қажетті жағдайда уақытты да тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тақырыпты таңдау және жоспарын құру аяқ астынан жүзеге асырылмауы тиіс, алдын ала оқулықтың тиісті бөлімімен танысып, тақырыптың мазмұнын түсініп алу, мемлекет және құқық теориясы курсында оның алатын орны мен ролін анықтап алу қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын жоспары ғылыми жетекшімен келісіліп анықталуы тиіс. Студент әдістемелік нұсқауда берілген үлгі жоспарға сүйене отырып оған толықтырулар енгізуі немесе өзінің жоспарын ұсынуы мүмкін.Қаралатын мәселелерді неғұрлым толық ашу үшін жоспардың әрбір бөлімін неғұрлым ұсақ тармақтарға бөлуге болады. Алайда шектен тыс көп сұрақтардың жоспарда қарастырылуы да негізсіз екендігін ескерген жөн. Дұрыс емес құрастырылған жоспардың бірінші белгісі – сұрақтардың бірінде тақырыптың атының толығымен қайталануы. Әрбір жеке сұрақ оның бір бөлігін ғана ашып көрсетуі қажет.

Қажет жағдайда жұмыстың жоспарын құрастырғаннан кейін оны оқытушымен келісіп алу қажет. Мұндай келісімсіз тақырыптың мәнін ашуға тырысу дұрыс емес, өйткені дұрыс құрастырылмаған жоспар бүкіл курстық жұмысты жоққа шығаруы да мүмкін.
Тақырып бойынша ғылыми мәліметтерді жинау, библиографияны дайындау, әдебиеттер мен нормативті материалдарды оқу.

Өзіндік жұмысты тиімді орындау үшін ғылыми мәліметтерді жинаудың орны бөлек. Әрбір тақырып бойынша университеттің кітапханасында бар негізгі қайнар көздердің тізімі ұсынылған. Қайнар көздердің шеңберін кеңейту үшін басқа да кітапханаларды пайдаланған жөн.

Монографиялық әдебиеттерден тыс пайдалы мәліметтерді әртүрлі және мерзімдік басылымдардан.

Соңғы жылдарда баспадан шығарылған әдебиеттер туралы мәліметті Ұлттық кітапхананың библиографиялық залынан алуға болады.

Әдебиеттерді таңдау және тізімін жасау үшін университет кітапханасының каталогымен танысу қажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі толық болуы тиіс және негізгі монографиялық жұмыстарды, оқу құралдарын, нормативтік материалдар мен журнал мақалаларын қамтуы тиіс. Оқытушымен кеңесіп алғаннан кейін студент қажетті әдебиеттерді терең зерттеуге кіріседі.

Жиналған материалдарды талдау және тақырыпты баяндау.

Қажетті әдебиеттерді жинаған соң жұмысты дайындау процесінің ең маңызды кезеңі туады - әдебиеттер мен басқа да қайнар көздерді оқу және конспектілеу.

Тақырыптық жоспар


Тақырыптың аталуы

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығына жалпы сипаттама.

Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның дамуы.

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негiздерi.

Тұлғаның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi.

Қазақстан Республикасының азаматтығы институты

Қазақстан Республикасының сайлау құқығы.

Қазақстан Республикасының Президентi.

Қазақстан Республикасының Парламентi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi.

Қазақстан Республикасының сот жүйесi.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзiн-өзi басқарудың конституциялық негiздерi.

Барлығы:
  1   2   3   4

Похожие:

Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті iconПӘН: мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы алматы 2011 Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті
Аталмыш пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын орындаудың әдістемелік нұсқаулары теориялық және тәжрибелік сабақтарға беріле отырып студенттердің...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті iconАлматы 2011 Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті
В методических указаниях по выполнению заданий срс по дисциплине История государства и права Республики Казахстан даются задания...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті iconАлматы 2011 Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті
В методических указаниях по выполнению заданий срс по дисциплине История государства и права зарубежных стран даются задания к теоретическим...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті iconЕҢбек және әлеуметтік қатынастар қазақ академиясы әлеуметтік ғылым және қҰҚЫҚ факультеті
«Криминалистика» пәнінің оқу бағдарламасы(Syllabus) білім берудің типтік оқу жоспары және логикалық моделі құқық тану мамандығы бойынша...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті iconҚазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы әлеуметтік ғылым және қҰҚЫҚ факультеті
«Прокурорлық қадағалау» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы білім берудің типтік оқу жоспары және логикалық моделі құқық тану мамандығы...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті iconҚазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы әлеуметтік ғылым және қҰҚЫҚ факультеті
«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінің оқу бағдарламасы(Syllabus) білім берудің типтік оқу жоспары және...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы әлеуметтік гуманитарлық факультеті
«Қазақстан тарихы» пәнінің оқу-жұмысы (Syllabus) бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті iconҚазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы құқықтану факультеті
«Мемлекет және құқық теориясы мәселелері» пәнінің оқу бағдарламасы құқықтану мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы әлеуметтік гуманитарлық факультеті
Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес 050301 «Құқықтану» мамандығына арналған Қазақстан Республикасының білім...
Қазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы заң факультеті iconҚазақ ЕҢбек және әлеуметтік қатынастар академиясы әлеуметтік-гуманитарлық ПӘндер факультеті
Оқу бағдарламасы (Syllabus) «Әлеуметтану» пәнінің Қр мжмбс «5В030100-заңтану» мамандығы типтік оқу жоспары, «әлеуметтану» пәнінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница