Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 шілде №797 Астана, Үкімет Үйі




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 шілде №797 Астана, Үкімет Үйі
страница1/6
Дата конвертации13.02.2013
Размер0.68 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы 14 шілде №797 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің, теңізде жүзу кітапшасының, дипломдарды растаудың үлгісін, оларды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісі;

2) теңізде жүзу кітапшасының үлгісі;

3) дипломды растау үлгісі;

4) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы;

5) Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидасы;

6) Дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының теңізшісі паспортының үлгісін (сипаттамасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
22 тамыздағы № 941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2002 ж., № 28, 317-құжат);

2) «Қазақстан Республикасы теңізшісінің паспортын ресімдеу, беру, оның мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қарашадағы № 1134 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 42, 572-құжат).

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «14» шілдедегі

№797 қаулысымен

бекітілген
Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісі
1. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі (бұдан әрі – ТЖК) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 9303 құжатының 3-бөлігіндегі (алтыншы басылым, 2006 жыл) талаптарға және машина оқитын жол жүру құжаттары ұсынылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес машинамен оқу үшін жарамдылығына сәйкес теңізде жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, жоғары сапалы материалдардан жасалады.

2. Қолдан жасау және басқа да сыртқы әсерлерден қорғау үшін ТЖК бланкісі толтырылғаннан кейін ламинатталады.

3. ТЖК мөлшері – 84х 118 милиметр. Ламинатталған ТЖК бланкісінің форматы – 88х 125 милиметр.

4. Қолдан жасаудан қорғау үшін бланкілер мыналардан тұрады: су белгілері, қорғаудың ультрокұлгін элементтері, арнайы бояуларды пайдалану, арнайы түрлі түсті дизайндар, бейнені тесу, голограммалар, лазерлік гравировкалау, шағын басу және термикалық ламинат жағу. Ламинат жағылған пакеттің қабаттарын дифракциялық элементтермен қорғауға рұқсат етіледі.

5. ТЖК-да жазулар мемлекеттік және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

6. ТЖК бланкісінің 1-суретке сәйкес беткі және 2-суретке сәйкес артқы жақтары болады. Бланкінің түстік реңкі – көгілдір.

7. ТЖК-нің беткі жағында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, құжат үлгісі және коды, теңізшінің жеке куәлігі иесінің мынадай жеке деректері басылған түрде орналастырылады: тегі, аты, әкесінің аты және теңізшінің туған жері, азаматтығы, жынысы, жеке сәйкестендіру нөмірі, фотобейнесі және қолы. Машина оқитын екі өлшемді штрих-кодқа қол саусақтарының іздері негізінде жасалған иесінің биометрикалық деректері орналастырылған. Бұдан басқа беткі бөлігінде ТЖК-нің берілген күні мен орны және қолданылу мерзімінің аяқталатын күні болады.

ТЖК беткі жағы екі бөліктен тұрады:

жоғарғы бөлігі – көрнекі аймағы, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және мынадай жазулар орналастырылған:

Қазақстан Республикасы

Republic of Kazakhstan

ТЕҢІЗШІНІҢ ЖЕКЕ КУӘЛІГІ

SEAFARER’S IDENTITY DOCUMENT

Түрі/Type

Мемлекет коды/Code of issuing State

№ ТЖК/SID’s №

Тегi/Surname

Аты/Given names

Әкесінің аты/Patronymic

Азаматтығы/Nationality

Жынысы/Sex

Туған күні/Date of birth

Туған жері/Place of birth

Берілген күні/Date of issue

Қолданылу мерзімі/Date of expiry

Қолы/Signature

төменгі бөлігі:

қол саусақтарының іздері негізінде жасалған құжат иесінің биометрикалық орналасқан және цифр түрінде берілген екі өлшемді штрих-код;

құжат иесінің тегі, аты, әкесінің аты, туған күні құжат нөмірінен тұратын 2-жолды қамтыған машина оқитын аймақ.

8. ТЖК-нің артқы бетінде иесінің ерекше физикалық белгілері, ТЖК-ні берген орган туралы мәліметтер, ТЖК-ні берген органның пошталық мекенжайы, телефон (дар) нөмірі, электрондық пошта мекенжайы және Интернет-ресурсы орналастырылады.

Артқы бетінде мынадай жазулар орналастырылған:

Ерекше белгілер/Special physical characteristics

Беруге рұқсат ету/Authorized by

Құжатты берген мекеменің мекенжайы/Authority address

Үйлестіру орталығы/Focal point

Халықаралық еңбек ұйымының Теңізшілердің жеке куәліктері туралы 2003 жылғы (қайта қаралған) конвенциясының мақсаттары үшін осы құжат теңізшінің жеке куәлігі болып табылады.

Осы құжат дербес мазмұнды және паспорт болып табылмайды.

This document is a seafarer’s identity document for purpose of the Seafarer’s Identity Documents Convention (Revised), 2003, of the International Labour Organization. This document is a stand – alone document and not a passport.

9. ТЖК-да орналастырылатын ақпараттың негізгі сипаттамалары:

1) берген орган: берген мемлекеттің ИСО (ISO) коды, теңізшінің жеке куәлігін берген ұйымның толық мекенжайы, сондай-ақ куәлікті беруге рұқсат ететін адамның аты мен лауазымы;

2) берілген күні мен орны: күні;

3) жынысы;

4) туған күні мен орны: күні;

5) азаматтығы туралы ақпарат;

6) ерекше физикалық белгілері: тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін кез келген ерекше белгілері;

7) құжаттың қолданылу мерзімінің аяқталатын күні;

8) құжат үлгісі;

9) ТЖК-нің бірегей нөмірі: Қазақстан Республикасының коды - «KAZ», одан кейін ең көбі он белгіден тұратын әріп-цифрлық есепке алу нөмірі келеді;

10) жеке сәйкестендіру нөмірі: ең көбі он төрт әріп-цифрлық белгілерден тұратын теңізшінің факультативтік жеке нөмірі.

11) ТЖК иесінің қолы фотосуретке арналған аймақ астына қойылады.

10. ТЖК бланкісіне бланкіні және оған жазылған жазуларды қолдан жасаудан қорғауға арналған қосымша элементтер енгізілуі мүмкін.
1-сурет. Алдыңғы беті

2-сурет. Артқы беті


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы «14» шілдедегі

797 қаулысымен

бекітілген
Теңізде жүзу кітапшасының үлгісі
1. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің өлшемі 88 х 125 милиметр және мұқабадан, мұқабаға желімделген өңірбеттерден және қағаз парақтардан тұрады.

Теңізде жүзу кітапшасы 32 беттен тұрады. 1-парақ титульдік болып табылады. Онда теңізде жүзу кітапшасы иесінің жеке деректері орналастырылады. 2-беттен бастап 32-беттер – ауысатын ақпараттарды жазуға арналған. Ішкі 1-беттен бастап 32-бетті қоса алғандағы беттер көгілдірден ашық-қоңыр реңтерге иристік ауысуды қолданумен офсеттік тәсілмен басылған.

Алдыңғы және артқы өңірбеттердің ашық-көк аялы және офсеттік және металлографтық басылу тәсілмен басылған.

Теңізде жүзу кітапшасының бланкісі беттерінің нөмірлері 2-беттен бастап 32-бетті қоса алғанда бүктеу сызығында парақ бетінің жоғарғы бұрышында орналасқан. 1-бет нөмірленбейді.

Теңізде жүзу кітапшасының бланкісі түбіршек ұзына бойына УК-сәулемен үзік-үзік жалтырайтын жіппен тігілген.

2. Теңізде жүзу кітапшасының бланкісі арнайы қағазды пайдаланумен дайындалады.

1-беттен бастап 32-бетке дейін 3 түрлі қорғаныш талшығынан тұратын, саңылаудан көрінетін екі реңтік су белгісінің бейнесі бар.

Өңірбеттер үшін су белгісі жоқ және қорғаныш талшығының екі түрі бар қағаз қолданылады.

3. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің сериясы мен нөмірі жоғары баспа тәсілімен 1, 4, 5, 8, 9, 12, 13, 16, 17, 20, 21, 24, 25, 28, 29 және 32-беттерде қызыл бояумен шығарылады.

4. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің мұқабасы Қазақстан Республикасы Туының түсіндей – тез тозбайтын көгілдір түсті материалдан дайындалады.

5. Теңізде жүзу кітапшасының бланкісі мұқабасының жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар орналасқан:

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

REPUBLIC OF KAZAKHSTAN».

Ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы (бұдан әрі – Елтаңба) орналастырады.

Елтаңба бейнесінің астыңғы жағында құжаттың атауы көрсетіледі:

«ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ

SEAMAN’S BOOK».

Елтаңба бейнесі және жазулар күміс түсті фольгамен баспа-таңбамен орындалады.

6. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің алдыңғы және артқы өңірбеттерінде теңізде жүзу кітапшасының иесі үшін ақпарат орналастырылған:

алдыңғы өңірбетте – мемлекеттік және орыс тілдерінде мәтін:

«Теңізде жүзу кітапшасының иесі үшін АҚПАРАТ

1. Теңізде жүзу кітапшасы теңіз кемесі экипажының мүшесі ретінде теңізші жұмысы туралы мәліметтерден тұратын құжат болып табылады.

Мореходная книжка является документом, содержащим сведения о работе моряка в качестве члена экипажа морского судна.

2. Теңізде жүзу кітапшасы теңізшінің жеке куәлігі болып табылмайды.

Мореходная книжка не является удостоверением личности моряка.

3. Теңізде жүзу кітапшасы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыс беруші беретін еңбек кітапшасын ауыстырмайды.

Мореходная книжка не заменяет трудовую книжку, выдаваемую работодателем в соответствии со статьей 35 Трудового кодекса Республики Казахстан.

4. Теңізде жүзу кітапшасын теңіз портының әкімшілігі береді.

Мореходная книжка выдается администрацией морского порта.

5. «Кемедегі қызметтік жағдайы» бөліміне енгізілетін мәліметтерді (кемеде жұмыс істеуді бастаған күні мен портты қоспағанда) жұмыс беруші кеме иесі немесе теңіз порты әкімшілігінің уәкілетті лауазымды адамы куәландырады.

Сведения, вносимые в раздел «Служебное положение на судне» (за исключением даты и порта начала работы на судне), заверяются судовладельцем-работодателем или уполномоченным должностным лицом администрации морского порта.

Теңізде жүзу кітапшасы иесінің кемеде жұмыс істеуді бастаған күні мен порт туралы мәліметтерді және «Жұмысты аяқтау» бөліміне енгізілетін мәліметтерді кеме капитаны немесе ол тағайындаған лауазымды адам куәландырады.

Сведения о дате и порте (регионе) начала работы владельца мореходной книжки на судне и сведения, вносимые в раздел «Завершение работы», заверяются капитаном судна или назначенным им должностным лицом.

6. Теңізде жүзу кітапшасының қолданылу мерзімі шектелмеген.

Срок действия мореходной книжки не ограничен.

7. Теңізде жүзу кітапшасы теңізшінің жазбаша келісімімен кеме капитанында сақталатын жағдайларды қоспағанда, үнемі теңізшімен бірге болады.

Мореходная книжка всегда находится у моряка за исключением случаев, когда с письменного согласия моряка она хранится у капитана судна.».

Артқы өңірбетте – ағылшын тіліндегі мәтін:

«INFORMATION for Seaman’s Book holder

1. The Seaman’s Book is a document containing information of seaman activity as a crew member at sea-going vessel.

2. The Seaman’s Book is not the seafarer’s identity document.

3. The Seaman’s Book cannot be considered as a substitute for the work record book issued by an employer in accordance with Article 66 of the Labour Code of the Republic оf Kazakhstan.

4. The Seaman’s Book is issued by a shipowner-employer, sea port administration, water transport educational institutions.

5. Records written down in “Position on the vessel” section (except date and port of signing on) are certified by a shipowner-employer or by an authorized official of sea port administration or state basin authority on inland water transport.

Records on date and port (region) of signing on and records written down in “Signing off” section are certified by the shipmaster or the officer authorized by the shipmaster.

6. Validity of the Seaman’s Book is not limited.

7. The Seaman’s Book shall remain in the seaman’s possession at all times, except when it is held by the shipmaster with the seaman’s written consent.».

7. 1-беттің жоғарғы бөлігінің ортасында Елтаңбаның контурлық бейнесі орналасқан.

Елтаңбаның сол жағынан мынадай жазу орналасады

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ»

Елтаңбаның оң жағынан мынадай жазу орналасады

«REPUBLIC OF KAZAKHSTAN»

Елтаңбаның астыңғы жағынан мынадай жазу орналасады:

«ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ

SEAMAN’S BOOK

Теңізде жүзу кітапшасы теңіз кемесі экипажының мүшесі ретінде теңізші жұмысы туралы мәліметтерден тұратын құжат болып табылады. Теңізде жүзу кітапшасы 32 беттен тұрады.

Настоящая мореходная книжка является документом, содержащим сведения о работе моряка в качестве члена экипажа морского судна. Мореходная книжка содержит 32 страницы.

The Seaman’s Book is a document containing information of seaman activity as a crew member at sea-going vessel. It contains 32 Pages.

Берген мемлекеттік коды / Code of issuing State

Құжат № / Document No

Тегі/Фамилия / Surname

Аты/Имя, отчество / Given names

Азаматтығы/ Гражданство / Nationality

Туған күні/ Дата рождения / Date of birth

Туған жері/ Место рождения / Place of birth

Жынысы/ Пол / Sex

Берілген күні/ Дата выдачи / Date of issue

М.О.

иесінің қолы/ подпись владельца / holder’s signature

Уәкілетті адамның лауазымы, тегі, қолы/ Должность, фамилия, подпись уполномоченного лица / official’s position, name, signature

қолы /подпись / signature».

«Берген мемлекеттің коды / Code of issuing State» деген бағанда Қазақстан Республикасының коды «КAZ» енгізілген.

«Құжат № / Document No» деген бағанда жоғарғы басылу тәсілімен қызыл түспен «МК» сериясы және теңізде жүзу кітапшасының жеті мәнді нөмірі басылған.

1-беттің төменгі сол жақ бөлігінде теңізде жүзу кітапшасы иесінің 30х40 миллиметр өлшемдегі фотосуретін орналастыру үшін орын бар.

Жеке деректерін қолдан жасаудан және сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғау мақсатында 1-бетте салқындай домалату тәсілімен ламинат жағылған пленка жапсырылады. Ламинат жағылған пленканы дифракциялық элементтермен қорғауға рұқсат етіледі.

8. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің 2-бетінен бастап 32-бетінде мынадай жазулар орналастырылған:

«КЕМЕДЕГІ ҚЫЗМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ

СЛУЖЕБНОЕ ПОЛОЖЕНИЕ НА СУДНЕ

POSITION ON THE VESSEL»

«(лауазымы /должность / seaman’s position)

(кеменің атауы, ұлты, ИМО нөмірі / название, национальность, ИМО номер судна / name, flag, IMO number of vessel)

(кеме иесі / судовладелец / shipowner)

(кеме түрі / тип судна / type of vessel)

(тіркеу порты / порт регистрации/ port of registry)

(жалпы сыйымдылығы / валовая вместимость / gross tonnage)

(түрі, маркасы, қозғалтқыш қуаты кВт / тип, марка, мощность двигателя, кВт / type, model, propulsion power, kW)

М.О. /М.П. / (seal)

(лауазымы, тегі, қолы / должность, фамилия, подпись / position, name, signature)

(Жұмыстың басы (жылы, айы, күні) /начало работы (год, месяц, день) / the position was taken (year, month, day)

порт / port

М.О. (кеменің мөрі) / М.П. (судовая печать / vessel’s seal)

(тегі, қолы / фамилия, подпись / name, signature)

ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ / ЗАВЕРШЕНИЕ РАБОТЫ / SIGNING OFF

Жұмысты аяқтау (жылы, айы, күні) / завершение работы (год, месяц, день) / the position was left (year, month, day)

порт / port

М.О. (кеменің мөрі) М.П. (судовая печать / vessel’s seal)

(тегі, қолы / фамилия, подпись / name, signature)».

9. Теңізде жүзу кітапшасының бланкісінде енгізілетін жазулардың сақталуын арттыруға арналған және бланкіні және оған жүргізілген жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін қосымша арнайы әзірленген элементтер қолданылады.

1-сурет. Сыртқы мұқаба

--------------------------------------------------------- -------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасы

Republic оf Kazakhstan
Қазақстанның Елтаңбасы
ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ

SEAMAN’S BOOK

---------------------------------------------------------

---------------------------------------------------------

2-сурет

Теңізде жүзу кітапшасы Теңізде жүзу кітапшасы

бланкісінің сыртқы өңірбеті бланкісінің бірінші беті

------------------------------------------------------------ -------------------------------------------------------------
ИНФОРМАЦИЯ

для владельца мореходной книжки

ҚАЗАҚСТАН Қазақстан REPUBLIC OF РЕСПУБЛИКАСЫ Елтаңбасы KAZAKHSTAN

Теңізде жүзу кітапшасының иесіне

АҚПАРАТ

-------------------------------------------------------

1. Теңізде жүзу кітапшасы теңіз кемесі ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ

экипажының мүшесі ретінде теңізші жұмысы туралы SEAMAN’S BOOK

мәліметтерден тұратын құжат болып табылады.

Мореходная книжка является документом,

содержащим сведения о работе моряка в качестве члена

экипажа морского судна. Осы Теңізде жүзу кітапшасы теңіз кемесі экипажының мүшесі

ретінде теңізші жұмысы туралы мәліметтерден тұратын құжат

2. Теңізде жүзу кітапшасы теңізшінің жеке куәлігі болып табылады.

болып табылмайды. Теңізде жүзу кітапшасы 32 беттен тұрады.

Мореходная книжка не является удостоверением

личности моряка. Настоящая мореходная книжка является документом,

содержащим сведения о работе моряка в качестве члена экипажа

3. Теңізде жүзу кітапшасы Қазақстан Республикасы морского судна.

Еңбек кодексінің 66-бабына сәйкес жұмыс беруші Мореходная книжка содержит 32 страницы.

беретін еңбек кітапшасын ауыстырмайды.

Мореходная книжка не заменяет трудовую книжку, The Seaman’s Book is a document containing information of seaman

выдаваемую работодателем в соответствии со статьей activity as a crew member at sea-going vessel.

66 Трудового кодекса Республики Казахстан. It contains 32 pages.

Берген мемлекет Құжат №/

4. Теңізде жүзу кітапшасын кеме иесі – жұмыс коды/Code of Document №

беруші, теңіз портының әкімшілігі, су көлігі оқу issuing State

орындары береді.

Мореходная книжка выдается судовладельцем- МК 0000000

работодателем, администрацией морского порта,

учебными заведениями морского транспорта. Тегі/Фамилия/Surname

5. «Кемедегі қызметтік жағдайы» бөліміне ФОТО Аты/Имя, отчество/

енгізілетін мәліметтер (кемеде жұмыс істеуді бастаған Given names

күні мен портты қоспағанда) жұмыс беруші кеме иесі

немесе теңіз порты әкімшілігінің уәкілетті лауазымды

адамы куәландырады.

Сведения, вносимые в раздел «Служебное Азаматтығы/Гражданство положение на судне» (за исключением даты и порта Nationality

начала работы на судне) заверяются судовладельцем-

работодателем или уполномоченным должностным

лицом администрации морского порта.

Туған күні/Дата

рождения/

Теңізде жүзу кітапшасы иесінің кемеде жұмыс Date of birth

істеуді бастаған күні мен порт туралы мәліметтерді және

«Жұмысты аяқтау» бөліміне енгізілетін мәліметтерді

кеме капитаны немесе ол тағайындаған лауазымды адам М.О.

куәландырады. Туған жері/Место

Сведения о дате и порте начала работы владельца рождения/

мореходной книжки на судне и сведения, вносимые в Place of birth

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 шілде №797 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 11 шілде №784 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 шілде №797 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 5 шілде №910 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 шілде №797 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 27 шілде №867 Астана, Үкімет Үйі
«Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 шілде №797 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 26 шілде №859 Астана, Үкімет үйі
Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 шілде №797 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 2 шілде №768 Астана, Үкімет үйі
Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 шілде №797 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 1 шілде №751 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 шілде №797 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 1 шілде №752 Астана, Үкімет үйі
«Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 шілде №797 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1666 № данасы Астана,Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 шілде №797 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 2 шілде №760 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 14 шілде №797 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 5 сәуір №361 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы №160 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница