Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы




НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы
страница1/6
Дата конвертации17.11.2012
Размер1.21 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
«ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ

Бекітемін

ОӘК төрағасы

________Қ.Б. Жұманазаров

2010ж. «03»қыркүйек


«МАКРОЭКОНОМИКА»
ПӘНІ БОЙЫНША
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


Астана-2010


«Макроэкономика» пәнінің оқу - әдістемелік кешені Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бойынша типтік оқу бағдарламалары негізінде жасалды, Алматы, 2005.
Оқу - әдістемелік кешенін әзірлеген «жалпы білім беру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы: Женисхан Д.

«ЖББ ж ӘГП»

Кафедрасы отырысында

«ҚАРАЛДЫ»
№ ___ хаттама «_______» 2009ж
Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент _______________ Аюпова Г.К.
ҚИТА оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында

«МАҚҰЛДАНДЫ»

№ ___ хаттама «_______» 2009ж
Төраға _________________________ Турдалы Н.О.

Мазмұны


Кіріспе. 5 бет.

1-тақырып. Макроэкономика: пәні және әдісі. 6 бет.

2-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдікті анықтаудың Классикалық және Кейнсиандық теориялары. 9 бет.

3-тақырып. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі. 12 бет.

4-тақырып. Ақша нарығы. 14 бет.

5-тақырып. LS-LM үлгісі және жиынтық сұраныс. 19 бет.

6-тақырып. Жиынтық ұсыныс AD-AS үлгісі. 22 бет.

7-тақырып. Ашық экономика 26 бет.

8-тақырып. Айырбас бағымының тәртіптері және жиынтық сұраныс. 29 бет.

9-тақырып. Инфляция және жұмыссыздық. 31 бет.

10-тақырып. Бюджет тапшылығы және инфляция. 35 бет.

11-тақырып. Ұзақ мерзімді экономикалық өсу. 38 бет.

12-тақырып. Экономикалық цикл теориясы. 40 бет Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 42 бет.

Кіріспе
«Макроэкономика» курсы экономикалық шаруашылықты тұтас бірыңғай түрде зертейтін негізгі пәндердің бірі. Макроэкономиканы оқытудың маңыздылығы макроэкономикалық рыноктардың өзара байланысы мен тәуелділігін орнатуға және ұлттық экономиканы толықтай зерттеуге бағытталған талдау әдістерін игеру болып табылады. Макроэкономикада ұлттық табысты, жұмыссыздық деңгейін, инфляция қарқынын, мемлекеттік бюджет жағдайы мен елдің төлемдік балансын анықтайтын факторлар зерттеледі. Макроэкономикалық білім қойылған мақсаттарды жүзеге асыру деңгейін анықтауға, белгілі экономикалық саясат құруға және әр түрлі елдердің экономикалық потенциалын салыстыруға жағдайлар жасайды.

Курстың негізгі мақсаты – қазіргі экономиканың әрекет ету механизмін ұлттық деңгейде зерттеу және экономикалық саясаттың тиімділігін талдау.

Оның мақсаттар жүйесі төмендегідей элементтерді құрайды:

1.Ұлттық өндірістің жоғары деңгейде дамуы

2.Табиғи жұмыссыздық жағдайында толық жұмыспен қамту және ресурстарды тиімді пайдалану

3.Тұрақты баға деңгейін сақтау

4.Төлемдік баланстың нөлдік сальдосына қол жеткізу.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда мемлекет қажетті құралдарды қолданады. Макроэкономикалық саясаттың негізгі құралдары: бюджеттік-салық саясаты, ақша-несие саясаты, табыс саясаты, сыртқы экономикалық саясат, сауда саясаты.

Негізгі макроэкономикалық проблемалар :

-экономикалық циклдарды талдау

-инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы

-тұрақты экономикалық өрлеуге қол жеткізу

-экономиканың нақты және ақша секторларының байланысы

-елдің төлем балансын талдау

-ішкі ұлттық рынок пен сыртқы шетелдік сектордың өзара байланысы

-мемлекеттің тиімді макроэкономикалық саясатына қол
1-ші тақырып. Макроэкономика: пәні және әдісі.

Семинар сабағы

Сабақтың мақсаты:

  • макроэкономика теориясының негізгі сұрақтарын оқу.

Талдау сұрақтары:

  1. Макроэкономика ғылымының қалыптасуы.

  2. Макроэкономика: жалпы түсінігі, негізгі әдістері мен мәселелері.

  3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, оларды есептеу әдістері.

  4. Макроэкономикалық үлгілер. Шеңбер ағын үлгісі.

Тест сұрақтары

1. Экономикадағы атаулы ЖҰӨ – 40 млрд. теңге, ал нақты ЖҰӨ – 32 млрд. теңге. ЖҰӨ дефляторы қандай шамаға тең болады:

А) 1,25.

В) 0,8.

С) 8.

Д) 1.

Е) 25.

2. Табыстар бойынша ұлттық табыс- бұл :

  1. рента, еңбекақы, капиталға түсетін пайыз, меншіктен түсетін түсім, корпорацияның пайдасы және дивиденттер.

  2. C + I + G – трансферттік төлемдер – жанама салықтар.

  3. Инвестициялар – қаражат қор жинақтау.

  4. Ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар мен қызметтердің құны.

  5. ЖҰӨ – амортизация.

3. Жалпы жеке инвестициялар төмендегідей есептеулер кезінде ескеріледі:

  1. ЖҰӨ-ді шығындар ағыны әдісімен .

  2. ЖҰӨ-ді табыстар ағыны әдісімен.

  3. ТҰӨ-ді шығындар ағыны әдісімен

  4. Жеке табысты.

  5. Ұлттық табысты.

4. Капиталды пайдаланғаны үшін аударым – бұл:

  1. Амортизация.

  2. Таза инвестициялар.

  3. Таза шетелдік инвестициялар.

  4. Капиталдың қалдық құны.

  5. Капиталдың нарықтық құны.

5. Төменде көрсетілгендердің қайсысы ЖҰӨ-нің құрамына кіреді:

  1. Кітап дүкеніндегі жаңа оқулықтың құны.

  2. Үй шаруашылығындағы әйелдің қызметтері.

  3. Көршінің пайдаланылған автомобилін сатып алу.

  4. Брокерден жаңа акциялар сатып алу.

  5. Жеке меншік жерде жеке тұтыну үшін картоп егіп өсіру.

6. «Ағын» көрсеткіштерін анықтаңдар:

  1. Бюджет тапшылығы.

  2. Тұтынушы мүлкі.

  3. Индивидтің жинақ қоры.

  4. Жұмыссыздар саны.

  5. Мемлекеттік қарыз.

7. Тұтынушы ай сайын 1 кг сиыр еті мен 1 кг балық сатып алады деп ұйғарайық. Базистік жылы сиыр етінің де, балықтың да 1 кг-ның бағасы 1000 теңге болды дейік. 2002 жылы сиыр етінің бағасы көтеріліп, 200 теңге болды, ал балықтың бағасы өзгермей, бұрынғы қалпында қалды. Осыған орай 2002 жылы ТБИ төмендегідей болады:

    1. 3/2.

    2. 1/2.

    3. 2.

    4. 1.

    5. 2/3.

8. ЖҰӨ дефляторы дегеніміз:

  1. Номинал (көрсетулі) ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасы.

  2. Нақты ЖҰӨ-нің ЖҰӨ-ге қатынасы.

  3. Нақты ЖҰӨ-нің баға индексіне қатынасы.

  4. Нақты ЖҰӨ-нің ТБИ-ге қатынасы.

  5. Ағымдағы жылы шығарылған заттай өнімнің базистік жылға қатынасы.

9. Тұтыну шығындары 250 теңге деп жорамалдайық. Тұтыну өсімшесінің жылдық қарқыны 2 %. Мемлекет шығыстарының шамасы тұрақты – 40 теңгеге тең. Инвестициялық шығындар функциясы: I = 20 + 100 % / r, бұндағы r = 20 %. Осы деректерді пайдаланып, ЖҰӨ-ді есептеңіз:

  1. 320.

  2. 315.

  3. 318.

  4. 250.

  5. 255.


10. Тұтыну бағаларының индексі:

  1. Төменде айтылғандардың бәрі дұрыс.

  2. Ласпейрес индексі.

  3. Бағаның жалпы деңгейінің көрсеткіші.

  4. Тұтыну себетінің құн көрсеткіші.

  5. Инфляция қарқынын есептеу индексі.

Есептер

  1. Экономикада келесі мәліметтер берілген (млрд. долл.):

Трансферттік төлемдер

4,0

Жалпы ішкі инвестициялар

16,2

Бизнеске салынатын жанама салық

7,0

Жеке табыс салығы

2,6

Таза экспорт

1,1

Корпорацияның бөлінбеген пайдасы

2,8

Амортизация

7,9

Жеке тұтыну шығындары

77,2

Корпорацияның пайдасына салынатын салық

1,4

Әлеуметтік сақтандыру салымдары

0,2

Қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу

8,5

А) ЖҰӨ көрсеткіштерін және жеке қолда бар табыстың көрсеткіштерін есептеңдер.

Б) Жеке жинақтардың көлемі қанша?

В) Экономикадағы капитал қорының көлемі қаншаға өсті? (есеп ЖІӨ=ЖҰӨ жағдайында шығарылады).

  1. Экономика жағдайы келесі көрсеткіштермен берілген:

Тұтыну шығындары (С) = 2300

Инвестициялар (I) = 700

Мемлекеттік шығындар (О) = 800

Мемлекеттік трансферттер (TR) = 100

Мемлекеттік қарыз бойынша %-ті төлеу (N) = 100

Салықтар (T) = 800

ЖІӨ = ЖҰТ

Есептеңдер:

А) жеке жинақтар;

Б) мемлекеттік жинақтар;

В) мемлекеттік облигациялардың бағасын (құнын) және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін шығарылған қосымша ақша көлемін. Мына жағдай анық: тапшылық 80%-ке облигация шығарумен қаржыландырылады.

  1. 3 игілік өндіріледі және тұтынылады дейік. Кестеде саны және бағасы (1 бірлікке) 2 кезеңге берілген Ласпейрес, Пааше, Фишер индекстерін (1992 ж. базистік кезең) есептеңдер:

Жылдар

1992

1992

2002

2002

бағасы

саны

бағасы

саны

кітаптар

20

20

30

7

джинсілер

52

10

75

5

теледидарлар

1200

5

800

3


Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

- еx-post және ex-ante макроэкономикалық талдау;

- үкіметтің негізгі қызметтері.

Бақылау түрі:

  • кіріспе бақылау.

Әдебиеттір тізімі:

1.Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика : Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003. 6-39 беттер

2.Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика/ под ред Сидоровича А.В..-М., 2004

3. Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997. с. 13

4. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. 4. 4. .Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 9
2-ші тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдікті анықтаудың

Классикалық және Кейнсиандық теориялары.

Семинар сабағы

Сабақтың мақсаты:

  • макроэкономикалық тепе-теңдікті талдау

Талдау сұрақтары:

1. Классикалық мектептің негізгі көзқарастары;

2. Классикалық үлгідегі жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік;

3. Джон Кейнстің Кейнсиандық үлгісі;

4. Кейнстік үлгідегі жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік ерекшеліктері;

5. Классикалық және Кейнсиандық үлгілердің ерекшеліктері, олардың ізбасарлары.

Тест сұрақтары

  1. Қандай экономистердің еңбектері классикалық мектепке жатады?

А) К. Маркс, А. Маршалл, П. Самуэльсонның

В) А. Смит, Дж. С. Милл, Дж. М. Кейнстің

С) Ж. Б. Сэй, Д Рикардо , Пигудің.

Д) В.Ленин, К Маркс, Ф.Энгельстің

  1. Қандай жағдай классикалық мектептің бастапқы қағидасына жатады

А) Тиімді сұраныс ұсынысты тудырады.

В) Игіліктер ұсынысы сұранысты тудырады.

С) Экономикалық жүйенің жалпы тепе – теңдігі ақша нарығындағы тепе – теңдікке байланысты қалыптасады.

Д) Мемлекет экономикаға араласуы тиіс.

  1. Класиктердің тұжырымы бойынша еңбек нарығындағы тепе – теңдік – бұл:

А) Нақты жалақы қалыптасатын жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі.

В) Атаулы жалақы қалыптасатын жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі.

С) Барлық факторларды толықтай пайдалануға мүмкіндік беретін толық жұмысбастылық

Д) Өндіріс көлемін максималдайтын жұмысбастылық деңгейі.

  1. Тепе – теңдік пайыз мөлшерлемесі дегеніміз :

А) Ақша массасының ұсынысы мен сұранысы қиылысатын нүкте.

В) Қор жинағын ынталандыратын пайыз мөлшерлемесі.

С) Инвестицияны ынталандыратын пайыз мөлшерлемесі.

Д) Инвестицияға сұраныс қисығы мен қор жинағына сұраныс қисықтарының қиылысу нүктесі.

  1. Классиктердің көзқарастары бойынша:

А) Қор жинағы пайыз мөлшерлемесінің өсу функциясы болып табылады.

В) Қор жинағы пайыз мөлшерлемесінің кему функциясы болып табылады.

С) Инвестиция қолда бар табысқа тәуелді.

Д) Тұтыну қолда бар табысқа тәуелді емес.

  1. Сэй ұсынған заңның кемшілігі

А) Сэй заңы бартерлік айырбасқа арналған

В) Ол заң экономикалық субьектілердің қор жинағын жоққа шығарады.

С) Қоғамда ақшаның болуы сату мен сатып алу арасында үзілісті тудырады.

Д) Барлық жауаптар дұрыс

  1. Дихотомия дегеніміз :

А) Ақша нарығында тепе – теңдіктің болмауы.

В) Ақша нарығының оқтаулығы.

С) Екі нарықтың болуы : біріншісі – нақты нарық, екіншісі – ақша нарығы.

Д) Ақша нарығында салыстырмалы бағаның қалыптасуы.

  1. Классиктер теориясы бойынша макроэкономикалық тепе – теңдік бұзылғанда қандай шаралар жүргізіледі:

А) Алтын қорды пайдалану арқылы экономикалық дамуды қосымша ынталандыру

В) Автоматты тұрақтандырғыштар болғандықтан мемлекеттің араласуы қажет емес.

С) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейін төмендету.

Д) Мемлекеттік құнды қағаздар шығыру.

  1. Ақша жиынының көлеміне не әсер етеді.

А) Ақша массасының айналым жылдамдығы .

С) Экономикадағы баға деңгейі.

Д) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі.

Е) Ұлттық өндіріс көлемі.

  1. Экономикадағы баға деңгейі неге байланысты:

А) Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігіне.

В) Еңбек нарығындағы жағдай мен нақты жалақы деңгейіне.

С) Айналымдағы ақша жиынының (массасының) көлеміне.

Д) Пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне.

Тапсырма: дұрыс/дұрыс емес

Классикалық мектеп өкілдері сұраныс экономикалық жүйедегі өндірісті анықтайды деп тұжырымдады.

Сэй заңына сәйкес әрбір өндіруші, өз тауары үшін ақша алып, басқа тауарды алуға дереу жұмсауы қажет.

Классиктердің тұжырымы бойынша, тепе-теңдік 3 негізгі нарық негізінде қалыптасады: тауар нарығы, жұмыс күші және ақша нарығы.

Классиктердің көзқарастары бойынша тепе-теңдік жағдайында өндіріс процесіне барлық факторлардың қатысуы мүмкін емес.

Экономикалық жүйенің жалпы тепе-теңдігі жағдайында жеке нарықтарда теңсіздік болады.

Классикалық тұжырым бойынша игіліктер және қызметтер нарығы жүйенің жалпы тепе-теңдігін орналастыруда шешуші рол атқарады.

Ақша нарығындағы тепе-теңдік классикалық үлгіде S және I тепе-теңдігі арқылы және тепе-тең проценттік мөлшерлеме арқылы құралады.

Кембридж мекетебінің теңдеуі M*V=P*y

Еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбек ақы икемділігі арқылы құралады.

Ақша жиыны неғұрлым көп болса, соғұрлым баға жоғары болады.

Есептер

  1. Келесі мәліметтер берілген:

S=0,25y-10

I=30

Анықтау керек;

А) ұлттық табыстың тепе-теңдік мағынасын;

Б) тепе-тең ҰТ және жинақ ақша көлемін, егер болашақта табыстың төмендеуі күтілетін болса, ағымды табыстың әрбір деңгеінде үй шаруашылықтары жинақ ақша қорын 10 бірлікке көбейтеді.

В) тепе-тең ҰТ және жинақ ақша көлемін, егер кәсіпкерлер болашақта сұраныстың төмендеуін күтетін болса инвестицияларды 20 бірлікке қысқартады.
Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

  • ашық классикалық үлгі және экономиканы реттеудегі мемлекеттің ролі

Бақылау түрі: бақылау жұмысы

Әдебиеттір тізімі:

1. Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997. с. 57
3-ші тақырып. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. АD-AS үлгісі.

Семинар сабағы

Сабақтың мақсаты:

- жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс үлгісін, факторлары мен өзгерістерін талдау.

Талдау сұрақтары:

  1. Жиынтық сұраныс, әсер ететін факторлары және өзгерістері.

  2. Жиынтық ұсыныс, әсер ететін факторлары және өзгерістері. Сэй заңы, Храповик әсері.

  3. АD-AS үлгісінің тепе-теңдігі. Сұраныс және ұсыныс сілкіністері, олардың пайда болу себептері.

Тест сұрақтары

1. Y = C + I + G + X теңдеуіндегі С факторының мағынасы:

Тұтыну шығындары.

Инвестиция шығындары.

Мемлекеттік шығыстар.

Таза экспорт.

Амортизация.

2. С = а + b(Y – T) тұтыну функциясындағы b коэфиценті нені көрсетеді:

  1. Тұтынуға шекті бейімділікті.

  2. Салық мөлшерлемесін.

  3. Еңбекақы мөлшерлемесін.

  4. Аренда ақысын.

  5. Автономиялық тұтынуды.

3. Y = C + I + G + X теңдеуіндегі G факторының мағынасы:

Мемлекеттік шығыстар.

Тұтыну шығындары.

Инвестициялық шығындар.

Таза экспорт.

Инвестиция.

4. Жеке қаражат қор жинақтауға төмендегілердің қайсысы жатады:

  1. Қолма-қол табыс пен тұтыну шығындарының айырмасы.

  2. Салықтар – мемлекеттік шығыстар.

  3. Салықтар – тұтыну шығындары.

  4. ЖҰӨ-нен тұтыну және мемлекеттік шығындарды алып тастағандағы айырма.

  5. ЖҰӨ-нен тұтыну шығындарын алып тастағандағы айырма.

5. Тұтыну функциясы берілген C = 120 + 0,2(Y – T). Қаражат қор жинақтау функциясын анықтаңыз:

  1. S = – 120 + 0,8(Y – T).

  2. S = 120 + 0,8(Y – T).

  3. S = – 120 + 0,2(Y – T).

  4. S = 120 + 0,2(Y – T).

  5. S = – 120 – 0,8(Y – T).


6. Тұтыну функциясы берілген C = 25 + 0,7(Y – T). Осы функцияның коэфиценттеріне экономикалық түсініктеме беріңдер:

  1. Автономдық тұтыну = 25, қолма-қол табыстың 1 теңгесінен 0,7-і тұтынуға, ал 0,3-і қаражат қор жинақтауға бағытталады.

  2. Қолма-қол табыс өскенде қаражат қор жинақтау 0,3-ке өседі, ал тұтыну 0,7-ге азаяды.

  3. Қаражат қор жинақтау = 25, ал тұтыну – табыс 0,3-ке өскенде қысқарады.

  4. Қаражат қор жинақтау = 0,7, ал тұтыну = 25.

  5. С = 25,7 және қолма-қол табыс өскен жағдайда өседі.

7. Тауарлар мен қызметтер нарығындағы тепе-теңдік үлгісі төмендегіні жорамалдайды:

Тепе-теңдік нақты пайыз мөлшерлемесімен анықталады.

Тепе-теңдікті мемлекеттік шығыстар мен салықтардың өзгремелі шамалары анықтайды.

Тепе-теңдік номиналды пайыз мөлшерлемесімен анықталады.

Тепе-теңдік тауарлар мен қызметтер нарығындағы өндірістің берілген технологиясымен анықталады.

Тепе-теңдік қолма-қол табысқа тәуелді.

8. Инвестициялар 220-ға тең, бюджет артықшылығы 10-ға тең, экспорт = 175, импорт = 185. жеке қаражат қор жинақтауды анықтаңыз:

  1. 200.

  2. 210.

  3. 180.

  4. 150.

  5. 20.

9. Кейнстің тұтыну теориясының негізгі алғышарттары:

  1. Пайыз мөлщерлемесінің әсері өте аз, тұтыну ағымдағы табысқа тәуелді және табыс өскенде ол орта есеппен алғанда азаяды.

  2. АРС және МРС шамалары бірден көп болады.

  3. АРС табыс өскен сайын өседі, содан кейін тұрақтана бастайды.

  4. Пайыз мөлшерлемесінің әсері келешектегі тұтынуды дисконттауда көрінеді.

  5. Пайыз мөлшерлемесінің әсері біршама, тұтыну тек ағымдағы табысқа ғана тәуелді емес және табыс өскен сайын орта есеппен ол да өседі.

10. С = а + b(Y – T) тұтыну функциясындағы b коэфиценті нені көрсетеді:

А)Тұтынуға шекті бейімділікті.

В) Салық мөлшерлемесін.

С)Еңбекақы мөлшерлемесін.

Д)Аренда ақысын.

Е)Автономиялық тұтынуды.

Есептер

1. Экономикада келесі мәліметтер берілген:

Y=C+I

C=100+0,8Yd

I=50

Анықтау керек:

А) Табыстың тепе-тең деңгейін.

Б) Жинақ ақша және тұтынудың тепе-тең деңгейін.

В) егер шығару көлемі 800-ге тең болса, онда жоспарланбаған өнімнің босалқы қорының өсімі қандай?

Г) егер автономды инвестициялар 100-ге дейін өссе? Онда тепе-тең шығару қалай өзгереді? Тепе-тең деңгейінің өзгерілуін графиктік түрде көрсетіңіз№

2. Экономикада келесі мәліметтер берілген:

Y=C+I+G+Xn

C=300+0,8Yd

I=200+0,2Y

Xn=100-0,04Y

G=200

t=0,2у

Анықтау керек:

А) Табыстың тепе-тең деңгейін.

Б) Автономды шығындар мультипликаторының көлемін.
3. Төменде келтірілген мәліметтер бойынша табу керек: тұтыну, тұтынудың орташа бейімділігін, жинақтауға орташа бейімділігін, тұтынудың шекті бейімділігін, жинақтауға шекті бейімділігін, тұтыну және жинақтау графиктерін құрыңдар:

Өндіріс және табыс деңгейі (долл.)

240

260

280

300

320

340

360

380

400

Жинақ ақша (долл.)

-4

0

4

8

12

16

20

24

28



4. Ұлттық өндірістің тепе-теңдік деңгейі 1200 млрд. теңге? Ал автономды тұтыну – 0. Бұл жағдайда тұтынуға шекті бейімділік 0,05-ке өсті. Анықтау керек:

А) өндірістің тепе-теңдік көлемі қалай өзгерді;

Б) жинақтаудың тепе-теңдік деңгейі қалай өзгерді;

В) тұтыну функциясы: С=300+0,75Y. Үкімет 30 млрд. теңге мемлекеттік тапсырысты салықты көбейту арқылы орналастыруды шешті. Тепе-тең ЖҰӨ өзгеріссіз қалу үшін, бюджеттік түсім қандай сомаға көбеюі тиіс.

5. Тұтыну шығындарының тепе-тең көлемі 20000 а.б. және тұтынуға шекті бейімділігі 0,8. Анықтау керек:

А) инвестициялар көлемін;

Б) мультипликатор көлемін;

В) тұтынуға шекті бейімділігінің 0,6-ға дейін төмендеуі тепе-тең ұлттық табысқа қалай әсер етеді?

6. Кестелік және аналитикалық әдістерімен жұмысбастылықтың тепе-тең деңгейін және өндіріс көлемін анықтаңыздар, инвестициялар 20 млрд. долл. құрайды, ал жұмысбастылық деңгейі, өндіріс көлемі және тұтыну төмендегі кестеде берілген. Анықтау керек тұтынудың бейімділігін және жинақтаудың шекті бейімділігін, тұтынудың және жинақтаудың орташа бейімділігін.

Жұмысбастылықтың мүмкін деңгейлері (млн. адам)

Өндірістің нақты көлемі (млрд. долл.)

Тұтыну (млрд. долл.)

1,40

370

375

2,45

390

390

3,50

410

405

4,55

430

420

5,60

450

435

6,65

470

450

7,70

490

465

8,75

510

480

9,80

530

495

10,85

550

510


Пікір-сайыс.

Өткізу тәртібі: Студенттер екі топқа бөлінеді. Жеке табыстардық қайнар көздерін анықтап, олардың әрекет ету механизмін талдайды.

Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

  1. Категориялар: мультипликатор және акселератор, олардың айырмашылығы.

  2. «Ұқыптылық оғаштығы» әсерінің мәні.

  3. Салық мультипликаторы

  4. Үкімет шығындарының мультипликаторы

  5. Салық мультипликаторы және үкімет шығындарының мультипликаторы әсерлерін салыстыру.

Бақылау түрі: каллоквиум

Әдебиеттір тізімі:

1. МамыровН.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика : Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003. 128-139 беттер

2. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика – М: Изд-во МГУ: 1997. с. 85

3. Курс экномической теории/ под ред Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Киров, 2001. с. 378

4. Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997. с. 265-269

5. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 246
4-ші тақырып. Ақша нарығы

Семинар сабағы

Талдау сұрақтары:

Ақшаның сандық теориясы.

Ақша мультипликаторы.

Ақшаға сұраныс. Ақша нарығындағы тепе-теңдік.

Қымбат және арзан ақша саясаты.
Тест сұрақтары

  1. «Ашық нарықтағы операциялар» термині нені мазмұндайды?

А) Халықты несиелуге байланысты коммерциялық банк қызметін.

В) Орталық банктің коммерциялық банкке қарыз беру қызметін.

С) Орталық банктің мемлекеттің бағалы қағазын сату-сатып алуға байланысты қызметін.

D) Орталық банктің банктік қор көлемін өзгертуге байланысты операциялары.

Е) Орталық банктің есеп мөлшерлемесін өзгертуге байланысты қызметін.

2. Қайсы жағдайда ақша массасының үйлесімсіздігі болуы мүмкін:

  1. Төмендегі жағдайлардың бәрінде.

  2. Коммерциялық банктер қосымша резервтерін арттырды.

  3. Тұрғындар қолда ұстап отырған ақша мөлшерін көбейтті.

  4. Коммерциялық банктердің тұрғындарға беретін несиелерінің көп бөлігіне сұраныс жоқ.

  5. Ұлттық банк міндетті резервтер мөлшерлемесін өсірді.

3. Егер ақша массасы 200 млрд.долл., ал Ms – 600 млрд.долл. болса, онда ақша мультипликаторы:

  1. 3.

  2. 3,33.

  3. 2,9.

  4. 2.

  5. Анықтау мүмкін емес.

4. Ұлттық банк ашық нарықта 8 млн.долл. көлемінде құнды қғаздар сатып алды. Ақша мультипликаторы 2,4-ке тең болса, онда ақша массасының көлемі қалай өзгереді:

  1. 19,2-ге артады.

  2. 8-ге артады.

  3. 19,2-ге азаяды.

  4. 16,5-ке кемиді.

  5. 16,5-ке өседі.


5. Ақша қызметтерінің қайсысы дұрыс айтылмаған:

  1. Құн өлшемі.

  2. Айналыс құралы.

  3. Табыс өлшемі.

  4. Төлем құралы.

  5. Әлемдік ақшалар.

6. Несиелік ақша қандай қызмет атқарады:

  1. Айналыс құралы.

  2. Төлем құралы.

  3. Жинақтау құралы.

  4. Әлемдік ақшалар.

  5. Байлықтың пайда болу құралы.

7. Ақшаның пайда болу себебі:

  1. Табиғатпен жаратылған.

  2. Мемлекеттік билікпен.

  3. Айырбастың дамуымен.

  4. Адамдардың тілегімен.

  5. Барлық жауаптар дұрыс.

8. Ақша мынадай қызмет атқарады:

Жинақтау құралы.

Төлем құралы.

Шот бірлігі.

Барлық аталғандар дұрыс.

А және В жауаптары дұрыс.

9. Ақша ұсынысы М 500 млрд. доллорды құрайды. ЖҰӨ 3000 млрд. долларға тең, ақша айналымының жылдамдығы қандай?

А) 8

В) 10

С) 6

D) 60

Е) 0

10. Ақша массасы (жиыны) – бұл.

А) Берілген елдегі евро және американ доллар және өндірістік дамыған елдердің баска да ватюталары.

В) Қолма қол формадагы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы.

С) Айналыс және қор жинау құралы қызметін атқаратын қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы.

D) Тарихи қалыптасқан ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Е) Бағалы металлдар мен бағалы тастар.

Есептер

  1. Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша М1, М2, М3 ақша агреттарының көлемін анықтаңдар:

млрд. тг.

Аз көлемді қысқа мерзімді салымдар

1630

Көп көлемді қысқа мерзімді салымдар

645

Чектік салымдар

448

Чексіз жинақтық салымдар

300

Қолда бар ақша

170




  1. а) айталық, шарт жасауға арналған әр теңге орта есеппен жылына 6 рет айналады және соңғы тауар немесе қызмет көрсетуді сатып алуға бағытталады. ЖҰӨ атаулы көлемі 2400 млрд. тг. Шарт жасауға арналған ақшаға деген сұраныс көлемін табыңдар.

ә) кестеде активтерден әр түрлі пайыз мөлшері бойынша ақшаға деген сұраныс көлемі көрсетілген. Мәліметтерді қолданып, ақшаға деген жалпы сұранысты анықтаңдар.

Пайыздық мөлшерлеме (%)

Ақшаға сұраныс көлемі

активтер бойынша

жалпы

16

20

420

14

40

440

12

60

460

10

80

480

8

100

500

6

120

520

4

140

540

б) Ақша ұсынысы 480 млрд. тг. Юолды. Тепе-теңдік пайыздық мөлшерлемені анықтаңдар.


  1. Коммерциялық банктің жиынтық резерві 220 млн. Тг. Депозиттер 950 млн. тг. Депозиттердің міндетті резерв мөлшері 20% құрайды. Егер банк өзінің барлық артық резервтерін ссуданы беру үшін жұмсаса, а ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?

  2. Міндетті резервтер мөлшері 20% құрайды. Коммерциялық банк артық резерв ретінде депозиттер сомасынан 5% сақтайды. Депозиттер мөлшері 10000 құрайды. Сууданы беру үшін банк қандай максималды соманы пайдалана алады?

  3. Орталық банк коммерциялық банктерден мемлекеттік облигацияларды 100 млн. сомаға сатып алады. Егер коммерциялық банктер өз несиелік мүмкіндіктерін толық пайдаланса, ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін, депозиттердің резерв мөлшері 0,1 (10%).


Проблемалық жағдай: қымбат және арзан ақша саясаты
Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

Ақша массасы және оның өлшемі.

Ақша массасының көлемі және баға деңгейі ұғымдарының тәсілдемесі.

Ақшаға сұраныс икемділігі.

Бақылау түрі:

  • ауызша сұрау


Әдебиеттір тізімі:

1.МамыровН.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика : Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003. 176-192 беттер

2. Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997. с. 265-269

3. Макроэкономика: Уч. пособие/ под ред И.П. Николаевой.- М: ЮНИТИ-ДАНА, 2002.- с. 188

4. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 77
5-ші тақырып. IS-LM үлгісі және жиынтық сұраныс

Семинар сабағы

Талдау сұрақтары:

  1. Тауар және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік.

  2. Жиынтық сұраныс қисығы.


Тест сұрақтары

1. LM қисығы нені көрсетеді:

  1. Ақша қалдығының берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық сұраныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

  2. Ақша ұсынысының берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық сұраныс пен табыс арасындағы байланысты.

  3. Айнымалы ақша базасына сәйкес, пайыз мөлшерлемесі мен қолда бар табыс арасындағы байланысты.

  4. Номиналды ақша массасына сәйкес, жиынтық сұраныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

  5. Нақты ақша қалдығының берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық ұсыныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

2. Қай айнымалының өзгерісі IS қисығын солға қарай жылжытады:

Салықтардың өсуі.

Қолда бар табыстың өсуі.

Мемлекеттік шығындардың өсуі.

Инвестицияның өсуі.

Салықтардың азаюы.

3. IS қисығы қандай өзара байланысты көрсетеді:

Мемлекеттік шығындар мен салықтар тұрақты болған жағдайдағы сұраныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

Мемлекеттік шығындардың берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық ұсыныс пен табыс арасындағы байланысты.

Айнымалы ақша базасына сәйкес, пайыз мөлшерлемесі мен қолда бар табыс арасындағы байланысты.

Номиналды ақша массасына сәйкес, жиынтық сұраныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

Нақты салықтардың берілген деңгейіне сәйкес, жиынтық ұсыныс пен пайыз мөлшерлемесі арасындағы байланысты.

4. Егер инвестициялардың проценттік мөлшерлемеге тәуелділігі артса, онда:

  1. IS қисығы көлбеу болады.

  2. IS қисығы тік болады.

  3. IS және LM қисықтары өзгереді.

  4. LM қисығы тік болады.

  5. LM қисығы көлбеу болады.

5. LM қисығының көлбеуі мынаған байланысты:

  1. Ақшаның айналым жылдамдығына.

  2. Инвестициялық мультипликатор шамасына.

  3. Ақша мультипликаторының шамасына.

  4. Ақшаға мүлік ретінде артықшылық білдірудің шекті бейімділігіне.

  5. Автономды шығындар мультипликаторының шамасына.

6. ІS – LM үлгісінен мынадай тұжырым жасауға болады, пайыз мөлшерлемесі төмендегілердің өзара байланысы нәтижесінде анықталады:

  1. Тауар нарығының еңбек нарығымен.

  2. Тауар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың.

  3. Ақша нарығының тауар нарығымен.

  4. Ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың.

  5. Аұша нарығының құнды қағаздар нарығымен.

7. ІS – LM үлгісінен мынадай болжамға негізделеді:

  1. Тұтыну көлемі тек ағымдық табыспен анықталады.

  2. Инвестиция көлемі ұлттық табыс шамасына тәуелді.

  3. Қор жинақтау прайыз мөлшерлемесінің функциясы.

  4. Экономикадағы баға деңгейі өзгермейді.

  5. Тұтыну көлемі тек баға деңгейіне байланысты анықталады.

8. ІS – LM үлгісі мынадай болжамға негізделеді:

  1. Тұтыну көлемі тек ағымдық табыспен анықталады.

  2. Инвестиция көлемі ұлттық табыс шамасына тәуелді.

  3. Қор жинақтау прайыз мөлшерлемесінің функциясы.

  4. Экономикадағы баға деңгейі өзгермейді.

  5. Тұтыну көлемі тек баға деңгейіне байланысты анықталады.

9. Ақша ұсынысының молайуы:
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы «БАҒалау және бизнес» кафедрасы
«050908 Бағалау» мамандықтарына Мемлекеттік Білім Стандарттарына сәйкес және Білім және Ғылым Министрлігі жанындағы 06. 06. 2006...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы
«Жалпы білім беру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы отырысында қаралған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Өндірісті ұйымдастыру»
«Өндірісті ұйымдастыру» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенін «Бағалау және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Тәжіғұлова А. Ж. Білім...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «БАҒа белгілеу»
«Баға белгілеу» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенін «Бағалау және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Тәжіғұлова А. Ж. Білім және...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница