Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы




НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы
страница3/6
Дата конвертации17.11.2012
Размер1.21 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6

8-ші тақырып. Айырбас бағамының тәртіптері және жиынтық сұраныс Семинар сабағы

Талдау сұрақтары:

  1. Валюталық саясат.

  2. Бюджет және ақша саясаты.

  3. Айырбас бағамының серпіні және болжалдың ролі


Тест сұрақтары
Есептер

Төменде теңгеге сұраныс кестесі көрсетілген:

теңгенің бағасы (долл)

152,00

152,10

152,20

152,30

152,40

152,50

теңгеге сұраныс көлемі

200

190

180

170

160

150

а) үкімет валюталық бағамды 1 тг=152,40 долл. деңгейінде бекітті делік. Ал бұл деңгейдегі ұсыныс көлемі 180 млн. тг. Осы кезде Үкімет теңгені сатуы не сатып алуы керек пе? Егер сату не сатып алу керек болса, онда қандай көлемде?

б) егер де Үкіметке теңгені доллармен сатып алу керек болса, қажетті доллларды қай жерден ала алады?
Доллар бағасында жыл сайын 7% өсу байқалған жағдайда Үкімет теңге/доллар арақатынасын тұрақтандыруға тырысады.

а) ҚР-да валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру үшін инфляция деңгейі қандай болуы керек?

ә) егер де ҚР-да экономикалық өсу 2% болса, ақшаның сандық теориясына сәйкес АҚШ пен ҚР-да тұрақты коэффициент бірдей болса, онда ҚР-да ақша жиынының (ұсынысы) өсу қарқыны қандай болуы керек?

б) егер де ҚР-да пайыздық мөлшерлеменің төмендеу тенденциясы пайда болатын болса, онда (к) – мінез-құлық коэффмцментінің тұрақтылығы сақтала ма?
Төменде ҚР теңгесі үшін ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс кестесі берілген

Теңге бағасы (доларға шаққанда)

Теңгеге сұраныс көлемі (млн. тг.)

Ұсыныс көлемі (млн. тг.)

0,6

300

400

0,5

320

370

0,4

340

340

0,3

360

310

0,2

380

280

а) доллардың валюталық курсының тепе-теңдік көлемі қандай?

ә) ҚР теңгенің валюталық курсының тепе-теңдік көлемі қандай?

б) валюталық нарықта доллардың қандай көлемі сатып алынады?

в) валюталық нарықта ҚР теңгенің қандай көлемі сатып алынады?
Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

Халықаралық валюта жүйесі

Ашық экономикадағы макроэкономикалық саясат: Манделл-Флеминг үлгісі

Кіші мемлекет үлгісі

Бақылау түрі: коллоквиум
Әдебиеттер тізімі:

1. МамыровН.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика : Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003. 264-318 беттер

Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика – М: Изд-во МГУ: 1997. с. 202

Курс экномической теории/ под ред Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Киров, 2001. с. 658

Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 410
9-шы тақырып. Инфляция және жұмыссыздық.

Семинар сабағы

Талдау сұрақтары:

Инфляция және ұсыныс талықсытпасы.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі

Филлипс қисығы.

бейімделме және оңтайлы болжалдар.

Инфляция шығындары.
Тест сұрақтары

1. Жұмыс күші – бұл:

Жұмыспен қамтылғандар + жұмыссыздар.

Жұмыспен қамтылғандар.

Жұмыспен қамтылғандар – жұмыссыздар.

Экономикалық белсенді тұрғындар – жұмыссыздар.

Мемлекеттің барлық тұрғындары.
2. ЖҰӨ мен жұмыссыздық арасында қандай тәуелділік бар:

  1. Жұмыссыздық өседі, ЖҰӨ азаяды.

  2. Жұмыссыздық өседі,ЖҰӨ өседі.

  3. Жұмыссыздық өседі, ЖҰӨ өзгермейді.

  4. Жұмыссыздық өзгермейді, ЖҰӨ азаяды.

  5. Олардың арасында ешқандай тәуелділік жоқ.


3. Инфляция мен жұмыссыздық арасында қандай өзара байланыс бар:

  1. Жұмыссыздық төмендегенде, инфляция өседі.

  2. Жұмыссыздық өскенде, инфляция да өседі.

  3. Жұмыссыздық өскендеі, инфляция өзгермейді.

  4. Жұмыссыздық төмендегенде, инфляция төмендейді.

  5. Жұмыссыздық пен инфляцияның арасында ешқандай өзара байланыс жоқ.


4. Экономиканың құлдырауы себебімен жұмысынан айырылған адам келесі жұмыссыздық түрін көбейтеді:

  1. Фрикциондық.

  2. Құрылымдық.

  3. Циклдық.

  4. Табиғи.

  5. Маусымдық.


5. Инфляцияның қарқыны қарай төмендегідей түрлері болады:

Күтілетін және күтілмейтін.

Баланстандырыған және баланстандырылмаған.

Баяу, қарқынды және ұшқыр инфляция.

Сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы.

Ұсыныс инфляциясы.
6. Дефляция – бұл:

Экономикада бағаның жалпы деңгейінің төмендеуі.

Инфляция қарқынының төмендеуі.

Ұлттық валюта бағамының төмендеуі.

Ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеуі.

Экономикада бағаның жалпы деңгейінің өсуі.
7. Инженер К.Смирнов неғұрлым көпақылы жұмысқа орналасу үшін «ПОК» фирмасынан кетті. Бұл қандай жұмыссыздықты білдіреді:

  1. Фрикциондық және құрылымдық.

  2. Циклдық.

  3. Фрикциондық.

  4. Құрылымдық.

  5. Фрикциондық және циклдық.


8. Жұмыссыздық деңгейі қалай анықталады:

  1. Жұмыссыздар

Жұмыс күші

  1. Жұмыс күші

Жұмыссыздар

  1. Жұмысбастылар

Жұмыссыздар

  1. Жұмыссыздар

Жұмысбастылар

  1. Дұрыс жауабы жоқ.


9. Қайта мамандануды қажет ететін жұмыссыздарды келесі түрге жатқызады:

  1. Фрикциондық.

  2. Құрылымдық.

  3. Циклдық.

  4. Барлық аталғандарға.

  5. Дұрыс жауабы жоқ.


10. Сұраныс инфляциясы келесідей сипатталады:

Шикізатқа бағалардың өсуімен.

Пайыз мөлшерлемесінің өсуімен.

Нақты өндіріс көлемімен салыстырғанда жиынтық сұраныстың артықшылығымен.

Инвестициялардың төмендеуімен.

Жиынтық ұсыныстың қысқаруымен.
11. Стагфляция – бұл келесі жағдай болатын құбылыс:

Инфляция өседі, ал жұмыссыздық төмендейді.

Жұмыссыздық өседі, ал инфляция төмендейді.

Жұмыссыздық та, инфляция да өседі.

Жұмыссыздық та, инфляция да төмендейді.

Өнім шығару көлемі қысқарады.
12. Оукен заңына сәйкес, жұмыссыздықтың фактілік деңгейінің оның табиғи деңгейінен 2 проценттік жоғарылауы, ЖҰӨ-нің фактілік көлемінің нақтыдан қаншаға қалуын көрсетеді:

2%

4%

3%

5%

5% -тен анағұрлым жоғары.
13. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі ненің жиынтығына тең:

  1. Циклдық және фрикциондық.

  2. Фрикциондық және құрылымдық.

  3. Циклдық және құрылымдық.

  4. Циклдық, фрикциондық және құрылымдық.

  5. Дұрыс жауабы жоқ.


14. Адамдардың оқу орнын бітіргеннен кейін немесе жұмыс орнын өзгерткен кездегі жұмыссыздық түрі:

  1. Құрылымдық.

  2. Фикциондық.

  3. Циклдық.

  4. Жасырын.

  5. Барлық аталғандар.


15. Өндіріс шығындарының өсуінен туындаған инфляцияға төмендегі жағдайлардың қайсысы қатысты емес:

  1. Жұмыспен қамтылудың және өндірістің өсуі.

  2. Өнімнің әр данасының құнының өсуі.

  3. Жалақы мөлшерінің өсуі.

  4. Ұсыныстың азаюы.

  5. Проценттік мөлшерлеменің өсуі.


Есептер

Келесідей деректер бар:

Жұмыспен қамтылғандар саны 90 млн. адам

Жұмыссыздар саны 10 млн. адам

Жұмыссыздық көлемін анықтаңдар.

90млн. жұмыспен қамтылған адамдардан бір ай өткеннен кейін 0,5 млн. адам жұмыстан шығарылған еді; 1млн ресми тіркелген жұмыссыздар жұмыс іздеуді тоқтатқан. Мыналарды анықтаңыз:

а) жұмыспен қамтылғандардың санын

б) Жұмыссыздар саны

в) Жұмыссыздық көлемін.
Нақты табыс қалай өзгереді, егер:

А) атаулы табыс 10%, баға көлемі 7% өссе;

Б) ататулы табыс 30 мың долл., ал баға индексі сол жылы 106-ға тең болған.
Тұрғындар саны 100 млн. адам құрайды – 16-ға дейінгі балалар, ұзақ изоляциядағы адамдар, 30 млн. адам жұмыс күші қатарынан шықты; 4 млн. 60 мың адам – жұмыссыздар; 1 млн. адам – толық жұмыс күні бар жұмыскерлер және жұмыс іздейтіндер.

Осы мәліметтерді пайдаланып анықтаңыздар:

А) жұмыс күші көлемін;

Б) жұмыссыздық деңгейін.
Іскерлік ойын: «Инфляциядан шығу жолдары»

Өткізу тәртібі: 2 топ құрылады: 1 – мемлекет, 2 – кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар. Екі топ инфляциядан шығу жолдарын көздейтін бағдарлама дайындап оны дәлелдеулері қажет.

Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

Инфляцияға қарсы саясат, оның әдістері

Оукен заңы

Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптары

Бақылау түрі: коллоквиум
Әдебиеттір тізімі:

1. МамыровН.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика : Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003. 59-81 беттер

2. Курс экномической теории/ под ред Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Киров, 2001. с. 403

3. Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997. с. 177, 192

4. Макроэкономика: Уч. пособие/ под ред И.П. Николаевой.- М: ЮНИТИ-ДАНА, 2002.- с. 227

5. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 311, 196
10-шы тақырып. Бюджет тапшылығы және инфляция

Семинар сабағы

Талдау сұрақтары:

  1. Үкіметтің табыстары мен шығындары.

  2. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз.

  3. Инфляциялық салық және сеньораж.

  4. Лаффер қисығы.


Тест сұрақтары

1. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыратын негізгі әдістеріне төмендегілердің қайсысы жатпайды:

Шетел компанияларына акцияларды сату.

Ақша-несие эмиссиясын жүргізу.

Займдарды шығару.

Ақшаларды қосымша басып шығару.

Салық жинауды көбейту.
2. Мемлекеттік қарыз мынадай жолмен өтелмейді:

  1. Жаңа салықтарды енгізу.

  2. Шетел инвестициясын тарту.

  3. Бюджеттік шығындарды қысқарту.

  4. Жаңа ақша шығару.

  5. Резерв нормасын көтеру.


3. Ынталандырылатын фискалды саясаты негізінде пайда болатын бюджет тапшылығы келесідей қаржыландырылады:

  1. Жаңа ақшалар эмиссиясымен.

  2. Еңбек ақы ставкасының төмендеуімен.

  3. Салықтардың көбеюімен.

  4. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауымен.

  5. Мемлекеттік кәсіпорындардың тауарларына бағалардың жоғарылауымен.


4. Табыс тең 5000, тұтыну – 3200, инвестициялар – 900, мемлекеттік шығындар – 900, салықтар – 700. Мемлекеттік бюджет тапшылығының мөлшері қандай:

  1. 200.

  2. 100.

  3. 500.

  4. 0.

  5. 300.


5. Мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне кірмейді:

Пайдаға салық.

Сыртқы экономикалық қызметтен табыс.

Қорғанысқа шығындар.

Ренталық төлемдер.

Жергілікті салықтар.
6. Мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігі мынаны көрсетеді:

  1. Мемлекеттің қызметін қаржыландыруға ақшаның қайдан түсетінін.

  2. Мемлекеттік шығындардың қандай мақсатқа жұмсалатынын.

  3. Шығыс бөлігі кіріс бөлігінен қаншалықты артқанын.

  4. Барлық өндірілген өнімдердің нарықтық құнын.

  5. Жоғарыдағылардың барлығын.


7. Мемлекеттік қарыз – бұл:

  1. Бюджеттік тапшылықтың жалпы сомасы.

  2. Үкіметтің ішкі мемлекеттік займдар шығару нәтижесінде халыққа қарызы.

  3. Сыртқы займдар сомасы.

  4. Бірде бір жауап дұрыс емес.

  5. Үкіметтің шетел инвесторларына қарызы.


8. Үкімет бюджеттік тапшылыққа ие болады, егер:

  1. Салықтан түсетін табыс тұтыну шығындарынан көп болса.

  2. Салықтан түсетін табыс мемлекеттік шығындардан көп болса.

  3. Мемлекеттік шығындар салықтан түсетін табыстан көп болса.

  4. Салықтан түсетін табыс инвестициядан көп болса.

  5. Мемлекеттік шығындар салықтан түсетін табыстан аз болса.


9. Төлем балансының тапшылығы қалай қыржыландырылуы мүмкін:

  1. Валютаның девальвациясы көмегімен.

  2. Сыртқы міндеттемені көбейту жолымен.

  3. Шетел валютасы резервтерін пайдалану арқылы.

  4. Сырттан қарыз алу және валюталық резервтерін шығындау жолымен.

  5. Ішкі қарыз алу және алтынды сату арқылы.


10. Табыс тең 5000, тұтыну – 3200, инвестициялар – 900, мемлекеттік шығындар – 900, салықтар – 700. Мемлекеттік бюджет тапшылығының мөлшері қандай:

  1. 200.

  2. 100.

  3. 500.

  4. 0.

  5. 300.



Есептер

  1. Экономика келесі мәліметтермен берілген: нақты проценттік ставка 3%, нақты ЖІӨ қарқыны 7%, қатынасы 50% құрайды, мемлекеттік бюджеттің бірінші реттік тапгылығы ЖІӨ-нен 5% құрайды. Есептеңдер: қатынас жоғарылайма, әлде төмендей ме?




  1. А және В мемлекеттерінің экономикасы келесідей берілген:




А мемлекеті

В мемлекеті

қаржы жылының басындағы мемлекет берешегінің көлемі (млн. долл.)

2000

2000

атаулы мемлекеттік шығындар (қаржы жылының соңына), берешек қызметі бойынша қаржы төлемдірін ескермегенде (млн. долл.)

200

200

бағалар деңгейі (жыл басына)

1,0

1,0

инфляцияның жылдық қарқыны

0,0

0,10

атаулы проценттік ставка

0,03

0,13

мемлекеттік бюджетке атаулы салық түсімдер (млн. долл.)

260

260

Есептеңдер:

А) әрбір елдегі мемлекеттік берешекке қызмет бойынша процентік төлемдердің атаулы сомалары қандай?

Б) әрбір елдегі бюжетік тапшылық бағасының күтілімі қандай?

В)әрбір елдегі мемлекеттік берешектің атаулы және нақты көлемі қандай (жыл аяғына)?
3. Үкімет 1 млрд. долл. мөлшерінде 8% жылдық ставкамен шетелдік заем алды. Бұл қаржы, бірнеше жыл ішінде 300 млн. долл. мөлшерінде ЖІӨ-нің жылдық өсімін әкелетін, инвестициялық болжамдарға салынады,

Есептеңдер:

А) мемлекеттік қарыз қандай мөлшерде көбейеді?

Б) қанша жыл ішінде мемлекет бұл қарызын өтей алады?
Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

  1. Болжамды инфляция.

  2. Болжамды емес инфляция.

  3. Төлем балансының дағдарысы.

  4. Сыртқы займдар.

Бақылау түрі: колоквиум.
Әдебиеттір тізімі:

1. МамыровН.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика : Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003. 338-357 беттер

2. Агапова Т.А., серегина С.Ф. Макроэкономика/ под ред Сидоровича А.В..-М., 2004.- с. 56

3. . Курс экномической теории/ под ред Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Киров, 2001. с. 635, 516

4. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: учебник / Общая ред Тарасевича Л.С..- СПб: 1999. с. 386
11-ші тақырып. Ұзақ мерзімді экономикалық өсу

Семинар сабағы

Талдау сұрақтары:

Экономикалық өсудің факторлары мен тұрпаттары.

Солоу үлгісі.

Өсімнің факторлық үлгісі.

Тест сұрақтары

1. Экономикалық өсу қалай бейнеленуі мүмкін?

А) Өндірістік мүмкіншілік қисығының солға жылжуымен.

В) Өндірістік мүмкіншілік қисығының оңға жылжуымен.

С) Өндірістік мүмкіншілік қисығымен нүктенің қозғалысы арқылы.

D) Өндірістік мүмкіншілік қисығы ішінде бір нүктеден екіншіге қозғалу

арқылы.

Е) Өндірістік мүмкіншілік қисығынан тыс бір нүктеден екіншіге қозғалу

арқылы.

2. Экономикалық өсудің экстенсивті факторы:

А) Жалпы және терең білім беру.

В) Өндірісті ұйымдастыру және басқару.

С) Жұмысшы санының өсуі.

Д) Техникалық прогресс.

Е) Баға деңгейінің көтерілуі.
3. Солоудың экономикалық өсу үлгісінде қор жинақтау мөлшерін бір рет өсіру мынаған әкеледі:

Қысқа және ұзақ мерзім кезеңдерінде еңбек өнімділігі артады.

Ұзақ мерзім кезеңінде еңбек өнімділігі артады.

Еңбек өнімділігі өзгермейді.

Қысқа мерзім кезеңінде еңбек өнімділігі артады және ұзақ мерзімде төмендейді.

Ұзақ мерзім кезеңінде халық өсімінің қарқынын арттырады.
4. Экономикалық өсу мынадай түрде бейнеленеді:

  1. Өндіріс мүмкіндіктері қисығының оңға жылжуымен.

  2. Өндіріс мүмкіндіктері қисығындағы нүктенің жылжуымен.

  3. Өндіріс мүмкіндіктері қисығының солға жылжуымен.

  4. Өндіріс мүмкіндіктері қисығының ішінде орналасқан нүктелердің біреуінен екіншісіне жылжумен.

  5. Өндіріс мүмкіндіктері қисығының сыртындағы нүктелердің біреуінен екіншісіне жылжумен.


5. Жұмыспен толық қамтылған экономикадағы экономикалық өсудің жоғары қарқыны мынаны талап етеді:

  1. Қор жинақтау мен инвестицияның төменгі мөлшерін.

  2. Қор жинақтаудың жоғары мөлшерін және инвестицияның төменгі мөлшерін.

  3. Қор жинақтаудың жоғары мөлшерін және инвестицияның жоғары мөлшерін.

  4. Қор жинақтаудың және инвестицияның төменгі мөлшерін.

  5. Қор жинақтаудың төменгі мөлшерін және инвестицияның жоғары мөлшерін.


6. А елінде капиталдың шекті өнімділігі 1/5, ал В елінде - 1/3. Тұтынуға шекті бейімділік екі елде де бірдей. Домар үлгісі бойынша нақты өнім өндірудің өсу қарқыны А елінде:

А) В еліне қарағанда 3 % төмен.

В) В елінде өсу қарқынының 60 %-ын құрайды.

С) В еліне қарағанда 1,67 есе жоғары.

D) В еліне қарағанда 40 % жоғары.

Е) В еліне қарағанда 20 % төмен.

Есептер

Елдің экономикасы Кобб-Дуглас функциясымен Y= A*K^0.4*L^0.6 берілген. Капиталдың өсу қарқыны жылына 3%, ал жұмысшылар санының өсуі - 2%. Факторлардың жалпы өнімділігі жылына 1,5%. Өндіріс көлемі қалай өзгереді?

Өндіріс функциясы Y= K^1/2*L^1/2 түрінде берілген. Қор жинағының мөлшері 0,3, ығысу номасы d=6%, халықтың өсу қарқыны n=1%, техникалық прогресс қарқыны g=3%. Экономиканың тұрақты жағдайында бір жұмысшыға шаққандағы капитал қоры және өнім көлемі қандай болады?

Тұрақты жағдайдағы қормен қамтамасыз ету тұтыну көлемі максимум деңгейге жеткендегі кездегімен сәйкес бола ма? («алтын ереже» бойынша). «Алтын ереже» бойынша жинақтау мөлшері қандай болу керек?
Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

  1. Қорланудың «алтын» қағидасы.

  2. Адам капиталына инвестициялар.

  3. Сыртқы әсерлер.

Бақылау түрі: ауызша сұрау, конспект
Әдебиеттір тізімі:

1. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика/ под ред Сидоровича А.В..-М., 2004.- с.247

2. Гальперин В.М., Игнатьев С.М., Маргунов В.И. Микроэкономика: в 2х томах. Спб: экономическая школа, 1996.- с. 465

3. Курс экномической теории/ под ред Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Киров.-2001. с.568
12-ші тақырып. Экономикалық цикл теориясы

Семинар сабағы

Талдау сұрақтары:

  1. Цикл, оның түрлері

  2. Экономикалық циклдің фазалары.

  3. Экономикалық циклдің себептері.

  4. Инфляцияның экономикалық циклға әсер етуі.


Тест сұрақтары

1. Экономикалық цикл кезеңдеріне жатпайтын түсінік:

  1. Инфляция.

  2. Құлдырау.

  3. Тоқырау.

  4. Шың.

  5. Көтерілу.


2. Төмендегілердің қайсысы көтерілу сатысына жатады:

А) Жұмыссыздықтың қысқаруы.

В) Негізгі капиталды жаппай жаңарту.

С) Жалақының өсуі.

D) Бағаның өсуі.

Е) Пайыз мөлшерлемесінің өсуі.
4.Төмендегілердің қайсысы құлдырау сатысына жатады:

А) Өндіріс көлемінің жылдам қысқаруы.

В) Табыс көлемінің жылдам қысқаруы.

С) Жұмыссыздықтың өсуі.

D) Бағаның төмендеуі.

Е) Жоғарыда берілген жауаптардың барлығы дұрыс.
5. Экономикалық циклдың төрт кезеңі – бұл:

А)Өндіріс, еңбек бөлінісі, мамандандыру, сауда.

Сұраныс, ұсыныс, сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы, нарықтық тепе-теңдік.

Өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну.

Шың, құлдырау, тоқырау, көтерілу.

Дұрыс жауабы жоқ.


Есептер

  1. Экономика келесі мәліметтермен сипатталады:

C=0.4Y+80

I=100

Мемлекеттік қаржы бөлу нытижесінде инчестиция көлемі 10 бірлікке (dI=10). Егер акселератордың мәні 2-ге тең болса, оның қызметі нәтижесінде табыс деңгейінің (Y) төмендеуін анықтаңыз.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы

Бақылау түрі:

- коллоквиум.
Студенттердің өзіндік жұмысы

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар:

  1. Мемлекеттің антициклдік саясаттың құралдары.

  2. ҒТП және экономикалық өсу.

  3. Халық өсімі және экономикалық.


Әдебиеттір тізімі:

1. МамыровН.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика : Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003. 54-81 беттер

  1. Курс экномической теории/ под ред Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Киров, 2001. с. 407, 568

  2. Макроэкономика: Уч. пособие/ под ред И.П. Николаевой.- М: ЮНИТИ-ДАНА.-2002.- с. 160



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. МамыровН.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика : Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003.

  2. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика/ под ред Сидоровича А.В..-М., 2004

  3. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика – М: Изд-во МГУ.- 1997

  4. Тарасевич Л.С., Гальперин В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: учебник / под ред. Тарасевича Л.С..- СПб: 1999

  5. Макроэкономика / под ред Яковлевой Е.Б. СПб: Поиск, 1997

  6. Введение в рыночную экономику / под ред Лившина А.Л., Никулиной И.Н., М: ысшая школп, 1994

  7. Костюк В.Н. Макроэкономика: курс лекций.-М: Центр, 1998

  8. Курс экномической теории/ под ред Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. Киров, 2001

  9. Макроэкономика: Учебное пособие для ВУЗов / под ред Николаевой И.П.-М: Юнити-Дана, 2002

  10. Микро-макроэкономика. Практикум / под ред. Огибина Ю.А..-СПб, 1994

  11. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика.- М: Дело ЛТД, 1993


Макроэкономика пәні бойынша аралық бақылау жұмыстарын

орындауға арналған тест сұрақтарының нұсқалары
1-нұсқа


  1. "Ашық нарықтағы операциялар" термині нені мазмұндайды?

А) Халықты несиелеуге байланысты коммерциялық банк қызметін.

В) Орталық банктің коммерциялық банкке қарыз беру қызметін.

С) Орталық банктің мемлекеттің бағалы қағазын сату-сатып алуға байланысты қызметін.

Д) Орталық банктің банктік қор көлемін өзгертуге байланысты операциялары.

Е) Орталық банктің есеп мөлшерлемесін өзгертуге байланысты қызметін.

  1. ҚР-да қандай институт ақша-несие жүйесі жағдайына жауапты?

А) Ұлттық банк.

В) Қаржы министрлігі.

С) Экономика министрлігі.

Д) Білім және ғылым министрлігі.

Е) Ішкі істер министрлігі.

  1. Ақша-несие саясатының кейнсиандық моделінің негізгі құралы:

А) Қор нормасы.

В) Есеп мөлшерлемесі.

С) Банктік пайыз мөлшерлемесі.

Д) Ақша ұсынысы.

Е) Таргетирлеу.

  1. Субвенция – бұл:

А) Мемлекеттік салық жеңілдіктері.

В) Белгілі бір даму мақсаттарына жұмсалатын мемлекеттік ақша жәрдемақысы.

С) Кәсіпорындар мен мекемелерге ақша қаражаттарын беру.

Д) Шығындарды жабу үшін берілетін ақша қаражаттары.

Е) Бірлесіп шаруашылық жүргізетін жеке тұлғалардың қажеттіліктеріне жұмсалатын ақша қоры.

  1. ЖҰӨ мен ұлттық табысты құрушыларға жатпайтындарды көрсетіңіз:

А) Жалдамалы жұмысшылар.

В) Еркін кәсіпкерлер.

С) Әскер.

Д) Көлеңкелі экономика субъектілері.

Е) Резиденттер.

  1. Аталған агрегат мөлшерінің қайсысы ұлттық табыстың көлемін анықтау кезінде қолданылмайды?

А) Корпарация түсімі.

В) Мемлекеттік трансферттік төлемдер.

С) Несиеге алған капитал үшін кәсіпкерлердің төлейтін пайызы.

Д) Ренталық табыс.

Е) Еңбек ақы.

  1. Тұтыну көлемі мен жинақ көлемінің сомасы тең:

А) Табыс көлеміне.

В) Әрдайым табыстан кем.

С) Таза ұлттық өнім көлеміне.

Д) Ұлттық табыс көлеміне.

Е) Бөлінетін табыс көлемі.

  1. Тұтыну – бұл:

А) Ағымдағы жылдағы тауар мен қызмет көрсетуді сатып алуға жұмсалатын үй шаруашылығы табысының бөлігі.

В) Алдағы уақыттағы тауар мен қызмет көрсетуді сатып алуға бағытталған табыстың бөлігі.

С) Банк шотындағы табыстың қалдығы.

Д) Мемлекеттік сатып алуға жұмсалатын табыстың бөлігі.

Е) Инвестициялық тауарды сатып алуға жұмсалатын табыстың бөлігі.

  1. Егер бастапқы нақты өндіріс көлемі әлеуеттіктен төмен болса, онда:

А) LM қисығын оңға төменге қарай жылжыта отырып баға деңгейі біртіндеп төмендейтін болады.

В) LM қисығын солға жоғары қарай жылжыта отырып, баға деңгейі біртіндеп жоғарылайтын болады.

С) IS қисығын оңға жылжыта отырып, баға деңгейі өсетін болса.

Д) Ұзақ мерзімді кезеңде болса да, белгілі шамада баға деңгейі айқындалған.

Е) Баға деңгейі өзгеріссіз қалады.

  1. Импортқа шекті бейімділіктің өсуі:

А) Таза экспортты көбейтуге ықпал жасайды.

В) Ағымдағы операциялар шарттарының жағдайын жақсартады.

С) Импортпен бәсекелес ұлттық экономикадағы салаларда жұмыспен қамту деңгейін төмендетуге ықпал жасайды.

Д) Капитал қозғалысымен қаржы операциялар шоттарының қалдығына ешқандай әсер етпейді.

Е) Экспорттың азаюына ықпал етеді.

  1. Кейнс тұжырымдауы бойынша, елдің тұтыну шығындарының көлемі:

А) Тұтынушының жасына байланысты.

В) Ақша ұсынысының өсу темпіне байланысты.

С) Ұлттық табыс деңгейіне байланысты.

Д) Қолда бар табыс деңгейіне байланысты.

Е) Тұтынушының мекен жайына байланысты.

  1. Автономдық тұтыну мөлшерінің өзгеруі графикалық түрде былайша көрінуі мүмкін:

А) Жоспарланған шығындар қисығымен көлденең ауысуы.

В) Жоспарланған шығындар қисығы ылдиының бұрышының өзгеруі.

С) Жоспарланған шығындар қисығының жылжуы.

Д) Табыс деңгейінің өзгеруіне қарай тұтыну функциясының қисығымен көлденең ауысуы.

Е) Жоспарланған шығындар қисығының оңға қарай жылжуы.

  1. Рецессиялық үзік – бұл:

А) Жиынтық сұраныстың инфляциялық емес жұмыспен қамту деңгейіне дейін қысқаруы.

В) Жиынтық сұраныстың инфляциялық емес жұмыспен қамту деңгейіне дейін өсуі.

С) Жиынтық ұсыныстың экономиканы тұрақтандыру деңгейіне дейін төмендеуі.

Д) Жиынтық ұсыныстың табиғи жұмыстылық деңгейіне дейін өсуі.

Е) Инвестиция деңгейіне мемлекеттік шығынның мультипликаторлық ықпалының өсуі.

  1. Кәсіпкерлікке салық артқан сайын:

А) AD қысқарады, AS өзгермейді.

В) AS-қа әсер етпейді.

С) AD да, AS та қысқарады.

Д) AD да, AS та өседі.

Е) AS қысқарады, ал AD көлемі өзгермейді.

  1. "Автоматты стабилизаторлар":

А) Уақытша кешігу проблемасын шиеленістіреді.

В) Ресурстарды толық қамтуда бюджеттің теңдестігін (сбалансированны) ұстап тұратындай салық ставкасын түзетуге әкеледі.

С) Нақты мемлекеттік бюджеттің теңдестігін ұстап тұратындай салық ставкасын түзетуге әкеледі.

Д) Ұлттық табыстың құбылуының ауытқуын төмендетеді.

Е) Жыл сайынғы ақша массасының өсу қарқынын 4% - 6% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

  1. Егер мемлекет қоршаған ортаның сақталуына талапты күшейтетін болса, бұл нені туындатады?

А) Өнім бірлігіне өндіріс шығынының өсуі мен жиынтық ұсыныс қисығының оңға ығысуы.

В) Өнім бірлігіне өндіріс шығынының өсуі мен жиынтық ұсыныс қисығының солға ығысуы.

С) Өнім бірлігіне өндіріс шығынының өсуі мен жиынтық сұраныс қисығының солға ығысуы.

Д) Өнім бірлігіне өндіріс шығындарының төмендеуі және жиынтық сұраныс қисығының солға ығысуы.

Е) Өнім бірлігіне өндіріс шығындарының төмендеуі және жиынтық сұраныс қисығының оңға ығысуы.

  1. Ұзақ мерзімдік кезеңде экономикадағы өндіру көлемі немен анықталады?

А) Ақша ұсынысымен, мемлекеттік шығыстар мен салықтар деңгейімен.

В) Капитал және еңбек көлеміне, сондай-ақ технологияларды пайдаланумен.

С) Халықтың артықшылық беруімен.

Д) Ставкалар деңгейімен.

Е) Өндірістегі жұмысшылар көлемімен.

  1. Жұмыс күші құрамына не кіреді?

А) Зейнетке шыққан кондитер.

В) Жарты ставкаға жұмыс істейтін үй шаруасындағы әйел.

С) Жұмыс табудан көңілі қалған фехтования мұғалімі.

Д) Сотталған, 25 жасар рекитер.

Е) 6 – сынып оқушысы.

  1. Классикалық теорияға сәйкес минималды жалақыны өсіру мынаған әкеледі:

А) Халық табысының өсуіне.

В) Жұмыссыздардың өсуіне.

С) Жұмыстылық деңгейінің өсуіне.

Д) Еңбекке сұраныстың төмендеуіне.

Е) Инвестицияны тұрақтандыруға.

  1. Көптеген экономистер қысқа мерзімде жұмыспен қамту деңгейі мен ұлттық өндіріс көлемі қалай анықталады деп есептеген?

А) Баға деңгейімен анықталады.

В) Жұмысшы күшінің санымен.

С) Капиталдың ұлттық қорымен.

Д) Жиынтық шығындар деңгейімен.

Е) Ақша ұсынысымен.

  1. Жеделдеген инфляция кезінде пайыз мөлшері:

А) Төмендейді, себебі ақша бағасы төмендейді.

В) Төмендейді, себебі жұмыспен қамту деңгейі төмендейді.

С) Өседі, себебі ақша бағасы төмендейді.

Д) Өседі,себебі жұмыспен қамту деңгейі төмендейді.

Е) Өзгермейді.

  1. Солоу үлгісіндегі шығарылым көлемінің тұрақты өсімі былай түсіндіріледі:

А) Халықтың өсімі.

В) Жинақ мөлшерінің өсімі.

С) Технологиялық прогресс.

Д) Инвестиция мөлшерінің өсімі.

Е) Жинақтың төмендеуі.

  1. Жыл ішінде номиналды табыс 1500 доллар=10% өсті. Сол кезеңде баға деңгейі 5% артты, онда нақты табыс:

А) Өзгермейді.

В) 5% өседі.

С) 15% артады.

Д) 5% түседі.

Е) 10% артады.

  1. Егер неміс маркасының долларға шаққандағы бағасы (1марка) 50 ден 45 центке түссе, онда Германияда сатылатын магнитофонның бағасы (доллармен) 150 маркадан:

А) 10 долларға түседі.

В) 7,50 долларға азаяды.

С) 5 долларға арзандайды.

Д) 7,50 долларға өседі.

Е) 8 долларға түседі.

  1. Бюджет артықшылығы ЖӨІ тепе-теңдік деңгейіне әсер етеді, келесі жағдайда:

А) Жинақтың қысқарылуы.

В) Инвестицияның артуы.

С) Тұтынудың артуы.

Д) Жинақтың өсуі.

Е) Инвестицияның қысқаруы.
2-нұсқа
Ақша ұсынысы М 500 млрд. долларды құрайды. ЖҰӨ 3000 млрд. долларға тең ақша айналымының жылдамдығы қандай?

А) 8

В) 10

С) 6

Д) 60

Е) 0

2. Ақша массасы – бұл:

А) Берілген елдегі евро және американ доллары және өндірістік дамыған елдердің басқа да валюталары.

В) Қолма қол формадағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы.

С) Айналыс және қор жинау құралы қызметін атқаратын қолма-қол және қолма-қолсыз формадағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы.

Д) Тарихи қалыптасқан ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Е) Бағалы металдар мен бағалы тастар.

3. Төлем балансының құрамдас бөлігі – ағымдық төлем есебіне не кірмейді?

А) Тауар экспорты.

В) Инвестицияның таза табысы.

С) Шетелдік мемлекеттерге транспорттық қызмет.

Д) Шетелдегі ел активінің өзгерісі.

Е) Бір жақты трансферттік төлем.

4. Қосымша құн арқылы есептелген ЖҰӨ көлемі неге тең?

А) Барлық факторлық табыстардың сомасы.

В) Барлық өндіруші фирмалардың қосымша құн сомасы + таза экспорт.

С) Барлық өндіруші фирмалардың қосымша құн сомасы.

Д) C + I + G + (X - IM)

Е) C + I + G

5. ЖҰӨ-ді шығын әдісімен есептегенде не қарастырылмайды?

А) Тұтыну шығындары.

В) Таза экспорт.

С) Жанама салықтар.

Д) Мемлекеттік тұтыну шығындары.

Е) Инвестиция.

6.Белгіленген агрегаттық шамалардың қайсысы ұлттық табыс құрамына кірмейді?

А) Корпорация пайдасы.

В) Еңбек ақы.

С) Ренталық табыс.

Д) Мемлекеттік трансферттік төлемдер.

Е) Дивиденд.

7. Экономикалық өсудің интенсивті түрі:

А) Өнім көлемін ұлғайту арқылы қол жеткізу.

В) Капиталды молайту арқылы қол жеткізу.

С) Еңбек ресурстарын көбейту арқылы қол жеткізу.

Д) Еңбек өнімділігін арттыру арқылы қол жеткізу.

Е) Құрал-жабдықтарды ұлғайту арқылы қол жеткізу.

8. Жинақтауға шекті бейімділік – бұл:

А) Жинақтау өсімінің қолдағы табыс өсіміне қатынасы.

В) Табыс көлемінің жинақтау көлеміне қатынасы.

С) Жинақтау көлемінің табыс көлеміне қатынасы.

Д) Табыс өсімінің жинақтау өсіміне қатынасы.

Е) Табыс өсімі мен жинақтау өсімінің сомасы.

9. Ірі бюджет тапшылығы толық жұмыспен қамту жағдайында нені туғызады?

А) Экспорттың импорттан асуын.

В) Ұлттық валютаның халықаралық құндылығының қысқаруын.

С) Шығындардың өсуіне негізделген инфляцияны.

Д) Нақты процент мөлшерінің өсуін.

Е) Нақты процент мөлшерінің төмендеуін.

10. Міндетті резервтің нормасы:

А) Ең алдымен ақша массасын шектеу құралы ретінде енгізіледі.

В) Салымдарды алып тастаудан сақтандыратын құрал түрінде енгізіледі.

С) Халықтың қажеттіліктерін өтеу үшін қажетті ақша массасының орташа шамасын құрайды.

Д) Қазір қолданылмайды.

Е) Коммерциялық банктердің құралдарын ұлғайту үшін енгізіледі.

11. Ақша ұсынысына кіретіндер:

А) Банктік емес жүйенің қолма-қол ақшалары және депозиттері.

В) Банктік емес жүйенің қолма-қол ақшалары және резервтері.

С) Қолма-қолсыз шоттардағы ақша қорлары.

Д) Банктік емес жүйенің қолма-қол ақшасы және жинақтау шоттары.

Е) Қосымша эмиссия нәтижесііндегі ақша массасы.

12. Көрсеткіштердің қайсысы өндіріс факторлары иелеріне төлемді нақты бейнелейді?

А) ТҰӨ.

В) ҚБТ.

С) ҰТ.

Д) ЖТ.

Е) Инвестициялар.

13. Егер өндірілген ЖҰӨ деңгейі тепе-тең мөлшерден аз болса, онда өндірушілер:

А) Өндіріс қорларын қысқартады, өндірісті кеңейтеді.

В) Қорларын арттырады, өндірісті кеңейтеді.

С) Қор мен өндірісті қысқартады.

Д) Қорды арттырып, өндірісті қысқартады.

Е) Өндірісті өзгертпей, қорды арттырады.

14. ЖҰӨ берілген элементтерінің қайсысына процент мөлшері деңгейіндегі өзгерістер үлкен әсер етеді?

А) Тұтыну шығындары.

В) Инвестиция.

С) Мемлекеттік шығындар.

Д) Экспорт.

Е) Импорт.

15. Егер тепе-теңдік көлемі потенциалды деңгейінен көп болса, онда:

А) Баға деңгейі көтеріледі.

В) Жұмыссыздық деңгейі көтеріледі.

С) Жиынтық ұсыныс өседі.

Д) Жиынтық сұраныс өседі.

Е) Дефляциялық үзіліс байқалады.

16. Шекті салық ставкасы мыналардың арасындағы ара қатынасты көрсетеді:

А) Енгізілген салықтың өсімі және табыстың өсімі.

В) Енгізілген салықтың өсімі және бюджеттің өсімі.

С) Енгізілген салықтың өсімі және ақша массасының деңгейі.

Д) Салық түсімі мен инвестицияның өсімі.

Е) Мемлекеттік шығын көлемі мен салық түсімдерінің өсімі.

17. Егер жиынтық ұсыныс жиынтық сұраныстан асып түссе, ол жағдайда мемлекеттік шығын мен таза экспорт нольге тең, онда:

А) Тұтынушылар және инвестициялық шығын бағасы қор жиынтығына тең.

В) Қор жинағы инвестицияға тең.

С) Қор жинағы жоспардағы инвестициядан асып кетеді.

Д) Номинальды шығын көлемі өзгеріссіз қалады.

Е) Нақты ІЖӨ өзгермейді.

18. Қай кезде жиынтық сұраныстың артуында өндірістің тепе-теңдік көлемінің өсуі орындалады?

А) AS қисығының кейнсиандық кесіндісінде.

В) AS қисығының аралық кесіндісінде.

С) AS қисығының классикалық кесіндісінде

Д) AS қисығының кейнсиандық және аралық кесінділерінде.

Е) AS қисығының аралық және классикалық кесінділерінде.

19. Жеткіліксіз жиынтық сұраныс неге әкеледі?

А) Фрикциондық жұмыссыздық формасының өсуіне.

В) Құрылымдық жұмыссыздық формасының өсуіне.

С) Циклдік жұмыссыздық формасының өсуіне.

Д) Жасырын жұмыссыздық формасының өсуіне.

Е) Технологиялық жұмыссыздық формасының өсуіне.

20. Егер номиналды табыс 8% өсіп, ал баға деңгейі 10% өссе, онда нақты табыс:

А) 2%-ке өседі.

В) 18%-ке өседі.

С) 2%-ке төмендейді.

Д) 18%-ке төмендейді.

Е) Өзгермейді.

21. Баға деңгейі мен табысқа қатаң бақылау жасау – бұл:

А) Сұраныс инфляциясы.

В) Ашық инфляция.

С) Шығындар инфляциясы.

Д) Жабық инфляция.

Е) Күтілетін инфляция.

22. Ұлттық валютаны айырбастауда оның бағамын көтеруге төмендегі шаралардың қайсысы әсер ете алады?

А) Осы елде процент ставкаларын төмендету.

В) Шетелде процент ставкаларын жоғарылату.

С) Осы елде баға деңгейін жоғарылату.

Д) Осы елде еңбек өнімділігінің деңгейін көтеру.

Е) Осы елде номинальды еңбек ақының ставкаларын көтеру.

23. Доллар бағасының түсуі АҚШ-тың экспорттық – импорттық көлеміне қалай әсер етеді?

А) Экспорт пен импорт өседі.

В) Экспорт өседі, импорт қысқарады.

С) Экспорт пен импорт түседі.

Д) Экспорт азайып, импорт өседі.

Е) Экспорт пен импортқа әсер ете қоймайды.

24. Егер жоспарланған тұтыну шығындары 40+0,9Yj-ке тең болса және жоспарланған инвестициялар 50 болса, онда табыстың тепе-теңдік деңгейі тең болады:

А) 90

В) 400

С) 500
1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Бағалау және бизнес» кафедрасы
ОӘК Қазақ инженерлік- техникалық академиясының оқу- әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы «БАҒалау және бизнес» кафедрасы
«050908 Бағалау» мамандықтарына Мемлекеттік Білім Стандарттарына сәйкес және Білім және Ғылым Министрлігі жанындағы 06. 06. 2006...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы
«Жалпы білім беру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы отырысында қаралған
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «Өндірісті ұйымдастыру»
«Өндірісті ұйымдастыру» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенін «Бағалау және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Тәжіғұлова А. Ж. Білім...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік-техникалық академиясы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақ инженерлік-техникалық академиясы «БАҒа белгілеу»
«Баға белгілеу» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенін «Бағалау және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы Тәжіғұлова А. Ж. Білім және...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница