Сілтемелер




Скачать 68.86 Kb.
НазваниеСілтемелер
Дата конвертации13.02.2013
Размер68.86 Kb.
ТипДокументы
(IFRIC) ХҚЕСТК (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 15

Жылжымайтын мүліктерінің құрылысы жөнінде келісімдер

Сілтемелер _____________________________________________________________





  • IAS 1 Қаржы есептiлiгiн ұсыну

  • IAS 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер және қателіктер

  • IAS 11 Құрылысқа жасалған келісімшарттар

  • IAS 18 Табыс

  • IAS 37 Бағалау міндеттемелері, келісімшартты міндеттемелер және шартты

активтер

  • IFRIC 12 Қызмет жөніндегі концессиялық келісімдер

  • IFRIC 13 Тұтынушы тұрақтылығы бойынша бағдарламалар



Бастапқы ақпарат__________________________________________________________





  1. Жылжымайтын мүлік саласында, тікелей немесе субподрядтық ұйым арқылы, тұрғын жылжымайтын мүлік құрылысына кірісетін ұйымдар бір немесе одан көп сатып алушылармен құрылыс аяқталмай тұрып келісім жасауына болады. Осындай келісімдер әртүрлі болады.

  2. Мысалы, тұрғын жылжымайтын мүлік құрылысына кірісетін ұйымдар жеке бірліктерді (пәтер немесе үйді) «сызбадан», яғни құрылыс әлі салынып жатқанда, немесе тіпті ол басталмай тұрып нарыққа шығаруды бастауына болады. Әрбір сатып алушы ұйыммен нақты көрсетілген құрылыс бірлігін ол кіруге дайын болғанда иеленуге келісім жасайды. Әдетте, сатып алушы ұйымға тек ұйыммен келісілген шарттарға сәйкес аяқталған құрылыс бірлігін бере алмаған жағдайда ғана қайтаруға болатын жарна төлейді. Сатып алу бағасының қалған бөлігі ұйымға негізінен тек келісімшарт аяқталғанда, сатып алушы құрылыс бірлігін иеленгенде төленеді.

  3. Тұрғын емес жылжымайтын мүліктің құрылысына кірісетін ұйымдар жалғыз сатып алушымен келісім жасауына болады. Сатып алушыдан бастапқы келісім уақыты мен келсімшарт аяқталу уақыты арасында біртіндеп аралық төлемдер жасауын талап етілуі мүмкін. Құрылыс сатып алушы иеленетін немесе құрылыс басталғанға дейін жалға алған жерде жүруі мүмкін.



Қолдану аясы___________________________________________________________________





  1. Осы Түсіндірме түсім және ортақтас шығындар туралы жылжымайтын мүлік құрылысына тікелей немесе субподрядтық ұйым арқылы кірісетін ұйымдардың есеп беруге қолданылады.

  2. Осы Түсіндірме шегіндегі келісімдер жылжымайтын мүлік құрылысы жөнінде келісімдер болып табылады. Жылжымайтын мүлік құрылысына қоса, осындай келісімдерге басқа тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету де кіруі мүмкін.



Мәселелер ________________________________________________________________





  1. Осы Түсіндірме екі мәселені қарастырады:

(а) Келісім 11 (IAS) ХҚЕС-ының шегінде немесе 18 (IAS) ХҚЕС-ының шегінде бола ма?

  1. Жылжымайтын мүлік құрылысынан түсетін түсім танылу уақыты?



Консенсус______________________________________________________________________





  1. Төмендегі талқылау ұйым жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі келісімді және кез-келген қатысы бар келісімдерді алдын ала талдағандығын және басқару әдетте иелікпен байланысты болатын шамадағы ұзақ мерзімді басқаруды да және құрылысы аяқталған жылжымайтын мүлікті сыйақының бір бөлігін немесе барлығын түсім деп тануға кедергі жасайтын шамада нәтижелі қадағалауды сақтап қалмайды деп ұйғарғандығын ескереді.




  1. Жалғыз келісім шегінде, ұйым жылжымайтын мүлік құрылысына қоса тауар жеткізуге немесе қызмет көрсетуге келісімшарт жасай алады (мысалы, жерді сату немесе жылжымайтын мүлікті басқару қызметтерін қамтамасық ету). 18 (IAS) ХҚЕС-тың 13 тармағына сәйкес, осындай келісімді жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі келісімді қоса, бөлек анықталатын компоненттерге айыру қажет болуы мүмкін. Келісім үшін қабылданған немесе қабылданатын жалпы сыйақының әділ құны әрбір компонентке бөлінуі тиіс. Егер бөлек компоненттер анықталса, ұйым осы Түсіндірменің 10-12 тармақтарын жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі компонентіне сол компоненттің 11 (IAS) ХҚЕС-тың шегінде, әлде 18 (IAS) ХҚЕС-тың шегінде болатындығын анықтау үшін қолданады. Содан соң, 11 (IAS) ХҚЕС-тың бөліктерге бөлу талаптары келісімнің құрылыс жөнінде келісімшарт екендігі анықталған кез-келген компонентіне қолданылады.




  1. Төмендегі талқылау жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі келісімшартқа қатысты, бірақ сонымен бірге ол құрамына басқа компоненттер кіретін келісім ішінде анықталған жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі компонентке де қолданылады.


Келісімнің 11 (IAS) ХҚЕС-тың шегінде немесе 18 (IAS) ХҚЕС-тың шегінде болатындығын анықтау


  1. Келісімнің 11 (IAS) ХҚЕС-тың шегінде, әлде 18 (IAS) ХҚЕС-тың шегінде болатындығын анықтау келісімнің шарттарына және барлық қоршаған факттер мен жағдайларға байланысты. Осындай анықтау әрбір келісімге қатысты шешімді талап етеді.

  2. (IAS) ХҚЕС келісім 11 (IAS) ХҚЕС-тың 3 тармағында баяндалған құрылыс жөніндегі келісімшарттың «активтің немесе активтер тобының құрылысы жөнінде нақты жасалған келісімшарт...» деген анықтамасына сай болғанда қолданылады. Жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі келісімшарт сатып алушының жылжымайтын мүлік жоспарының негізгі құрылымдық элементтерін құрылыс басталмай тұрып нақты көрсетуге және/немесе негізгі құрылымдық өзгерістерді құрылыс жүріп жатқанда нақты көрсетуге мүмкіндігі болса (бұл мүмкіндікті қолдану-қолданбауына қарамастан) құрылыс жөніндегі келісімшарт анықтамасына сай болады, 11 (IAS) ХҚЕС қолданылғанда, құрылыс жөніндегі келісімшартқа сонымен бірге 11 (IAS) ХҚЕС-тың 5(а) тармағына және 18 (IAS) ХҚЕС-тың 4 тармағына жылжымайтын мүлік құрылысына тікелей қатысы бар қызмет көрсету жөніндегі кез-келген келісімшарттар немесе компоненттер кіреді.

  3. Керісінше, сатып алушылардың жылжымайтын мүлік жоспарын өзгертуге, мысалы, ұйым көрсеткен әртүрлі жоспарлар ішінен жоспарды таңдауға немесе бас жоспарға тек елеулі емес өзгерістер енгізуге, шектеулі мүмкіндіктері болатын жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі келісім 18 (IAS) ХҚЕС шегіндегі тауар саудасы жөніндегі келісім болып табылады.

Жылжымайтын мүлік құрылысынан түсетін түсім жөнінде есеп беру

Келісім құрылыс жөніндегі келісімшарт болып табылады.

13. Келісім 11 (IAS) ХҚЕС-тың шегінде болғанда және оның нәтижесін сенімді түрде бағалау мүмкін болса, ұйым түсімді келісімшарт қызметінің орындалу сатысы тұрғысынан 11 (IAS) ХҚЕС-қа сәйкес тануы тиіс.

  1. Келісім құрылыс жөніндегі келісімшарт анықтамасына сай болмауы мүмкін және сондықтан 18 (IAS) ХҚЕС шегінде болуы мүмкін. Осындай жағдайда, ұйым келісімнің қызмет көрсету жөнінде ме әлде тауар саудасы жөнінде ме екіндігін анықтауы тиіс.

Келісім қызмет көрсету жөніндегі келісім болып табылады.

  1. Егер ұйымнан құрылыс материалдарын сатып алу және жабдықтау талап етілмесе, келісім 18 (IAS) ХҚЕС-қа сәйкес тек қызмет көрсету жөніндегі келісім болуы мүмкін. Осындай жағдайда 18 (IAS) ХҚЕС-тың 20 тармағындағы талаптар орындалса, 18 (IAS) ХҚЕС түсімнің транзакцияның орындалу сатысы тұрғысынан орындалуды анықтау тәсілінің пайызын қолданып танылуын талап етеді. 11 (IAS) ХҚЕС-тың талаптарын осындай транзакция үшін түсімді және ілеспелі шығындарды тануға жалпылай қолдануға болады (18 (IAS) ХҚЕС-тың 21 тармағы).

Келісім тауар саудасы жөніндегі келісім болып табылады.

  1. Егер ұйымнан жылжымайтын мүлікті сатып алушыға жеткізу үшін өз келісімшарттық міндеттемелерін орындау үшін құрылыс материалдарымен бірге қызметтермен қамтамасыз ету талап етілсе, келісім тауар саудасы жөніндегі келісім болып табылады және 18 (IAS) ХҚЕС-тың 14 тармағында баяндалған түсімді тануға арналған талаптар қолданылады.

  2. Ұйым сатып алушыға құрылыс жүріп жатқанда басқаруды және сол сәттегі күйінде жүріп жатқан жұмысты иеленудің маңызды қауіп-қатерлерін және нәтижелерін беруі мүмкін. Осындай жағдайда, егер құрылыс жүріп жатқанда 18 (IAS) ХҚЕС-тың 14 тармағындағы барлық талаптар үздіксіз орындалатын болса, ұйым түсімді орындалу сатысы тұрғысынан орындалуды анықтау тәсілінің пайызын қолданып тануы тиіс. 11 (IAS) ХҚЕС-тың талаптарын осындай транзакция үшін түсімді және ілеспелі шығындарды тануға жалпылай қолдануға болады.

  3. Ұйым сатып алушыға басқаруды және жылжымайтын мүлікті иеленудің маңызды қауіп-қатерлерін және нәтижелерін бір мезгілде толығымен беруі мүмкін (мысалы, аяқталған соң, сатып алушыға өткізу кезінде немесе кейін). Осындай жағдайда, ұйым түсімді тек 18 (IAS) ХҚЕС-тың 14 тармағындағы барлық талаптар орындалғанда тануы тиіс.

  4. Егер ұйымнан сатып алушыға өткізілген жылжымайтын мүліктің әрі қарай жұмыстарын жүргізу талап етілсе, ол 18 (IAS) ХҚЕС-тың 19 тармағына сәйкес міндеттемені және шығынды тануы тиіс. Міндеттеме 37 (IAS) ХҚЕС-қа сәйкес бағалануы тиіс. Ұйымнан сатып алушыға өткізілген жылжымайтын мүліктен бөлек анықтауға болатын әрі қарай тауарларды немесе қызметтерді жеткізу талап етілсе, ол қалған тауарларды немесе қызметтерді осы Түсіндірменің 8 тармағына сәйкес сауданың бөлек компоненті ретінде анықтар еді.

Ақпаратты ашып көрсету _________________________________________________

  1. Ұйым 18 (IAS) ХҚЕС-тың 14 тармағындағы сәйкес талаптарға құрылыс жүріп жатқанда үздіксіз сай болатын келісімдер бойынша түсімді орындалуды анықтау тәсілінің пайызын қолданып танығанда (осы Түсіндірменің 17 тармағын қараңыз), ол төмендегілерді ашып көрсетуі тиіс:

(а) қай келісім 18 (IAS) ХҚЕС-тың 14 тармағындағы барлық талаптарға құрылыс жүріп жатқанда үздіксіз сай болатынын қалай анықтайтынын;

(b) осындай келісімдерден сол кезеңде туындайтын түсімнің мөлшерін; және

(с) жүріп жатқан келісімнің орындалу сатысын анықтауға қолданған тәсілдерін.

21. Есеп күнгі жүріп жатқан 20 тармақта сипатталған келісімдер үшін ұйым сонымен бірге төмендегілерді ашып көрсетуі тиіс:

(а) пайда болған шығындардың және сол күнге дейін танылған кірістердің (танылған шығындар шегерілген)жиынтық мөлшерін; және

(b) қабылданған алдын ала төлемдер мөлшерін.

18 (IAS) ХҚЕС-тың қосымшасына түзетулер ___________________________________

    1. [ Түзетулер18 (IAS) ХҚЕС-ы қосымшасына біріктірілген ]

Күшіне ену күні және есептің жаңа тәртібіне өту_____________________________________

  1. Осы түсіндірмені ұйым 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түсіндірмені 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін басталатын мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.




  1. Есеп беру саясатының өзгерістері жөнінде 8 (IAS) ХҚЕС-қа сәйкес ретроспективті түрде есепке алынуы керек.

___________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-ына авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.




Похожие:

Сілтемелер iconПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Сілтемелер iconПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Сілтемелер iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 12
Сілтемелер iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Сілтемелер iconЕрежесі Нормативтік сілтемелер
Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Жарлығымен бекітілген «Білім туралы» Заңы (2011 жылдың 24 қазанында өзгерістер...
Сілтемелер iconДайындық кезеңі Жауаптылар
Интернет-ресурстарына сілтемелер дайындау, қажетті оқулықтар мен электрондық материалдар және т б материалдар қорын дайындау
Сілтемелер iconSic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер
Ондай шарттар көбінесе амк-ның ағымдағы қызметіне басшылық жасау саясатын оның құрылтайшысынан немесе демеушісінен басқа ешкімнің...
Сілтемелер iconWww қызметі. Www (World Wide Web)
Мәліметтер блоктары (Web-парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі www-сервер немесе Web – сервер деп аталатын...
Сілтемелер iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница