Карьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер




Скачать 116.47 Kb.
НазваниеКарьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер
Дата конвертации13.02.2013
Размер116.47 Kb.
ТипДокументы


Карьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің және үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу бойынша нұсқауына

1-қосымша

Карьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер
1. тау жыныстарының абсолют жылжуы – кен массивінің бір бөлігінің оның екінші жылжымайтын бөлігіне қатысты орын ауыстыруы, құрал-саймандық маркшейдерлік өлшемдер жолымен анықталады және ығысу векторымен сипатталады.

2. Қиябеттер деформациялары дамуының белсенді сатысы-тау жыныстары массиві бұзылуының көрінетін белгілері айқындалған сәттен бастап деформациялардың өшу сатысы басталғанға дейінгі кезең.

3. Анизотропты тау жынысы-оның қасиеттері әр түрлі бағыттарда бірдей болмайтын тау жынысы. Олардың беріктігі қабаттасу бойынша беріктікке қарағанда, қабаттасуға айқаспа шөгінді тау жыныстары (тақта тастар, саздар) анық айқындалған механикалық анизотропияны иеленеді.

4. Берма-(кертпеш алаңы).

5. Карьер беткейі (КБ)-карьерді шектейтін, қапталдық бет. КБ тік жазықтықта жазық, дөңес, иілген және сынған; планда-түзу сызықты және қисық сызықты (қазылынды кеңістік жағына қарай немесе тау-кен жұмыстарын жылжыту жағына қарай дөңестікпен) болуы мүмкін. Жұмыстық және тұрақты КБ ажыратады; КБ еңіс биіктігімен және бұрышымен сипатталады.

6. Ернеу-кертпеш қиябеті бетінің (үйінді жік қабатының) сәйкес жоғарғы және төменгі ернеулер деп аталатын, алаңдар бетімен (жоғарғы немесе төменгі) қиылысу сызығы. Төменгі кертпештің төменгі ернеуі-карьер түбінің контуры, жоғарғы кертпештің жоғарғы ернеуі (жоғарғы кертпеш қиябетінің күндізгі бетпен қиылысу сызығы) карьер контуры деп аталады.

7. Тау жыныстарының жылжу шамасы (жылжу бұрышы)-массивтің жеке нүктелерінің абсолют жылжуы айырымының ығысу бағытына қарай нормаль бойынша олардың арасындағы ара қашықтыққа қатынасы. Егер массивтің жеке нүктелерінің ығысу векторлары өз араларында параллель болмаса, онда олар ығысу векторлары бағытының және шамасының ығысу шамасын анықтау кезінде заңдылықты тегістеуге ұшыратылады.

8. Жылжыманың (опырылудың) ығысу шамасы-ығысқан тау жыныстары қиябеттің төменгі ернеуінен ығысу бағыты бойынша өткен жолдың көлденең салынуы.

9. Ығысу векторы (ЫВ)-қандай да бір масштабта күндізгі беттің жеке нүктесінің немесе кеңістікке тау жыныстары массивінің белгілі уақыт моментіне абсолют ығысуын кескіндейтін, бағытталған кесінді. Маркшейдерлік өлшемдерді өңдеу кезінде ЫВ әрбір бақылау сериясына салынады, яғни бақылаулар арасындағы кезеңде peперлердің ығысуын сипаттайды.

10. Вертикаль деформациялар (ВД)-күндізгі бет нүктелері немесе вертикаль жазықтықтағы тау жыныстары массиві орнының өзгерісін сипаттайды. Абсолют және салыстырмалы ВД ажыратады, соңғылары вертикаль жазықтықтағы нүктелердің (реперлердің) бірқалыпсыз ығысуынан пайда болған.

11. Қиябеттер орнықтылығының бұзылу түрлері-карьерлер мен үйінділер кертпештері мен беткейлерінің қиябеттерінің бұзушы деформациялары: жылжымалар, опырылулар, сырғымалар және отырулар, сондай-ақ сүзгілеуші деформациялар-тіреу, сырғу, суффозия, жарықшақтардың бойында сүзгілеуші шығару.

12. Қиябеттің тұру уақыты-уақыт аралығымен өлшенеді, ол уақыт бойында қиябет жұмыс күйінде болмайды және қиябет деформацияларының жасырын сатысынан тұрады.

13. Екінші реттік жылжытулар-көбінесе бұрын бұзушы деформациялармен түртілмеген, тау жыныстарының массаларын қозғалысқа келтірумен жалғасатын, сыртқы әсерлер (жер асты суларының әсері, атмосфералық жауын-шашындар жаууы, қардың еруі, жылжыған массалардың бір бөлігін, сыртқы жүктемені және тағы сол сияқты жинау) нәтижесінде пайда болатын, бұрын байқалған деформацияларды (басты түрде жылжымаларды) белсенділендіру.

14. Деформацияланған қиябеттің биіктігі-қиябеттің орнықтылығы бұзылғанға дейін оның максимум және минимум биіктіктік белгілері арасындағы айырым.

15. Деформацияның даму тереңдігі-қиябеттің жоғарғы ернеуінің (карьер жиегінің) бастапқы орнынан ығысқан массалар қозғалысының бағытына қарама-қарсы бағытта көзбен байқалатын соңғы жарықшаққа дейінгі ара қашықтық (горизонталь бойынша).

16. Тереңдіктік репер-(репер).

17. Горизонталь деформациялар (ГД)-күндізгі бет нүктелерінің немесе тау жыныстары массивінің жоспардағы орнының өзгерісін сипаттайды. Абсолют және салыстырмалы ГД ажыратады. Соңғылары жоспардағы жеке нүктелердің (реперлердің) бірқалыпсыз ығысуынан пайда болған, бұл массивтің қысылуына немесе созылуына әкеліп соғады.

18. Жылжу және деформациялар графиктері-жер бетінің немесе тау жынысының жылжулары мен деформацияларының шамаларын белгілі масштабта кескінді сызықта кескіндейтін сызықтар. Мына графиктерді (қисықтарды) ажыратады: а) вертикаль жылжу (шөгу); б) горизонталь жылжу; в) тау жыныстарының ығысу; г) горизонталь деформациялар (қысылулар және созылулар); д) ығысу жылдамдықтары.

19. Тау жыныстарының деформациясы-әр текті күштердің (гравитациялық, сейсмикалық, тау-кен көлігі жабдықтарынан сыртқы жүктемелер және тағы сол сияқты) әсерінен тау жыныстарының пішіні мен көлемінің өзгеруі. Серпімді, иілімді және айырылымдық деформацияларды ажыратады. Серпімді деформациялар кезінде жүктемені алған соң дененің пішіні қалпына келеді. Иілімді және айырылымдық деформациялар қайтымсыз. Тау жыныстарының көпшілігі жүктемелер артқан кезде деформацияның барлық үш сатысына ұшырайды. Сазды тау жыныстарында серпімді деформация болмайды.

20. Динамикалық жүктеме (ДЖ)-тау-кен көлігі жабдықтарының жұмысынан, жару жұмыстарының сейсмикалық әсерінен немесе жер сілкінісінен пайда болған тау жыныстарының массивіне қысқа уақытты күштік әсер ету. Қиябет орнықтылығының жеткіліксіз қоры болғанда ДЖ оның бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

21. Жылжу, опырылу шебі бойынша ұзындығы, сырғымалар-бұзушы деформацияға ұшыраған, кертпештердің немесе карьер беткейінің ұзындығы. Қиябет ернеулерінің пішін үйлесімін қайталайтын, бұзылған учаскенің ең үлкен өлшемі өлшенеді. Егер орнықтылықтың бұзылуына бірнеше кертпеш ұшыраса, барлық горизонттар бойынша жиынтық шама көрсетіледі. Егер орнықтылықтың бұзылуы жұмыстар шебінің бойында циклді дамыса-екінші реттік жылжудың даму уақытына байланыссыз жалпы ұзындығы көрсетіледі.

22. Іліктас-қиябет деформацияларының дамуы нәтижесінде пайда болған, кертпештің немесе күндізгі беттің жоғарғы алаңында көзбен көрінетін жарықшақ.

23. Изотропты тау жынысы-механикалық қасиеттері әр түрлі бағыттарда бірдей болатын тау жынысы.

24. Тау жыныстарының жасанды бекітілуі-тау жыныстарының табиғи жатысы жағдайларында олардың орнықтылығын арттыруға бағытталған шаралар. Тау жыныстарына жоғары беріктікті берудің келесі әдістерін ажыратады: а) механикалық (штангылық бекіту, шпунттар, қадалар, тартқыштар, тіреу және контрфорстық қабырғалар); б) цементтелушілік (күйдіру, цементтеу, шайырлау, битумдау, силикаттау); в) оқшауламалық (торкрет-бетон, бүрікпе-бетон, шымдану және ағаш отырғызу, мылонафттан жасалған гидрофобтаушы жамылғы және тағы басқа); г) араласқан (мысалы, электроосмос және термиялық өңдеу, штангылық бекіту және цементтеу, штангалық бекіту, гидрооқшауламалық жамылғы және тағы сол сияқты).

25. Бастапқы репер-(жоғарыдан «реперді» қара).

26. Орнықтылық қорының коэффициенті-қиябетті тепе-теңдікте ұстап тұратын, барлық күштер сомасының оны тепе-теңдіктен шығаруға ұмтылатын, барлық ығыстырушы күштердің сомасына қатынасы; барлық инженерлік әдістердегі осы күштердің әсері сырғанаудың потенциалдық бетіне ауыстырылады. Қиябеттер үшін бұл шама 1,0-1,5 дейінгі шекте қабылданады; қиябеттің маңыздылығын және қызмет ету мерзімін есептегенде бастапқы деректердің дұрыстығына байланысты болады.

27. Құрылымдық босаңсу коэффициенті-массивтегі және үлгідегі тау жыныстары беріктігінің ара қатысы. Тәжірибелік жолмен анықталады.

28. Маркшейдерлік бақылау станциясы-жүйелі құрал-саймандық маркшейдерлік өлшемдер арқылы қиябеттерде тау жыныстарының деформациялану заңдылықтарын зерделеу мақсатында белгілі жүйе бойынша жер бетінде, карьер немесе үйінді беткейінің кертпештерінде салынған реперлердің жиынтығы.

29. Карьер беткейіндегі бақылау станциясы-жер бетінің және кертпештер қиябеттерінің деформацияларын бақылау мақсатында жер бетінде, карьер беткейінің кертпештерінде салынған реперлердің жиынтығы.

30. Бақылаулардың толық емес сериясы-олардың нәтижесінде жазықтықтардың біреуінде (горизонталь немесе вертикаль) реперлердің орны анықталатын өлшемдер кешені.

31. Опырылу-тау жыныстары массаларының немесе массивтің ығысатын бөлігін уатумен жалғасатын, қиябетті құрайтын, тау жыныстары блоктарының және будаларының жылдам ығысуы. Опырылатын тау жыныстарының негізгі массивтен үзілуінің беті, тәртіп бойынша, массив тұтастығының әр түрлі бұзылыстарымен сәйкес келеді (ірі жарықшақтар, қабаттылық, тектоникалық бұзылыстар және тағы сол сияқты). Көрсетілген бет ішкі үйкеліс бұрышына қарағанда үлкен бұрыштың астында жатады, сондықтан ілініс күштерін жеңген соң үзілген массив осы бет бойынша үйкеліс күштерімен ұсталынып тұра алмайды және қиябет табанына қарай төмен жылжиды. Опырылудың белсенді лезде дерлік өтеді.

32. Тау жыныстарының қауіпті деформациялары-үйінділердің, карьерлер кертпештері мен беткейлерінің, алаңдардың, сондай-ақ карьерге тиесілі территорияның деформациялары, карьерлерде жұмыс жағдайларын нашарлататын, карьерлердегі жұмыстардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, тау-кен көлігі жабдықтарының апаттарын тудырады.

33. Сырғу-тау жыныстары бөлшектерінің қиябетке ағатын жер асты суларымен тасымалдануынан пайда болған, тау жыныстарының бұзылу процесі.

34. Сусыма-бұзылған құрылымды құм-сазды тау жыныстарының кейбір алуан түрлерінің (тозаңды құмдар мен саздар, сондай-ақ сары топырақты саздақтар және сары топырақтар) кертпештер алаңдары бойымен 4-6° және одан кем ағатын, ағатын күйге дейін сумен қаныққан ағын түрінде жылжуы. Сусыма көбінесе алапаттық сипатты иеленіп, тым қарқынды дамиды.

35. Жылжыма-ығыстырушы тау жыныстары мен қозғалмайтын массив арасында сырғанайтын қозғалыс түрінде болатын, қиябетті құрайтын (көбінесе оның негізінде) тау жыныстары массаларының кідіртпелі ығысуы. Өлшемдері бойынша қиябеттер орнықтылығы бұзылуының аса ірі түрі. Жылжыма басты түрде, тау жыныстарының қалыңдығында бос ылғалданған қабаттардың, жапсарлардың, сығылмалардың, тектоникалық бұзылыстардың бар болуымен себептелген.

36. Тірек репер-(репер).

37. Шөгу ()-қиябетті немесе оның негізін құрайтын тау жыныстарының қысылуы, тығыздалуы немесе өзге түр өзгертулері нәтижесінде тау жыныстары массивінің вертикаль ығысуы. Шөгу сазды тау жыныстарының үйінділерінде өте кеңінен таралған, онда ол бастапқы биіктіктен бастап 30 % дейін құрайды. Әсіресе тау жыныстарының нығаюымен байланысқан, бірқалыпты шөгу, жалпы жағдайда қауіптілікті білдірмейді.

38. Қиябет-ашық, кен қазбасы немесе жасанды үйінді бетінің еңіс бөлігі. Кен өндіру жабдықтарының түріне байланысты қиябет жазық (экскаватор-драглайндар, көп ожаулы экскаваторлар), иілген (тура және кері механикалық күректер, шынжырлы және роторлы экскаваторлар), сынған (көп ожаулы экскаваторлар) және күрделі (роторлы экскаваторлар) кескінді болады.

39. Кертпеш алаңы (бермасы)-кен өндіру механизмдерін, көлік жолдарын, су жинау құралдарын орналастыру және сусымаларды қабылдау, орналастыру және қиябет бетінен сырғанайтын тау жыныстарының жеке шойтастарын орналастыру үшін қызмет атақаратын, карьер кертпеші бетінің горизонталь бөлігі. Осыған сәйкес жұмыс, көлік, сақтандыру алаңдарын ажыратады. Алаңдардың ені тау-кен көлігі машиналарының өлшемдерімен, техникалық пайдалану талаптарымен және тау жыныстарының орнықтылығымен анықталады.

40. Сырғанау беті-тау жыныстарының максимум салыстырмалы ығысулары нүктелерінің геометриялық орны болып табылатын және ығысатын бөлікті тау жыныстары массивінің негізгі қозғалмайтын бөлігінен бөліп тұратын, карьер беткейінің (кертпеш немесе үйінді беткейінің) массивіндегі бет. Көптеген жағдайларда сырғанау беті массивте тау жыныстарының беріктік анизотропиясы беттерінің бар болуымен байланысқан (әр текті тау жыныстарының бос жапсарлары, жарықшақтар, тектоникалық аймақтар және бұзылыстар, салыстырмалы түрде беріктігі аз қабаттар мен қабатшалар). Қиябеттің орнықтылығын бағалау кезінде есептеу жолымен есептік бетті ерекшелейді, ол бойынша ығыстырушы және ұстап тұрушы күштерді салыстыру жүргізіледі.

41. Бақылаулардың толық сериясы-бақылау станциясындағы өлшемдер кешені, олардың нәтижесінде реперлердің кеңістікте орналасуы анықталуы мүмкін; бақылаулардың толық сериясы реперлерді нивелирлеуден және олардың арасындағы ара қашықтықты өлшеуден тұрады.

42. Ығысудың толық векторы-(«ығысу векторын» қараңыз).

43. Вертикаль қиябеттің шекті биіктігі (Нв)-ол кезде вертикаль жалаңаштану орнықты болатын, максимум биіктік.

44. Беткейдің шекті деформациясы-деформациялар дамуының белсенді сатысынын алдында болатын, карьер беткейін құрайтын тау жыныстары ығысуының шекті шамасы.

45. Карьер (кертпеш қиябеті, үйінді) беткейінің опырылу призмасы-карьер (кертпеш қиябеті, үйінді) беткейінің және сырғанау бетінің арасындағы, тау жыныстары массивінің (үйінді массаларының) бір бөлігі. Шекті тепе-теңдік күйіне жетіп, беткейдің (кертпеш қиябетінің, үйіндінің) опырылу призмасы сырғанау және беткей (кертпеш қиябеті, үйінді) бетінің бойында массивтен үзіледі.

46. Жылжымаға қарсы шаралар-үйінділер, карьерлер кертпештері мен беткейлері қиябеттерінің қауіпті деформацияларың (тек жылжымалық ғана емес) ескертуге, оқшаулауға және болдырмауға бағытталған, сақтандыру сипатты шаралар кешені.

47. Отыру-меншікті салмақтың, динамикалық жүктемелердің және тағы сол сияқты әсер етуімен табиғи және бұзылған құрылымды жоғары кеуекті болбыр тау жыныстарынан қалыптасқан, үйінділердің бетін және кертпештер алаңдарын бірқалыпсыз вертикаль түсіру. Отыру кезінде әдетте сырғанаудың тұтас беті құрылады. Отыру құбылыстарының ерекші түрі карст процестерінің және жер асты қазбаларының әсерінен болған ойылымдар болып саналады.

48. Кескіндік сызық-маркшейдерлік бақылау станциясының түзу немесе сынған сызық түріндегі бөлігі, ол бойынша тау жыныстарының деформацияларын бақылау бойынша реперлер орналасқан. Жұмыстық және тіреу реперлерден тұрады, тәртіп бойынша, олар орнықтылықтың потенциал бұзылыстарының болжанатын жылжуының бағыты бойынша орналасады.

49. Жұмыстық репер-(«реперді» қараңыз).

50. Есептік сипаттамалар-орнықтылықты бағалау кезінде пайдаланылатын, тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері.

51. Репер-натурада (күндізгі бетте, тау жыныстары массивінде немесе тау қазбасында) бекітілген, белгілі координаталары бар маркшейдерлік нүкте. Бастапқы, тіреу және жұмыстық реперлерді ажыратады. Қиябеттердегі тау жыныстарының деформацияларын бақылау үшін бастапқылар ретінде түсіруді негіздеу пункттері, I және II разрядты полигонометрия, барлық класты триангуляциялар және микротриангуляциялар қызмет атқарады. Бастапқы реперлер жеке кескіндік сызықтардан тұратын, бақылау станциясының желісін дамыту үшін қызмет атқарады. Жер бетінің деформациялану аймағынан тыс салынған, кескіндік сызықтар реперлері кеңістікте орналасуын және жұмыстық реперлердің уақытын маркшейдерлік бақылау жүргізу үшін тіреу ретінде қызмет атқарады.

52. Массив нүктелерінің ығысу жылдамдығы-ығысу векторының бағыты бойынша белгілі уақыт кесіндісінде маркшейдерлік бақылау станциясының жұмыстық реперлерінің ығысу шамасы. Процесс динамикасына, деформациялар жылдамдығына байланысты былайша өлшенуі мүмкін: м/сағ, м/тәулік, мм/сағ, мм/тәулік, мм/ай. Деформациялардың қауіптілік дәрежесін сипаттау үшін жылжу мен деформациялар процесінің белсенді сатысында бастапқы кезеңде ығысу жылдамдығы аса көрсеткішті.

53. Жылжыма дамуының жасырын сатысы-массивтегі микрожылжымалардың дамуынан бастап жылжыма қалыптасуының көрінетін белгілері пайда болғанға дейінгі кезең (жер бетінде жарықшақтардың пайда болуы, карьер беткейінің негізінде тау жыныстарының тірелуі және тағы сол сияқты), массив нүктелерінің ығысу жылдамдығы жасырын сатының аяғына қарай тәулігіне 1-10 мм құрайды.

54. Жылжыманың өшу сатысы-жылжыма массаларының азаятын жылдамдықпен ығысу толық аяқталғанға дейін ығысу кезеңі.

55. Суффозия-гидродинамикалық күштердің әсер етуімен тау жыныстары массивінен ұсақ бөлшектерді шығару.

56. Үзіліс жарықшағы (H90)-сырғанау бетінің жоғарғы бөлігі-оның вертикаль бөлігі.

57. Карьер беткейінің еңіс бұрышы-карьердің жоғарғы және төменгі жиектерін қосатын сызық пен оның горизонталь жазықтыққа проекциясы арасындағы карьер беткейінің созылымына қалыпты, жазықтықтағы бұрыш.

58. Кертпеш қиябетінің бұрышы-кертпештің жоғарғы және төменгі жиектерін қосатын сызық пен оның горизонталь жазықтыққа проекциясы арасындағы кертпештің созылымына қалыпты, жазықтықтағы бұрыш.

59. Карьер кертпеші-карьер беткейінің саты түріндегі бөлігі.

60. Қиябет орнықтылығының бұзылуынан болатын зиян-орнықтылықтың бұзылуы салдарын жою бойынша қосымша жұмыстардың құны; өндіру және тасымалдау құралдары өнімділігінің төмендеуінен тудырылған жұмыстардың қымбаттауы; оның деформацияланған массалармен құнарсыздануы нәтижесінде пайдалы қазба сапасының нашарлауы.

61. Опырылу призмасының ені-күндізгі беттің немесе сырғанаудың потенциал бетінің ернеуі мен жиегі арасындағы кертпеш алаңының учаскесі.

62. Жер бетінің деформациялану аймағының ені-карьердің жоғарғы жиегінен оның артында микродеформациялар айқындалмайтын шекараға дейінгі ара қашықтық.

63. Іліктастар аймағының ені - карьердің (кертпештің) жоғарғы жиегінен (ернеуінен) аса алыстатылған іліктасқа немесе жарықшаққа дейінгі ара қашықтық.

64. Дөңес және иілген кескінді беткей еңісінің балама бұрышы-аршылым көлемі бойынша дөңес және иілген кескінді беткей еңісінің бұрыштарына балама, жазық кескінді карьер беткейінің жалған еңіс бұрышы.

________________________


Похожие:

Карьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер iconКарьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер
Карьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің және үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз...
Карьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер iconРегламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары
«Оңтүстік Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Карьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер iconКарьерлердегі қиябеттердің көшкінді деформацияларының даму сипаттамасы
Карьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің, үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз...
Карьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер iconКарьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің, үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу бойынша нұсқаулар
Карьерлердегі қиябеттердің жылжымалары мен бұзылуын алдын-алу, сонымен қатар карьерге жақын жатқан территориялардың және үйінділердің,...
Карьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары: «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» азаматтардың жеке селолық округі аумағында тұрғылықты тұратын және қосалқы...
Карьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер iconКарьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің, үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу бойынша
Шекті қалыптағы кертпештерді арнайы жайпақтау кезінде бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу әдістемесі Х
Карьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер iconШекті қалыптағы кертпештерді арнайы жайпақтау кезінде бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу әдістемесі Х
Карьерлердегі беткейлердің, кертпештер қиябеттерінің, үйінділердегі деформацияларын бақылау және олардың орнықтылығын қамтамасыз...
Карьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер iconҚұрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту
А қосымшасы (міндетті) Осы Нұсқауда* пайдаланылған негізгі ұғымдар (терминдер және анықтамалар)
Карьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер iconРегламенті негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдердің анықтамалары
Алтынтөбе ауыл округі әкімі аппаратының «Қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің
Карьерлердегі қиябеттердің орнықтылығын зерделеу кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер iconРегламенті негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдердің анықтамалары
Жаңабазар ауыл округі әкімі аппаратының «Қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница