Астана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі




Скачать 80.88 Kb.
НазваниеАстана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі
Дата конвертации13.02.2013
Размер80.88 Kb.
ТипДокументы
Астана қаласы №57 орта мектеп.

7- сынып

Тақырыбы:




Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі

Ибраева Ж.К.

Астана - 2009

Сабақтың мақсаты: «Экология және біз»

Білімділік: Экологиялық мәдениеттілікті қалыптастырып, табиғатты қорғауға, аялауға шақыру.

Дамытушылық: Жеке адамның санасына табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып «адам-қоғам-табиғат» арасындағы толық үйлесімділіктігін дамыту, үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларға жасыл даланың әсемдігін сақтауға, сүюге, баба өсиетін қастерлеп, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:

Құстар биі.

Мұғалім: Ей, адамдар, Жер-сенің аяулы бесігің,

Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.

Оныменен кіндіктес жаның да, қаның да,

Жер жаһанда аялап алақанда.

Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап,

Күнде ұлы сәулесін төгеді жадырап.

Бар тіршілік тұрады бұл жерден жалына,

Дүниеге жер ана қара шаңырақ.-деп ақын Ә. Нілібаев жырлағандай бүкіл тіршілік атаулының ұясы және аяулы бесігі, құтты қонысы мен мекені-табиғат. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз да сол табиғат жайында болмақ. «Экология және біз» тақырыбында болатын сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бастаушы:Табиғат әсемдіктің көркісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе

Сенен алып тұрғандай тынысың.

Қазына «қара жер де»-дейді халық

Күн көрген, жерден алып,

Жер анадан үзіліп кете алмаған.

Кемеңгер небір дана, небір алып.

Бастаушы: Ақын жырлағандай біз өмір сүріп отырғандай табиғат байлық, қазына, өмір, денсаулық ұйытқысы. Олай болса атамыз қазақ табиғатқа бас иіп, қадірлей білген. Бүгінгі күндері адамзат бар байлықты табиғаттан алып, оны аялауды, қорғауды естен шығарып алғандай.

Бастаушы: Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты болған. Ғасырлар бойы табиғат аясында тіршілік ете жүріп, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді. Өздерін табиғаттың бөлінбес бөлшегі іспеттес көрді.

Экологиялық түсінік.

Бастаушы: Соңғы жылдары елімізде табиғатты қорғау шараларына көңіл бөлініп, әр аймақтың табиғи ерекшелігін сақтап қалуға үлкен мән берілуде. 1997 ж. 15 шілдеде «Қоршаған ортаны қорғау» туралы, 1997 ж. 6 тамызда «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы заңдар қабылданды және оны жүзеге асыруда көптеген жұмыстар жүргізуде.

Бастаушы: Табиғаттың көркі, келбеті бар тамаша туындыларының бірі-хайуанаттар болса, бірі әсем әнге бөлейтін-құстар.

Аң да адамды жағалайды

Санап тұрған бауырлас

Ұя салып паналайды

Үйді дала қарлығаш,

Әрқашанда зәру аң-құс,

Адамдардың мейіріне

Айтатындай іштей алғыс

Адал аппақ пейіліне-

(көрініс «Ақ қайың»)

Сахнада ағаштың түбіртектері қойылған. Сахна ортасына ақ қайың бейнесіне енген қыз, қолында жоғары көтерген құс ұясы. Мұңлы музыка ойналады.

Ақ қайың сөзі:

Орман едік бір кезде біз жайқалған,

Аң мен құстың әсем әні сайраған.

Әні кеткен, бұл өлкенің сәні кеткен,

Аң мен құстың бас сауғалап бәрі кеткен.

Жалғыз қалдым, жалғыздықтың жыры көп,

Анам, әкем, бауырларым, қайдасың?

Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын.

Жалғыздықтың мұңы көп...

Соны айтуға, адамзатқа тілім жоқ.

( Қолында арасы бар әкесі мен баласы келеді.)

Әкесі: Ағаш та қалмапты ғой өзі?

Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырқып алдық қой.

Әкесі: Е, міне, жалғыз қайың қалыпты ғой, соны қырқып алайық.

Баласы: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емес пе, табиғаттың сәні ғой.

Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашымағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.

(Ақ қайыңды қырқып жатқанда, құс ұшыр келеді.)

Құс: Тимеңдерші бұл ақ қайыңға, ұямды бұзбаңдаршы. Қырықпаңдаршы.

Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұршы.

Баласы: Әке, ол өз ұясын қорғап жү ғой. Осы ағашты қырықпай-ақ қояйықшы.

Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны. Ай, сен де, нәзік жүрек. Мә, саған,-деп әкесі құсты таспен атып ұрады.

( Құс сахнаның алдыңғы жағына етбетімен құлағандай қимыл келтіреді. Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді. Мұңлы музыка ойналады.)

Құс ақырын басын көтеріп:

Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,

Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала.

Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын,

Не қалады? Не көреді артыңдағы ұрпағың?

Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,

Бас ұрып қара жерге сұлағанын.

Сарғайып жапырағы өлімсіреп,

Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?

Бастаушы: Адам өзіне қажетті тағамды, заттарды табиғаттан алады. Ас атасы-наннан жердің иісі шығады. Адамға қажетті көкөністер табиғаттың желісі. Табиғатпен етене өскен халқымыз сол ортаға байланысты ғасырлар бойы қалыптасып, жазылмаған заңға айналған дәстүрлері сан тарау. Біз ұрпағымызды табиғаттың көз тойғысыз көрінісін, сұлулығын тыныштығын бұзбай, аялап қамқор бола білуіміз қажет.

Бастаушы: Халқымыз байқампаз тұрақтылықты, мейірімділікті қастерлеп ақ ниет, аппақ сезімді «Аққу сезім» деп атаған, әсемдік символына балаған. Сондықтан, халайық орманды кесіп, құстарды және жануарларды атып табиғаттың сұлулығына қауіп төндіруден сақтанайық. Және құрып, экологияға ұшыраған жерлерімізді сақтауға көңіл бөлейік.

Әдеби монтаж.

Бастаушы: Табиғат байлығының бірі-жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті-Жасыл Әлем. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан қамқорлығын аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз соның айғағы.

Бастаушы: «Саған айтам, болашақтар бүр жарған,

Шыбық-талың, шыршаларың ұрланған.

Сендер қалап, айналғанда орманға

Не қалады, не қалады бұл маңнан»,-деп М.Мақатаев атамыз жырлағандай жасыл орманды орынсыз отау, орны толмас өкінішке апарары сөзсіз.

Осындай қайғыға душар болған жерлерімізді әнге салып көрсек артық болмас деген оймен келесі кезекті әсем әнге берелік.

Ән.

«Жаны саудың тәні сау»-спорт өнері.

Бастаушы: Ш. Уалиханов «Қазақтар киеге үлкен мән берген. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстар киелі деп қастерленген»,-дейді.

Қасиетті сөз бар еді-«Кие» деген,

Жерін, Елін, Отанын сүйетіндер,

Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен,

Тірі нәрсе шөп деген, көгал деген,

Көкті жұлма, болады обал деген

Ата-анамыз жыланға үйге келген

Ақ сүт құйып басына «Жоғал» деген.

Осындай жыр жолдарын төге отырып, қазақ қыздарының ұлттық өнерімізді жоғалтпаған бейнесімен биші қыздарымызды сахна төріне шақырамыз.

(Сахнаға бір топ биші қыздарымызды шақырамыз.)

Би.

Жаттау.

Бастаушы: Ата-бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап қалған жері үш нәубетті басынан кешті. 1) 18 ғасырдағы жоңғар шапқыншылығының қырғыны. 2) 1930-1933 жылдардағы ашаршылық. 3) осы заманғы экологиялық нәубет. Бүкіл жер шары, оның ішінде қазақ жері де экологиялық зардап шегіп отыр.

Бастаушы: Ия, біз осындай зардаптарды әлі де көрәп келеміз. Оларды айтар болсақ полигон жарылыстары Семейдегі, ал қазіргі кезде Арал бізге қосымша экологиялық жағдайды бастан кешірудеміз. (көрініс «Мүгедек бала»)

Мұғалім: Жазғанымды дәрменсіз боп бас жағыма жастаймын,

Сөзімді мен кезі келді енді неден бастаймын?

Жан ұшырған үнін естіп тірінің,

Көпшілікке ортақ бол деп ойымды мен тастаймын.

(Ортаға дене мүшесі кем бір оқушы шығады, оның аузында қалам, ақсаңдап келіп аузындағы қаламмен сурет салып отырады. Оқушының жүрегіндегі толғауды бастаушы тебіреніп айтады.)

Мұғалім: О, Құдайым. Кінәсі не мына отырған баланың?

Кім кетірді берекесін даланың?

Қайдан іздеп кем-кетігін табамын.

Мына отырған, мына отырған баланың.

Жас нәресте не берсе де алады

Көз, аяғы, құлағы қайда, кімдер оны табады?

Өспей жатып тілсіз, үнсіз отырған

О, дүниеге не көрдім деп барады?

Мүгедек бала:

Көз бен құлақ, аяқ қайда білмедім,

Денемдегі мүшелердің қызметін көрмедім.

Бекер екен сұм жалғанда мына бір,

Өмір сүріп адам болып жүргенім.

Қырдың қызыл қызғалдағын термедім,

Бұл өмірге пенде болып келген соң,

Шіркін дүние-ай,

Қызығын да ажыратып көрмедім.

(Сахнада мұңлы музыка ойналады. Ортаға мұңын шерткен ана шығады.

Баласының басынан сипап көзіне жас алып баланы сахнадан алып кетуге әрекет жасайды.)

Ана: Қайтейін сорлы балам. Сенің де, менің де мына дүние жалғанда көрер азабымыз көп екен. Шіркін, сен апалап алдымнан жүгіріп шықсаң ғой. Мына жалғанда сол арманыма жете алам ба, жоқ па?

Бастаушы: Тұншығып ана, тұншығып ана жылайды,

Көзінің жасын неге сонша бұлайды.

Нәлет атқан, ауа менен су зардабы,

Екенін біліп, екенін біліп жылайды.
Бейне көрініс.

Ән.

Оқушы: Пай-пай, киелі неткен жер,

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер.

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал сері кеткен жер.
Оқушы: Бұл күнде мазасы кеткен жер,

Мейірімі тастай боп қатқан жер,

Адамға өкпесі қарс айырылып,

Тілім-тілім боп тозған жер.

Тіріге қызмет ете алмай,

Жүйкесі үзіліп құнары қашқан жер.

Бастаушы: Қасиетті Жер-Ана өз шерін осылау төгуде. Олай болса барлығымыз бір кісідей ат салысып, Жер-Ананы қадірлеп, қорғай білейік. Табиғат біздің байлығымыз. Табиғатымызды аялайық, көркейтейік, гүлдендірейік. Ол баршамыздың міндетіміз.

Оқушылардың барлығы: Біздің ұран!!!

Білместік жасаған тірілер атынан,

Кешірім сұраймыз жас ұрпақ атынан!

Топтасайық! Достасайық, бәріміз,

Осыменен бағаланар біздің ұят арымыз!

Бастаушы: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен «Экология және Біз» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Отбасыларыңызға береке-бірлік, қуаныш, шаттық тілейміз. Тәуелсіз еліміздің туын биік көтеретін азаматтар болуларыңызға тілектеспіз.

Похожие:

Астана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі iconАстана қаласы №37 орта мектеп Төлегенова А.Қ. география және биология пән мұғалімі Сабақтың тақырыбы: «Табиғат-ел ордасы, жан сарайым»
Астана қаласы №37 орта мектеп Төлегенова А.Қ. география және биология пән мұғалімі
Астана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі icon«Бақытты сәт» 11 «Ә» сынып Өткізген: биология пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: медицинада, табиғатты қорғауда және эволюция туралы ілімдерін дамыту үшін генетика білімдерін пайдалану
Астана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі iconАстана қаласы №57 орта мектеп Тақырыбы: «Мысыр елінің тарихи құпиясы» 8 сынып Тарих пәнінің мұғалімі
Тарихқа үлкен үлес қосқан ұлы адамдар тарихшылар, археологтар және этнографтармен, олардың ғылымға қосқан еңбектерімен танысып, Мысыр...
Астана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі iconСырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ж.Қ. Утебаеваның 3 «Б» сынып оқушыларымен өткізген тәрбие сағыты

Астана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі iconАшық сабақ (8-сынып) Сабақтың тақырыбы
ОҚО, Сайрам ауданы, №78 негізгі орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Айтқұлова Маржан Төлегенқызы
Астана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі iconТұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебі Танымал тұлға айдарының кейіпкері: Биология пәнінің
Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі және мектеп мұражайының жетекшісі Скиртач Валентина...
Астана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі iconҚызылорда қаласы. №101 орта мектептің экономика негіздері және қаржылық сауаттылық пәнінің мұғалімі. Тақырыбы
Экономика сабағында қолданылатын тірек – сызбалар мен кестелер түрі. / 5 – 11 сынып аралығы. 6-16 бет
Астана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі iconҰлыстың ұлы күні-әз Наурыз! Мұғалімнің сөзі
...
Астана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі iconӨскемен қаласы «№42 орта мектеп» мм 2 сынып Өзін өзі тану пәні Бастауыш сынып мұғалімі
Балалар кәне енді бүгінгі сабағымызда бір – бірімізге тілектерімізді айтып шығайық
Астана қаласы №57 орта мектеп. 7- сынып Тақырыбы: Өткізген: Биология пәнінің мұғалімі iconПолисахаридтер. Өткізген: химия пәнінің мұғалімі Уралбаева Қ. А. Астана 2011 ж
Сабақтың тақырыбы: Полисахаридтер. Крахмал мен целлюлоза полисахаридтердің маңызды өкілдері
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница