Мазмұны




НазваниеМазмұны
страница3/8
Дата конвертации13.02.2013
Размер0.6 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8

8.3.5 «Дене шынықтыру» білім саласы


Дене шынықтыру қызметі туралы негізгі білім. Ежелгі халықтардың дене шынықтыру түрлері. Дене тәрбиесінің қазіргі кездегі ұйымдастырылуы.

Қозғалыс қимылдары. Акробатика негіздерімен орындалатын гимнастика. Жеңіл атлетика. Шаңғы тебуге дайындық. Жүзу. Спорт ойындарының элементтері бар қозғалыс ойындары. Ұлттық ойындар.

Денені шынықтыруды дамытып, жетілдірудің негізгі құралдары. Күш және шапшаңдық-күштілік қабілеттері. Қимыл-қозғалыс жылдамдығы. Шыдамдылық. Үйлесімділік қабілеттері. Иілгіштік.

Салауатты өмір салтының негіздері. Күн режимі, еңбек ету мен демалыс режимі. Жеке және қоғамдық гигиена. Теңестірілген тиімді тамақтану. Шынығу түрлері. Оңтайлы қозғалыс белсенділігі.


9 Бастауыш білім берудің базистік және типтік оқу жоспарлары

9.1 Базистік оқу жоспарында бастауыш білім берудің деңгейлері бойынша білім мазмұнының құрылымы білім беру салалары мен оқу пәндері арқылы берілген (қосымша А). Оқу қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүретін бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары бастауыш білім берудің базистік оқу жоспары негізінде дайындалған (қосымша Ә,Б,В,Г).

9.2 Бастауыш білім мазмұнының оқу жоспары 32 оқу аптасына есептелген.

9.3 Бастауыш білім мазмұны оқу жоспарының құрылымы инвариантты (базалық) және вариативті (мектеп және оқушылық) компоненттерді құрайды.

9.3.1 Базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігі бастауыш білім мазмұнының базалық компонентін құрайды. Инвариантты бөлікте берілетін білім беру мазмұны 1-4 сынып білім алушыларын жалпы мәдени және ұлттық құндылықтарға баулиды, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен қалыптасуына жағдай жасайды. Оқу жоспары білім мазмұнының инвариантты бөлігі барлық білім алушыларға міндетті сабақтар арқылы жүзеге асады.

9.3.2 Бастауыш білім мазмұнының инвариантты бөлігі келесі білім салаларын қамтиды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану. Адам және қоғам», «Өнер және технология», «Дене шынықтыру».

9.3.3 Базистік оқу жоспарының вариативті бөлігі бастауыш білім мазмұнының мектептік және оқушы компонентерін қамтиды.

Білім беру мазмұнының вариативті бөлігі орта білім беру ұйымдарының ерекшелігін көрсетеді, сонымен қатар білім беру мекемелерінің жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартынан тыс қосымша оқу бағдарламаларын жасауға және оны іске асыруға бағытталады.

Білім беру мазмұнының вариативті бөлігі білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етеді; білім беруді ұйымдастыру білім алушылар мен ата-ананың білімге деген сұраныстарын ескере отырып құрылады.

9.3.4 Базистік оқу жоспарының вариативті бөлігіндегі мектептік компонент таңдау сабақтарын ұйымдастыруға бағытталған.

Вариативті бөліктегі мектеп компонентінің мазмұнын оқу міндетті болып табылады.

9.3.5 Базистік оқу жоспарының вариативті бөлігіндегі оқушылық компонент білім берудің тұлғалық бағдарлануын (жеке және топтық кеңес беру, белсенді сабақтар) қамтамасыз ететін оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жаңа формалары мен тәсілдерін жүзеге асыруға бағытталған.

Вариативті бөліктегі оқушылық компоненттің мазмұнын оқу міндетті емес.

9.3.6 Орта білім беруді ұйымдастырудың жұмыс жоспары бастауыш білім берудің типтік оқу жоспарына сәйкес жасалынады, ал оны қаржыландыру жалпы оқу жүктемесінің көлемі, яғни бастауыш білім берудің типтік оқу жоспарындағы вариативтік және инварианттық бөліктерінің жалпы көлемі арқылы жүзеге асырылады.

9.4 Оқу жоспарындағы инвариантты және вариативті компоненттер арқылы анықталған білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің көлемі бастауыш білім беруде:

1 сыныпта – 22 сағаттан;

2 сыныпта – 24 сағаттан;

3 сыныпта – 27 сағаттан;

4 сыныпта – 27 сағаттан аспауы тиіс.

9.5 Сабақтың ұзақтығы

Білім берудің бастауыш деңгейіндегі сабақтың ұзақтығы: 1 сыныпта – 35 минут, 2-4 сыныптарда – 45 минут.

9.6 Оқу аптасының ұзақтығы

Білім берудің бастауыш деңгейіндегі оқу аптасының ұзақтығы: 1-4 сыныптарда 5 күндік оқу аптасын құрайды.

5 күндік оқу аптасында алтыншы оқу күні жобалық-зерттеу іс-әрекеттерін, спорттық-сауықтыру, шығармашылық іс-шараларын және т.б. ұйымдастыруға бағытталады.


10 Білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері

10.1 Бастауыш мектептегі біртұтас білім беру үдерісі білім алушылардың әлеуметтенуі негізі ретінде білім алушылардың рухани-адамгершілік әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды. Оқу мен тәрбие біртұтас үдеріс ретінде білім алушылардың іс-әрекетін әлеуметтік өзара қарым-қатынас тәжірибесін, мектеп тіршілігі жағдайларына бейімделу дағдыларын, ұжымда өзара қарым-қатынас ережелерін, оқу икемділігін меңгеруге бағыттайды.

Біртұтас оқыту үдерісі білім алушыларға табиғат, қоғам, адам туралы алғашқы білім беру арқылы қоршаған орта болмысы, әлемнің ғылыми сипаты, алғашқы дүниетанымның негізі туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Білім беру үдерісінің біртұтас бөлігі ретінде сабақтан және мектептен тыс шаралардың әртүрлі формалары мен түрлерін ұйымдастыру бойынша ата-аналар мен педагог ұжымының бірлескен әрекеттері, білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыра отырып, олардың өмірлік шығармашылық дағдыларды бойына сіңірген тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.

Оқытудың мазмұндық негізі мен тәрбие күтілетін нәтижелер мен сол мақсаттарға жетуге бағытталауы тиіс, яғни, олар бірлесе отырып білім алушылардың қазақстандық елжандылық, адамның құқығы мен бостандығы, ұлттық мәдениетке төзімділік пен басқа ұлт мәдениетіне сыйластық және түсіністікпен қарау сияқты қасиеттерінің дамуына мүмкіндік береді.

10.2 Бастауыш білім беру үдерісін ұйымдастыру білім алушылардың жеке талаптарын ескере отырып сабақтастық, үздіксіздік, табиғатқа үйлесімділік, практикаға бағдарлану ұстанымдары негізінде жүзеге асырылады.

10.3 Оқыту үдерісі тұлғалық-бағдарлану, іс-әрекет, денсаулық сақтау тәсілдерін жүзеге асырады.

10.4 Бастауыш білім беру деңгейінде оқытудың формаларын, әдіс-тәсілдерін таңдау білім алушылардың жас ерекшеліктері мен оқу пәндеріне сәйкес 1-4 сыныптар үшін белгілі бір білім беруден күтілетін нәтижелер мазмұнына қатысты алынады.

Оқу үдерісінде компьютерлік оқыту құралдары мен on-line жүйесін пайдалану ұсынылады.

10.5 Сабақ арасындағы үзіліс кезінде белсенді тынығу мен тамақтануға бөлінетін уақыт 10 минуттан кем болмауы керек.

11. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

11.1 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау сыртқы және ішкі бағалау түрлеріне бөлінеді.

11.2 Бастауыш білім берудегі оқу жетістіктерін бағалау екі деңгейде – 2, 4 сыныптардан кейін іске асырылады.

11.3 Бастауыш білім берудің оқу жетістіктерін бағалау 1 сыныпта бағасыз белгілеу жүйесі бойынша жүргізіледі, ал 2 сыныптан бастап оқыту нәтижелері баллдық жүйемен және білім алушылардың жеке жетістіктерін (портфолио ретінде) бағалау енгізіледі.

11.4 Оқыту нәтижелерін ішкі бағалау:

1) 1-2, 3-4 сыныптарда оқыту кезеңіндегі бағалауды (ағымдық бағалау);

2) 2, 4 сыныптардағы оқыту циклы аяқталғаннан кейінгі бағалауды (межелік, аралық бағалау);

3) бастауыш білім беру деңгейінің соңында: 4 сыныптан кейін бағалау (межелік бағалау).

11.5 Сыртқы бағалау бастауыш білім беру сапасын мемлекеттік аралық бақылау түрінде 4 сыныптың соңында жүргізіледі.




Қосымша А


Орта білім беру ұйымдарының базистік оқу жоспары.

Бастауыш білім



Білім салалары

Сыныптар бойынша

апталық сағат саны

Жүктеме, сағат саны

1

2

3

4

Апталық

Жылдық

I Инвариантты компонент (базалық)

I. Тіл және әдебиет

7

9

10

10

36

1152

II. Математика және информатика

4

4

6

6

20

640

III. Жаратылыстану.

Адам және қоғам

3

3

3

3

12

384

IV. Өнер және технология

3

3

3

3

12

384

V. Дене шынықтыру

3

3

3

3

12

384

Барлығы

20

22

25

25

92

2944

II Вариативті компонент (мектептік)

Таңдау сабақтары

1

1

1

1

4

128







Аудиториялық оқу жүктемесі (жоғарғы)

21

23

26

26

96

3072




III Вариативті компонент (оқушы)

Жеке сабақтар, кеңес беру

1

1

1

1

4

128







Оқу жүктемесінің

жалпы көлемі

22

24

27

27

100

3200
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Мазмұны iconМазмұны кіріспе І – БӨлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері

Мазмұны icon1-тақырып Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Бюджет түсінігі. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны. Бюджеттің ерекше арналымы

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұНЫ

Мазмұны iconМазмұНЫ
Кіріспе

Мазмұны iconПрактикалық бөлімінің мазмұны

Мазмұны iconМазмұны бағдарламаның паспорты
Кіріспе

Мазмұны iconЛекциялық материалдың мазмұны
Типтік бағдарлама

Мазмұны iconМазмұны Беті 1-бөлім. Қолдану аясы 3-16

Мазмұны iconБағалы қағаздар нарығын құру мазмұНЫ
Кіріспе

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница