«Өнімділік 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау құралы «Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу»




Скачать 82.07 Kb.
Название«Өнімділік 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау құралы «Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу»
Дата конвертации13.02.2013
Размер82.07 Kb.
ТипДокументы
«Өнімділік 2020» бағдарламасы

мемлекеттік қолдау құралы

«Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу»




Құралдың мақсаты

Экономиканың басым секторларында ұжымдық басқару деңгейін және өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.




Құралдың міндеттері

  • басқарушылық және өндірістік технологиялар шеңберінде менеджменттің қазіргі заманғы жүйесін енгізу;

  • өндірістік процесті оңтайландыру және еңбек өнімділігін арттыру.




Нормативтік-құқықтық база

  • Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2009 жылғы 23 наурыздағы №135-111 Заңы.

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» (бұдан әрі - ҮИИДМБ) Жарлығы.

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өнімділік -2020 бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысы (бұдан әрі-Бағдарлама).




Іске асыру мерзімі

2011-2020 жылдар, 2011 - пилоттық жыл.




Қаржыландыру көзі

  • пилоттық 2011 жылға арналған республикалық бюджет - 19,9 млрд. теңге;

  • тартылған қаражат - 15,0 млрд. теңге.




Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары

  • құны 3 миллиард теңгеден артық жобалары бар ірі кәсіпорын;

  • ҮИИДМБ сәйкес басым салаларда қызметті жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері.




Басым салалар

  • машина жасау,

  • металлургия,

  • химия,

  • жеңіл және тамақ өнеркәсібі;

  • құрылыс индустриясы

  • агроөнеркәсіптік кешен саласы.




Кәсіпорындарға қойылатын критерийлер

  • жобалар ҮИИДМБ басым салаларына кіруге тиіс;

  • кәсіпорыннан еңбек өнімділігі деңгейін және өндірістің энергиялық тиімділігін арттыруға бағытталған жаңғыртудың кешенді жоспарының міндетті болуы талап етіледі;

  • кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы қажет.




Қазіргі заманғы УПТ енгізу бойынша консалтингтік компаниялар бағдарламасының тартылатын қатысушыларға қойылатын критерийлер сәйкес басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған мамандану 3 жылдан кем емес;

  • Кеңес берудің сәйкес бағыттары бойынша білікті қызметкерлер штатының болуы (жобаға қатысатын мамандар тобы үшін орташа жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес);

  • Осы компания ұқсас қызметтер көрсеткен клиенттерден әзірленген ұсыныстарын енгізу қорытындысы бойынша қол жеткен экономикалық эффекті көрсетілген кемінде 3 оң пікірдің болуы.




«Өнімділік 2020» бағдарламасына қатысу тәртібі


Бірінші қадам:

өтінім беруші өздігінен немесе консалтингтік компанияларды тартып кешенді жоспарды әзірлейді және материалдарды Бағдарламаның операторына жөнелту үшін өңірлік өкілге береді.

Екінші қадам:

Бағдарламаның операторы жоба бойынша сараптамалық бағалауды дайындайды.

Үшінші қадам:

Өтінім беруші оң қорытындымен кәсіпорынның тиімділігін арттыру бойынша және жеңілдік лизингі бойынша екі топқа бөлінетін құралдың операторына өтініш білдіреді. Құралдың операторы белгіленген талаптарға сәйкес бағдарламаның құралын ұсынады.

Төртінші қадам:

Бағдарламаның операторы, құралдың операторы және қатысушы белгіленген нысандағы келісімді жасайды, онда тараптардың құқығы мен міндеттері; құралды енгізу нәтижесінің индикаторы; тараптардың жауаптылығы; инвестициялық жобаны іске асыру мониторингінің мерзімі мен формалары және басқа параметрлер қарастырылады



Басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу тетігі:


Бірінші қадам:

қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін белгіленген нысанға сәйкес құралдың операторына УПТ енгізуге арналған сәйкес құжаттарды ұсынып өтінім береді.

Екінші қадам:

Құралдың операторы өтінімді қарайды және құралды беру (бермеу) туралы шешім шығарады және өтінім алынған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қатысушымен шартқа қол қояды.

Үшінші қадам:

Бағдарламаның қатысушысы консалтингтік компанияны тартып шартқа қол қойылған сәттен бастап 3 (үш) ай ішінде УПТ енгізу бойынша жоспарды әзірлейді.

Төртінші қадам:

қатысушы жоспарды әзірлеген соң консалтингтік компанияның қызметтеріне арналған шығынды қоса қаржыландыру үшін консалтингтік компанияны тарту фактісін растап құралдың операторына өтініш білдіреді.

Бесінші қадам

Құралдың операторы ұсынылған құжаттарды тексереді. Шарттың барлық талаптары орындалған жағдайда Құралдың операторы құжаттар алынған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде УПТ енгізу бойынша жоспарды әзірлеуге қоса қаржыландыруды жүзеге асырады.




Алтыншы қадам

Жоспарды әзірлеуге арналған шығынды қоса қаржыландырғаннан кейін Құралдың операторы мен қатысушы жоспарды іске асыруға арналған шығынды қоса қаржыландыру туралы шартқа қол қояды.

Жетінші қадам

қатысушы шартқа қол қойылған сәттен бастап 6 (алты) ай ішінде УПТ енгізу бойынша жоспарды іске асырады және жоспарды іске асыруға арналған шығынның бір бөлігін қоса қаржыландыру үшін іске асыру фактісін растайтын құжаттармен құралдың операторына өтініш білдіреді.

Сегізінші қадам

Құралдың операторы құжаттарды тексереді және құжаттарды алған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде УПТ енгізу бойынша жоспарды іске асыруға жұмсалған шығынның бір бөлігін қоса қаржыландыруды жүзеге асырады.

Тоғызыншы қадам

Қоса қаржыландыруды қатысушыға осы Жоспарды іске асырғаны үшін; УПТ енгізу жоспарын әзірлегені үшін кеңес берушілер көрсетілген қызмет нәтижесі бойынша жүзеге асырады.


Қаржыландыру көзі

  • Басқарушылық технологияларды енгізу жоспарын іске асыру үшін тартылған кеңес берушілердің қызметін төлеу үшін 70%, алайда 5 млн. теңгеден аспайтын көлемде республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды, сондай –ақ бір жоба бойынша басқарушылық технологияларды енгізу жоспарын іске асыруға жұмсалған шығыннан 30%, алайда 10 млн. теңгеден аспайтын көлемде республикалық бюджеттен қоса қаржыландыруды көздейді;

  • Қоса қаржыландыруды көрсетілген қызметтер нәтижесі бойынша қатысушыға кеңес берушілер жүзеге асырады. Бағдарламаның құралдарын қоса қаржыландыру бойынша құралдың операторларының міндеттемелерімен Бағдарламаға қатысушылар мен құралдың операторлары арасында жасалған шартта құралдың операторларының есепшотына бюджеттік бағдарлама әкімгерінің қаражатты аударуы үшін негіз болып табылады. Бағдарламаның қатысушылары шарттың талаптарын орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда жасалған шарттар бойынша пайдаланылмаған қаражатты орындалмаған жобаны келесі қаржылық жылы қоса қаржыландыру үшін құралдарын операторлары қайта бөледі немесе Бағдарламаның операторлары мақұлдаған басқа жобаларды қоса қаржыландыруға қайта бөлінеді.




Егер Сізге:
Бағдарламаның әкімгері туралы ақпарат қажет болса - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне хабарласыңыз,

010000, Астана қ, сол жағалау, Қабанбай батыр даңғ., 47, «Transport Tower» ғимараты тел.: +7(7172) 24-04-75, e-mail: mint@mint. gov.kz. website: www.mint.gov.kz
Бағдарламаның операторы туралы ақпарат қажет болса - Қазақстан Республикасының «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ-ына хабарласыңыз, 010000, Астана қ. Сығанақ көш., 25, тел.: +7 (7172) 79-64-60 e-mail: kiri_pressa(®)mail.ru, website: www.kidi.kz
құралдың операторы туралы ақпарат қажет болса - «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ына хабарласыңыз 010000, Астана қ., Сығанақ, 29, «Евроцентр» ғимараты,

тел.; +7 (7172) 57-10-16, факс: (7172) 51-70-21, e-mail: info@nif.kz. website:www.nif.kz








ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ

«Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ





  • Тұтынушыға бағдарлану

  • TQC (сапаны тұтас бақылау)

  • Роботтандыру

  • КК үйірмелер

  • Ұсыныстар жүйесі

  • Автоматтандыру

  • Жұмыс орнындағы тәртіп

  • ТРМ (жабдықты тұтас күтіп ұстау)

  • Канбан

  • Сапаны арттыру

  • Дәл уақытында

  • Ақаулардың нөлі

  • Шағын топтар жұмысы

  • Менеджерлар мен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық қатынасы

  • Өнімділікті арттыру

  • Жаңа өнімді әзірлеу



«Өнімділік 2020» бағдарламасы

мемлекеттік қолдау құралы
«Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу»

Астана, 2011 ж.

Похожие:

«Өнімділік 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау құралы «Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу» iconҚазақстан республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік және жергілікті басқару институты
«Мемлекеттік басқарудағы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар» курсының қысқаша сипаттамасы
«Өнімділік 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау құралы «Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу» icon«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер
Ережесі) «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы №254 қаулысын (бұдан...
«Өнімділік 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау құралы «Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу» icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
«Өнімділік 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау құралы «Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу» icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
«Өнімділік 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау құралы «Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу» icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
«Өнімділік 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау құралы «Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу» icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
«Өнімділік 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау құралы «Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу» icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
«Өнімділік 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау құралы «Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу» icon«Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкім аппараты» мм 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Түрі: Қызмет көрсету әдістемесін және жаңа технологияларды енгізу негізінде мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік...
«Өнімділік 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау құралы «Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу» iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
«Өнімділік 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау құралы «Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу» iconЖобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №675 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница