Скбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа




Скачать 31.98 Kb.
НазваниеСкбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа
Дата конвертации13.02.2013
Размер31.98 Kb.
ТипДокументы
СКББ-19/2790

12.05.2011ж.


Шығыс Қазақстан облысы әкімі

аппаратының басшысы Н.Шерубаевқа

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті ШҚО әкімінің сайтында келесі ақпаратты орналастыруды сұрайды:

«Таратуға байланысты құжаттық тексеріс жүргізу туралы салық өтінішін «Салықтөлеуші Кабинетінің» web-қосымшасы арқылы қалай ұсынуға болады?
Салықтөлеуші кабинеті белгілі жағдайларда салықтөлеушімен құрылатын салық арызын құру және жіберу бойынша ақпараттық сервистерді, сондай-ақ салық органына жіберілген салық арызының өзекті мәртебесін қарау мүмкіндігін ұсынады.  

Салық арызын құру үшін «Сервистер» бөлімінде «Салық арызы» бөлімшесіне ауысу қажет. Нәтижесінде бетте пайдаланушыға қол жеткізу мүмкін болатын салық арыздарының тізімі көрінеді. Салық арызын толтыруға ауысу үшін ұсынылған тізімде тиісті атаумен сілтемеге басу және талап етілетін арызды таңдау қажет.

Басы > Салық төлеуші Кабинетінің функциялары > Ақпараттық сервистер > Салық арызын беру > Таратуға байланысты құжаттық тексеріс жүргізу туралы салық өтініші > Салық арызын құру.

Салық өтінішін құрастыру толтыру үшін жолдарды және салық өтінішін сақтау, жіберу немесе басып шығару үшін функционалдық  батырмаларды қамтитын  нысанның көмегімен жүзеге асырылады.

 

  «Күні», «СТН», «Заңды тұлғаның атауы» секілді кейбір жолдардың деректері салық төлеушінің тіркеу деректеріне сәйкес автоматты түрде енгізіледі, және түзету үшін қол жетімсіз.

Құжаттық тексеріс жүргізу туралы салық өтінішін құрастыру кезінде келесі жолдарды толтыру қажет:

Нөмірі

Салық органының атауы. Қажетті салық органын таңдау үшін төмен түсетін тізімді пайдаланыңыз.

Жеке кәсіпкердің, адвокаттың, жеке нотариустың / тарату комиссиясы басшысының аты- жөні.

Өтініштің мазмұны.

Аталған жолдарды атағаннан кейін, сіз «Сақтау» батырмасын басып, өтінішті сақтай аласыз. Нәтижесінде өтініш «Шимай» мәртебесін алады және салық өтініштері журналында сақталады.

«Шимай» мәртебесі бар өтініш қарау мен өңдеу үшін қол жетімді. Сақталған өтінішті ашу үшін, салық өтініштерін журналында тиісті атауы бар сілтемені басу қажет. Сондай-ақ пайдаланушы «Әрекеттер» бағанында «Жою» сілтемесін басып, өтініштің шимайын жоя алады. Жою туралы хабарламада «ОК» батырмасын басу қажет. Нәтижесінде салық өтінішінің шимайы жойылады.

Құрылған салық өтінішін жіберу үшін «Жіберу» батырмасын басу қажет.

Сауал БСАЖ- іне өңдеуге жіберіледі, бұл жерде өтініштің мәртебесі «Құралғанға» өзгереді.

Өтінішті өңдеу процесінде, соңғысы салық өтініштері журналында көрінетін келесі мәртебелерді қабылдай алады:

- Тексерілмеген. Өтініш қабылданған, бірақ құжаттық тексеріс жүргізуге ұйғарым қалыптаспаған.

- Тексеріліп жатыр. Өтініш қабылданды, құжаттық тексеріс жүргізуге ұйғарым қалыптасқан. Құжаттық тексеріс жүргізу бойынша жұмыстар басталған.

- Тексерілген. Құжаттық тексеріс жүргізу бойынша жұмыстар аяқталған.

- Қате. Салық өтінішін толтыру кезінде, қате деректерді енгізген жағдайда, салық өтініштері журналында «Қате» мәртебесі көрінеді. Өтініш жойылуы немесе өңделуі мүмкін емес. «Ескерту» бағанында қатенің сипатталуын қарауға болады.

  - Кері қайтарылған. Бұл мәртебе құжаттық тексеріс жүргізу туралы салық өтінішін кері қайтарған жағдайда көрінеді. Салықтық тексеріс жүргізу туралы өтініш егер ол «Тексерілмеген» немесе «Тексеріліп жатыр» мәртебесінде болса, оны  кері  шақыртуға болады. Бұл үшін «Әрекеттер» бағанында «Кері шақырту» сілтемесін басу  қажет. Нәтижесінде құжаттық тексеріс жүргізу туралы салық өтінішін кері шақырту туралы өтініш нысаны ашылып, онда өтініштің нөмірі мен мазмұнын көрсету және «Жіберу» батырмасын басу қажет. Салық өтініштері журналында өтініштің нысаны «Кері шақыртылғанға» өзгереді.

- Қарастыруға кері шақыртылған. Бұл мәртебе құжаттық тексеріс жүргізу туралы салық өтінішін қарастырудан бас тартқан жағдайда көрінеді.

Салық өтінішін басып шығару үшін, «Басып шығаруға дайындау» батырмасын басыңыз. Жасалған салық өтінішінің баспа нысаны ашылады, оны сіз «Басып шығару» батырмасын басып, басып шығара аласыз. Алдыңғы бетке оралу үшін «Қайта оралу» батырмасын басыңыз.
ШҚО бойынша Салық департаменті».


Департамент

бастығының орынбасары қ/б А.Сейтказин


__қ/б______Г. Беркутова
орын. Ж. Абаева

8 (7232) 701043

Похожие:

Скбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа iconБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкi бақылау және талдау қызметі (бұдан әрi Қызмет) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының...
Скбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ә. ШерубаевқА
Ж. Б. Баирханов, қала әкімдігінің «Істер басқармасы» кмқК филиалдары директорлары
Скбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа icon«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім туралы
Скбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже
Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі аппарат)
Скбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» мм
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты мм миссиясы – кент аумағында мемлекеттік саясат жүргізетін...
Скбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Зевакино ауылдық округі әкімі аппараты» мм
Зевакино ауылдық округі аппаратының функционалдық мүмкіншіліктері және мүмкін тәуекелдері 6
Скбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа iconАрыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов
Кті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті мемлекеттік басқару...
Скбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа iconАқмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі Б. З. Жұпыновке Атбасар ауданы әкімі аппаратының жұмыстарының 2012 жылдың сәуір айына Жоспары
Атбасар ауданының аумағында көктемгі ветеринарлық алдын алу шараларын жүргізуді ұйымдастыру туралы
Скбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Скбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа iconШығыс Қазақстан облысының бекітемін мемлекеттік мұрағаты Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының, облыс мемлекеттік мұрағатының бұйрықтарын, осы ережені басшылыққа...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница