ОҢТҮстік қазақстан облысында ауыл шаруашылық Өндірісін индустрияландыру мәселелері в статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в юко




Скачать 177.52 Kb.
НазваниеОҢТҮстік қазақстан облысында ауыл шаруашылық Өндірісін индустрияландыру мәселелері в статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в юко
Дата конвертации13.02.2013
Размер177.52 Kb.
ТипДокументы
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1-2, 2010

Ә.М.КӨКЕБАЕВА

экономика ғылымдарының кандидаты, профессор

А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Г.Д.АЛИЕВА

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистр-оқытушысы
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІН ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
В статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в ЮКО.
This article deals with some problems of industrialisation of agricultural production in the South Kazakhstan region.
Агроөнеркәсіп кешені – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете­тін және республикамыздың тұрғын­дары­ның жартысына жуығының тұрмыс жағдайына тікелей әсері бар экономи­ка­мыздың аса маңызды салаларының бірі­нен саналады. Қазақстан халқының 47 пайызы ауылдық жерлерде өмір сүреді. Еліміздің экономикалық белсенді тұрғындарының үштен бірі аграрлық салада еңбек етеді. Мемлекетіміздің ішкі жалпы өнімінің 5,3 пайызы аграрлық сек­тордың үлесіне тиесілі. Ендеше, АӨК-ті дамыту қоғамымыздағы әлеумет­тік-экономикалық ахуалға, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне, экономика­мыздың барлық саласының жағдайына шешуші дәрежеде ықпал етеді [1].

Соңғы бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы сала­сын­да өнім өндіру көлемінің өсімі орта есеппен жыл сайын 4 пайызды құрап отыр. Тіпті әлемдік қаржы-экономика­лық дағдарыс­тың кері әсері көп болған биылғы жыл­дың өзінде, еліміздің ауылшаруашы­лық саласы тұрақты даму үрдісінен жаңылған жоқ. Оның дамуы негізгі үш бағыт бойынша жүруі керек.
Біріншіден, негізгі салмақ еңбек өнімділігінің артуына түсірілуі тиіс. Ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігі ең төмені және жылына бір жұмыс істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-70 мың долларды құрайды екен. Ауыл үшін өсу перспективасы міне осында. Сондықтан біздің міндетіміз – 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру.
Бұл күрделі міндетті аграрлық-индус­триялық әртараптандыру ғана, яғни ауыл­шаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұ­ғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар мен ауыл шаруашы­лы­ғындағы жаңа көзқарас шеше алатын жағдайда әлемдік тәжірибені пайдалану, оны біздің ауыл шаруашылығымызға жедел ендіру керек.

Екіншіден, елдің азық-түлік қауіпсіз­ді­гін қамтамасыз ету.
2014 жылға қарай азық-түлік тауарлары ішкі рыногының 80%-дан астамын отандық тағам өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұл үшін мүмкіндіктер бар.
Үшіншіден, экспорттық әлеуетті іске асыру, бірінші кезекте бұл

Кеден одағы, Орталық Азия, Кавказ бен Таяу Шығыс елдерінің рыноктары.
Біз қазірдің өзінде “Жетіген-Қор­ғас” және “Өзен-Түркіменстанмен мем­ле­кет­тік шекара” темір жол желілерін са­лып жатырмыз, олар іс жүзінде біздің өнім­дерге Қытай мен Парсы шығанағы елде­рінің рыноктарына жол ашады. Біз салуға кірісетін “Батыс Қытай-Батыс Еуропа” автожолы ­– тауарлар үшін маңызды магистраль. 2009 жылы ауыл шаруашылығы өндірген жалпы өнім көлемі 1 трлн. теңгеден асып, 1386,9 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде егіншілік саласында өнім көлемі 829,3 млрд. теңге, мал шаруашылығында 557,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индек­сі тиісінше 113,2 және 102,6 пайызға тең болды. Жылдан-жылға тамақ өнімдерін өндіру көлемі де артып келеді. Атап айтқанда, 2009 жылдың он айы ішінде бұрынғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда ұн шығару 3 пайызға, өсімдік майы – 12,7, маргарин – 12,8, тәтті қаймақ – 6,8, шырын – 4,3, кондитерлік тағамдар – 8,7, шоколадтар шығару 17,0 пайызға артқан. Жалпы 2009 жылы сусындарды қоса алғанда тамақ өнімдерін өндіру көлемі 783,1 млрд. теңге болды. 2008 жылы бұл көрсет­кіш 734,1 млрд. теңге мөлшерінде болған.

Егемен елімізде астық өндіру көлемі өткен жылы бұрын-соңды болмаған межеге жетті. Бункерлік салмақ бойын­ша 2009 жылы еліміздің диқандары 23 млн. тоннадан астам дән жинады. Жалпы өткен жылы егіншілік саласында барлық дақылдар бойынша да жақсы өнім жиналды.


А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1-2, 2010
Көкебаева Ә.М., Алиева Г.Д. Оңтүстік Қазақстан облысында ауылшарушылық өндірісін...


2008-2009 жылдардағы ҚР-да негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының жалпы түсімі гектардан, мың тонна




2008 жыл

2009 жыл

2009 жылға %

дәнді дақылдар

16955

23100

136,2

картоп

2354

2782

118,2

майлы дақылдар

414

700

169,1

күріш

255

312

122,4

жеміс жидек және жүзім

176

204

115,9

қатты жем азығы

13674

16106

117,8


Майлы дақылдар бойынша өнім өндіру көлемі де рекордтық көрсеткіш 700 мың тоннаға жетті. Осының арқа­сын­да елімізде алғаш рет тұрғындардың өсімдік майына деген сұранысы толық қанағаттандырылды. 2008 жылмен салыстырғанда күріш, картоп және жүзім өнімдерін жинау 20-25 пайызға артты [2].

Мал шаруашылығы саласында да жоғары даму қарқыны сақталып отыр. Мәселен, 2009 жылы еліміздегі ірі қара мал саны 138,2 мың басқа немесе 2,1 пайыз­ға артып, 6635,4 мыңға жетті. Жыл­қы 5,2 пайызға артып, 1544,1 мың­ға, түйе 5,0 пайызға өсіп, 161,9 мыңға, қой мен ешкі 3,2 пайызға өсіп, 19253,5 мыңға жетті. Еліміз бойынша құстың жалпы саны бүгінгі күні

35111,9 мыңды құрап отыр. Осыған сәйкес мал өнімде­рін өндіру көлемі де ұлғайды.

Сөз жоқ, мұндай жоғары жетістіктер ел егемендікке қол жеткізген жылдар ішіндегі Мемлекет басшысының мақсат­ты да жүйелі жүргізіп келе жатқан аграр­лық саясатының жемісі екендігі даусыз. Ауыл тұрғындары мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің жылдан-жылға артып келе жатқанын жақсы сезінуде. Тіпті, әлемдік қаржы дағдарысының қиындықтары еліміздің қаржы және экономикалық жүйесін қатты құрсау­лаған өткен жылдың өзінде агроөнер­кәсіп кешені мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған қаржылық көмек алды. Бөлінген субсидия көлемі бұрынғы жылмен салыс­тырғанда 2009 жылы 4 пайызға артты. Ұлттық қордан алған қаржы есебі­нен ауыл шаруашылығы тауар өндіруші­леріне “ҚазАгро” ұлттық холдингі арқылы көк­тем­гі егіс және күзгі орақ жұмыстарын өт­кізу­ге 83 млрд. теңге несие ресурстары бөлін­ді. Мұндай қаржылық көмекті ауыл шаруашылығы бұрын алып көрген жоқ

2008 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 146 млрд 912 млн. теңгені, одан егін шаруашылығы 81 млрд 621 млн. мал шаруашылығы 65 млрд 291 млн. теңгені құрады. Ал 2009 жылдың 11 айында 151 млрд 62 млн теңге (республикадағы үлесі 10,9%) , одан егін 85 млрд 738 млн. (республикадағы үлесі 10,3%), мал шаруашылығы 65 млрд 324 млн (республикадағы үлесі 11,7%) теңгеге жетті.

Облыс бойынша 2009 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 636 мың гектарға орналастырылып, 469 мың тоннаға дәнді дақылдар, 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге, 634 мың тонна көкөніс өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға, 503 мың тонна бақша 10 пайызға, 167 мың тонна картоп 9 пайызға, 58 мың тонна жеміс-жидек 12 пайызға, 37 мың тонна жүзім 32 пайызға артты.

Мұндай жоғары жетістіктер ел егемендікке қол жеткізген жылдар ішіндегі Мемлекет басшысының мақсат­ты да жүйелі жүргізіп келе жатқан аграр­лық саясатының жемісі екендігі даусыз. Ауыл тұрғындары мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектің жылдан-жылға артып келе жатқанын жақсы сезінуде. Тіпті, әлемдік қаржы дағдарысының қиындықтары еліміздің қаржы және экономикалық жүйесін қатты құрсау­лаған өткен жылдың өзінде агроөнер­кәсіп кешені мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған қаржылық көмек алды. Бөлінген субсидия көлемі бұрынғы жылмен салыс­тырғанда 2009 жылы 4 пайызға артты. Ұлттық қордан алған қаржы есебі­нен ауыл шаруашылығы тауар өндіруші­леріне “ҚазАгро” ұлттық холдингі арқылы көк­тем­гі егіс және күзгі орақ жұмыстарын өт­кізу­ге 83 млрд. теңге несие ресурстары бөлін­ді. Мұндай қаржылық көмекті ауыл шаруашылығы бұрын алып көрген жоқ.

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1-2, 2010
Көкебаева Ә.М., Алиева Г.Д. Оңтүстік Қазақстан облысында ауылшарушылық өндірісін...

ОҚО ауыл шаруашылық өндірісінің дамуына Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржы сомасы, мың теңге


Аталуы

Есепті кезең

Жалпыдағы үлес салмақ

2008 ж.

2009 ж.

2009 ж.

%

2008 ж.

2009ж

1. Жеміс дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз ету

668948

1416 760

211.8

15,2

28,4

2. Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау

129997

137376

105.7

2,9

2,7

Облыстық бюджет

73000

79570

109.0

1,7

1,6

3. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне суды жеткізіп берудегі көрсетілген қызмет құнын субсидиялау

290489

290494

100

6,6

5,8

4. Ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін және сапасын арттыруды қолдау

-

255091










5. Көктемгі егіс және егіс жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауар материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған трансперттер

2194 794

1714300

78.1

50

34,3

6. Мал шаруашылығының дамуын қолдау

275 221

306 989

111.5

6,2

6,1

Облыстық бюджет

60 000

85 900

143.2

1,8

1,7

7. Мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыру

353 502

360 562

102.0

8,1

7,2

8. Қазақстан мақта талшығы сапасының сараптамасы

178 704

153 704

86.0

4,1

3,1

9. Аудандардың бюджеттеріне ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

 

28 889







0,6

10. Баламасыз су көздері болып табылатын аса маңызды топтық су жүйелерінен ауыз су жеткізіп беру жөнінде көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау

96 821

102 018

105.4

2,2

2,04

11. Аппарат қызметін қамтамассыз ету
















Облыстық бюджет

54 902

53 090

96.7

1,2

1,1

Барлығы

4376 378 

4984 743 

113.9







Республикалық бюджет

4188 476

4766 183

113.8

95,7

95,6

Облыстық бюджет

187 902

218 560

116.3

4,3

4,4



Кестеден байқағанымыздай 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда жеміс дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды және

өсіруді қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен бөлінген қаржы сомасы 2 есеге, ал мал шаруашылығының дамуын қолдауға бөлінген облыстық бюджет қаржысы 1,4 есеге, ал республикалық бюджеттен бөлінген қаржы сомасы 11,5%-ға, тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржы сомасы сәйкесінше 5,7% және 9,0%-ға, мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруға республикалық бюджеттен қаржы 2 %-ға, баламасыз су көздері болып табылатын аса маңызды топтық су жүйелерінен ауыз су жеткізіп беру жөнінде көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау 5,4%-ға өссе, ал көктемгі егіс және егіс жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауар материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1-2, 2010
Көкебаева Ә.М., Алиева Г.Д. Оңтүстік Қазақстан облысында ауылшарушылық өндірісін...


трансперттер, аппарат қызметін қамтамассыз етуге және мақта талшығы сапасының сараптамасына бөлінген қаржы көлемі сәйкесінше 21,9%-ға, 3,3%-ға және 14%-ға төмендеген.

Жеміс дақылдарымен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге республикалық бюджеттің трнсферттері мен облыстық бюджет қаражаты бөлінуінің 2 есеге өсуінің себебі, республика халқын сапалы жеміс-жидек, жүзім өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жеміс-жидек дақылдарын және жүзімді қайта өңдеуден алынған отандық өнімдердің өзіндік қасиеттері мен ассортиментін жақсарту есебінен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады

Еліміздің ішкі рыногы әлі күнге дейін кейбір жеміс-жидек, ерте пісетін көкөніс түрлерінен, сонымен бірге қант қызылшасы мен құс етінен тапшылықты ерекше сезініп отыр. Әлі күнге дейін еліміз терең өңдел­ген азық-түлік түрлері, атап айтқанда, ет және сүт өнімдері, консервіленген көкөніс түрлері бойынша импортқа тәуелділіктен құтыла алмай келеді. Қалыптасқан мұндай жағдайдың басты себебі, сала өндірісін әртараптандыру шараларының баяу жүр­гізі­луінде, ескірген технологиялармен жұмыс істеп, уақыт талабына ілесе алмауында болып отыр.

Міне, нақ осы стратегиялық міндет­терді жүзеге асыру мақсатында бірқатар кешенді шараларды іс жүзіне асырылды. Біріншіден, еліміздің агроөнер­кәсіп кешенінің заңнамалық базасын одан әрі жетілдіру шеңберінде нақты шаралар жасалды. Өндіріс кешендерін қарқынды дамыту мүмкіндіктеріне кең жол ашу үшін және олардың халықаралық талаптарға толық үндестігін қамтамасыз ету үшін біршама базалық заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Екіншіден, Елбасының ауыл шаруашы­лығы саласын жан-жақты дамыту жөнін­дегі тапсырмаларына байланысты Үкімет қабылдаған 2009-2010 жылдары экономи­­камызды және қаржы саласын тұрақтан­дыру жөніндегі үшжақты бірлескен іс-қимыл

жоспарына сәйкес агроөнеркәсіп кешенін дамытудың инвестициялық бағыт­тары айқындалды. Өткен жылдың желтоқсан айында еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекет басшысы белгілеген стратегиясын сараптау мақса­тында, агроөнер­кәсіп кешенінің мәселе­лері бойын­ша арнаулы республикалық кеңес өткізіліп, онда бұл көкейкесті саланы 2010-2014 жылдары дамы­тудың нақты жоспары талқыланды. Бұл барыс бейнелі болашаққа серпінді қадам басқан елімізді жеделдете индустрияландырудың 2010 жылы бастау алған бесжылдық жоспарының құрамдас басты бағытта­рының бірінен саналады.

Белгіленген осы стратегиялық жоспар бойынша алғашқы кезекте жалпы көлемі 60 гектар болатын жылыжайлар жүйесінің құрылысын салу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде жыл сайынғы көкөніс тап­шы­лығын 24 пайызға төмендетпек. Келесі жоба сыйымдылығы 75 мың тонна бола­тын көкөніс сақтау қоймалары жүйесін салу және жетілдіру болып табылады. Бірқалыпты оңтайлы жылу режімін ұстап тұратын, автоматтанды­рылған желдеткіш жүйесі жұмыс істейтін озық техноло­гия­лар қолданылатын бұл қоймалар жүйесі сақта­латын өнімнің шығынын 40 пайыз­дан 4 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік бере­ді. Тамшы­латып суару технологиясын қол­дану арқылы көкөніс өнімдерін өсіру тәсі­лін ұлғайту су үнемдеуге қолайлы жағ­дай ту­ғызумен қатар, ашық алаңдағы то­пы­рақта өсірілетін көкөніс түрлерінің шы­­ғым­­дылығын 50-70 пайызға дейін арттырады.

Еліміздің өңірлерінде тауарлы-сүт фермалары жүйесі кеңейтіледі. Бұл өз кезегінде жылына 73 мың тоннаға дейін сапалы сүт өндіріп, ішкі рыноктың бұл өнім түріне деген сұранысын қанағат­тандыруды қазіргі 55 пайыздан 70 пайызға дейін көтеріп, импортқа тәуелділікті 15 пайызға қысқартады. Осыған байланысты еліміздегі асыл тұқымды сауын сиыр­лардың санын қазіргі 37 мыңнан 72 мың басқа дейін көбейту көзделіп отыр.

Заман талабына толық жауап беретін мал бордақылау алаңдарын кеңейту нәти­жесінде экологиялық таза ет өнімдерін арттыруға қол жеткізіледі. Осы жоспар негізінде жылына 11 мың тонна жоғары стандартты ет өндіріліп, бұл өнімді экспортқа шығаруға жағдай жасалады. Жоғары технологиялы автоматтан­дырылған ет комбинаттарының жүйесі кеңейтіледі. Халықаралық стандарттарға сай мал сою орында­ры жасақталып, ет өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі арттырыл­мақ. Осының нәтижесінде еліміз болашақта кең көлемде ет экспорт­таушылардың біріне айналады. Сонымен бірге, ет шығаруға ба­ғытталған құс фабри­калары жүйе­сін қайта жарақтандыру және ұлғайту мақсатында кешенді жұмыстар қолға алынады. Бұл фабрикалар толық

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1-2, 2010
Көкебаева Ә.М., Алиева Г.Д. Оңтүстік Қазақстан облысында ауылшарушылық өндірісін...

автоматтандырылған компьютерлік жүйемен жұмыс істейтін болады. Осы жоспарға сәйкес елімізде жыл сайын 30 мың тонна құс

еті өндіріліп, отандық рыноктың импорттық құс етіне деген тәуелділігін 20 пайзға дейін қысқартуға қол жеткізілмек.

Проб­лемаларды шешу мақсатында еліміздің агроөнеркәсіп кешенін 2010-2014 жылдар аралығында дамытудың стратегиялық жоспарында кешенді шаралар қарастырыл­ған.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі ұдайы өндіріс процесін басқаруға мақсатты бағдарламалық амал агро-өндіріс саласы дамуының нақты бағдарламсының міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру бойынша экономикалық, ұйымдық-технологиялық, инновациялық шараларды білдіреді. Аймақтық деңгейде мақсатты бағдарламалық жоспар АӨК-нің дағдарыстан шығу, агроөнеркәсіп өндірісінің ары қарайғы дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды бағыттардың бірі болып табылады.

Аграрлық ғылым еліміздегі егіншілік саласын дамытудың алдағы уақыттағы екі бағытын күн тәртібіне қойып отыр. Бұл, біріншіден, егіншілік жүйесін әртарап­тандыру және ғылыми-зерттеулерге сүйе­не отырып, егіс алқабының құрылымын өзгерту. Қазіргі кезде егіншілік саласын біржақты дамыту үрдісі белең алған. Атап айтқанда, қазір еліміздің егіс алқапта­рында негізінен бір түрлі дақылдарды себу тәсілі орын алған. Мәселен, еліміздің солтүстік өңірлерінде бірыңғай бидай дақылы өсірілсе, оңтүстік өңірлерінде мақта мен күріш өсіруге басымдық беріледі. Қалыптасқан осы жағдай бір жағынан өнім өткізуге кедергі келтірсе, екінші жағынан тұқым себу айналымы­ның ережелерін бұзып, егіс алқабының құнарлылығын төмендетеді.

Екінші келелі міндет – кең көлем­дегі химияландыру және ылғал ресурс­тарын молынан сақтаудың өскелең инновация­лық өндірісін барлық өңір­лерде жаппай өндіріске енгізу. Қазіргі кезде егіс алқап­та­рына минерал­ды тыңай­тқыштардың қажетті мөл­шерінің 10 пайызы ғана сіңіріледі. Алдыңғы қатарлы шаруашылық­тардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, еліміздің солтүстік өңірлеріндегі егіс алқаптарының өнімді­лігін әр гектарға тек химияландыру тәсілдері арқылы ғана 10-12 центнерден 15-17 центнерге дейін көтеруге болады.

Еліміздің мал шаруашылығы сала­сын қарқынды дамыту үшін таяу жылдардың ішінде басты-басты үш келелі міндетті жүзеге асыру қажет.

Біріншіден, мал басының генетикалық әлеуетін арттыру керек. Қазіргі таңда біздегі жоғары өнімді мал тұқымының үлес салмағы дамыған елдермен салыс­тырғанда 10 есе төмен.

Екінші­ден, дамыған өндірістік инфрақұ­ры­лымдары бар қазіргі заманғы жоғары тауарлы кешендер салу арқылы мал шаруашы­лығын өнеркәсіптік негізге ауыстыру және өндіріс орындарын ірілендіру. Ал әзірге біздегі мал басының 85 пайызы жекеменшік шағын шаруа­шылықтарға

топтастырылған. Мұндай ұсақ шаруа қожалықтарында өндіріс технологиясы жоқ, өнім сапасы төмен.

Үшіншіден, қуатты жемазық базасын жасау қажет. Бұл ретте бірінші кезекте қоспажем өнеркәсібін барынша жедел дамыту міндеті тұр [3].

Ал Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығын дамытуда келесідей стратегиялық бағыттарды ұстана отырып қол жеткізу көзделіп отыр:

1.Агроөнеркәсіптік кешені салаларын тұрақты дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2. Отандық өнімдердің ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту;

3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеп, дамытуға бейімдеу.

Бәсекеге қабілетті ғылыми әзірлемелерді құру, енгізу мен таратудың тиімді жүйесін құру және адам капиталын дамыту арқылы, яғни жоғары білімді мамандардың санын 2 есе, орта білімнен кейінгі білімгерлердің санын 2,5 есе, техникалық және кәсіптік білімгерлердің санын 2,5 есе өсіру арқылы агроөнеркәсіп кешенінің жедел ғылыми және технологиялық дамуын қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында да стратегиялық жоспар­ға енгізілген кешенді шаралар баршылық. Бұл ретте саланы техника­лық және технологиялық жағынан қайта жарақтан­дыруға, халықаралық сапа стандарттарын кеңінен өндіріске енгізуге барынша басымдық берілуге тиіс.

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №1-2, 2010
Көкебаева Ә.М., Алиева Г.Д. Оңтүстік Қазақстан облысында ауылшарушылық өндірісін...


Агроөнеркәсіп кешенінің 2010-2014 жылдарға арналған даму бағдарлама­сында белгіленген кешенді шараларды іс жүзіне асыру аграрлық саланы әртарап­тандыру үрдісін қорытындылап, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа сапалық деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді. Оның бүгінгі жаппай жаһандану дәуіріндегі бәсекелестікке қабілетін шыңдап, еліміздің азық-түлік қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етеді. Ішкі азық-түлік рыногындағы тұрақтылықты нығайтып, еліміздің экспорттық әлеуетін арттырады.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. 30 қаңтар, 2010.

  2. Индустрияландыру бесжылдығы: Агроөнеркәсіп кешені – 2010-2014 //Егемен Қазақстан. 22 қаңтар, 2010.

  3. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.

  4. www.google.kz

Похожие:

ОҢТҮстік қазақстан облысында ауыл шаруашылық Өндірісін индустрияландыру мәселелері в статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в юко iconҚазіргі қазақстан ақпарат кеңістігінің МӘселелері в статье рассматриваются вопросы казахстанского информационного пространства, программы государства в усилении конкурентоспособности и медиапространства Казахстана
В статье рассматриваются вопросы казахстанского информационного пространства, программы государства в усилении конкурентоспособности...
ОҢТҮстік қазақстан облысында ауыл шаруашылық Өндірісін индустрияландыру мәселелері в статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в юко iconҚазіргі қазақстан ақпарат кеңістігінің МӘселелері в статье рассматриваются вопросы казахстанского информационного пространства, программы государства в усилении конкурентоспособности и медиапространства Казахстана
В статье рассматриваются вопросы казахстанского информационного пространства, программы государства в усилении конкурентоспособности...
ОҢТҮстік қазақстан облысында ауыл шаруашылық Өндірісін индустрияландыру мәселелері в статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в юко iconҚазіргі қазақстан ақпарат кеңістігінің МӘселелері в статье рассматриваются вопросы казахстанского информационного пространства, программы государства в усилении конкурентоспособности и медиапространства Казахстана
В статье рассматриваются вопросы казахстанского информационного пространства, программы государства в усилении конкурентоспособности...
ОҢТҮстік қазақстан облысында ауыл шаруашылық Өндірісін индустрияландыру мәселелері в статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в юко iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Оңтүстік Қазақстан облысында дәнді және бұршақты (дәнге) дақылдардың жиналған өнімі 295,3 мың тоннаны құрады
ОҢТҮстік қазақстан облысында ауыл шаруашылық Өндірісін индустрияландыру мәселелері в статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в юко iconНҰрманов абдиали алдабергенұлы қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері

ОҢТҮстік қазақстан облысында ауыл шаруашылық Өндірісін индустрияландыру мәселелері в статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в юко iconОңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті
Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарындағы өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалары
ОҢТҮстік қазақстан облысында ауыл шаруашылық Өндірісін индустрияландыру мәселелері в статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в юко iconОңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті
Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарындағы өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалары
ОҢТҮстік қазақстан облысында ауыл шаруашылық Өндірісін индустрияландыру мәселелері в статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в юко iconАуыл шаруашылығындағы инновациялық процестерді басқару в статье рассматриваются некоторые проблемы управления инновациями в сельском хозяйстве
Лық процесс ғылыми жаңалық пен идеяны әлеуметтік, оның ішінде жаңалыққа айналдыруға мүмкіндік беретін процедуралар мен құралдардың...
ОҢТҮстік қазақстан облысында ауыл шаруашылық Өндірісін индустрияландыру мәселелері в статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в юко iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіби спортшыларды және спорт резервтерін дайындау, бұқаралық спорт түрлеріне халықты тарту, туризм...
ОҢТҮстік қазақстан облысында ауыл шаруашылық Өндірісін индустрияландыру мәселелері в статье рассматриваются проблемы индустриализации сельскохозяйственного производства в юко iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика департаменті
Жылдың 1 қаңтарына Оңтүстік Қазақстан облысында 424 шетел капиталы қатысқан кәсіпорындар жұмыс істеді, оның ішінде 190 шетелдік инвесторлардың...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница