Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының




Скачать 59.89 Kb.
НазваниеТөтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының
Дата конвертации13.02.2013
Размер59.89 Kb.
ТипДокументы
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының

1 хаттамасы
Астана қ. 2012 ж. 23 ақпан
Төрағалық етті: Божко В.К. – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, төраға.

Қатысқандар: Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының мүшелері.
«Қар жамылғысының күрт еруі салдарынан ағынды су тасқыны зардаптарының алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы»

(Божко В.К., Смаилов Ж.А., Толыбаев М.Е., Бектұров А.Г., Қизатов Е.А., Жақсалиев Б.М., Ақмурзин А.А., Сұлтанов Н.К.)
2008-2012 жылдардағы су тасқыны кезеңдері республика үшін ауыр болды, ол экономикалық шығындар мен залалдарға әкелді, жалпы, ел аумағында бұл кезеңде 11934 аса объектіні су басты және бұзылды, соның ішінде 4757 тұрғын үй, сондай-ақ автожол учаскелері және басқа құрылыстар.

Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болған су тасқындары анағұрлым көп шығынға әкелді, оларды қалпына келтіру үшін шамамен 50 млрд. теңге жұмсалды.

Көп жылғы бақылау таулы аумақта орналасқан судың жайылу кезеңінде өзендердің ағуы көбінесе ақпан-мамыр кезеңіндегі жауын-шашынға байланысты болатынын көрсетті. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Сырдария, Орал, Шаған, Деркөл, Үлкен және Кіші өзен (Батыс Қазақстан облысы), Іле, Қаратал, Лепсі (Алматы облысы), Тобыл
(Қостанай облысы) өзендерінің ағуы 2012 жылғы көктемде нормадан жоғары деп алдын ала күтіледі.

Жүргізілген жұмысты, су тасқынына дайындықты өткізу, көктемгі қар еруінен жоғарыдан аққан су ағынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету жөніндегі бар проблемалар мен кемшіліктерді қарап және талқылып, халықты, объектілер мен аумақты көктемгі су тасқынының кері зардаптарынан қорғау бойынша нақты инженерлік-техникалық, ұйымдастырушылық шараларды қабылдау мақсатында, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясы ҰСЫНАДЫ:

1. Су тасқынына дайындықты өткізу бойынша Мемлекет басшысының қойған міндеттерін орындау үшін шараларды іске асыру туралы ведомствоаралық комиссия мүшелерінің баяндамалары мен сөздері назарға алынсын.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) су басқан елді мекендердің аумақтарын, мұз кептелістері қалыптасуы ықтимал жерлерді анықтау бойынша жұмыс жүргізсін, тұрғын үй қорын су тасқыны мен еріген-жауын судың қауіпті әсерінен қорғау бойынша шараларға ерекше назар аударсын;

Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 наурызға дейін
2) елді мекендерді қорғауды, автомобильдік және темір жолдарының, электр өткізу және байланыс желілерінің, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің сақталуын қамтамасыз ету, қорғау бөгендерін нығайту және салу, уақытша өткелдерді реконструкциялау не демонтаждау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және іске асырсын. Осы жоспардың уақтылы және тиімді іске асырылуына дербес жауапкершілікте болатын адамдарды анықтасын;

Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 наурызға дейін
3) Елді мекендерде, объектілер мен аумақта су басуды болдырмау мақсатында бөгендер мен өзге қорғау құрылыстарын нығайту бойынша жұмыс жүргізсін. Олардың жай-күйіне тұрақты бақылау белгілесін.

Орындау мерзімі: 2012 жылғы 10 сәуірге дейін
4) су тасқыны кезеңінде еріген судың көп мөлшерін шығаруға арықтық-арналық жүйелерді, өзендердің арналарын, су өткізетін және гидротехникалық құрылыстарды дайындауды қамтамасыз етсін. Қалалардан қардың шығарылуын қамтамасыз етсін;

Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 наурызға дейін
5) мамандандырылған және инженерлік техниканы, мотопомпаны, инертті материалдар мен қаптар қорын су тасқыны қаупі бар учаскелердің маңына жинасын. Су тасқыны жағдайы қиындаған кезде авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін оларды жедел қолдануды қамтамасыз етсін;

Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
6) елді мекендерде су басу қаупінің туындауы кезінде іс-қимыл, қауіпті аймақтардан эвакуациялау қағидалары бойынша халыққа жадынамалар, тақырыптық буклеттердің шығарылуы мен таратылуын ұйымдастырсын;

Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 наурызға дейін

7) тасқын суға қарсы, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тасқын су кезеңінде төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін жеткілікті қаржылық және материалдық резервтерді құрсын.

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 наурызға дейін
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға ауа райының және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылды алдын ала ескертудің сенімді болжамдарының уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті:

1) Су қоймаларынан судың жіберілуін тиімді реттеу, судың жиналуын және судың бөлінуін жоспарлау, олардың сақталуын қатаң бақылау жолымен тасқын сулардың қатерін және ауқымын, олардан болған шығынды азайту бойынша толық ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шараларды қабылдасын;

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
2) ағымдағы жылға жоспарланған республикалық гидротехникалық құрылыстардың уақтылы салынуын және жөнделуін қамтамасыз етсін;

Орындау мерзімі 2012 жылғы 15 желтоқсанға дейін
5. Ауыл шаруашылығы министрлігі төтенше жағдайлар, қоршаған ортаны қорғау министрліктерімен бірлесіп 2013-2015 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде қар запастарының және жауын-шашынның бар-жоғын, көрші елдерде орналасқан су қоймаларының жұмыс режимін есепке ала отырып су шығыстарын бақылауға арналған негізгі ағысын және су қоймасын қоса алғанда ГИЗ базасында Сырдария өзені бассейнінің қазақстандық бөлігіндегі гидравликалық модельді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізсін.

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 мамырға дейін
6. Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары жергілікті атқарушы органдармен, Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп:

1) облыс және аудан орталықтары, елді мекендер, құтқару бөлімшелері, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың қызметтері мен құралымдары арасында тұрақты және үздіксіз байланысты ұйымдастыру кестесін пысықтасын;

Орындау мерзімі 2012 жылғы 15 наурызға дейін
2) электр дабылдарын, желілік радиохабар тарату, радио және телевизия арналарын, айналымдағы шақырту тіректерін, мобильді дауыс зорайтқыш қондырғылар мен басқа да техникалық құралдарды пайдалана отырып, облыстық және аудандық хабардар ету жүйелерін дайындап, әзірлікке келтірсін;

Орындау мерзімі 2012 жылғы 15 наурызға дейін
3) Тасқын су зардаптарын жою үшін күштер мен құралдар топтамаларының әзірлігін тексерсін.

Орындау мерзімі 2012 жылғы 15 наурызға дейін
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ведомстволық бағынысты гидроэлектр станцияларының, тасқын су қауіпті учаскелерде орналасқан электр жіберу желілерінің кепілді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша толық шаралар кешенін қабылдасын.

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

тасқын су кезеңінде автомобиль және темір жолдарының, байланыс және коммуникация желілерінің, көпірлердің, инженерлік және басқа да жол құрылыстарының сақтығын қамтамасыз ету бойынша толық шаралар қабылдасын.

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
9. «Қазавтожол» РМК Төтенше жағдайлар министрлігіне қар борасыны және температура айтарлықтай төмендеген кезде жолдарды жабу тәртібі туралы құжат ұсынсын.

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
10. Орталық атқарушы органдар тасқын су қауіпті учаскелерде орналасқан ведомстволық бағынысты объектілерді қорғау бойынша қажетті алдын алу шараларын қабылдасын.

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
11. Бас прокуратура (келісім бойынша) Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарымен бірлесіп жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын тасқын суға қарсы шаралардың тиімділігіне тексеру жүргізу мүмкіндігін қарасын

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
12. Осы хаттама ұсынымдарының орындалуын бақылау Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
Төтенше жағдайлардың алдын алу

және оларды жою жөніндегі

ведомствоаралық мемлекеттік комиссия

төрағасы – Қазақстан

Республикасының Төтенше

жағдайлар министр В. Божко

Похожие:

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының iconТөтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
Оса берiлiп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы бекiтiлсiн
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының iconҚосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың 11 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Азақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ағымдағы жылдың 11 айында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың...
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының iconҚосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы 2010 жылдың тоғыз айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат
Азақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ағымдағы жылдың 9 айында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен...
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы
КӨмір және тау-кен өндіру өнеркәсібінде төтенше жағдайлардың алдын алу мен тарату саласында ғылыми-қолданбалы зерттеулердің орындалу...
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының iconҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ғылыми-техникалық кеңесі отырысының хаттамасы
Жылы жүргізілген төтенше жағдайлардың алдын алу саласында ғылыми-қолданбалы зерттеулерді орындау нәтижелері және министрліктің бағынысты...
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының iconҚазақстан Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы
Республикасының Үкiметi мен Украина Министрлер Кабинетiнiң арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою саласындағы...
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының iconАҚ ЖӘне тж бойынша оқУ-Әдістемелік әдебиеттерге шолу «АҚ және тж саласындағы Заңдар»
Осы Заң Қазақстан Республикасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша қоғамдық қатынастарды...
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының iconТабиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының iconҚызметiнде төтенше жағдайлар туындау қатерi жоғары ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 19 мамырдағы n 764 қаулысына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу мен iс-қимылдарға дайындалу...
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының iconСтуденттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Тәуелді жағдайлардың алдын алу шаралары және әдістері, негізгі принциптері. «Жастық валеология»
Мақсаты: Тәуелді жағдайлардың алдын алу шаралары және әдістері, негізгі принциптер сұрақтарын зерделеу
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница