Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы




Скачать 428.37 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
страница3/5
Дата конвертации13.02.2013
Размер428.37 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

      24-бап. Судьялардың ауыстырылмайтындығы

      1. Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негiзде өкiлеттiктерге ие болады.

      2. Судьяның өкiлеттiгi тек қана осы Конституциялық заңда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн.

      25-бап. Судьяның тәуелсiздiгi

      1. Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады.
      Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

      2. Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.

      3. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.

      4. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi.
      Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен.

      26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi

      1. Судьяның тәуелсiздiгi:

      1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен;

      2) судьяның сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне араласқаны үшiн, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшiн заңда жауаптылық белгiлеумен;

      3) судьяға ешкiмнiң тиiспеуiмен;

      4) Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкiлеттiгiн тоқтату және тоқтата тұру тәртiбiмен, судьяның орнынан түсу құқығымен;

      5) судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етiледi.

      2. Судьялар, олардың отбасы мүшелерi мен мүлкi мемлекеттiң қорғауында болады.
      Егер судьядан тиiстi өтiнiш түссе, iшкi iстер органдары судья мен оның отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн, оларға тиесiлi мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге уақтылы және түпкiлiктi шаралар қабылдауға мiндеттi.
      Судьяға және оның мүлкiне кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген зиян республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеледi.
      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен.

      27-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеуi

      1. Судьяны, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiнсiз, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгiленген жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз оны қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға тиiспеушiлiк оның жеке басына, меншiгiне, ол тұратын тұрғын үй және қызметтiк үй-жайларға, ол пайдаланатын жеке және қызметтiк көлiк құралдарына, оған тиесiлi құжаттарға, багажына және өзге де мүлiктерiне тиiспеушiлiктi қамтиды.

      2. Судьяға қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға қатысты арнайы жедел-iздестiру iс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

      3. Судьяға Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен куәлiк берiледi.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен.

      28-бап. Судьяға қойылатын талаптар

      1. Судья:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға;

      2) сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әдiлдiгiне, объективтiлiгi мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;

      3) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне және сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға;

      4) судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi.

      2. Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
      Судьялар партияларға, кәсiптiк одақтарға кiре алмайды, қандай да бiр саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуiне болмайды.
      Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен.

      29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар

      1. Аудандық соттың судьясы болып:
      жиырма бес жасқа толған;
      жоғары заң бiлiмi бар, еңбек жолы мiнсiз және заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар;
      бiлiктiлiк емтиханын, оның iшiнде мамандандырылған магистратурада тапсырған;
      медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растаған;
      сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пiкiрiн алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкiн. Мамандандырылған магистратураны оқып бiтiрген адамдарға тағылымдамадан өту талап етiлмейдi.

      2. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он бес жыл жұмыс стажы бар немесе кемiнде бес жыл судьялық жұмыс стажы бар азамат облыстық соттың судьясы бола алады.

      3. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетiн, заң мамандығы бойынша кемiнде он бес жыл жұмыс стажы бар немесе кемiнде бес жыл судьялық жұмыс стажы бар азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.

      4. Судьялыққа кандидаттар тұрақты негiзде сотта тағылымдамадан өтедi. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарты мен тәртiбi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережеде айқындалады.
      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.11 N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.

      29-1-бап. Судья лауазымына кандидатты медициналық
                 куәландыру

      1. Судья лауазымына кандидаттың судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растау үшiн оған медициналық куәландыру жүргiзiледi.

      2. Судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiретiн аурулардың тiзбесi жергiлiктi және басқа соттарды ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның бiрлескен нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
      Ескерту. 29-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.11 N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгiзiлдi - 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.

      30-бап. Судья қызметiне кандидаттарды iрiктеу

      1. Судья қызметiне кандидаттарға тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына, дiни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан қызметке орналасуға тең құқық қамтамасыз етiледi.

      2. Жергiлiктi және басқа соттардың судьялары қызметiнiң бос орындарына кандидаттар iрiктеудi Жоғары Сот Кеңесi бос орынға орналасуға өтiнiш берген және осы Конституциялық заңның 29-бабының талаптарына сай келетiн адамдар арасынан конкурстық негiзде жүзеге асырады.
      Жоғары Сот Кеңесi конкурстың нәтижелерi бойынша жергiлiктi және басқа соттардың судьялары қызметiнiң бос орындарына кандидаттарды қызметке тағайындау үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады.

      3. Аудандық сот төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураны тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының шешiмi негiзiнде Жоғарғы Сот Төрағасы енгiзген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесi қарайды.
      Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары қызметiнiң бос орындарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешiмi негiзiнде Жоғарғы Сот Төрағасы енгiзген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесi қарайды.
      Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы қызметiне кандидат Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады.
      Жоғары Сот Кеңесi жергiлiктi және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары қызметiнiң бос орындарына кандидаттарды қызметке тағайындау үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады.
      Жоғарғы Соттың Төрағасы қызметiне кандидатураны Жоғары Сот Кеңесi қарайды.
      Жоғары Сот Кеңесi Жоғарғы Соттың Төрағасы, судьясы қызметiнiң бос орындарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсынуы үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады.
      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

      31-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртiбi

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.

      2. Жергiлiктi және басқа соттардың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.

      3. Жергiлiктi және басқа соттардың сот алқалары төрағаларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешiмi негiзiнде Жоғары Сот Кеңесiнiң ұсынымы бойынша бес жыл мерзiмге Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.

      4. Жоғарғы Соттың Төрағасын Жоғары Сот Кеңесiнiң ұсынымына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуы бойынша бес жыл мерзiмге Сенат сайлайды.

      5. Жергiлiктi және басқа соттардың төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайды.

      6. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен).

      7. Жергiлiктi және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары өкiлеттiк мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн, егер олар бұрынғы қызметтерiне немесе басқа соттағы осындай қызметке тиiсiнше қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады.
      Тиiстi сотта судьялардың бос орны болмаған жағдайда осындай лауазымға қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған жергiлiктi және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.

      8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, судьялардың жалпы саны қысқартылған кезде осы соттың судьялары олардың келiсiмiмен тең дәрежелi немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына тағайындауға конкурссыз ұсынылуы мүмкiн.
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.11 N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.

      32-бап. Судьяның ант беруi

      1. Судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған адам мынадай мазмұнда ант бередi:
      "Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретiндегi борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға салтанатты түрде ант етемiн".

      2. Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьялары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының отырысында ант бередi.

      3. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен).

      4. Облыстық соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы мен судьясы, аудандық соттың төрағасы мен судьясы қызметiне алғаш рет тағайындалған адамдар облыстық соттың жалпы отырысында ант бередi.
      Судья төраға не сот алқасының төрағасы немесе басқа соттың судьясы болып тағайындалған кезде қайтадан ант бермейдi.
       Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

      33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру

      1. Судьяның өкiлеттiгi, егер:

      1) судья Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихатының депутаттығына кандидат болып тiркелсе;

      2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;

      3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе;

      3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша судья өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмi болса;

      3-2) кәсiби жарамсыздығына байланысты судьяның атқаратын қызметiне сәйкес келмейтiнi туралы Сот жюриiнiң қорытындысы болса.
      Судьяның өкiлеттiктерi тоқтатыла тұрған кезде оның тиiстi соттың төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметiндегi өкiлеттiктерi тоқтатыла тұрады;

      4) басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.

      2. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұруды:
      Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты - Қазақстан Республикасының Президентi;
      Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.

      3. Егер судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға негiз болған мән-жай жойылса, судьяның өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.11 N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.

      34-бап. Судьяны қызметтен босату және оның өкiлеттiгiн
               тоқтату

      1. Судьяның өкiлеттiгi мынадай негiздерде:

      1) судья орнынан түскенде;

      1-1) судья өз тiлегi бойынша қызметiнен босағанда;

      2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы бойынша;

      3) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенде;

      4) осы судьяға қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде;

      5) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда;

      6) судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енген жағдайда;

      7) судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;
1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconҚазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына
Ның 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconҚазақстан республикасының сот жүйесі мен судьяларының МӘртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру (47 55 баптар)
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы icon«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»
Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртiбiн және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconБекітілген аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту
Блыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан...
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconКәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық...
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы icon«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы»

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №20, 80-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconҚазақстан Республикасы сот жүйесi органдарының бюджетi Өлшем бірлігі
Жоғары сот органының азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз етуі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница