Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы




Скачать 428.37 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы
страница5/5
Дата конвертации13.02.2013
Размер428.37 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5

      3. Судья қызметiнен босатылғанда оны және отбасы мүшелерiн басқа тұрғын үй бермей тұрып қызметтiк тұрғын үйден шығаруға болмайды.

      52-бап. Судьяларды мантиямен қамтамасыз ету

      Барлық соттардың судьялары республикалық бюджет қаражаты есебiнен судьялық мантиямен қамтамасыз етiледi.

      53-бап. Судьяларға медициналық қызмет көрсету

      1. Судьялар және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетумен белгiленген тәртiппен қамтамасыз етiледi.

      2. Судьяларға медициналық қызмет көрсетудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .
       Ескерту. 53-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

      54-бап. Судья мертiккен (жарақаттанған, жараланған,
               контузия алған, кәсiби ауруға шалдыққан) немесе
               қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайдағы өтемақы

      1. Судья қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертiксе (жарақаттанса, жараланса, контузия алса, кәсiби ауруға шалдықса), оған осы бапта белгiленген мөлшерде бiржолғы өтемақы төленедi.

      2. Судья қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда не қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертiгу (жарақаттану, жаралану, контузия алу, кәсiби ауруға шалдығу) салдарынан судья өкiлеттiгiн тоқтатқаннан кейiн бiр жылдың iшiнде оны алуға құқығы бар адамдарға соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

      3. Судьяның қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертiгуiнiң (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, кәсiби ауруға шалдығуының) нәтижесiнде мүгедек болғаны белгiленген жағдайда, оған:

      1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық лауазымдық айлықақы;

      2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық лауазымдық айлықақы;

      3) III топтағы мүгедекке - алты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

      4. Судья қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiк белгiлеуге әкеп соқтырмаған ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсiби ауруға шалдыққан) жағдайда оған бiр жарым айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде, жеңiл мертiккен жағдайда - жарты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

      5. Бiржолғы өтемақы төлеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      6. Егер судьяның қызметтiк мiндеттерiн атқарумен байланысты емес жағдайларда мертiккенi (жарақаттанғаны, жараланғаны, контузия алғаны, кәсiби ауруға шалдыққаны) немесе қаза тапқаны (қайтыс болғаны) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтемақы төленбейдi.
      Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен.

      55-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығыстардың өтемақысы

      Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметiнен зейнеткерлiкке шыққан зейнеткерлердi жерлеу үшiн судья қайтыс болған сәттегi тиiстi лауазымы бойынша судьяның үш айлық жалақысы мөлшерiнде бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi.
      Бiржолғы ақшалай өтемақы төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
       Ескерту. 55-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

      55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтiк
                 қамсыздандыру жөнiндегi кепiлдiктерден айыру

      Судья өзiнiң қылмыс жасауына немесе сот билiгiнiң беделiне нұқсан келтiретiн терiс қылық жасауына, сот әдебi талаптарын сақтамауына және осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген өзге де талаптарды орындамауына байланысты судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмi бойынша оның өкiлеттiктерi тоқтатылған кезде, сондай-ақ кәсiби жарамсыздығына байланысты Сот жюриiнiң қорытындысы бойынша:

      1) орнынан түсу құқығынан және жеке басына тиiспеушiлiк кепiлдiгiнен;

      2) осы Конституциялық заңның 51, 53, 54 және 55-баптарында көзделген барлық материалдық және әлеуметтiк кепiлдiктерден айырылады.
      Ескерту. 55-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.11. N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңымен.

4-бөлiм. СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      56-бап. Соттардың қызметiн ұйымдық және
             материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi, сондай-ақ сот статистикасын жүргiзудi Жоғарғы Соттың Аппараты жүзеге асырады.
      Жергiлiктi және басқа соттардың қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi, сондай-ақ соттарда сот статистикасын жүргiзудi Қазақстан Республикасының Президентi құратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

      2. Уәкiлеттi органдардың бiрыңғай жүйесiн тиiстi орталық мемлекеттiк орган және облыстардағы, астана мен республикалық маңызы бар қалалардағы соттардың әкiмшiлерi құрайды.

      3. Уәкiлеттi органның қызметi соттың тәуелсiздiгi мен судьялардың қызметiне араласпау принциптерiн сақтау жағдайында жүзеге асырылады.

      4. Уәкiлеттi органның құзыретi мен қызметiнiң ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережемен айқындалады.

      5. Соттарда сот кеңсесi құрылады, ол судьялардың сот төрелiгiн жүзеге асыру, сот тәжiрибесiн жинақтау, сондай-ақ соттың басқа да функцияларын орындау жөнiндегi жұмысын қамтамасыз етедi.

      6. Сот кеңсесi қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы мен еңбегiне ақы төлеу мемлекеттiк қызмет туралы заңдармен реттеледi.

      7. Жоғарғы Сот Аппаратының құрылымы мен штат санын - оның Төрағасы, ал жергiлiктi және басқа соттар кеңселерiнiң құрылымы мен штат санын тиiстi сот төрағасының ұсынуы бойынша уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн штат санының лимитi шегiнде бекiтедi.
      Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.12.11 N 199 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.

      57-бап. Соттарды қаржыландыру

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын, жергiлiктi және басқа соттарын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.

      2. Жоғарғы Соттың, жергiлiктi және басқа соттардың бюджетi соттардың конституциялық өкiлеттiктерiн орындауын толық қамтамасыз етуге тиiс.
       Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.

5-бөлiм. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

      58-бап. Күшi жойылды деп танылған заң актiлерi

      Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1. "Қазақ ССР-iнiң сот құрылысы туралы" 1990 жылғы 23 қарашадағы Қазақ ССР-ның Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 48, 443-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1992 ж., N 8, 206-құжат; N 11-12, 293-құжат; 1993 ж., N 8, 161-құжат; 1995 ж., N 23, 140-құжат).
      2. "Қазақ ССР-iнiң сот құрылысы туралы" Қазақ ССР Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң 1990 жылғы 23 қарашадағы қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж., N 48, 444-құжат).
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қызметiнiң ұйымдық мәселелерi туралы" 1994 жылғы 7 ақпандағы N 1545 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлер жинағы, 1994 ж., N 6, 62-құжат).
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы соттары судьяларының материалдық және әлеуметтiк қамсыздандырылу деңгейiн арттыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1994 жылғы 18 сәуiрдегi N 1670 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлер жинағы, 1994 ж., N 18, 182-құжат).
      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының төменгi соттарын құру тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы N 2125 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлер жинағы, 1995 ж., N 10, 113-құжат).
      6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының соттары туралы" 1995 жылғы 20 қазандағы N 2581 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1995 ж., N 21, 128-құжат; N 22, 134-құжат).
      7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 конституциялық заң күшi бар Жарлығы   (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 147-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат; N 11, 156-құжат; N 13-14, 194-құжат; 1999 ж., N 4, 100-құжат; N 23, 915-құжат; N 10, 231-құжат).

      59-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгiзу
               және судьялар қызметiнiң онымен байланысты
               ерекшелiктерi

      1. Осы Конституциялық заң тиiстi заңдардың қабылдануына қарай, бiрақ 2001 жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiлетiн 11 баптың 2-тармағын, 13-бапты, 18-баптың 2-тармағын, 19-бапты, 30-бапты және 36-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiн қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке тағайындалған немесе сайланған Республика соттарының қызмет етiп жүрген төрағалары мен судьялары өз өкiлеттiктерiн сақтайды.

      3. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке сайланған немесе тағайындалған сот төрағаларының бесжылдық өкiлеттiк мерзiмi қызметке сайланған немесе тағайындалған сәттен бастап есептеледi.

      4. Қазақстан Республикасы облыстық, оларға теңестiрiлген соттарының және Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңмен көзделген Қазақстан Республикасы соттарының алқалары құрылғанға дейiн өз өкiлеттiктерiн сақтайды.

     
1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconҚазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына
Ның 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconҚазақстан республикасының сот жүйесі мен судьяларының МӘртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған...
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру (47 55 баптар)
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы icon«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»
Республикасындағы соттар қызметiнiң тәртiбiн және судьялардың мәртебесiн белгiлейтiн заңдар
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconБекітілген аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту
Блыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының жоғары тұрған соттарда тағылымдамадан өту қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан...
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconКәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық...
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы icon«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы»

Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconҚазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №20, 80-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы iconҚазақстан Республикасы сот жүйесi органдарының бюджетi Өлшем бірлігі
Жоғары сот органының азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз етуі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница