«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер




Скачать 71.86 Kb.
Название«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер
Дата конвертации13.02.2013
Размер71.86 Kb.
ТипДокументы
Қызылорда облысы әкімдігінің
2008 жылғы 15 желтоқсан № 203
қаулысымен бекітілген
Қызылорда облысы әкімдігінің
2010 жылғы 4 мамырдағы № 768
қаулысымен толықтырулар енгізілген

«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру
және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі ( әрі қарай – басқарма) туристік қызметті, дене шынықтыруды және спортты дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруға  Қызылорда облысы әкімдігі уәкілеттілік берген, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қызылорда облысының әкімі мен әкімдігінің  актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма белгіленген заңдарға сәйкес ұйымдастыру-құқықтық нысанда мемлекеттік мекеме ретінде құрылған заңды тұлға болып табылады.

Басқарманың Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген мөрі, атауы мемлекеттік тілде жазылған  мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкі және Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қазынашылық мекемелерінде  шоты болады.Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түсе алады.

Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес уәкілдік берілсе, азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан тарап болып түсуге құқығы бар.
4. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген заңнамаға сәйкес бұйрық түріндегі актілер шығарады.

5. Басқарманың штат санының лимитін Қызылорда облысының әкімдігі бекітеді.
6. Басқарманың мекен-жайы: индексі 120008, Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, 1.
7. Басқарманың толық атауы:
мемлекеттік тілде: “Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы” мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение “Управление туризма, физической культуры и спорта Кызылординской области”.
8. Қызылорда облысының әкімдігі басқарманың құрылтайшысы болып табылады. Құру туралы акт және осы Ереже басқарманың құрылтайшылық құжаттары болып табылады. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшы арқылы жүзеге асырылады.
9. Басқарманың қызметін қаржыландыру тек облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
10. Басқарманың функциясы болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілермен келісім-шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
11. Егер басқармаға заңнамалық актілермен табыс түсіретін қызмет түрімен айналысуға құқық берілген болса, ондай қызметтен түскен табыс мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі. 

    2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

12. Басқарманың негізгі міндеті туристік қызмет, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және дамыту болып табылады.
13. Басқарма Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мынадай қызметтерді атқарады:
1)  туризмді және туристік индустрияны, дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді және іске асырады;
2) өңірлік туризмді дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шаралардың атқарылуын жүзеге асырады;
3) спорттың әр түрі бойынша облыстық жарыстар өткізеді;
4) спорттың әр түрі бойынша облыстың құрама командаларының дайындығын және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз етеді;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдайды;
6) облыстық мамандандырылған оқу-спорттық мекемелердің қызметін үйлестіреді;
7)  облыс аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді;
8) спорт ұйымдарына және туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
9) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;
10) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды береді:
спорт шеберлігіне кандидат, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі;
11) облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады;
12) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
13) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорт ұйымдарының қызметін және туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметін үйлестіреді;
14) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм, дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі қажетті мәліметтерді, соның ішінде статистикалық деректерді талдайды және тиісті уәкілетті органға ұсынады;
16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында:
туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне;
туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қажетті ақпаратты қалыптастырады және уәкілетті органға тоқсан сайын береді;
17) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
18) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;
19) туристік ақпарат орталығын құруды қамтамасыз етеді;
20) мүгедектер үшiн арнайы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы ғимараттарда дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi;
21) ақыл-есi кем және дене кемiстiгi бар мүгедектердi үздiксiз оңалту жүйесiндегi дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануды ұйымдастыру, әдiстемелiк жағынан мүгедектердің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету;
22) мүгедектердiң дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып, облыс деңгейiндегi спорттық iс-шаралар өткiзудi, сондай-ақ олардың республикалық жарыстарға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады;
23) туристерді қорғаудың және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеп, оның орындалуын ұйымдастырады;
24) мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi жағдайлар жасауды қамтамасыз ету;

25) тәрбие, дене тәрбиесi мен спорт саласында балалар мүдделеріне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру жатады;
26) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамаларға сәйкес дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секцияларының және басқа да ұйымдардың, бірінші, екінші және үшінші санаттардағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) қызметін, және де туризм нұсқаушысы көрсететін қызметін  лицензиялауды жүзеге асырады;
27) Қазақстан Республикасының заңнамаларда белгіленген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
14. Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
өзінің құзыреті шегінде орындалуы міндетті құқықтық актілерді қабылдауға;
заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

3. Басқарманың мүлкі

15. Басқарманың жедел басқару құқығындағы оқшауландырылған  мүлкі болады.
Мүлкі негізгі және айналымды қордан құралатын  мемлекеттен бөлінген мүліктен және  бағасы басқарманың балансында көрсетілген басқа да мүліктерден құрылады.
16. Басқармаға бекітілген мүлік, облыстық коммуналдық меншікке жатады.
17. Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті өз еркімен басқа біреуге беруіне немесе басқаша шешім қабылдауына құқығы жоқ.

4.   Басқарманың қызметін ұйымдастыру

18. Басқарманы, Қазақстан Республикасында белгіленген заңдарға сәйкес, облыс әкімі тағайындайтын және босататын басқарма бастығы басқарады.Басқарма бастығының заңдарда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және босатылатын орынбасары болады.
19. Басқарма бастығы басқарманың қызметін ұйымдастырады, басқарады және бөлімнің өз міндеттерін орындауы мен функцияларын атқаруына жеке жауапты болады.
20. Осы мақсатта басқарма бастығы өз құзыры шеңберінде, заңдарда көрсетілген тәртіппен:

1) өз орынбасары мен басқарманың структуралық бөлімдерінің міндеттері мен уәкілетіліктерін белгілейді;
2) Басқарманы өзінің құзіреттілігі шегінде мемлекеттік органдарда және мекемелерде  көрсетеді;

3) Басқарманың актілеріне қол қояды;
4) Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің ережелерін бекітеді;
5) заңдарға сәйкес  басқарма қызметкерлерін жұмысқа тағайындайды және босатады;
6) заңдарда белгіленген тәртіппен басқарма қызметкерлерін марапаттайды және оларға тәртіптік шара көреді;
7)  Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да уәкілеттілікті іске асырады;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты ұйымдастырады және аталған жұмысқа дербес жауапкершілікте болады;
9) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады.

            5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату         

21. Басқарманы қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
22. Таратылған басқарманың мүлкі заңнамаларда белгіленген тәртіппен қайта бөлінеді.

 

Похожие:

«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер iconТуризм нұсқаушысының қызметін лицензиялау
Мемлекеттік және жергілікті атқару органының атауы (толық, қысқартылған): Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы”...
«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер icon«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Ағымдағы жағдайды және ШҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметінің даму тенденциясын талдау
«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер icon«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі»
«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- бөлім) спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру...
«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер icon«Қостанай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Останай облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының миссиясы және пайымдауы
«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер icon2011-2015 жылдарға арналған
«Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер iconР/с Іс-шараның атауы
Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы 2012 жылдың 8-14 қазаны аралығында Шығыс Қазақстан облысында...
«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер iconР/с Іс-шараның атауы
Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы 2012 жылдың 1-7 Қазаны аралығында Шығыс Қазақстан облысында...
«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер iconОңтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010 жылдың 1-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы
Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері халыққа Жолдауын, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру...
«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін...
«Қызылорда облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер iconЗайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында аудан көлемінде тиімді мемлекеттік басқаруды...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница