Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холднинг» АҚ-ның 2007 жылғы «01» 10-дағы №131-п




Скачать 434.26 Kb.
НазваниеМемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холднинг» АҚ-ның 2007 жылғы «01» 10-дағы №131-п
страница1/4
Дата конвертации13.02.2013
Размер434.26 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4
«Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі

қазақстандық холднинг» АҚ-ның

2007 жылғы «01» 10-дағы № 131-п

бұйрығымен бекітілген

«ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ МЕН ҚУАТЫ РЫНОГЫНЫҢ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОПЕРАТОРЫ» АҚ-НЫҢ КОРПОРАТИВТІК

БАСҚАРУ КОДЕКСІ

Астана қаласы, 2007 ж.

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ...................................................................................................................................3

ҚОҒАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ...............................................................................................4

1 БӨЛІМ. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ПРИНЦИПТЕРІ

1. АНЫҚТАМА МЕН ПРИНЦИПТЕР..................................................................................5

2. ҚОҒАМНЫҢ ІШКІ ҚҰЖАТТАРЫ...................................................................................10

3. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫМЫ.........................................10

2 БӨЛІМ. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МЕН БАСҚАРМА ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІСТІ ПРАКТИКАСЫ………………………………………………………………………………..10

1. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ......................................................................................................11

2. БАСҚАРМА.............................................................................................................................17

3. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МЕН БАСҚАРМА АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТ; КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ…………………………………………………………………..18

3 БӨЛІМ. ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТ…………………………………...19

1. ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ…………………….19

2. ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ…………………………………...20

3. ДИВИДЕДТІК САЯСАТ…………………………………………………………………….21

4. ЖАСАЛУЫНА МҮДДЕЛІ МӘМІЛЕЛЕР………………………………………………..21

5. МАҢЫЗДЫ КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАР……………………………………………..21

6. ҚОҒАМДЫ ТАРАТУ………………………………………………………………………..22

4 БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫ АШУ ЖӘНЕ АЙҚЫНДЫҚ……………………………………….22

1. АҚПАРАТТЫ АШУ САЯСАТЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ………………………………….22

2. ІШКІ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ……………………………………………………………...22

3. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК…………………………………………………………………..23

4. ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ…………………………………………………...23

5. СЫРТҚЫ АУДИТ……………………………………………………………………………24

5 БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………...…25

КІРІСПЕ
1. Осы құжатта «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі -Қоғам) Корпоративтік басқару кодексі (бұдан әрі - Кодекс) баяндалған.

2. Осы Кодекстің мақсаттары Қоғамдағы корпоративтік басқаруды жетілдіру және жүйелендіру, Қоғамды неғұрлым айқын басқаруды қамтамасыз ету және Қоғамның корпоративтік басқарудың тиісті үлгіқалыптарын қолдануға әрдайым дайын екендігін растау. Жекелеп алғанда:

Қоғамның құндылығы мен Жалғыз акционердің басқа да пайдаларын барынша арттыру үшін Қоғамды басқару тиісті жауапкершілік, есепберушілік және тиімділік деңгейінде жүзеге асырылуы тиіс;

ақпаратты ашу, айқындық, сондай-ақ тәуекелді басқару, ішкі бақылау жүйелерінің тиімді жұмыстары тиісінші қамтамасыз етілуі тиіс.

3. Кодекс Қоғам ішінде және басқа рынокқа қатысушылармен қатынастарда жоғары іскерлік әдепті қамтамасыз ету үшін өз қызметінің барысында ұстанатын ережелер мен ұсыныстар жиынтығы болып табылады.

4. Кодекс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелеріне сәйкес, сондай-ақ Қазақстанда дамып келе жатқан корпоративтік тәртіп тәжірибесін, әдеп нормаларын, капиталдар рыногында, олардың ағымдағы даму кезеңінде компания қызметінің қажеттіліктері мен шарттарын, және халықаралық практикада танылған корпоративтік басқару қағидаларын есепке ала отырып әзірленген.

5. Қоғам өз қызметінде Кодекстің ережелерін ұстануы қажет. Бұл ретте Қоғамның жеке ерекшеліктерін, оның көлемін, даму қарқынын, сондай-ақ оның алдында тұрған тәуекел мен мәселелердің сипатын есепке ала отырып Кодекстің ережелерін ұстанудан бас тартуы белгілі жағдайларда ақталуы мүмкін. Кодекстің ережелерін ұстанудан бас тарту тиісті жағдайлар мұқият талдағаннан кейін және мұндай болуы мүмкін бас тартуды Директорлар кеңесі мен Жалғыз акционер талқылағаннан кейін рұқсат етіледі.

6. Қоғам корпоративтік басқару тәжірибесі статистикалық сипатта емес екендігін растайды. Директорлар кеңесі қолданыстағы заңнаманы, қазақстандық және халықаралық компаниялардағы коопоративтік басқаруға қатысты қолданылатын ұсыныстар мен үздік тәжірибелерді ескере отырып ауық-ауық Кодекстің талаптарын қайта қарап отырады, қажет болған жағдайда Жалғыз акционердің қарауына сәйкес ұсыныстар енгізеді.

7. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Қоғаммен жасалған сәйкес келісімдердің негізінде осы Кодекспен қарастырылған міндеттемелерді қабылдайды және Қоғамда оның ережелерін ұстануға міндеттенеді.

8. Кодексте келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

Директор/лар Қоғамның Директорлар кеңесінің мүше/лері
Жалғыз акционер «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» акционерлік қоғамы
Мүдделі тұлға Заңнамамен және Жарғымен қарастырылған құқықтарын

іске асыруы Қоғамның қызметімен байланысты Тұлға.
Заңнама Белгіленген тәртіппен қабылданған Қазақстан

Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің

жиынтығы
Кодекс Қоғамның Корпоративтік басқару кодексі

Комитет/тер Директорлар кеңесінің Комитеті/тері

Аудит жөніндегі Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті

комитет

Тағайындаулар мен сыйақылар Директорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар

жөніндегі комитет жөніндегі комитеті
Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысы

Корпоративтік шиеленіс 1) Жалғыз акционер мен Қоғамның органдары ;

немесе

2) Қоғамның органдары мен оның мүшелері/ Ішкі

аудит қызметкерлері; немесе

3) Қоғамның органы мен Қоғамның мүдделі

тұлғалары арасындағы Жалғыз акционер мен

Қоғамның қызметіне жағымсыз әсер ететін

Қоғамның корпоративтік басқару мәселелері

жөніндегі келіспеушіліктер мен даулар
Тәуелсіз Директорлар «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан

Республикасының Заңына және Жарғыға сәйкес

тәуелсіз деп анықталған директорлар
Басқарма Қоғамның атқарушы органы
Директорлар кеңесі Қоғамның басқару органы

Маңызды корпоративтік оқиғалар Қоғам қызметін іргелі өзгерістерге алып келуі

мүмкін оқиғалар мен мәмілелер қатары
Жарғы Қоғамның Жарғысы


9. Қолданылатын, бірақ осы Кодексте анықталмаған терминдер Заңнамада, Жарғыда

пайдаланылған мағынада пайдаланылады.


ҚОҒАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
10. Қоғамның міндеті Қазақстан электр энергиясының көтерме сауда нарығында

электр энергиясымен орталықтандырылған сауда–саттықты ұйымдастыру және өткізу,

сондай-ақ электр энергиясымен орталықтандырылған сауда нарығының қызмет ету

механизмдерін енгізу және кеңейту.

11. Қоғам өз қызметін экономиканың электроэнергетика саласында жүзеге асырады. Қоғамның өкілдіктері мен филиалдары жоқ. Осы Кодексті бекіткен күнге Қоғам Астана қаласында әрекет етеді.


1 ТАРАУ. КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚАҒИДАЛАРЫ.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ҚАҒИДАЛАРЫ



  1. АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚАҒИДАЛАР

12. Корпоративтік басқару дегенде Қоғамның қызметін басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін және Жалғыз акционердің мүддесінде Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің, Басқарманың, қоғамның басқа да органдарының Мүдделі тұлғалармен арасындағы қатынастарды қоса алғандағы үдерістер жиынтығы ұғынылады.

13. Қоғам корпоративтік басқаруды Қоғам қызметінің тиімділігін артыру, оның абыройын нығайту және капитал тартуға шығындарын төмендету құралы ретінде қарастырады. Қоғам тиісті корпоративтік басқару жүйесін Қазақстан Республикасында заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі өзінің үлесі ретінде, және оның қазіргі заманғы экономикадағы, жалпы қоғамдағы орнын анықтайтын фактор ретінде қарастырады.

14. Қоғамдағы корпоративтік басқару әділеттілік, адалдық, жауапкершілік, кәсіпқорлық және біліктілік негіздерінде құрылады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы барлық Қоғамның қызметіне мүдделі тұлғалардың құқықтары мен қызығушылықтарын құрметтеуді болжайды және Қоғамның табысты қызметіне, оның ішінде оның құндылықтарының өсуіне, қаржылық тұрақтылық пен түсімділікті қолдауға ықпал етеді.

15. Осы тармақта жазылған корпоративтік басқару қағидалары Қоғамды басқарумен байланысты пайда болған қатынастарда сенімділікті қалыптастыруға бағытталған, және Кодекстің келесі бөліктеріндегі барлық ережелер мен ұсыныстардың негізі болып табылады.

Осы Кодекстің негізін қалаушы қағидалар мыналар:

Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидасы;

Директорлар кеңесі мен Басқарманың Қоғамды тиімді басқару қағидасы;

Қоғамның дербес қызметі қағидасы;

Қоғамның қызметі туралы ақпарттың айқындығы және ашылу объективтілігі;

Заңдылық және әдеп қағидалары;

тиімді дивидендтік саясат қағидалары;

тиімді кадрлық саясат қағидалары;

қоршаған ортаны қорғау қағидалары;

корпоративтік шиеленістер мен мүдделер шиеленістерін реттеу саясаты;

жауапкершілік саясаты.

16. Қоғамның корпоративтік басқару құрылымы Заңнамаға сәйкес келіп, Қоғамның органдары арасында міндеттердің бөлінісін анық анықтауы қажет.

17. Кодексте жазылған корпоративтік басқару қағидаларын қолдану Қоғам қызметіне объективті талдау жүргізу үшін тиімді тәсіл табуға және қажет болған жағдайда талдаушылардан, кеңесшілерден және рейтингтік агенттіктерден сәйкес ұсыныстар алуға ықпал етуі тиіс.


    1. ЖАЛҒЫЗ АКЦИОНЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН

МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

18. Қоғамдағы Корпоративтік басқару Жалғыз Акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаларына негізделген және Қоғамның тиімді жұмыс істеуіне, оның ішінде Қоғамның активтерінің өсуі мен Қоғамның қаржылық тұрақтылығы мен түсімділігін қолдауға ықпал етеді.

Жалғыз ационер Заңнамамен және Жарғымен қарастырылған құқықтарға ие.

19. Корпоративтік басқару Жалғыз акционерге Қоғамды басқаруға қатысумен байланысты өзінің құқықтарын жүзеге асыруға нақты мүмкіндік береді. Қоғамның органдары Заңнама мен Жарғының нормаларын бұзатын әрекеттер істеген жағдайда Жалғыз акционер Заңнамамен қарастырылған тәртіппен өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге құқысы бар.

20. Қоғаммен Жалғыз акционер арасындағы ақпарат алмасу тәртібі Заңнамамен, Жарғымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен реттеледі.


    1. (1) ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ


21. Директорлар кеңесінің қызметі мына қағидаларға құрылады:

Жалғыз акционер мен Қоғамның мүдделерін барынша сақтау және іске асыру, сондай-ақ Жалғыз акционердің құқықтарын қорғау;

Қоғамның қызметі үшін жауапкершілік.

22. Директорлар толық хабардарлық негізде, адал және Жалғыз акционер мен Қоғамның ең абзал мүдделері үшін әрекет етулері қажет.

23. Директорлар кеңесі Жалғыз акционер алдында өз қызметінің айқындығын қамтамасыз етеді.

24. Ешқандай тұлға (тұлғалар тобы) Директорлар кеңесінің шешім қабылдауына шексіз құқыққа ие болмауы тиіс. Директорлар кеңесі мен Басқарма Төрағасы бір тұлға болмауы қажет.

25. Директорлар кеңесінің қызметін қамтамасыз етуге жауапты Директорлар кеңесінің Төрағасы мен Қоғамның ағымдағы қызметіне жауапты Басқарма Төраға арасындағы жауапкершілік анық бөлініп, Қоғамның сәйкес ішкі құжаттарында бекітілуі тиіс.

26. Директорлар кеңесі және Басқарма туралы сәйкес ережелерде баяндалған, Директорлар кеңесі мен Бақарма арасындағы өкілеттіктердің бөлінуі болуы тиіс.

27. Директорлар кеңесінің Төрағасы Директорлар кеңесін басқаруға жауап береді, оның жауапкершілігі аясындағы барлық аспектілер бойынша тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және Директорлар кеңесі бекітетін мәжілістің күн тәртібін белгіленген тәртіпте дайындайды. Директорлар кеңесінің Төрағасы Корпоративтік хатшымен бірге Директорлардың нақты және анық ақпаратты уақытылы алуларын қамтамсыз етеді.

Директорлар кеңесінің Төрағасы Жалғыз акционермен тиімді байланысты қамтамасыз етеді.

Директорлар кеңесінің Төрағасы Директорлардың Директорлар кеңесінің қызметіне тиімді үлес қосуларын, оның ішінде Директорлар мен Басқарма арасындағы сындарлы қатынастарды қамтамасыз етеді.

28. Директорлар кеңесінің құрамындағы Директорлардың жалпы санының кемінде үштен бір бөлігі Тәуелсіз Директорлармен ұсынылуы тиіс. Тәуелсіз Директордың өзіндік белгісі оның Жалғыз акционерден және Қоғамның басшылығынан тәуелсізідігі болып табылады.

29. Директорлардың жұмысын бағалау және әділ сыйақы беру жүйесі Жалғыз акционер мен Қоғамның мүдделерінде олардың жұмыстарын ынталандыруды қамтамасыз етуі тиіс.



    1. (2) БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ



30. Қоғамның ағымдағы қызметін басқару үшін Басқарма Төрағасы тұлғасындағы басшы қажет екедігін Қоғам ұғынады. Сондай-ақ Қоғам, басқару үдерісінде шешуге тура кеп тұратын күрделі мәселелерді жеке шешпей алқалы түрде шешу қажет екендігін ұғынады. Осыған байланысты Қоғам Басқарма Төрағасы басқаратын Басқарма түріндегі атқарушы органды құрады.

31. Бірде бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының Басқарманың шешім қабылдуына шексіз құқығы болмауы тиіс.

32. Басқарма Қоғамның міндеттерін орындау және стратегиясын іске асыру мақсатында Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

33. Басқарма іс-әрекетінің негізгі қағидалары адалдық, адал ниеттілік, парасаттылық, абайлаушылық, жүйелілік болып табылады.

34. Басқарманың қызметі барынша Жалғыз акционердің мүдделерін сақтау қағидалары негізінде құрылады және толығымен Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне есеп береді.



    1. ҚОҒАМНЫҢ ДЕРБЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАҒИДАСЫ


35. Қоғамның қызметі Жарғыны орындаған жағдайда осы Кодекстің жағдайларына сәйкес Қоғамның Жалғыз акционерінің мүдделерін сақтау мақсатында жүзеге асырылады.

36. Қоғам өз қызметін үнемі өздігінше жүзеге асырады.

37. Қоғам мен Жалғыз акционер арасындағы мәмілелер мен қатынастар Заңнаманың аясында қарапайым комерциялық негізде жүзеге асырады.



    1. ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ АШУДЫҢ АЙҚЫНДЫҚ ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ


38. Қоғам Жалғыз акционердің негізделген шешім қабылдауын қамтамасыз ету және Мүдделі тұлғаларға Қоғамның қызметі туралы ақпаратты жеткізу мақсатында Жалғыз акционер мен Мүдделі тұлғаларға Қоғам туралы ақпараттың, оның ішінде оның қаржы жағдайы, экономикалық көрсеткіштері, қызметінің нәтижелері, меншіктік және басқару құрылымы туралы анық ақпаратты уақытылы ашылуын қамтамасыз етеді.

39. Қоғам қандай-да бір ақпаратты ашуда және (немесе) жариялауда Заңнаманың коммерциялық және басқа-да Заңнамамен қорғалатын құпия туралы ережелерін ескереді.


    1. ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДЕП ҚАҒИДАЛАРЫ

40. Қоғам Заңнамамен, іскерлік әдебінің көпшілік қабылдаған қағидаларымен (дәстүрлерімен), Жарғымен, осы Кодекстің ережелерімен және өзінің келісімдік міндетемелерімен қатаң сәйкестікте әрекет етеді.

41. Жалғыз акционермен, Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелері арасындағы қарым-қатынас өзара сенім, құрмет, есеп берушілік және бақылауға құрылады.


    1. ТИІМДІ ДИВИДЕДТІК САЯСАТ ҚАҒИДАСЫ


42. Қоғам, Қоғамның дивидендтік саясатын анықтайтын Заңнаманың нормалары мен Қоғамның ішкі құжатын ұстанады.

43. Дивидендтік саясаттың ең маңызды қағидаларының бірі дивидендтер мөлшері мен оларды төлеу шарттарын анықтаудың қарапайым және айқын механизмін қамтамасыз ету болып табылады.

44. Қоғамның Дивидендтік саясаты Жалғыз акционер, ықтимал инвесторлар және Қазақстан Республикасының жұртшылығы оқып білу үшін барынша айқын және қолжетімді болуы тиіс.

  1   2   3   4

Похожие:

Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холднинг» АҚ-ның 2007 жылғы «01» 10-дағы №131-п iconВоскресенский ауылдық округі әкімінің аппараты
Аңтар-дағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31-бабына, Қазақстан...
Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холднинг» АҚ-ның 2007 жылғы «01» 10-дағы №131-п icon«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ
Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының өзге...
Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холднинг» АҚ-ның 2007 жылғы «01» 10-дағы №131-п iconКөшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»
Заңының 14-бабы-ның 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтар-дағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...
Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холднинг» АҚ-ның 2007 жылғы «01» 10-дағы №131-п iconҰлттық Мемлекеттік саясат мектебі кешенді қабылдау емтиханының
Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы»...
Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холднинг» АҚ-ның 2007 жылғы «01» 10-дағы №131-п iconКачир ауданы сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі
Тар-дағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Занының 31-бабына, Қазақстан Республи-...
Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холднинг» АҚ-ның 2007 жылғы «01» 10-дағы №131-п iconМемлекеттік бюджеттің 01. 10. 2007 жылғы атқарылуы жөніндегі ақпарат Мемлекеттік бюджеттің
Мемлекеттік бюджеттің кірістері (оның ішінде кепілдік берілген трансферт) 2007 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жылдық жоспардың...
Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холднинг» АҚ-ның 2007 жылғы «01» 10-дағы №131-п iconТыңайтқыштар мен гербицидтердің субсидияланатын түрлерін, субсидиялардың нормативтерін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Ның 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы №221 қаулысымен бекітілген...
Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холднинг» АҚ-ның 2007 жылғы «01» 10-дағы №131-п iconАудандық мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №19 Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холднинг» АҚ-ның 2007 жылғы «01» 10-дағы №131-п icon2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Парламентіне сайлауды байқау жөніндегі Халықаралық миссияның (ЕҚЫҰ/диақБ, ЕҚЫҰ па, екпа) алдын ала нәтижелер мен тұжырымдар бойынша қорытындысына қазақстандық тараптың
ЕҚЫҰ/диақб миссиясы мен Қр оск арасындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі диалог 10
Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холднинг» АҚ-ның 2007 жылғы «01» 10-дағы №131-п icon06. 02. 2012 жылғы №11 шешім 2011 жылғы 21 желтоқсандағы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница