Атырау облысы Қаржы басқармасы туралы ереже




Скачать 134.28 Kb.
НазваниеАтырау облысы Қаржы басқармасы туралы ереже
Дата конвертации13.02.2013
Размер134.28 Kb.
ТипДокументы


Облыс әкімиятының

2009 жылғы «22» мамырдағы №134 қаулысымен бекітілген


Атырау облысы Қаржы басқармасы туралы

ереже


  1. Жалпы ережелер


1. Атырау облысы Қаржы басқармасы (бұдан әрі- Басқарма) өз құзыреті шегінде бірыңғай мемлекеттік қаржы саясатын, коммуналдық меншік объектілерін басқару және жекешелендіру функцияларын жүзеге асыратын облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, облыс әкімиятының және әкімінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

Басқарманың, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

5. Басқарманың штат саны лимиті облыс әкімиятымен бекітіледі.

6. Басқарманың заңды мекен жайы: 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.

7. Басқарманың толық атауы - «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

8. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

9. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
10. Басқарманың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте салықтық, ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимыл жасай отырып, мемлекеттік бюджет саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;

3) бюджеттік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу және бюджеттің орындалуы жөнінде ұсыныстар беру;

4) жергілікті бюджеттің кіріс түсімдеріне талдау жасау;

5) бағдарламалар әкімшілері бойынша бюджеттің орындалуына қорытынды дайындау және талдамалық есеп беру;

6) коммуналдық меншік объектілерін басқарудың және жекешелендірудің мемлекеттік саясатын іске асыру;

7) коммуналдық меншік обьектілерін заңнамада белгіленген тәртіппен мақсатты және тиімді пайдалану.

11. Басқарма заңнамамен белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген мынадай функцияларды орындайды:

1) мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар:

бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасау, бекіту және жергілікті бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жүргізу;

бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің динамикасын, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық динамикасын талдау және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келесімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемін жасау;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері және төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жүргізу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу;

бюджет ақшасын басқару;

түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген көлемде төлемдерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау;

бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;

тиісті бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізу;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекіткен мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарымен келісу;

жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде заңнамалықта көрсетілген тәртіпте тиісті бюжетті түзетуді жүзеге асыру;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын бюджеттік есептілік және ақпарат негізінде бюджеттік мониторинг жүргізу;

тоқсан сайын бюджеттік мониторингтің нәтижелері және жыл қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе ақпарат беру;

облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әкімиятқа, мәслихаттың тексеру комиссиясына, облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсыну;

атқарушы және өкілдік етуші органдарға бекітуге ұсынылатын нормативтік актілер жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімдеу;

республикалық трансферттердің игерілу барысы бойынша мониторинг жүргізу;

облыс бойынша бюджеттің есептілігі мен есебін жүргізу:

бюджет мониторингі нәтижесі бойынша есепті;

бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының орындалуы бойынша есепті;

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалу туралы есепті;

демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті;

жеке облыс және облыс бойынша дебиторлық берешек туралы есепті;

жеке облыс және облыс бойынша кредиторлық берешек туралы есепті;

облыс бойынша жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы есепті;

облыс бойынша жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы жылдық есепті.

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің белгіленген нысаны бойынша демеушілік, қайырымдылық көмектің бақылау шоттарын ашу жөнінде өтініштерін қарау және ақшаны уақытша шетелдік валюта шоттарына орналыстыру;

облыстық бюджеттің нақтылануына, түзетілуіне, бекітілуіне байланысты облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының жобасын және бюджеттік өтініштер ұсыну;

бюджеттің атқарылуы бойынша қалалық және аудандық қаржы бөлімдерінен есеп алу;

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден кезеңділік есеп алу;

Басқарма бағдарлама әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша кезеңділік есеп жасау;

Басқарма бағдарлама әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын жүзеге асыру;

төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасау және нысаналы трансферттердің нәтижелері бойынша Атырау қаласы мен аудандар әкімдерімен келісім жасасу және олардың атқарылу барысы жөнінде есептілік алу;

бекітілген бюджет көлемінде, облыстық бюджеттің кірісіне төменгі тұрған бюджеттерден бюджеттік алымдар алу;

бекітілген көлемде республикалық бюджеттің кірісіне бюджеттік алымдар аудару;

бекітілген бюджет көлемінде төменгі тұрған бюджеттерге субвенциялар аудару;

«аудандар және Атырау қаласы бюджеттеріне біржолғы талондарды беруден түсетін түсімдеріне күнделікті талдау жүргізеді;

біржолғы талондарды беруден түскен сомаларды аудандар және Атырау қаласы бюджеттеріне толық және уақтылы есепке жатқызылуы бойынша шаралар қабылдайды;

бір жолғы талондарды беру бойынша түсімдер туралы ай сайынғы есептік деректерді жинақтауды жүзеге асырады;

облыс бойынша бір жолғы талондарды беруден ай сайынғы күтілетін түсімдерін дайындайды.

2) коммуналдық меншік объектілерін басқару және жекешелендіру саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар:

коммуналдық меншік объектілерін сату алдында дайындауды ұйымдастыру;

коммуналдық меншік объектілерін жекешелендірудің түрлері мен әдістерін анықтау;

коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру жөнінде сауда - саттық ұйымдастыру және өткізу, коммуналдық меншік объектілерін сатып алу- сату шарттарын дайындау және жасасу;

пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншік объектілерін нормативтік актілерде белгіленген тәртіппен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз беруді ұйымдастыру;

коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген негізгі құрал-жабдықтарды қабылдау- тапсыру және есептен шығару мәселелерін келісу;

коммуналдық меншік объектілерін басқару және жекешелендіру мәселелері жөніндегі заңнаманы қолдану практикасын талдау және қорыту;

қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, әрі қарай пайдалану жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;

коммуналдық меншік объектілерін мүлікті жалға және сенімгерлік басқаруға беруді ұйымдастыру;

коммуналдық заңды тұлғалардың тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;

коммуналдық меншік мәселелері бойынша мемлекет мүдделерін білдіру және оның мүліктік құқықтарын қорғау;

мемлекет қатысатын ұйымдар мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қызметінің тиімділігіне талдау жүргізуді ұйымдастыру;

облыстық коммуналдық меншіктің жалға берілген мүлігіне мониторинг ұйымдастыру және жүргізу;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысуы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және акционерлік қоғамдардың таза табыстарының бір бөлігін мемлекет кірісіне аударуы мәселелері бойынша заңды тұлғаларға тексерулер жүргізу;

коммуналдық меншік объектілерін сатып алу-сату шарттарына сәйкес сатып алушылардың міндеттемелерді орындауын бақылау.

3) Басқармадағы ішкі бақылау қызметінің функциясы:

Басқарма жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;

Басқармада басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүргізеді, Басқарманың бірінші басшысына оны жақсарту жөнінде ұсынымдар береді;

Басқарманың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтауын тексеруді жүзеге асырады;

Басқарманың стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды, нәтижелерді бағалауды жүзеге асырады;

Басқарманың есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен сұратады және белгіленген мерзімде алады;

құпиялылық режимінің, қызметтің, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау;

объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кедергісіз танысады;

мемлекеттік органның басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4) Ішкі бақылау қызметі Басқарма басшысына мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін арттыру, оның қызметінің тікелей және түпкі нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ондағы бақылау нәтижелері туралы есептерді және ішкі рәсімдерді, ережелерді, процестерді жақсарту жөнінде ұсынымдар береді.

5) Ішкі бақылау қызметі басқа құрылымдық бөлімшелерге ұйымдық жағынан тәуелсіз, Басқарманың бірінші басшысына ғана бағынысты болады және оған есеп береді.

6) Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардағы және ауданнық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдардағы ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

12. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін Басқарманың заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) салық органдарынан, өзге де ұйымдардан, жеке тұлғалардан заңнамада белгіленген нысанда және мерзімде салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің сомалары туралы ақпаратты, бюджетті орындауды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындау үшін қажетті статистикалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

2) қала және аудандық қаржылық бөлімдерден бюджеттің орындалуы туралы есептер алуға;

3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден талдамалық есептер алуға;

4) нақты түсіп жатқан кірістерге сәйкес жергілікті бюджет шығыстарын қаржыландыруды жүзеге асыруға;

5) құпиялық тәртібін, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпияны сақтауды ескере отырып, жергілікті бюджеттердің орындалу мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысуға;

6) мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысындағы ұйымдардың заңнамаға сәйкес оларға берілген коммуналдық меншік мүлкін пайдалануын бақылауға;

7) мемлекеттің қатысуы бар ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сонымен қатар тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

8) Басқарма өкілдерін мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың байқаушы кеңесінің құрамына ұсынуға;

9) коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және заңнамаларға сәйкес шешімдер қабылдауға;

10) жергілікті атқарушы және өкілдік етуші органдардан, мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардан коммуналдық меншікті пайдалануға байланысты мәселелер бойынша бухгалтерлік құжаттаманы және өзге де құжаттарды, сонымен қатар қаржылық және өзге де ақпаратты сұратуға және алуға;

11) заңнамаға сәйкес коммуналдық меншікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізуге;

12) шағын кәсіпкерлік субьектілеріне пайдаланылмай тұрған коммуналдық меншік обьектілерін өтеусіз беруді ұйымдастыруға және өткізуге;

13) жеке және заңды тұлғалармен коммуналдық меншік обьектілерін сатып алу-сату, сенімгерлікпен басқаруға беру, мүліктік жалдауға беру шарттарын жасасуға;

14) сатып алу-сату, мүліктік жалдау (жалға беру), сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын тексеруге;

15) тәуелсіз сарапшылар, аудиторлар және бағалаушы қызметін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге;

16) коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының соттарында мемлекеттің мүддесін білдіруге;

17) коммуналдық меншікті ұрлау және оны пайдалануға байланысты өзге де құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері бойынша тергеу органдарына материалдар жолдауға құқығы бар;

18) коммуналдық меншік обьектілерін сенімгерлікпен басқару (концессиялар) шарттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушылардың (концессионерлер) өз міндеттемелерін орындауы мәселесі жөнінде тыңдаулар жүргізу.

3. Басқарманың мүлкі
13. Басқарманың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

Басқарманың мүлкі оған құрылтайшы берген мүліктің, сондай-ақ құны Басқарманың теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктің есебінен қалыптастырылады.

14. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

15. Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, өздігінен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
4. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

16. Басқарманы облыс әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады.

Бастықтың өзі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.

Басқарманың құрамына бөлім бастықтары басқаратын бөлімдер кіреді.

Бастық Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрі Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауап береді.

17. Бастық осы мақсатта мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) өзінің орынбасарлары, Басқарманың бөлім бастықтары мен басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

1-1) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

2) заңнамаға сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4) Басқарманың актілеріне қол қояды;

5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы білдіреді;

7) Басқарма жұмысының регламентін және штаттық кестесін бекітеді;

8) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

18. Бастық жұмыста болмаған уақытта, оны бастықтың бұйрығына сәйкес Бастықтың орынбасарларының біреуі алмастырады.
5. Филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтер

19. Басқарманың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
6. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу тәртібі
20. Басқарманың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар Атырау облысы әкімиятының қаулысымен енгізіледі.
7. Басқарма құрылымы

21. Басқарманың мынадай құрылымы болады:

  1. Атырау облысы Қаржы басқармасының бастығы;

  2. Атырау облысы Қаржы басқармасы бастығының орынбасары;

  3. Атырау облысы Қаржы басқармасы бастығының орынбасары;

  4. Атырау облысы Қаржы басқармасы бастығының орынбасары;

  5. бюджеттің орындалуын үйлестіру және талдау бөлімі;

  6. түсімдерді талдау, қолма- қол ақшаны басқару және бір жолғы талондарды беруден түскен түсімдерді үйлестіру бөлімі;

  7. қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік мемлекеттік органдарының қаржыландыру жоспарларын жүргізу және міндеттемелерді талдау бөлімі;

  8. әлеуметтік салалардың қаржыландыру жоспарларын жүргізу және міндеттемелерді талдау бөлімі;

  9. нақты сектордың қаржыландыру жоспарларын жүргізу және міндеттемелерді талдау бөлімі;

10) кадр және құқықтық жұмыс бөлімі;

11) бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімі;

12) коммуналдық меншікті басқару жөніндегі бөлім;

13) түгендеу және мүлікті жалға беру бөлімі.
8. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
22. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.


Похожие:

Атырау облысы Қаржы басқармасы туралы ереже iconАтырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
...
Атырау облысы Қаржы басқармасы туралы ереже iconҚорытындысы туралы хаттама №3
Атырау облысы жер қатынастары басқармасы, Атырау қаласы, Абай көшесі 10 А, рнн 150100234727, бик kkmfkz2A, иик kz63070102ksn1501000,...
Атырау облысы Қаржы басқармасы туралы ереже iconАтырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Басқарма) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясат пен мемлекеттік...
Атырау облысы Қаржы басқармасы туралы ереже icon«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау -2009 жыл Мазмұны
«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары...
Атырау облысы Қаржы басқармасы туралы ереже iconҮздік білім беру мекемелеріне Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің сыйлығы туралы ереже І. Жалпы ереже
Білім мекемелерінің инновациялық тәжірибесін қолдау, насихаттау және тарату мақсатында «Үздік білім беру мекемелеріне берілетін Шығыс...
Атырау облысы Қаржы басқармасы туралы ереже iconӘкімшілік басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы (бұдан әрі – Комитет)...
Атырау облысы Қаржы басқармасы туралы ереже iconКодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Гінің 2011 жылғы 25 тамыздағы «Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының атауларын өзгерту туралы» №267 қаулысына сәйкес «Жамбыл облысы...
Атырау облысы Қаржы басқармасы туралы ереже iconАтырау облысы жұмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының 2010 жылы атқАРҒан жұмыстардан есебі атырау қаласы 2011 жыл
Улысымен «Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар бөлімі» болып құрылып, облыс әкімиятының 2006 жылдың 14 қаңтардағы...
Атырау облысы Қаржы басқармасы туралы ереже iconҚызмет көрсету атауы
Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 15 орналасқан Атырау облысы бойынша Қазынашылық Департаменті Мемлекеттік сатып алуды жүргізуде баға...
Атырау облысы Қаржы басқармасы туралы ереже iconАтырау облысы Қаржы басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау 2009 ж. Мазмұны
Тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және облыстың коммуналдық меншігін...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница