Бекiтiлген тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң ТҰжырымдамасы




НазваниеБекiтiлген тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң ТҰжырымдамасы
страница1/5
Дата конвертации17.11.2012
Размер0.49 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
Тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
2011 жылғы 27 қаңтардағы
№ 1144 Жарлығымен   
БЕКIТIЛГЕН      

ТӘУЕЛСIЗДIКТIҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУДIҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Астана, 2011 жыл

Мазмұны

1. Тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң тұжырымдамалық негiздерi
2. Мерекенiң идеологемалары
3. Мерекелеудiң мақсаты және негiзгi мiндеттерi
4. Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негiзгi кезеңдерi
5. Тәуелсiздiк мерейтойын мерекелеудiң күнтiзбесi
6. Мерекенiң сыртқы белгiлерi
7. Күтiлетiн нәтижелер

«Тәуелсiздiк - барлық қазақстандықтар
үшiн аса қасиеттi құндылық»

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президентi

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заң қабылдады. Қазақстан тұңғыш рет халықаралық қауымдастық мойындаған, құқықтық рәсiмделген тәуелсiз мемлекет мәртебесiн алды. Бұл тарихи оқиға - қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы мен үмiтiнiң орындалу нәтижесi.
      Өзiнiң тәуелсiздiк даму тарихының қысқа мерзiмi iшiнде елiмiз қоғамдық өмiрдiң түрлi салаларында ауқымды реформаларды жүзеге асыратын қазiргi заманғы, бәсекеге қабiлеттi мемлекетке айналды. Осы уақытқа дейiн қабылданған экономиканы нарықтық жолға көшiру, елiмiздiң ядролық қарусыз мәртебесi, елорданы көшiру, 2030-Стратегиясын қабылдау, Ұлттық қор құру және басқалар туралы шешiмдер өзiнiң тарихи қабiлеттiлiгiн және тиiмдiлiгiн дәлелдедi.
      Бүгiнде елiмiз Орталық Азиядағы қауiпсiздiктi нығайтудың маңызды ұйтқысы болып отыр. Қазақстан ТМД мемлекеттерi арасында оң өзгерiстер бойынша көшбасшы елге айналды. Елiмiздiң ЕҚЫҰ-ға төрағалығы, Астана саммитi, ИКҰ, ШЫҰ төрағалығы және Қазақстанның қабылданған көптеген бастамалары - елдiң халықаралық аренадағы жоғары беделiнiң сөзсiз көрiнiсi.
      Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы — бұл жетiстiктерiмiздi ой елегiнен өткiзудiң, болашақ мiндеттерiмiздi айқындаудың мүмкiндiгi. Мерейтойды мерекелеу қазақстандық мемлекеттiлiк пен патриотизмдi нығайтуға ықпал етуi тиiс. Оны экономика, әлеуметтiк сала, ғылым мен мәдениеттегi жаңа жетiстiктермен қарсы алған лайық.

Тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң тұжырымдамалық негiздерi

      Тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң тұжырымдамасы басты төрт негiзде құрылады:
      Тұжырымдамалық, философиялық, құндылық негiзi. Мемлекет өмiрiнiң негiзi тәуелсiздiк дегендi ұстану керек. Нақ Тәуелсiздiктiң нығаюы - барлық мемлекеттiк органдар қызметiнiң негiзгi мағыналық өзегi.
      Сонымен қатар, бұл өте маңызды құндылық. Мемлекет және елiмiздiң әрбiр азаматы Тәуелсiздiктi сақтау үшiн барынша күш-жiгер жұмсауға тиiс. Мұның мәнiсiн ашу үшiн барша қоғамның жұмысы қажет.
      Тарихи. Негiзi қазақ халқы көп ғасырлардан берi тәуелсiздiкке ұмтылып келдi. Тәуелсiздiкке қол жеткiзуде көптеген ұрпақтың орасан еңбегi бар. Сондықтан мерекелеу әрбiр қазақстандық үшiн ерекше мәнге әрi маңызға ие болмақ.
      Бүгiнгi ұрпаққа Тәуелсiздiктi сақтау және нығайту ерекше тарихи жауапкершiлiгi жүктелген. Мемлекеттiк органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, оқу орындарының, үкiметтiк емес ұйымдардың жұмыстары осы құндылықтарды қоғамдық санаға жеткiзуге бағытталуы тиiс.
      Идеологиялық. Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы - тек 2011 жылдың ғана емес, елiмiздiң барлық тәуелсiздiк жылдарының қорытындысы болып табылады. Елiмiздiң қол жеткiзген барлық жетiстiктерiн көрсету қажет. Барлық салалық министрлiктер мен әкiмдiктер БАҚ-ты кеңiнен пайдалана отырып, ауқымды тұсаукесерлер өткiзу керек.
      Халықаралық. Негiзi әлемдiк қауымдастық Қазақстанның тұрақты, табысты, бәсекеге қабiлеттi мемлекет құру жөнiндегi жетiстiктерiн, ұлттық бiрлiктi нығайтудағы жүргiзiп отырған саясатын жоғары бағалайды. Тәуелсiз Қазақстан беделдi халықаралық ұйымдарды басқарды. Тәуелсiздiк мерейтойын мерекелеу оның 20 жылдық дамуы тұрғысында елiмiздi шетелдерде кеңiнен таныстырумен қатар жүру тиiс. Бұл жұмысты Сыртқы iстер министрлiгi және Қазақстанның шет мемлекеттердегi елшiлiктерi жүргiзетiн болады.

Мерекенiң идеологемалары

      Тәуелсiздiк мерейтойын мерекелеу шеңберiнде мынадай негiзгi идеологемалар қолданылады:

БОСТАНДЫҚ
      Тәуелсiздiк алғаннан кейiн елiмiз, халық және әрбiр азамат өзiнiң болашағын өзi дербес құруға шынайы бостандыққа қол жеткiздi.

БIРЛIК
      Қазақстан тәуелсiздiк таңы атқан кездiң өзiнде теңқұқылыққа, достық пен келiсiмге негiзделген барша халықтың бiрлiгiн орнықтырды. Осы жылдардың бәрiнде Қазақстан сол қағиданы берiк ұстанды.

ТҰРАҚТЫЛЫҚ
      Қазақстан қол жеткiзген барлық жетiстiктерi үшiн елдiң саяси, экономикалық, әлеуметтiк өмiрiнде салтанат құрған тұрақтылыққа қарыздар.

ӨРКЕНДЕУ
      Қазақстан дамудың дұрыс таңдаған басымдығының арқасында, барлық сынаққа төтеп берiп, орнықты дамудың және халықтың әл-ауқатын ұдайы арттырудың жолына шықты.

Мерекелеудiң мақсаты және негiзгi мiндеттерi

      Тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң негiзгi мақсаты мемлекеттiлiктi, Қазақстан халқының бiрлiгi негiзiнде тәуелсiздiк, тұрақтылық, бейбiтшiлiк және келiсiм алынған негiздемелiк құндылықтар аясында қоғамның топтасуын нығайту болып табылады.

Мерекелеудiң негiзгi мiндеттерi:

      Қазақстанды мемлекеттiң салиқалы саясатының азаматтық бейбiтшiлiк пен ұлтаралық келiсiм негiзiнде күштi, тұрақты дамушы және әлем мойындаған мемлекет ретiнде нығайту;
      өз халқының, өз елiнiң тарихына, ерлiк өткенiне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
      қазақстандық мемлекеттiлiк және патриотизмдi нығайту;
      стратегиялық құжаттарда, Президенттiң халыққа Жолдауында белгiленген мiндеттердi түсiндiру;
      жаңа мемлекет құру үдерiсiне қатыстылығын және мақтаныш сезiмiн, оның азаматтарының ел тағдыры мен ұрпақ болашағына жауапкершiлiгi сезiмдерiн қалыптастыру;
      елiмiздiң барлық азаматтарын мерейтойлық iс-шараларды ұйымдастыруға, өткiзуге және оларға белсендi қатысуға тарту.

Тұжырымдаманы iске асырудың негiзгi кезеңдерi

      Дайындық кезеңi. Бұл кезеңде тиiстi нормативтiк құқықтық құжаттар бекiтiлдi және Тәуелсiздiк мерейтойын мерекелеу жөнiнде орталық және жергiлiктi деңгейде ұйымдастыру-практикалық iс-шаралар кешенi өткiзiлдi.
      Негiзгi кезең. Тәуелсiздiктiң мәнi мен түрлi аспектiлерiн айшықтайтын, түрi мен мазмұны жағынан әр түрлi iс-шаралар өткiзу. Мерейтойлық жылдың әрбiр айының өзiндiк арқауы бар. Елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және саяси салалардағы жетiстiктерiн нақтылы ашады.
      Негiзгi кезеңнiң басты шарықтау шегi «Тәуелсiздiктiң жиырма шыңы» 20 жұлдызды күн болып табылады, бұл аралықта негiзгi мерекелiк iс-шаралар өткiзiледi.
      Мерейтойлық iс-шараларды дайындауға және оларды өткiзуге барлық мемлекеттiк құрылымдар, жеке сектор, үкiметтiк емес ұйымдар, жастар ұйымдары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкiлдерiн, халықаралық сарапшыларды және т.б. барынша тарту қажет.
      Өткiзiлетiн iс-шаралардың географиясы - елiмiздiң барлық өңiрлерi. Барлық жерден мерекенiң рухы сезiлуi тиiс. Әрбiр қазақстандық өтiп жатқан iс-шараларға өзiнiң қатыстылығын сезiнуi тиiс.
      Бұл кезеңде БАҚ-та «Бейбiтшiлiк пен жасампаздықтың 20 жылы» мерекелiк күн тәртiбiн көрсететiн оқиғалар тарауы жұмыс iстеуi тиiс. Веб-сайттарға жоспарланған оқиғаларға кеңiнен тоқталатын күнтiзбелер енгiзiлген флэш-анимациялық баннерлер орналастырылуы керек. Әрбiр адам қандай iс-шара және қай жерде болатынын қалауынша бiлетiн болады.
      Мерекеден кейiнгi кезең. Бұл кезеңде алдағы кезеңдерде көрсетiлген елiмiздiң қол жеткiзген негiзгi жетiстiктерiнiң ең әсерiн барынша бекiтудi қамтамасыз ету қажет.
      Елiмiздiң жетiстiктерi кiтаптарда, деректi және көркем фильмдерде, драмалық, опералық және балет спектакльдерiнде, түрлi жанрдағы музыкалық туындыларда және өнердiң басқа да түрлерiнде пәндiк көрiнiс табуы керек.

Тәуелсiздiк мерейтойын мерекелеудiң
КҮН ТIЗБЕСI

      1. Қаңтар - «Азиада»
      Бұл ай Қазақстан Республикасының жетiстiктерi және экономикалық толымдылығы, халықаралық беделiнiң нышаны ретiнде - Азиада жалауының аясында өткiзiледi.
      Халықаралық спорт қауымдастығының жоғары бағасын алған Азиада, тек спорттық қабiлеттiң көрсеткiшi ғана емес, сонымен қатар, барлық салада жоғары нәтижелерге қол жеткiзуге жағдай жасап отырған Қазақстанның экономикалық әлеуетiнiң де көрсеткiшi болып табылады.
      Осы ай спортқа, Тәуелсiздiктiң 20 жылында қазақстандық спорттың жетiстiктерiн елiмiзде және шетелдерде кеңiнен таныстыруға арналған.

      2. Ақпан - «Әлемдiк қауымдастық мойындаған Қазақстан»
      Бұл ай елiмiздiң жоғары халықаралық беделiне арналады.
      Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалығының қорытындылары, ИКҰ және ШЫҰ-на Қазақстанның төрағалығы мәселелерi бойынша салалық халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткiзiледi. Қоғамның назары Қазақстанның сыртқы саяси бастамалары мен жетiстiктерi, әлемнiң барлық елдерiмен достық қатынасты нығайту тақырыптарына аударылады. Сондай-ақ, бұл айда Кедендiк одақ және (ЕурАзЭҚ) Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құру мәселелерi бойынша халықаралық конференция өткiзу қарастырылған.
      Республика бойынша «Елдiк үшiн, ел үшiн» атты кең көлемдi акция шеңберiнде iс-шаралар өткiзiледi.

      3. Наурыз - «Дәстүр»
      Бұл ай ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық, дәстүрлi және отбасылық құндылықтарды құрметтеуге арналады.
      Ол Халықаралық әйелдер күнiн мерекелеуден бастау алады да әрi қарай «Наурыз мейрамына» ұласады. Айдың басында Халықаралық әйелдер күнiне арналған ауқымды халықаралық әйелдер съезi өткiзiледi. Ана мен баланы жан-жақты қолдауға бағытталған елiмiздiң әлеуметтiк саясаты кеңiнен жарияланады.
      Наурызда «Тәуелсiздiктiң құрдастары» акциясы және «Ел қазынасы» жобасын бастау жоспарлануда.

      4. Сәуiр - «Ғылым және технология»
      Бұл ай Қазақстанның инновациялық-индустриалдық серпiндерiне арналған.
      Ай бойында елiмiздi реформалау және экономиканы әр тараптандырудағы ғылым мен жаңа технологиялардың рөлi мен маңызы атап көрсетiледi. Озық ғылыми стандарттар мен әлемдiк бәсекеге қабiлеттiлiк талаптарына жауап беретiн жаңа технологиялық желiлер енгiзiлетiн iрi өндiрiс нысандарында, ақпараттық технологиялар паркiнде, үздiк ғылыми мекемелерде тұсаукесер өткiзу көзделуде.
      Бiлiм және ғылымның өзектi мәселелерi бойынша халықаралық форум өткiзу қарастырылады.

      5. Мамыр - «Бiрлiк»
      Қазақстан халқының бiрлiгi және Отан қорғаушылардың айы.
      Толеранттық және Қазақстан халқының бiрлiгi идеялары, ұлтаралық келiсiмге бағытталған саясаттың мәнi кеңiнен айшықталады. Тәуелсiздiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi елiмiздiң Қарулы Күштерiнiң рөлiне ерекше назар аударылады.
      1 мамыр Қазақстан халқының бiрлiгi күнiн, 7 мамыр Отан қорғаушылар күнiн және 9 мамыр Жеңiс күнiн ауқымды мерекелеу жүргiзiледi.
      «Бiрлiгiмiз жарасқан. 20 жыл - тек қана алға!» ұранымен ауқымды республикалық және өңiрлiк iс-шаралар өткiзiледi.

      6. Маусым - «Патриотизм»
      Патриотизм айы.
      Ол 4 маусым - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк рәмiздерiнiң күнiмен байланыстырылады. Туған елiне және тәуелсiздiкке құрмет Елтаңба, Ту, Әнұран сияқты мемлекеттiк рәмiздерге деген құрметтен басталады. Бұл айда қалыптасқан дәстүрге сәйкес, Патриоттар форумы, республика бойынша патриоттық акциялар, ойындар, фестивальдер өткiзiледi.

      7. Шiлде - «Қазақстан астанасы»
      Қазақстан астанасының айы.
      Астана - Елiмiздiң жетiстiгi, өркендеуi және болашақка ұмтылысының нышаны. Окиғалар қатары - Астана күнiн мерекелеумен байланысты елiмiздiң барлық өңiрлерiнде өткiзiлетiн дәстүрлi мәдени iс-шаралар, жаңа нысандарды iске қосу салтанатты рәсiмдерi, астананы дамытуға ерекше үлес қосқан қайраткерлерге құрмет көрсету салтанатын ұйымдастыру.

      8. Тамыз - «Тәуелсiздiктiң құқықтық негiздерi»
      Бұл ай тәуелсiз Қазақстанның Конституциясына арналған.
      Қазақстандықтар үшiн Конституцияның қабылдануы тәуелсiздiк тарихындағы жаңа дәуiрдiң басталуымен бейнеленедi. Елiмiздiң Ата Заңы Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуiнiң берiк негiзi болып табылады. Тәуелсiздiктi нығайтудағы елiмiздiң Ата Заңының маңызына ерекше назар аударылады. Билiктiң заңнамалық тармағын құрудың жетiк қазақстандық моделi - қос палаталы Парламент, сондай-ақ жалпы қабылданған демократиялық стандарттарға сәйкес келетiн тәуелсiз сот жүйесiнiң жетiстiктерi түсiндiрiледi.

      9. Қыркүйек - «Руханият»
      Руханият айы.
      Ол бiлiм, мәдениет, тiл, рухани келiсiмге арналады және Бiлiм күнi мерекесiнен басталады.
      Айдың басында Елбасының жаңа балалар бақшаларына, зияткерлiк мектептерге баруы қарастырылады.
      Қазақстан халқының тiлдерi фестивалiн ұйымдастыру, драма театрларының фестивалiн өткiзу жоспарланған.

      10. Қазан - «Ауылды қайта түлету»
      Ауылды қайта түлету айы.
      Ол ауыл шаруашылығы жылының қорытындыларын шығарудан басталады және агроөнеркәсiп кешенiндегi серпiндi жобаларды насихаттаумен жалғасады. Республика Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына арналған агроөнеркәсiп секторының республикалық форумы, «Береке бастауы» атты нан фестивалi ұйымдастырылады.
      «Ауылдың өркендеуi - Қазақстанның өркендеуi» акциясының қорытындылары шығарылады.

      11. Қараша - «Үдемелi индустриялық-инновациялық даму»
      Ай үдемелi индустриялық-инновациялық дамуға арналған.
      Бұл айда Қазақстанның нақты экономикалық тәуелсiздiгi мен табысты қаржылық реформаларының рәмiзi - ұлттық валюта Теңге күнi кеңiнен мерекеленедi. Қазақстан Қаржыгерлерiнiң конгресiн өткiзу көзделген. Үдемелi индустриялық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасы бойынша жаңа нысандардың ашылуы болады.
      Сапа саласындағы «Алтын сапа» конкурсының лауреаттары мен дипломанттарын марапаттаудың дәстүрлi рәсiмi өткiзiледi.

      12. Желтоқсан - «Тәуелсiздiк»
      Тәуелсiздiк айы.
      26 қарашадан бастап «Тәуелсiздiктiң 20 шыңы» ұранымен екпiндi 20-күндiк өткiзiледi. Оның барысында Тәуелсiздiк барлық қазақстандықтар үшiн ұлт тарихындағы ерекше жаңа дәуiрдiң бастауын, жаңа мемлекет - Қазақстан Республикасының құрылуын бейнелейтiнi атап өтiледi.
      Тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеу Қазақстанның күллi  тәуелсiздiк тарихындағы аса көрнектi оқиғасы болуы тиiс.

«Тәуелсiздiктiң жиырма шыңы»
20 жұлдызды күн
КҮН ТIЗБЕСI
(2011 жылғы 26 қарашадан - 15 желтоқсанға дейiн)

      1. «Менiң Қазақстаным» (26 қараша)
      Мемлекеттiк рәмiздер күнi.
      Бұл күннiң аясындағы iс-шаралардың желiсi қазақстандықтардың мемлекеттiк рәмiздерге - Елтаңба, Әнұран, Туға көрсететiн терең құрметi болып табылады.
      Бұл күнi мемлекеттiк рәмiздердi насихаттауға бағытталған конкурстар, акциялар, форумдар және суретшiлердiң көрмелерiн өткiзу жоспарланған.

      2. «Атамекен» (27 қараша)
      Мемлекеттiк шекара күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - мемлекеттiлiктiң маңызды белгiсi ретiнде шекараны халықаралық-құқықтық рәсiмдеудiң ерекше мәнiн айқындау болып табылады. Көршiлерiмен құрлықта он төрт мың шақырымға жуық шекарасы бар Қазақстан бүгiнде оны «достық пен тату көршiлiк шекарасына» айналдырды.

      3. «Ата заң» (28 қараша)
      Конституция күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - Тәуелсiздiк пен мемлекеттiлiктiң тiрегi ретiнде Ата Заңның тарихи маңызы болып табылады. Ата Заң - оның негiзiнде жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика құрылып жатқан берiк iргетас.

      4. «Бейбiтшiлiк белдеуi» (29 қараша)
      Бейбiтшiлiк күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - Семей ядролық полигоны жабылуының, Қазақстанды ядросыз аймақ ретiнде жариялаудың, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы туралы әлемдiк тарихтағы теңдесi жоқ шешiмiнiң тарихи мәнi. Қазақстанның ядросыз әлем құру жөнiндегi бастамасына ерекше назар аударылатын болады.

      5. «Келiсiм» (30 қараша)
      Ел бiрлiгi күнi.
      Бұл күннiң аясындағы iс-шаралардың желiсi қазақстандық құндылықтар - елiмiздiң жетiстiктерiнiң басты негiзi ретiнде бейбiтшiлiк, этносаралық және конфессияаралық келiсiм, патриотизм және ел бiрлiгiн одан әрi нығайту болып табылады.

      6. «Азаматтық қоғам» (1 желтоқсан)
      Азаматтық қоғам институттарының күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - басты демократиялық институттарды серпiндi дамыту - сөз және бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы, үкiметтiк емес ұйымдар және олардың Қазақстанды саяси жаңартудағы рөлi болып табылады.

      7. «Дәстүр» (2 желтоқсан)
      Бiрлiк және ұрпақтар сабақтастығы күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - дәстүрлi құндылықтардың үлкен топтастырушылық мәнi (тiлге және мәдениетке құрмет, адамгершiлiк, ұрпақтар байланысы, патриотизм және төзiмдiлiк), отбасы институты мемлекеттiң тiрегi ретiнде.

      8. «Болашақ» (3 желтоқсан)
      Қазақстан жастарының күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - Қазақстан тәуелсiздiгi мен болашағын нығайтудағы жастардың рөлi, мемлекеттiк жастар саясатын түсiндiру. Бұл күннiң басты оқиғасы «Болашақ бiздiң қолымызда» атты республикалық жастар форумы болмақ.

      9. «Сергектiк» (4 желтоқсан)
      Спорт күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - Қазақстанның спорт саласындағы жетiстiктерiн, саламатты өмiр салты құндылықтарын, сондай-ақ бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамытуды, Тәуелсiздiк жылдарында тұрғызылған спорттық инфрақұрылымды дамытуды өрiстету.

      10. «Ғылым» (5 желтоқсан)
      Ғылым және технологиялар күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - Қазақстанның ғылыми-инновациялық саладағы жетiстiктерi, бiлiм, ғылым және инновация саласындағы мемлекеттiң басымдықтары, Қазақстанның табысты бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң кепiлi ретiнде зияткерлiк ұлтты қалыптастыру.

      11. «Мәдениет» (6 желтоқсан)
      Мәдени мұра күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - Тәуелсiздiктiң рухани тiрегi ретiндегi мәдениеттiң мәнi, қазақстандық мәдениеттiң әлемдiк деңгейi, «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру. «Қазақстанның жаңа археологиялық жаңалықтары» көрмесiн ұйымдастыру және Тәуелсiздiк жылдары жасалған қазақстандық фильмдердiң мерекелiк онкүндiгiнiң ашылуы жоспарлануда.

      12. «Алтын теңге» (7 желтоқсан)
      Ұлттық валюта күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - ұлттық валюта - Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң басты белгiлерiнiң бiрi. Жетекшi қаржыгерлер мен халықаралық инвесторлар, сарапшылар мен саясаттанушылардың қатысуымен Қаржыгерлер конгресiн өткiзу көзделуде.

      13. «Шаңырақ» (8 желтоқсан)
      Тәуелсiздiк жылдарындағы тұрғын үй құрылысы.
      Iс-шаралардың желiсi - бұрын-соңды болмаған тұрғын үй құрылысы бағдарламасының нәтижелерi. Жаңа тұрғын-жай нысандарының пайдалануға берудiң және пәтер кiлттерiн тапсырудың салтанатты рәсiмдерi өтедi.

      14. «Ауыл» (9 желтоқсан)
      Аграрлық сектор күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - тәуелсiздiк жылдарындағы ауылдың қарқынды дамуы, аграрлық секторды мемлекеттiк қолдау. Аграрлық сектордың таңдаулы қызметкерлерiн, ауыл шаруашылығының еңбек ардагерлерiне құрмет көрсетудiң салтанатты рәсiмi ұйымдастырылады.

      15. «Астана» (10 желтоқсан)
      Елорда күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - барша қазақстандықтың болашаққа деген үмiтi мен сенiмi бейнеленген тәуелсiз Қазақстанның символы ретiнде Астананың мәнi болып табылады.
      Елiмiздiң барлық өңiрлерiнде Астана күнiн мерекелеумен байланысты салтанатты және мәдени iс-шаралар өткiзiледi.

      16. «Бiлiм» (11 желтоқсан)
      Бiлiм күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - Бiлiмдi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын, Тәуелсiздiк жылдары iшiндегi бiлiм саласындағы жетiстiктердi (зияткерлiк мектеп, Назарбаев университетi, Алматыдағы Ақпараттық технологиялар университетi және т.б.) өрiстету. Елiмiздiң басты ресурсы - бiлiмдi азаматтарды үлгi етуге бағытталған iс-шаралар өтедi.

      17. «Денсаулық» (12 желтоқсан)
      Денсаулық күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - Тәуелсiздiк жылдарында денсаулық саласындағы жетiстiктердi, Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын өрiстету.

      18. «Серпiн» (13 желтоқсан)
      Индустриялық-инновациялық даму күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - елiмiздiң үдемелi индустриялық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламасын өрiстету. Түйiндi iс-шара - серпiндi жобалар iске асырылып жатқан барлық өңiрлермен телекөпiр.

      19. «Мемлекеттiк тiл» (14 желтоқсан)
      Мемлекеттiк тiл күнi.
      Iс-шаралардың желiсi - Тiлдердi дамыту мемлекеттiк бағдарламасын өрiстету, ел бiрлiгiнiң факторы және Тәуелсiздiктiң символы ретiндегi мемлекеттiк тiлдiң ерекше маңызы.

      20. «Отан» (15 желтоқсан)
      Бұл күн Тәуелсiздiктiң мұраттары мен құндылықтарына арналады. Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң орнығуына ерекше үлес қосқан қайраткерлерге құрмет көрсету салтанатты рәсiмi мен Тәуелсiздiк мерейтойына арналған салтанатты жиындар барлық жерде өтедi.
      Тәуелсiздiк тақырыбына арналған мәдениет пен өнер саласындағы «Тәуелсiздiк толғауы» атты туындыларға арналған республикалық конкурстың қорытындылары шығарылады.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Бекiтiлген тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң ТҰжырымдамасы iconКестелер тізімі 5 Суреттер тізімі 6 Резюме 7 Кіріспе 9 Жобаның тұжырымдамасы 10
Жобаның тұжырымдамасы балалар бақшасы қызметтерін көрсету кәсіпорындарын құруды қарастырады
Бекiтiлген тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң ТҰжырымдамасы iconКестелер тізімі 5 Суреттер тізімі 6 Резюме 7 Кіріспе 8 Жобаның тұжырымдамасы 8
Жобаның тұжырымдамасы Қостанай облысында кеңсе жиһазын өндіру цехын құруды көздейді
Бекiтiлген тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң ТҰжырымдамасы iconКестелер тізімі 5 Суреттер тізімі 6 Резюме 7 Кіріспе 9 Жобаның тұжырымдамасы 10
Жобаның тұжырымдамасы Маңғыстау облысында металл есіктер, әйнектер өндірісі цехын ашуды қарастырады
Бекiтiлген тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң ТҰжырымдамасы iconҚазақстан Магниткасының (қазақстандық алғашқы шойын балқымасының) 50 жылдығын мерекелеуге дайындық және өткізу бойынша комиссия құрамы
Магниткасының (қазақстандық алғашқы шойын балқымасының) 50 жылдығын мерекелеуге
Бекiтiлген тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң ТҰжырымдамасы iconКестелер тізімі 5 Суреттер тізімі 6 Резюме 7 Кіріспе 9 Жобаның тұжырымдамасы 10
Жобаның тұжырымдамасы Алматы облысында автомобиль көлігімен жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді қарастырады
Бекiтiлген тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң ТҰжырымдамасы iconКестелер тізімі 5 Суреттер тізімі 6 Резюме 7 Кіріспе 9 Жобаның тұжырымдамасы 10
Жобаның тұжырымдамасы Алматы облысында ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құруды қарастырады
Бекiтiлген тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң ТҰжырымдамасы iconСуреттер тізімі 6 Резюме 7 Кіріспе 9 Жобаның тұжырымдамасы 10
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Қарағанды облысында (бұдан әрі – Қарағанды облысы) металл қалдықтарын ұнтақтау цехын...
Бекiтiлген тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң ТҰжырымдамасы iconКестелер тізімі 5 Суреттер тізімі 6 Резюме 7 Кіріспе 9 Жобаның тұжырымдамасы 10
Жобаның тұжырымдамасы Шығыс Қазақстан облысында металл кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі...
Бекiтiлген тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң ТҰжырымдамасы iconКестелер тізімі 5 Суреттер тізімі 6 Резюме 7 Кіріспе 9 Жобаның тұжырымдамасы 10
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында арнайы киімдер (бұдан әрі – арнайы киімдер) өндірісі цехын ашуды...
Бекiтiлген тәуелсiздiктiң 20 жылдығын мерекелеудiң ТҰжырымдамасы iconОқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы Астана 2012
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу Тұжырымдамасы (бұдан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница