Сілтемелер




Скачать 132.15 Kb.
НазваниеСілтемелер
Дата конвертации14.02.2013
Размер132.15 Kb.
ТипДокументы


(IFRIC) ХҚЕСТК (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 12

ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ КОНЦЕССИЯЛЫҚ КЕЛІСІМДЕР

СІЛТЕМЕЛЕР __________________________________________________________________


  • Қаржы есептерін дайындау және ұсынудың жалпы ережелері

  • IFRS 1 Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын бастапқы қолдану

  • IFRS 7 Қаржы құралдары: ақпаратты ашып көрсету

  • IAS 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер және қателіктер

  • IAS 11 Құрылысқа жасалған шарттар

  • IAS 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар

  • IAS 17 Жалдау

  • IAS 18 Табыс

  • IAS 20 Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету

  • IAS 23 Қарыздар бойынша шығындар

  • IAS 32 Қаржы құралдары: ақпаратты ұсыну

  • IAS 36 Активтердің құнсыздануы

  • IAS 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер

  • IAS 38 Материалдық емес активтер

  • IAS 39 Қаржы құралдары: тану және бағалау

  • IFRIC 4 Келісім құрамында жалдау қасиеттерінің болуын анықтау

  • SIC 29 Қызмет көрсету бойынша концессиялық келісімдер: ақпаратты ашып көрсету1


БАСТАПҚЫ АҚПАРАТ __________________________________________________


  1. Көптеген елдерде, коммуналдық қызметтерге арналған – жолдар, көпірлер, туннелдер, түрмелер, ауруханалар, әуежайлар, су тарату құрылыстары, энергиямен жабдықтау және телекоммуникациялық желілері сияқты – инфрақұрылымдар дәстүрлі түрде мемлекеттік сектор күшімен құрылады, қызмет көрсетеді және күтім жасалады және мемелекеттік бюджеттен ақша бөлу арқылы қаржыландырылады.


2. Кейбір елдерде, үкіметтер осындай инфрақұрылымдарды дамытуға, қаржыландыруға, қызмет көрсетуге, күтім жасауға қатысуға жеке секторды тарту үшін, қызмет жөніндегі келісімшарттық келісімдер енгізген. Инфрақұрылым бар болуы мүмкін немесе қызмет жөніндегі келісім мерзімі ішінде құрылуы мүмкін. Осы Түсіндірме шегінде, келісім әдетте коммуналдық қызметтерді қамтамасыз етуге қолданылатын инфрақұрылымды құрушы немесе жетілдіруші (мысалы, оның қуаттылығын жоғарылату арқылы) және қызмет көрсетуші және сол инфрақұрылымға белгіленген уақыт мерзімі ішінде күтім жасаушы жеке сектор ұйымын (компания - оператор) қамтиды. Ұйым-оператор келісімнің мерзімі ішіндегі өз қызметтері үшін ақы алады. Келісім жұмыс сапасы стандарттарын, бағаны реттеу механизмдерін баяндайтын келісімшарт және даулы мәселелерді арбитраждық тәртіппен шешу келісімдері арқылы реттеледі. Осындай келісім жиі «құру-қызмет көрсету-өткізу», «оңалту-қызмет көрсету-өткізу» немесе «мемлекеттіктен-жекеге өтетін» қызмет жөніндегі концессиялық келісім деп сипатталады.

3. Осы қызмет жөніндегі келісімдердің бір белгісі ұйым-оператордың алған міндеттерінің сипаты, коммуналдық қызмет тәрізді болуы мүмкін. Мемелекеттік саясат ретінде қызмет көрсететін тараптың қандай да тұлға болуына қарамастан халыққа көрсетілетін инфрақұрылымға қатысты қызметтер бойынша белгіленген. Қызмет жөніндегі келісім келісімшарт бойынша жеке сектор ұйымымүддесі үшін, ұйым-операторға халыққа қызметтерді қамтамасыз етуге міндеттейді. Басқа жалпы ерекшеліктер мыналар:
(а) қызмет жөніндегі келісімді беретін тарап (цедент), мемлекеттік органмен қоса, мемлекеттік сектор кәсіпорны, немесе қызмет көрсету жауапкершілігі тапсырылған жеке сектор ұйымыболып табылады.
(b) ұйым-оператор инфрақұрылымды және осыған қатысты қызметтерді басқару мәселерінің, ең кемінде, кейбіріне жауапты және тек цедент мүддесінің өкілі ретінде ғана жұмыс жасайды.
(c) келісімшарт ұйым-оператор алатын бастапқы бағаларды тағайындайды және қызмет жөніндегі келісім мерзімі ішінде бағаны қайта қарауды реттейді.
(d) ұйым-оператор инфрақұрылымды цедентке белгіленген күйде, бастапқыда қай тарап қаржыландырғанына қарамастан, аз мөлшердегі қосымша сыйақы үшін немесе онсыз, келісім мерзімінің соңында беруге міндетті.

Қолдану аясы__________________________________________________________________


4. Осы Түсіндірме ұйым-оператордың «мемлекеттіктен-жекеге өтетін» қызмет жөніндегі концессиялық келісімдерді есепке алу бойынша нұсқау береді.

5. Осы Түсіндірме «мемлекеттіктен-жекеге өтетін» қызмет жөніндегі концессиялық келісімдерге қолданылады, егер:

(а) цедент ұйым-оператордың инфрақұрылыммен қандай да қызметтерді қамтамасыз етеіндігін, ол кімге және қандай бағамен қызметтерді көрсетуге тиістігін қадағаласа немесе реттесе; және

(b) цедент–меншік құқығы, бенефициар-меншік иесі құқығы арқылы немесе басқаша–келісім мерзімінің соңында инфрақұрылымдағы кез келген едәуір қалдық пайызын арқылы қадағаласа.

6. Егер 5(а) тармақтарындағы шартттар орындалатын болса, «мемлекеттіктен-жекеге өтетін» қызмет жөніндегі концессиялық келісімде бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде (толық өмірлік активтер) қолданылатын инфрақұрылым, осы Түсіндірмемен қамтылады. AG1-AG8 тармақтары «мемлекеттіктен-жекеге өтетін» қызмет жөніндегі концессиялық келісімдер, осы Түсіндірмемен қамтылады ма және қандай дәрежеде қамтылатындығын анықтау бойынша нұсқауларды қамтамасыз етеді.

7. Осы Түсіндірмеде қолданылады:

(а) қызмет жөніндегі келісім тұрғысынан компания-оператор құратын немесе үшінші тараптан алатын инфрақұрылымға; және

(b) бар инфрақұрылымға қызмет жөніндегі келісім тұрғысынан цедент, компания-операторға кіру құқығын береді.

8. Осы Түсіндірме қызмет жөніндегі келісім жасағанға дейін компания-оператор иеленген және негізгі өндірістік капитал деп таныған инфрақұрылым жөнінде есеп беруді нақты көрсетпейді. (IFRS) ХҚЕС-тардың тануды тоқтату талаптары (16 (IAS)ХҚЕС-та баяндалған) осындай инфрақұрылымдарға қолданылады.

  1. Осы Түсіндірме цеденттердің есеп беруін нақты көрсетпейді.

МӘСЕЛЕЛЕР___________________________________________________________________


10. Осы Түсіндірме қызмет жөніндегі концессиялық келісімдердегі міндеттерді және осыған қатысты құқықтарды тану және бағалау негізгі ережелерін баяндайды. Қызмет жөніндегі концессиялық келісімдер жөніндегі ақпаратты ашып көрсету талаптары (SIC) ТТК (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) 29-да көрсетілген. Осы Түсіндірмеде қарастырылатын мәселелер:

(а) ұйым-оператордың инфрақұрылымдарға құқықтарын өңдеу;

(b) келісім сыйақысын тану және өлшеу;

(c) құрылыс немесе жетілдіру қызметтері;

(d) қызмет көрсету қызметтері;

(e) қарыздар бойынша шығындар;

(f) қаржылық активтер мен материалдық емес активтерді кезектегі бухгалтерлік өңдеу; және

  1. цеденттен ұйым-операторға берілген материалды-техникалық жабдықтау бұйымдары.

КОНСЕНСУС___________________________________________________________________


Ұйым-оператордың инфрақұрылымдарға құқықтарын өңдеу

11. Осы Түсіндірме шегіндегі инфрақұрылым ұйым-оператордың негізгі өндірістік капиталы ретінде танылмауы тиіс, өйткені қызмет жөніндегі келісімшарттық келісім ұйым-операторға коммуналдық қызмет инфрақұрылымын қолдануды қадағалауға құқықты бермейді. Ұйым-оператордың келісімшартта белгіленген шарттарға сәйкес цедент атынан коммуналдық қызметті қамтамасыз ету үшін инфрақұрылыммен жұмыс жасауға рұқсаты бар.

Келісім сыйақысын тану және бағалау

  1. Осы Түсіндірме шегіндегі келісімшарттық келісімдердің шарттары бойынша ұйым-оператор қызмет жабдықтаушысы ретінде әрекет етеді. Ұйым-оператор белгіленген уақыт мерзімі ішінде коммуналдық қызмет көрсетуге қолданылған инфрақұрылымды құрады немесе жетілдіреді (құрылыс немесе жетілдіру қызметтері) және қызмет көрсетеді және сол инфрақұрылымға күтім жасайды (қызмет көрсету қызметтері).

  2. Ұйым-оператор өзі көрсететін қызмет үшін түсімді 11 және 18 (IAS) ХҚЕС-тарына сәйкес тануы және бағалауы тиіс. Егер ұйым-оператор бір ғана келісімшарт немесе келісім бойынша бір қызметтен көп көрсететін болса (яғни құрылыс немесе жетілдіру қызметтері және қызмет көрсету қызметтері), қызмет мөлшерлерін бөлектеп анықтау мүмкін болғанда, қабылданған немесе қабылданатын сыйақы көрсетілген қызметтердің салыстырмалы әділ құндары тұрғысынан бөлінуі тиіс. Сыйақының кезекті бухгалтерлік өңделуін оның сипаты анықтайды. Қаржылық актив ретінде және материалдық емес актив ретінде қабылданған сыйақы жөніндегі кезекті есепке алу жайында төмендегі 23-26 тармақтарда толық талданған.

Құрылыс немесе жетілдіру қызметтері

  1. Ұйым-оператор құрылыс немесе жетілдіру қызметтеріне қатысты түсім және шығындарды 11 (IAS) ХҚЕС-қа сәйкес есепке алуы тиіс.

Цеденттен ұйым-операторға берілген сыйақы

  1. Егер ұйым-оператор құрылыс немесе жетілдіру қызметтерін қамтамасыз ететін болса ұйым-оператор қабылдаған немесе қабылдайтын сыйақы оның әділ құны деп танылуы тиіс. Сыйақы төмендегілерге құқықтар бола алады:

(а) қаржылық активке, немесе

(b) материалдық емес активке.

16. Ұйым-оператор қаржылық активті оның ақша қаражатын немесе басқа қаржылық активті цеденттен немесе оның жарлығымен құрылыс қызметтері үшін қабылдауға сөзсіз келісімшарттық құқығы болуына қарай танылуы тиіс; әдетте келісім заңмен міндетті болғандықтан, цеденттің төлемдерді жасамауға өкілеттігі, болғанның өзінде, аз. Егер цедент ұйым-операторға (а) белгіленген немесе анықталатын соманы немесе (b) болған жағдайда, коммуналдық қызметті тұтынушыдан қабылданған сома мен белгіленген немесе анықталатын соманың арасындағы жетіспейтін қаражатты төлеуге келісімшарт арқылы кепілдік берсе, тіпті төлем ұйым-оператордың инфрақұрылымның белгіленген сапа немесе нәтижелілік талаптарына сай болуын қамтамасыз етуіне байланысты болса да, ұйым-оператордың ақша қаражаттарын қабылдауға сөзсіз құқығы бар.

17. Ұйым-оператор материалдық емес активті ол коммуналдық қызмет, тұтынушыларынан ақы алу құқығын (лицензияны) қабылдауына қарай, тануы тиіс. Коммуналдық қызмет, тұтынушыларынан ақы алу құқығы ақша қаражатын қабылдауға сөзсіз құқық емес, өйткені сомалар халықтың қызметті қолдану көлеміне байланысты.

18. Егер ұйым-оператор, құрылыс қызметтері үшін жартылай қаржылық активпен және жартылай материалдық емес активпен ақы алса, ұйым-оператордың сыйақысының әрбір компонентін бөлек есепке алуы қажет. Компоненттердің екеуіне де қабылданған немесе қабылданатын сыйақы бастапқы сатыда қабылданған немесе қабылданатын сыйақының әділ құнымен танылуы тиіс.

19. Цеденттің ұйым-операторға берген сыйақысының сипаты келісімшарт шарттары және, болған жағдайда, осыған қатысты келісімдік заң тұрғысынан анықталуы тиіс.

Қызмет көрсету қызметтері

  1. Ұйым-оператор қызмет көрсету қызметтеріне қатысты түсім және шығындарды 18 (IAS) ХҚЕС-қа сәйкес есепке алуы тиіс.

Инфрақұрылымды пайдалануға жарамдылықтың белгіленген дәрежесіне дейін қалпына келтіруге келесімшарттық міндеттер

  1. Ұйым-оператордың инфрақұрылымды цедентке қызмет жөнідегі келісімнің соңында тапсырғанға дейін оның лицензиясының шарты ретінде орындауға міндетті келісімшарттық (а) инфрақұрылымға пайдалануға жарамдылықтың белгіленген дәрежесіне дейін күтім жасауға немесе (b) инфрақұрылымды белгіленген күйге қалпына келтіруге міндеттері болуы мүмкін. Осы инфрақұрылымға күтім жасауға немесе оны қалпына келтіруге келісімшарттық міндеттер, жетілдіру элементін қоспағанда (14 тармақты қараңыз) 37 (IAS) ХҚЕС-қа сәйкес, яғни есеп беру мерзімінің соңында қалған міндеттерді орындауға қажет болатын ең тиімді шығындар сметасымен танылуы және бағалануы тиіс.

Ұйым-оператор жұмсаған қарыздар бойынша шығындар

  1. 23 (IAS) ХҚЕС-қа сәйкес келісімге ілеспелі болатын қарыздар бойынша шығындар, егер ұйым-оператордың материалдық емес активтерді қабылдауға құқығы (коммуналдық қызмет тұтынушыларынан ақы алу құқығы) болмаса, шығын деп, оларды жұмсаған мерзім ішінде танылуы тиіс. Бұл жағдайда, келісімге ілеспелі болатын қарыздар бойынша шығындар, сол Стандартқа сәйкес, келісімнің құрылыс сатысының мерзімі ішінде капиталға айналдырылуы тиіс.

Қаржы активтері

  1. 16 және 18 тармақтарына сай танылған қаржылық активтерге 32 және 39 (IAS) ХҚЕС-тар және 7-9(IFRS) ХҚЕС қолданылады.

  2. Цеденттен тиесілі немесе оның жарлығымен алынатын соманы 9 (IAS) ХҚЕС-қа сәйкес төмендегілер ретінде есепке алынады:

(а) амортизацияланған бағамен; немесе

(b) пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын.

25. Егер цедент беруге тиіс сома амортизацияланған бағамен есетелетін болса, 9 (IAS) ХҚЕС бойынша тиімді пайыз тәсілін қолданып, есептеп шығарылған пайызды пайда немесе шығын бойынша тану талап етіледі.

Материалдық емес активтер

  1. 17 және 18 тармақтарға сай танылған материалдық емес активтерге 8 (IAS) ХҚЕС қолданылады. 38 (IAS) ХҚЕС-тың 45-47 тармақтары заттық активтің немесе активтердің немесе біріккен ақшалық активтер мен заттық активтердің орнына айырбастап алынған материалдық емес активтерді бағалау бойынша нұсқау береді.

Цеденттен ұйым-операторға берілген материалды-техникалық жабдықтау бұйымдары.

  1. 11 тармаққа сәйкес цедент ұйым-операторға рұқсат берген инфрақұрылымның материалды-техникалық жабдықтау бұйымдары ұйым-оператордың негізгі өндірістік капиталы деп танылмайды. Цедент ұйым-операторды басқа бұйымдармен қамтамасыз ете алады, оларды ұйым-оператор өз еркімен сақтауға немесе иелік етуіне болады. Егер осындай активтер цеденттің ұйым-операторға қызметтері үшін төлейтін сыйақының бөлігін құраса, олар 20 (IAS) ХҚЕС-та анықталғандай мемлекеттік субсидиялар қатарына жатпайды. Олар ұйым-оператордың активтері деп танылады, бастапқы тану бойынша әділ құнымен бағаланады. Ұйым-оператор активтерге айырбастау үшін өзі мойнына жүктеген орындалмаған міндеттер тұрғысынан борыштық міндеттемені тануы тиіс.

КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ ___________________________________________________________


  1. Осы түсіндірмені ұйым 2008 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түсіндірмені 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін басталатын мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.

28А. 2009 жылдың қарашасында шыққан 9 ХҚЕС 23–25 тармақтарын түзетті. Ұйым бұл түзетулерді 9 ХҚЕС қолданғанда қолдануы тиіс.

ЕСЕПТІҢ ЖАҢА ТӘРТІБІНЕ ӨТУ ________________________________________

29. 30 тармақта көрсетілген, есеп беру саясатындағы өзгерістер жөнінде 8 (IAS) ХҚЕСсәйкес, яғни ретроспективті түрде есеп берілуі тиіс.

30. Егер, қандай да бір айрықша қызмет келісімі үшін, бұл ұйым-операторға осы Түсіндірмені ретроспективті түрде ұсынылған, ең ерте мерзімнің басында қолдану жарамсыз болса, ол:

(а) ұсынылған ең ерте мерзімнің басында болған қаржылық ативтерді және материалдық емес активтерді тануы тиіс;

(b) алдыңғы сол қаржылық және материалдық емес активтердің қаржылық жағдай туралы есептік көрсеткіштерін (бұрын қандай санатқа жатқызылса да) олардың сол күнгі қаржылық жағдай туралы есептік көрсеткіштері ретінде қолдануы тиіс; және

(c) сол күні құнсыздануға танылған қаржылық және материалдық емес активтерді егер бұл жарамсыз болмаса, тексеруі тиіс, жарамсыз болса көрсеткіштер құнсыздануға өтіп жатқан кезеңнің басындағыдай тексерілуі тиіс.

А қосымшасы Қолдануға нұсқаулар

Осы қосымша Түсіндірменің ажырамас бөлігі.

Қолданылу аясы (5 тармақ)____________________________________________________

AG1. Осы Түсіндірменің 5 тармағы инфрақұрылым төмендегі шарттар қолданылса осы Түсіндірменің шегінде екенін көрсетеді:

(а) цедент ұйым-оператордың инфрақұрылыммен қандай қызметтерді қамтамасыз етеіндігін, ол кімге және қандай бағамен қызметтерді көрсетуге тиістігін қадағаласа немесе реттесе; және

(b) цедент – меншік құқығы, бенефициар - меншік иесі құқығы арқылы немесе басқаша – келісім мерзімінің соңында инфрақұрылымдағы кез келген едәуір қалдық пайызын қадағаласа.

AG2. (а) шартында аталған қадағалау немесе реттеу келісімшарт арқылы немесе басқаша (реттеуші арқылы сияқты) жасалуы мүмкін, және бұған цедент өнімдердің барлығын сатып алатын жағдайлар, сонымен бірге өнімдердің кейбірін немесе барлығын басқа тұтынушылар сатып алатын жағдайлар кіреді. Осы шартты қолданғанда, цедент және кез-келген басқа тараптар бірге қарастырылуы тиіс. Егер цедент мемелекеттік сектор ұйымы болса, осы Түсіндірменің мақсаты үшін, бүкіл мемлекеттік сектор, кез-келген мемлекеттік мүддеге жұмыс жасайтын реттеушімен бірге цедентке қатысты деп қаралады.

AG3. (а) шартының мақсаты үшін цедент бағаны қадағалауды аяқтауды қажет етпейді: бұл бағаның цедентпен, келісімшартпен немесе реттеушімен, мысалы кэппинг механизмі арқылы реттелуі жеткілікті. Алайда, осы шарт келісімнің негізгі мәніне қолданылуы тиіс. Кэп сияқты өте сирек қолданылатын негізгі емес ережелер ескерілмеуі тиіс. Бұған керісінше егер, келісімшарт бойынша ұйым-операторға бағаны тағайындау еркі берілсе, бірақ әрбір үстеме пайда цедентке оралатын болса, ұйым-оператор табысы шектеледі және басқаруды тексерудің баға элементі орындалады.

AG4. (b) шартының мақсаты үшін, цеденттің едәуір қалдық пайызын қадағалауы ұйым-оператордың инфрақұрылымды сатуға немесе кепілге беруге тәжірибелік мүмкіндігін шектеуі және цедентке келісім мерзімі ішінде қолдануға үздіксіз құқық беруі тиіс. Инфрақұрылымдағы қалдық пайыз, инфрақұрылым қолдану мерзіміне жеткен және келісім мерзімінің соңында күтілетін күйде болғандай, инфрақұрылымның бағаланған ағымдық құны.

AG5. Қадалауды басқарудан ажырата білу керек. Егер цедент 5 тармақта сипатталған қадағалауды және инфрақұрылымдағы кез-келген едәуір қалдық пайызын сақтап қалатын болса, ұйым-оператор – тіпті оның, көп жағдайларда, зор басқару өкілеттігі болса да цеденттің атынан инфрақұрылымды тек қана басқарып отырады.

AG6. (а) және (b) шарттары бірге инфрақұрылым, кез-келген қажетті жаңалауларды қоса (21 тармақты қараңыз) бүкіл өз пайдалану мерзімі ішінде цедентпен қадағаланғанда анықталады. Мысалы, егер ұйым-оператор инфрақұрылымның материалды-техникалық жабдықтау бұйымының бір бөлігін (мысалы жолдың беткі қабатын немесе ғимараттың шатырын) келісім мерзімі ішінде жаңалауға мәжбүр болса, инфрақұрылымның материалды-техникалық жабдықтау бұйымы толығымен қаралады. Сонымен, егер цедент сол бөлікті соңғы жаңартқанда, кез-келген едәуір қалдық пайызын қадағаласа (b) шарты, жаңартылған бөлікті қоса, бүкіл инфрақұрылым үшін орындалады.

AG7. Кейде, инфрақұрылымды қолдану 5(а) тармағында сипатталған қалыпта жартылай реттеледі және жартылай реттелмейді. Алайда, бұл келісімдер әртүрлі сипатта болады:

(а) физикалық тұрғыдан бөлектеуге болатын және тәуелсіз түрде жұмыс жасатуға мүмкіндігі бар және 36 (IAS) ХҚЕС-та анықталғандай ақша қаражатын тудыратын бірлік анықтамасына сай болатын кез-келген инфрақұрылым, егер реттелмейтін мақсаттар үшін түгелімен қолданылса, бөлектеп талдануы тиіс. Мысалы, бұл аурухананың қалған бөлігін цедент мемлекет есебінен емделетін науқастарды емдеуге қолданатын аурухананың ғимаратының жеке меншік бөлігіне қолданылуы мүмкін.

(b) тек қосымша қызметтер (ауруханадағы дүкен сияқты) реттелмейтін болғанда, басқаруды тексеру сол қызметтер жоқ болған тәрізді қолданылады, өйткені, цедент қызметтерді 5 тармақта сипатталғандай қадағалайтын жағдайларда, қосымша қызметтердің болуы инфрақұрылымды цеденттің қадағалауын азайтпайды.

AG8. Ұйым-оператордың AG7(а) тармағында сипатталғандай бөлектенетін инфрақұрылымды немесе AG7(b) тармағында сипатталғандай реттелмейтін қосымша қызметтерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын ғимараттарды қолдануға құқығы болуы мүмкін. Екі жағдайда да шын мәнінде цеденттен ұйым-операторға жалдау болуы мүмкін; егер солай болса, оны 17 (IAS) ХҚЕС–қа сәйкес есепке алынуы тиіс.

______________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-ына авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.

1SIC (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) 29-дың бұрынғы Ақпаратты ашып көрсету–Қызмет жөніндегі концессиялық келісімдер тақырыбы IFRIC 12 арқылы түзетілген.




Похожие:

Сілтемелер iconПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Сілтемелер iconПарниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Сілтемелер iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 15
Сілтемелер iconСілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Сілтемелер iconЕрежесі Нормативтік сілтемелер
Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Жарлығымен бекітілген «Білім туралы» Заңы (2011 жылдың 24 қазанында өзгерістер...
Сілтемелер iconДайындық кезеңі Жауаптылар
Интернет-ресурстарына сілтемелер дайындау, қажетті оқулықтар мен электрондық материалдар және т б материалдар қорын дайындау
Сілтемелер iconSic) ттк (Түсіндірмелер бойынша тұрақты комитет) Түсіндірме 12 Шоғырландыру – арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар Сілтемелер
Ондай шарттар көбінесе амк-ның ағымдағы қызметіне басшылық жасау саясатын оның құрылтайшысынан немесе демеушісінен басқа ешкімнің...
Сілтемелер iconWww қызметі. Www (World Wide Web)
Мәліметтер блоктары (Web-парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі www-сервер немесе Web – сервер деп аталатын...
Сілтемелер iconIfric) ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4 Келісімнің құрамында жалдаудың болуын анықтау Сілтемелер
ХҚестк (Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары бойынша түсіндірме комитеті) Түсіндірме 4
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница