«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ




Название«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
страница1/16
Дата конвертации14.02.2013
Размер1.99 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


«Мемлекеттік мүлік туралы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті және жарғылық капиталдағы мемлекетке тиесілі акциялар мен үлестерге, мемлекеттің ұлттық холдингтерге, ұлттық компаниялар мен стратегиялық объектілерге ықпалының аясын айқындайды. Заң мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесі ретінде де және басқа да құқық иеленушісі ретінде де құқықтарының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге; мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыретінің аражігін айқын ажыратуға және осы органдар мен олардың басшыларының мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттің саясатын жүргізуге жауапкершілігін арттыруға; ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар арқылы мемлекеттік мүлікті корпоративтік басқарудың құқықтық негіздерін бекітуге, олардың мемлекеттік органдармен нақты іс-қимылын және олардың мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттің саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге жауапкершілігін айқындауға бағытталған.

I бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер.


1- тарау. Мемлекеттік мүлікті басқару туралы жалпы ережелер.
1- бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар.

1.Осы Заңда келесі ұғымдар қолданылады:

1) мемлекеттік мүлік - Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бірліктің мүлкі;

2) республикалық мүлік - Қазақстан Республикасының мүлкі, коммуналдық мүлікті қоспағанда;

3) коммуналдық мүлік - әкімшілік-аумақтық бірліктің мүлкі;

4) облыстық коммуналдық мүлік – облыстың мүлкі (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), оның ішінде облыстық бюджет және облыстық қазынаны құрайтын облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген басқа да мүлік, сондай-ақ облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген басқа да мүлік (аудандық коммуналдық мүліктен басқа);

5) аудандық коммуналдық мүлік – ауданның мүлкі (облыстық маңызы бар қаланың), оның ішінде ауданның бюджеті және аудандық қазынаны құрайтын аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген басқа да мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген басқа да мүлік;

6) мемлекеттің мүліктік құқықтары – өзінде мыналарды қамтитын мемлекеттің мүлікке құқықтары:

а) мемлекеттік меншік құқығы;

б) мемлекеттің басқа да заттық құқықтары (сервитуттар, жалға алу, мүлікті өтеусіз пайдалану және басқалары);

в) мемлекеттің міндетті құқықтары (талап ету құқықтары);

г) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар;

д) мұрагерлік құқықтар;

е) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да мүліктік құқықтар;

7) мемлекеттік мүлікті басқару – мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің) мемлекеттік меншік құқығын және басқа да мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы;

8) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) – республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мемлекеттік мүлікке құқығын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларына, стратегиялық объектілерге жекешелендіру және меншікке, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті қоспағанда, мемлекеттік мониторингіні өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын арнайы атқару және бақылау-қадағалау функциялары бар орталық атқарушы орган;

9) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (одан әрі - тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыру үшін және осы заңмен және Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілерінде көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарын басқа да атқарушы орталық органға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы ережелері осындай атқарушы орталық органға таратылады;

10) мемлекеттік мұқтаждықтар үшін мүлікті иеліктен шығару – жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтемін төлеп мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім негізінде және иеліктен шығарылатын меншік иесімен мемлекеттік мұқтаждықтар үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құны мен өтемі төленетін шығындардың мөлшері туралы келісім негізінде, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда осы Заңға сәйкес, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау және мемлекет меншігіне алу, соттың шешімі негізінде жүзеге асырылатын азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың иелігіндегі мүлікті мемлекеттік (республикалық және коммуналдық) меншік құрамына мәжбүрлеп өтемін төлеп иеліктен шығару;

11) мүлікті реквизициялау – дүлей зілзала, авариялар, эпидемия, эпизоотия, соғыс жағдайы күшінде болған кезеңде немесе соғыс уақытында және төтенше сипаты бар басқа да жағдаяттар кезінде мемлекеттік органдардың шешімі бойынша меншік иесінен қоғам мүддесі үшін мүлікті меншік иесіне мүліктің құнын төлей отырып алып қою;

12) мемлекет меншігіне алу - мүлікті мемлекет меншігіне алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісі негізінде жүзеге асырылатын және осы Заңға сәйкес қабылданатын азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың иелігіндегі мүлікті Қазақстан Республикасының меншік құрамына мәжбүрлеп өтемін төлеп иеліктен шығару;

13) мемлекеттік мұқтаждықтар – мемлекеттің функциясынан туындайтын және қоғамдық маңызы бар мақсатты көздейтін мемлекет мүддесін қанағаттандыру үшін жеке меншіктегі мүліктің мемлекет меншігіне ауыстыру қажеттілігінің болуы;

14) жекешелендіру – мемлекеттің осы Заңмен белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде мемлекеттік мүлікті азаматтарға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатуы;

15) мемлекеттік заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер;

16) республикалық заңды тұлғалар – мүлкі республикалық меншіктегі республикалық кәсіпорындар және республикалық мекемелер;

17) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкі коммуналдық меншіктегі коммуналдық кәсіпорындар және коммуналдық мекемелер;

18) облыстық коммуналдық заңды тұлғалар – облыстың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық кәсіпорындар және коммуналдық мекемелер;

19) аудандық коммуналдық заңды тұлғалар – ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық кәсіпорындар және коммуналдық мекемелер;

20) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын – мемлекеттік мүлікті шаруашылық жүргізу құқығы берілген және өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауапты коммерциялық ұйым;

21) қазынашылық кәсіпорын – мемлекеттік мүлікті жедел басқару құқығы берілген коммерциялық ұйым;

22) мемлекеттік мекеме – мемлекет құрылған және бюджет қаражаты есебінен және (немесе) басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы басқа да функцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге көзден қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйым;

23) шаруашылық жүргізу құқығы - меншік иесі ретінде мемлекеттен мүлік алған және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және басқа да заңнамалық актілерде белгіленген шектерде осы мүлікті иелену, пайдалану және басқару құқығын жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы;

24) жедел басқару құқығы - мемлекеттен мүлік алған және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген шектерде өз қызметінің жарғылық мақсаттарына, уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес осы мүлікті иелену, пайдалану және басқару құқығын жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік мекеменің немесе қазынашылық кәсіпорынның заттық құқығы;

25) ұлттық компания – акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке, ұлттық басқару холдингіне тиесілі және қызметін ұлттық экономиканың негізін құрайтын салаларда жүзеге асыратын немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылатын (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған акционерлік қоғам;

26) ұлттық басқару холдингі - ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталындағы үлестерін) тиімді басқару үшін құрылған құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметінің тұлғасында Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам;

27) ұлттық холдинг – ұлттық компаниялардың және басқа да акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлестерін тиімді басқару үшін құрылған құрылтайшысы және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметінің тұлғасында Қазақстан Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам;

28) стратегиялық маңызы бар мүлік (стратегиялық объектілер) - қазақстан қоғамының тұрақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оған құқықтарды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі жағдайына ықпал ететін мүлік;

29) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектіні басымдықпен сатып алу құқығы – Қазақстан Республикасының азаматтардан немесе заңды тұлғалардан стратегиялық объект оларға тиесілі болғанда, осындай тұлға стратегиялық объекті иеліктен шығару бойынша мәміле жасауды ниет етіп отырған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектіден өндіріп алу немесе конкурстық (тарату) массасының құрамында стратегиялық объектіні иеліктен шығару жағдайында нарықтық құны бойынша стратегиялық объектілерді сатып алудың үшінші тұлға алдындағы басымды құқығы;

30) мемлекеттік мүлік тізілімі – мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;

31) есепке алу объектісі – мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алуға жатқызылатын мемлекеттік мүлік;

32) мемлекеттік мүлікті есепке алу – осы Заңның 14-тарауында көзделген ережелерге сәйкес мемлекеттік мүлік тізілімін қалыптастыру үшін есепке алу объектісі туралы ақпаратты жинау мен қорытындылаудың ретке келтірілген жүйесі;

33) мемлекеттік мүлік есебі саласындағы бірыңғай оператор – оған мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген Қазақстан Республикасының шешімімен анықталған, заңды тұлға.
2-бап. Мемлекеттік мүліктің түрлері.

1. Мемлекеттік мүлік республикалық мүлік және коммуналдық мүліктен деп бөлінеді.

2. Республикалық мүлік құрамына кіретіндер:

1) мемлекеттік қазынаның мүлкі:

а) республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;

б) республикалық заңды тұлғаларға бекітілмеген, басқа да мемлекеттік мүлік;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоса алғанда республикалық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік.

3. Коммуналдық мүлік құрамына енгізілетіндер:

1) жергілікті қазынаның мүлкі:

а) жергілікті бюджеттің қаражаты;

б) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген басқа да коммуналдық мүлік;

2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік.
3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы

1. Мемлекеттік мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен анықталады.

2. Осы заңның күші Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік мүлікке таратылады.

3. Республикалық мүлік Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуы мүмкін, ал коммуналдық мүлік – осы әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс немесе халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес, сондай-ақ басқа да негіздемелер бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасынан тыс жердегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлкінің құқықтық режимі, егер халықаралық шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмеген болса, осы мүлік орналасқан шетел мемлекеттерінің құқық нормаларымен анықталады.

5. Осы Заңның күші мемлекеттік органдарға, мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаларға, сондай-ақ олар көздеген жағдайларда – азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға таратылады.

6. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Заңда қамтылғаннан өзге ережелер бекітілген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

4-бап. Осы Заңның реттеу пәні

1. Осы Заң мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттің құқықтарын және міндеттерін анықтайды, мемлекетке меншік құқығында тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және басқаруды қоса алғанда мемлекеттің мемлекеттік меншік құқығын, мемлекеттік мүлікке құқықтарды иелену және тоқтату тәртібін, оның ішінде мүлікті мемлекет иелігіне алған және жекешелендірген кезде, сондай-ақ азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларды иелену және (немесе) пайдалану құқықтарын жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

2. Осы Заң мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті, акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік мүлікке жатқызылатын үлестерін және мемлекеттік мүлікті құрайтын басқа да мүлікті басқару тәртібі анықтайды.

3. Стратегиялық маңызы бар мүліктің (стратегиялық объектінің) құқықтық режимінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен айқындалады.

4. Мемлекеттің бюджет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатына құқықтарын жүзеге асыруы бюджет қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен реттеледі. Осы Заңда көзделген мемлекеттік мүлік ұғымы бюджет қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында пайдаланылатын мемлекет активтері ұғымына таратылады.

Мемлекеттің мемлекеттік немесе жергілікті қазынаға жатқызылған басқа мүлікке мемлекеттік құқықтарды жүзеге асыру ерекшелігі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленеді.

5. Мемлекеттің мәдени және тарихи құндылықтарға құқықтарын жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, осы заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен белгіленеді.

6. Мемлекеттің зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарын жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен реттеледі.

7. Осы заңның ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және басқа да мемлекеттің немесе ұлттық холдингтің заңды тұлғалары туралы ережелер, егер ұлттық басқару холдингі туралы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқат қоры туралы заңнамалық актісінде басқаша көзделмесе, ұлттық басқару холдингіне және оның құрамына кіретін ұлттық компанияларға және оның бақылауындағы басқа да заңды тұлғаларға қолданылады.

8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және олар құрған заңды тұлғалардың мүлкін иелену, пайдалану және басқару Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы заңнамалық актілерімен айқындалған тәртіппен реттеледі.

9. Осы Заңның күші республикалық маңызы бар қала, астана, арнайы экономикалық аймақтар, мемлекеттік материалдық резерв туралы заңнамалық актілерде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкін, арнайы экономикалық аймақтардың, мемлекеттік материалдық резервтің мемлекеттік мүлкін басқару бойынша қатынастарға таратылады.
5-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару принциптері

Мемлекеттік мүлікті басқару келесі принциптерге сәйкес жүзеге асырылады:

1) заңдылық;

2) есеп беру және бақылауда болу;

3) жариялылық; заңдылық;

4) мемлекет мүлкін тиімді пайдалану; есептілік және бақылауда болу;

5) бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету. жариялылық;
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Похожие:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ icon«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік меншік құқығын және басқа да мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы №604 қаулысы «Мемлекеттік мүлік туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мал басы туралы мәлімет. Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconКодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconЖекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысандардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабындағы 1...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №919 Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 6 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница