«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ




Название«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
страница14/16
Дата конвертации14.02.2013
Размер1.99 Mb.
ТипДокументы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

196-бап. Стратегиялық объекттерді мемлекет иелігіне алу

Стратегиялық объекттер осы Заңның 5-тарауында көзделген тәртіппен мемлекет иелігіне алынуы мүмкін.
197-бап. Стратегиялық объекттердің мониторингісі

Стратегиялық объекттердің мониторингісі меншіктің мемлекеттік мониторингісі туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

13-тарау. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объекттерді сатып алудың Қазақстан Республикасының басым құқығы
198-бап. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объекттерді сатып алудың Қазақстан Республикасының басым құқығын қолдану шарттары

1. Мемлекеттік емес заңды тұлға немесе азамат стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға ниет ету жағдайында, сондай-ақ стратегиялық объекті өндіріп алуға өтініш беру немесе конкурстық (тарату) көпшілік құрамындағы стратегиялық объектіні иеліктен шығару жағдайында Қазақстан Республикасының осы тарауда айқындалған шарттарда стратегиялық объектіні иеленуге басым құқыққа ие.

2. Қазақстан Республикасы атынан стратегиялық объекттерді иеленуге басым құқықты Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның тапсырмасы бойынша ұлттық басқарушы холдинг іске асырады.
199-бап. Стратегиялық объектіні сатып алудың Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру тәртібі

1. Стратегиялық объекттер жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану туралы ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеген жағдайда бюджет қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын жүзеге асыруды тапсырған тиісті саланың уәкілетті органы республикалық бюджет комиссияның қарауына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қажетті бюджет қаражатын бөлуді негіздемесімен стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыру туралы шешімнің жобасын ұсынады.

Республикалық бюджет комиссиясы тиісті шешім қабылдайды. Республикалық бюджет комиссияның ұсыныстары мен ұсынымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынылады.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі стратегиялық объекттер жөніндегі комиссияның және республикалық бюджет комиссияның ұсыныстары мен ұсынымдарының негізінде республикалық бюджет комиссияның шешімі қабылданған сәттен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі дәлелденген болуы қажет және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерін объективті ескеруі тиіс.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешімнің қорытындысы туралы тиісті саланың уәкілетті органы шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей стратегиялық объектінің иеліктен шығаруды жүргізетін тұлғаны жазбаша хабардар етеді.

4. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленушісі) шарты жасалғанға дейінгі кез-келген уақытта стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тарта алады. Стратегиялық объектінің иесі (құқық иеленушісі) стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тартқан кезде оны сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тоқтатылады.

5. Бюджеттік рәсімдерді ескере отырып стратегиялық объекттерді сатып алу мерзімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылданған сәттен бастап екі жыл мерзімінен аспауы тиіс.

6. Стратегиялық объектіні өндіріп алуға өтініш берілген немесе меншік иесінің (құқық иеленушінің) банкроттық туралы ісі бойынша іс қозғау жағдайында стратегиялық объекттер стратегиялық объектіні өндіріп алу өтініші туралы хабар алған күннен бастап немесе банкроттық туралы іс қозғау туралы соттың анықтауының көшірмесін алған күннен бастап бес күндік мерзімде стратегиялық объектіні өндірі алу өтініші немесе банкроттығы туралы іс қозғау туралы комиссияның стратегиялық нысандар жөніндегі уәкілетті органын жазбаша хабардар етуі мүмкін. Хабардар ету жөніндегі міндеттерді сақтамау осы Заңның 202-бабында көзделген салдарға әкеліп соғады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі осы бапта көзделген тәртіппен стратегиялық объектіні алуға басым құқықты іске асырады.

Стратегиялық объектіні өндіріп алуға өтініш немесе конкурстық (жойылған) масса құрамындағы стратегиялық объектіні иеліктен шығару стратегиялық объектіні алуға басым құқықты іске асыру немесе басым құқықты іске асырудан бас тарту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінен шешім алғаннан кейін жүргізіледі.

7. Егер Қазақстан Республикасы стратегиялық объектіні өндіріп алуға өтініш беру немесе конкурстық (тарату) көпшіліктің құрамында иеліктен шығару кезінде басым құқығын іске асырудан бас тартқан жағдайда стратегиялық объектіні иеліктен шығару Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
200-бап. Нарықтық құнын айқындау

1. Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыру кезінде стратегиялық объектінің нарықтық құны өтеуге жатады.

2. Стратегиялық объектінің нарықтық құны осы Заңның 212-бабының ережелеріне сәйкес стратегиялық объектіні сатып алу құқығын іске асыру кезінде сатып алатын мүлікті бағалау негізінде айқындалады.
201-бап. Мемлекет сатып алған стратегиялық объекттерді басқару

Қазақстан Республикасының Үкіметі сатып алынған стратегиялық объекттерді акцияларды төлеуге немесе мемлекеттің жүз пайыздық қатысумен арнайы құрылған заңды тұлғаның немесе осы Заңның 127-бабының ережелері бойынша ұлттық холдингтің немесе ұлттық басқарушы компаниялардың жарғылық капиталына мүліктік жарна ретінде береді.

202-бап. Стратегиялық объекттерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару туралы және басым құқық туралы ережелердің бұзылу салдарлары

Стратегиялық объекттерге құқық иеленушінің стратегиялық объекттерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару туралы және стратегиялық объекттерді сатып алудың басым құқығы туралы талаптарды бұза отырып жасалған мәміле сотпен оның жасалған мерзімнен бастап жарамсыз деп танылады.

VII бөлім. Мемлекеттік мүлікті есепке алу, мүлікті бағалау және одан әрі пайдалану

14-тарау. Мемлекеттік мүлікті есепке алу және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі
203-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алу және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі туралы жалпы ережелер

1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу мемлекеттік мүлікті бақылау және тиімді пайдалану мақсаттары үшін жүзеге асырылады. Мемлекеттік мүлік туралы деректер мемлекеттік мүлік тізіліміне қосуға жатады.

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік мүлікті есепке алу мен мониторингті уәкілетті мемлекеттік органдар осы тарауда және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасында белгіленген шарттар мен тәртіпте жүзеге асырылады.

3. Осы тараудың ережелері Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік мүлігін есепке алу мен мониторинг тәртібі, мемлекеттік мүлік тізілімін құрудың және оның қызмет етуінің негізгі қағидаттары, сондай-ақ оның есепке алу объекттерінің құрамын, тізбесін, жинау тәртібін, өңдеу және өзекті ету тәртібін айқындайды.

Есепке алу объекттері туралы мәліметтерді өзекті етуді осы есепте есепке алу деректерінде мемлекеттік мүліктің құрамы туралы шынайы, нақты және объективті ақпаратты көрсетуге мүмкіндік беретін жаңартулар, өзгерістер толықтыру және өзге де іс-қимылдар түсіндіріледі.
204-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алу түрлері

1. Мемлекеттік мүлікті тізілім нысанында бірыңғай орталықтандырылған есепке алуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік мүлікті ведомстволық бағынысты есепке алуды осы Заңның 216-218-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объекттері туралы мәліметтер беретін тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің түрлері бойынша республикалық және коммуналдық мүліктің жеке есебі жүзеге асырылады, ал жергілікті мемлекеттік басқару деңгейі бойынша – облыстық және аудандық мүлікті жеке есепке алады.

Коммуналдық мүліктің есебін осы Заңның 16-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік мүлік тізілімінде көрініс табуы үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.
205-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алу және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингінің объектілері

1. Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері:

  1. мемлекеттік заңды тұлға мен оларға бекітілген мүлік;

  2. жер пайдаланымындағы жер учаскелері;

  3. акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі үлестері;

  4. мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игіліктер объектілері;

  5. мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік құқығындағы объекттер;

  6. мемлекеттік материалдық резерв;

  7. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік мүлік тізілімінің ережелерінде көзделген мемлекеттік мүліктің өзге де түрлері (санаттары).

2. Есепке алу объектілері туралы деректер осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер болып табылады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу объектіні басқа объекттерден айыруға мүмкіндік беретін жеке сипаттарын көрсете отырып есепке алу объектісін сипаттауды қосуы тиіс.

3. Қазақстан Республикасынан тыс мемлекеттік мүлікті есепке алуды тиісті саладағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

4. Осы тараудағы ереже мемлекеттік немесе жергілікті қазынаны құрайтын мүлікке қолданылмайды. Осы мүлікті есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік материалдық резервті құрайтын мүлікті есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырылады.

6. Реквизиция тәртібімен мемлекетке өткен мүлікті есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі объектілері мыналар:

1) мемлекеттік заңды тұлғалар;

2) мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалар;

3) мемлекеттік мүлік құрамына жататын, оның ішніде, сенімді басқаруда, жаға алуда, концессияда жатқан мүліктердің барлық түрлері.
206-бап. Мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсетілетін мәліметтер

1. Мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алу объекті бойынша мынадай мәліметтер:

  1. оны біріздендіруге мүмкіндік беретін объектінің сипаттамасы;

  2. объектінің белгілі бір тұлғаға тиесілі немесе бекітілгендігі туралы мәліметтер;

  3. объектінің баланстық құны;

  4. мүлікке үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалықтың болуы және ауыртпалықтың түрлері туралы мәліметтер;

  5. объектінің ұсталуына немесе сақталуына жауапты тұлғалардың реквизиттері;

  6. объектіге құқықтың туындауы және тоқтатылу негіздері, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мемлекеттік мүлікке құқықтарды міндетті тіркеу жағдайында – объектіні мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер және (немесе) оған деген құқықтары көрсетіледі.

2. Есепке алу объекттері үшін мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсетілген қосымша мәліметтер құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
207-бап. Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу

1. Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін мемлекеттік мүлікті басқаруға және оның сақталуына бақылау жасаумен байланысты шешімдер қабылданған кезінде Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары пайдаланды.

2. Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу тіркеу және ақпараттық мақсаттарды іске асыруға арналған және құқық орнатушы немесе құқық куәландыратын мәні жоқ.

3. Мемлекеттік мүлік тізілімді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай әдістеме бойынша құқықтық кадастр деректері, сондай-ақ жер ресурстары, экономикалық жоспарлау, статистика, салық, бағалы қағаздар және қор нарығы, монополияға қарсы бақылау жөніндегі орталық мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарының мәліметтері базасында қалыптастырады және жүргізіледі. Осы деректер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген нысанда, мөлшерде және кезеңде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беруге жатады.

4. Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу кезінде облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейіндегі республикалық және коммуналдық мүлік объекттері жеке есепке алынады.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық мүлігі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алуға жатады.

5. Мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік заңды тұлғалар мен заңды тұлғалардың атауларының тізбесі туралы мәліметтер кіреді. мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік заңды тұлғалар мен заңды тұлғаларды қайтадан ұйымдастыру, тарату, қайта тіркеу, атауларын өзгерту мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу ережелерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алуға жатады.

6. Мемлекеттік заңды тұлғалар мемлекеттік мүлік тізіліміне осы объектілерді енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген бірыңғай мерзімде, бірыңғай әдіс пен деректер пішіні бойынша мемлекеттік мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалауды жүргізеді. Мемлекеттік мүлікті түгендеу мемлекеттік мүліктің нақты болуын анықтауды, сондай-ақ есептелмеген және бекітілмеген мемлекеттік мүлікті анықтауды және оны одан әрі мемлекеттік заңды тұлғаға бекітуді қамтамасыз етуі тиіс.

7. Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректері мемлекетке тиесілі

8. Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін пайдаланушылар мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар болып табылады. Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қол жеткізуді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы мемлекеттік мүлік тізілімін есепке алу саласындағы бірыңғай оператор қамтамасыз етеді.

9. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор:

1) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, енгізу және жаңғыртуды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізудің техникалық және бағдарламалық құралдарының үздіксіз қызмет етуін құруды қамтамасыз етеді;

3) мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының қызмет етуі мен техникалық сүйемелдеуді құруды қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға электрондық қызметтер көрсетеді;

5) тізілімнің пайдаланушыларына мемлекеттік мүлік тізілімнің деректеріне қол жетімділікті қамтамасыз етеді;

6) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;

7) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында техникалық жобаларды басқару қызметін жүзеге асырады.

10. Мемлекеттік мүлік тізілімін қалыптастыруға және жүргізуге арналған шығыстарды қаржыландыру тиісті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Похожие:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ icon«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік меншік құқығын және басқа да мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы №604 қаулысы «Мемлекеттік мүлік туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мал басы туралы мәлімет. Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconКодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconЖекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысандардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабындағы 1...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №919 Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 6 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница