«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ




Название«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
страница16/16
Дата конвертации14.02.2013
Размер1.99 Mb.
ТипДокументы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

222-бап. Сыйлыққа құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері

1. Олардың лауазымдық жағдайларымен байланысты немесе олардың қызметтік міндеттемелерін орындауымен байланысты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелері жария немесе ресми іс-шаралар уақытында берілген Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген он айлық есептік көрсеткіштен жоғары құны бар сыйлықтар мемлекет сыйлығы болып есептеледі және мемлекеттік мүлік құрамына түседі, арнайы мемлекеттік қорды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен және шарттармен атқарушы өндірістік органдарға немесе жергілікті атқарушы органдарға беріледі.

2. Мүлікті арнайы мемлекеттiк қордан сату Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілерінде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi.

3. Атқарушы өндірістік органдар немесе жергілікті атқарушы органдар арнайы мемлекеттік қордағы сыйлықты оны тапсырған тұлға жазбаша түрде бас тартқан жағдайда үшінші тұлғаға сатуға құқылы.

223-бап. Сапа мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлiк шикізатқа, тағам өнімдеріне және басқа мүлікке құқықты жою ерекшеліктері

Олардың сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тамақ өнiмдерiн; шыққан елi белгіленбеген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, акциздiк таңбаларсыз сатылатын темекi өнiмдерiн және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, сатуға, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындар олардың бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың азғантай партияларын және өзге де Мүлiктi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атқарушы өндірістік орган немесе джергілікті атқару орган құрған комиссия жояды.

Қажет болған жағдайларда комиссия құрамына санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң қызметкерлерiн және жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да мүдделi ұйымдардың өзге де мамандарын тартуға болады.
224-бап. Мемлекет меншігіне бағытталған (енген) тұрғын үйлерге деген құқықты жүзеге асыру ерекшеліктері

Осы Заңның 17-бабында көрсетілген көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына енгізіледі.

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен тұрғын үйлерді оларды одан әрі пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамалық актілермен реттеледі.

VIII бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

17-тарау. Осы Заңды қолданыста жүргізу тәртібі және іске асыру бойынша шаралар
225-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң, осы Заңның қолданысқа енген күнінен бастап екі жыл өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін мемлекеттік мүлікті есепке алуға қатысты 14-тарауды қоспағанда, оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заң күшіне енген күннен бастап «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заңының және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының күші жойылды деп тану.

3. Мүліктік кешендер ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты осы Заң күшіне енгізілгенге дейін мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуы туралы жазба осы Заңды қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мемлекеттік мүліктің сатушысы ұсынған мүлікті сатып алу-сату шарты және қабылдап беру актісі негізінде тіркеуші органдар енгізеді.
226-бап. Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары осы Заң қолданысқа енген күннен бастап 6 ай мерзімде мемлекеттік мүлік жөніндегі қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы Заңға сәйкестендіру шараларын қабылдасын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заң қолданысқа енген күннен бастап екі жыл ішінде мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізудің ережесі мен мемлекеттік мүлік тізілімін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдасын және осы іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н. НАЗАРБАЕВ

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Похожие:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ icon«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік меншік құқығын және басқа да мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы №604 қаулысы «Мемлекеттік мүлік туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мал басы туралы мәлімет. Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconКодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconЖекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысандардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабындағы 1...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №919 Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 6 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница