«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ




Название«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
страница3/16
Дата конвертации14.02.2013
Размер1.99 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

13-бап. Тиісті саланың уәкілетті органының құзыреті

1. Тиісті саланың уәкілетті органы:

1) осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларына сәйкес республикалық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер шығарады;

  1. тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттің аясатын іске асырады;

  2. бюджеттен қаржыландырылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын және жұмыстарының (қызмет көрсету) міндетті көлемін анықтайды;

  3. республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсатын айқындайды;

  4. мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазынашылық) айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;

  5. республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын және оларды орындау бойынша есептерін қарайды және бекітеді;

  6. республикалық заңды тұлғаның мүлкінің сақталуына және осы мүліктің мақсатына сәйкес тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;

8) мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе өзінің меншікті шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің иеліктен шығарылуға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

9) республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады; 8) республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

10) республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін) оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;

  1. республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржы есебін бекітеді;

  2. республикалық қазынашылық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны белгілейді;

  3. республикалық мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарын бекітеді;

  4. республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;

  5. мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

  6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыру туралы шешімінің жобасын әзірлейді;

  7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттің

акционер (қатысушы) ретінде акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға қатысу құқығын жүзеге асырады;

18) акционер (қатысушы) ретіндегі мемлекеттің құқықтары тиісті саланың уәкілетті органына берілген жағдайларда мемлекет жалғыз акционері болып табылатын, мемлекеттің бақылануындағы акционерлік қоғамдар мен және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тиісті директорлар кеңесінің және қадағалау кеңесінің құрамына өз өкілін тағайындайды, ал басқа да акционерлік қоғамдарда немесе жарғылық капиталына мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде – директорлар кеңесіне немесе қадағалау кеңесіне кандидатураларды акционерлдің жалпы жиналысының немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушыларға бекітуге ұсынады;

19) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілін тиісінше мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің немесе мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қадағалау кеңесінің құрамына енгізуді қамтамасыз етеді немесе қажетті шаралар қабылдайды;

  1. мәліметтер дайындайды, оның ішінде, оның басқаруындағы

мемлекеттік заңды тұлғалардың және осы мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін оларға қатысты мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін дайындайды;

21) оған қатысты мемлекеттің акционер ретінде ұлттық холдингті басқару бойынша құқықтарын жүзеге асыратын ұлттық холдингтің қызметін үйлестіру үшін құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері бойынша арнайы мамандандырылған кеңестің жұмыс органы ретінде болады;

22) ұлттық холдингті басқару бойынша оған қатысты акционері ретінде мемлекет құқығын жүзеге асыратын ұлттық холдинг қызметінің негізгі қағидаттары туралы Меморандум әзірлейді;

23) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
14-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатының коммуналдық меншікті басқару бойынша құзыреті

1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты:

1) коммуналдық мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;

2) коммуналдық мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық мүлкін дамытуға бағытталған ұсынысар мен ұсынымдарды әзірлейді;

4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
15-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының құзыреті

1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы:

  1. облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативті құқықтық актілерді шығарады;

  2. аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында, олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді;

  3. облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

  4. облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;

  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік атып алу туралы заңнамалық актісіне сәйкес коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттықты өткізу туралы хабарды жариялау үшін мерзімді басылымды анықтау бойынша конкурс өткізеді;

6) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу, оларды құру немесе олардан шығу туралы шешімдер қабылдайды;

7) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін), оған өзгертулер мен толықтырулар енгізуді бекітеді немесе осыған мемлекеттік мүлік жөніндегі облыстық уәкілетті органға уәкілдік береді;

8) коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;

9) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға филиалдар мен өкілдіктер құруға келісімін береді;

10) облыстық коммуналдық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;

11) акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлестерді облыстық коммуналдық мүлік құрамына сатып алу туралы шешім қабылдайды;

12) осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларда және тәртіпте облыстық коммуналдық мүлікті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық мүлік деңгейіне беру туралы шешім қабылдайды;

13) мәдени және тарихи құндылықтардың пайдалану жағдайы мен ұстау тәртібіне мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік меншік иесінен мәдени және тарихи құндылықтарды сатып алу немесе оларды жария сауда-саттықта сату жолмен иеліктен шығару туралы талаппен сотқа шағымдану туралы шешім қабылдайды;

14) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға беру, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;

15) төтенше жағдайлар кезінде осы Заңның 4-тарауында белгіленген шарттармен мүлікті реквизициялау туралы шешім қабылдайды;

16) мемлекет мұқтаждары үшін мүлікті иеліктен шығару рәсімінің басталғаны, оның тоқтатылуы немесе мүлікті иеліктен шығару туралы қаулы қабылдайды, Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актісімен бекітілген құзыретіне сәйкес мүлікті иеліктен шығару жөніндегі комиссия қызметінің тәртібін анықтайды;

17) орман қоры жерлерінен басқа, осы Заңның 72-бабында көзделген жағдайларда жер үлестерін мемлекет мұқтаждықтары үшін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

18) мемлекеттік мұқтаждар үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде өтеуді ақшалай немесе басқа да мүлікпен төлеу туралы келісім жасайды;

19) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

20) коммуналдық мүліктің есебін ұйымдастырады, оның тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

21) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

2. Осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкін мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейі облыстың коммуналдық мүлкін мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейіне теңестіріледі.
16-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының құзыреті

1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:

  1. ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативті құқықтық актілерді шығарады;

  2. аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық мүлкін басқарады, сондай-ақ оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;

3) ешелендіру облыстың жергілікті атқару органының алдын ала келісімімен жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлік объектілері тізбесіне қосылған аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органның алдын ала келісімін алады;

4) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы шешім қабылдайды;

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік атып алу туралы заңнамалық актісіне сәйкес коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттықты өткізу туралы хабарды жариялау үшін мерзімді басылымды анықтау бойынша конкурс өткізеді;

  2. азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен беру құқығымен аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға береді (жалға алу), сенімгерлік басқаруға береді;

  3. аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ акционерлік қоғамдарға және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу, оларды құру немесе олардан шығу туралы шешімдер қабылдайды;

  4. аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді немесе осыған мемлекеттік мүлік жөніндегі аудандық жергілікті атқарушы органға уәкілеттік береді;

  5. аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;

  6. аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруға келісімін береді;

  7. аудандық коммуналдық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;

  8. аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға алуға (жалға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

  9. төтенше жағдайлар кезінде осы Заңның 4-тарауында белгіленген шарттармен мүлікті реквизициялау туралы шешім қабылдайды;

  10. коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өткен, сондай-ақ белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында зат жоқ мәдениет және тарих ескерткіштеріне жатқызылатын мұраның үлесін аудандық коммуналдық мүліктің есебіне алынуын, сақталуын, бағалануын және одан әрі пайдалануын ұйымдастырады;

  11. мемлекеттің мұқтаждары үшін мүлікті иеліктен шығару рәсімінің басталғаны, оның тоқтатылуы немесе мүлікті иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдайды, Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актісімен бекітілген құзыретіне сәйкес мүлікті иеліктен шығару жөніндегі комиссия қызметінің тәртібін анықтайды;

16) мүлікті мемлекет мұқтаждықтары үшін иеліктен шығарған кезде өтеуді ақшалай немесе басқа да мүлікпен төлеу туралы келісім жасайды;

17) осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

2. Осы Заңның 9-бабының 1-тармағына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына осы баппен жүктелген функцияларды республикалық маңызы бар қалада (астанада) қалалық атқарушы органдар жүзеге асырады.

II бөлім. Мемлекеттің мүліктік құқықтарды иеленуі

3- тарау. Мемлекеттің мүліктік құқықтарды иелену негіздері
17- бап. Мемлекеттің мүліктік құқықтарды иелену негіздерінің тізбесі

1. Қазақстан Республикасының республикалық мүлікке құқықтарды иелену негіздері:

1) республикалық бюджеттің түсімдері;

2) республикалық заңды тұлғалардың мүлікті иеленуі;

3) тәркілеу;

4) мүлікті коммуналдық мүлік құрамынан республикалық мүлік құрамына беру;

5) азаматтық-құқықтық шарттар негізінде мүлікті сатып алу және құру (сатып алу – сату, мердігерлік және т.б.);

6) стратегиялық объектілерді сатып алуға басым құқықты іске асыру;

7) соттың шешімі бойынша ұқыпсыз ұсталынған мәдениет немесе тарихи құндылықтарды сатып алу;

8) оған құқықты қайта ресімдеген кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке меншік құқығындағы жер үлесіне мемлекеттік меншік құқығын алу;

9) мұрагерлік, сыйға тарту немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкінің республикалық мүлік құрамына басқа да өтеусіз берілуі не басқа да өтеусіз түсуі (өтуі);

10) мүлікті мемлекет мұқтаждықтары үшін иеліктен шығару: мүлікті реквизициялау, мүлікті мемлекет меншігіне алу және жер телімін немесе басқа да мүлікті мәжбүрлеп өтеулі иеліктен шығару;

11) шарт бұзылғанға немесе өзгергенге дейін міндеттемелер бойынша Қазақстан Республикасы орындағанды қайтару;

12) жарамсыз деп танылған келісім бойынша берілген мүлікті қайтару;

13) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен көзделген басқа да негіздер.

2. Әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық мүлік құқығын иеленуге негіз болып табылатындар:

1) жергілікті бюджеттің түсімі;

2) коммуналдық заңды тұлғалардың мүлікті иеленуі;

3) иесіз және тәркіленген мүліктің коммуналдық мүлік құрамына түсуі;

4) мүлікті республикалық мүлік құрамынан коммуналдық мүлік құрамына беру;

5) азаматтық-құқықтық шарттар негізінде мүлікті сатып алу және жасау (сатып алу – сату, мердігерлік және басқа да шарттар);

6) соттың шешімі бойынша өз бетімен салынған құрылысқа құқықтық иелену;

7) соттың шешімі бойынша ұқыпсыз ұсталған мәдени немесе тарихи құндылықтарды сатып алу;

8) мұрагерлік, иесіз мүліктің өтуі, сыйға тарту немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкінің коммуналдық мүлік құрамына басқа да өтеусіз берілуі не басқа да өтеусіз түсуі (өтуі);

9) мүлікті мемлекет мұқтаждықтары үшін иеліктен шығару: мүлікті реквизициялау, жер телімін немесе басқа да мүлікті мәжбүрлеп өтеулі иеліктен шығару;

10) шарт бұзылғанға дейін немесе өзгертілгенге дейін міндеттемелер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің орындалғанды қайтаруы;

11) жарамсыз деп танылған мәміле бойынша берілген мүлікті қайтару;

12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен көзделген басқа да негіздер.
18-бап. Мемлекеттік бюджетке жатқызылатын мүлікке құқықтарды иелену

Бюджетке жатқызылатын мүлікке құқықтарды иелену бюджет қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актімен айқындалады.
19- бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлікті иеленуі

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған, өндірістік-шаруашылық қызметтің нәтижесінде немесе басқа негіздер бойынша республикалық және коммуналдық заңды тұлғалардың мүлікті иелену, осы мүлікке Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің құқықтарды иеленуге және оны мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) мүлікке жатқызуға негіз болып табылады.
20- бап. Тәркіленген мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі

Тәркіленген мүліктің мемлекеттік немесе коммуналдық мүлік құрамына түсуі осы Заңның 216-218, 220, 221 – баптарында белгіленген шарттар мен тәртіпте жүзеге асырылады.
21-бап. Иесіз жылжымайтын мүлікке мемлекеттік меншік құқығын иелену

1. Иесіз жылжымайтын мүлік оның аумағында табылған тиісті жергілікті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының өтініші бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады. Иесіз жылжымайтын мүлікті есепке қойған күннен бастап бір жыл өткенде, жергілікті атқарушы орган осы мүліктің коммуналдық меншікке түскенін тану туралы талаппен сотқа жүгіне алады. Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жер үлесі, иесіз жылжымайтын мүлік ретінде оның аумағында айқындалған тиісті жергілікті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының өтініші бойынша есепке алынады.

2. Азаматтардың иелігіндегі немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың иелігіндегі, осындай мүлікті жеке меншігі ретінде иеленген, иесіз жылжымайтын мүлік есепке қойылуы және коммуналдық меншікке берілуі мүмкін емес.

3.Осындай мүлікке басқа тұлғаның құқығы пайда болғанға дейін кез келген уақытта меншік иесінің оған тиесілі жылжымайтын мүлікті иесіз ретінде есептен шығаруға және оны өзінің нақты иелігіне қайтадан қабылдау туралы өтініш жасауға құқылы.

4. Иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке алынған жер учаскелеріне мемлекеттің құқықтарды иелену ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актілерімен бекітіледі.
22-бап. Меншік иесі бас тартқан жылжымайтын мүлікке мемлекеттік меншік құқығын иелену

1. Меншік иесінің тастап кеткен немесе олардың (тастаған мүлікке) меншік құқығынан бас тарту мақсатымен, оның басқа жолмен тасталған мүліктері осы бапта көзделген жағдайлар мен тәртіпте мемлекеттік мүлікке айналдырылуы мүмкін.

2. Оның пайдалануындағы жердің жер үлесінде тастап кеткен зат орналасқан мемлекеттік заңды тұлға құны жиырма айлық есептік көрсеткіштен айқын төмен немесе тастап кеткен металл сынықтарын, жарамсыз деп танылған өнімді, осы заттарды өзінің шаруашылық иелігіне немесе жедел басқаруына айналдыруды растайтын пайдалануға және басқа да іс-қимылдар жасауға кірісіп өзінің шаруашылық иеленуіне немесе жедел басқаруына айналдырады.

Осындай зат мемлекеттік меншіктегі және пайдалануға берілмеген жерден табылған жағдайда, мүлікті аудандық коммуналдық мүлік құрамына қабылдау қажеттігі кезінде ол аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жергілікті қазынаға түседі.

3. Мүлікті аудандық коммуналдық мүлік құрамына қабылдау қажеттілігі мәселесін қараған кезде:

1) мүлікті мемлекеттік мүлік құрамына қабылдаудың экономикалық мақсатқа лайықтығы;

2) мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына ауыстырылғаннан кейінгі мақсаты мен пайдаланылуы негізгі өлшемдер болып табылады.

4. Мүлікті аудандық коммуналдық мүлік құрамына қабылдау қажеттілігі болмаған жағдайда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті осы бапта белгіленген тәртіппен осы Заңның 219-бабына сәйкес одан әрі іске асыру үшін аудандық коммуналдық мүлік құрамына қабылдай алады.

5. Меншік иесі тастап кеткен, құны жиырма айлық есептік көрсеткіш және жоғары болатын жылжымалы мүлік мемлекеттік заңды тұлғаның жедел басқаруына түседі, немесе олар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының иеленуіне енгізілген жағдайда - егер мемлекеттік заңды тұлғаның немесе жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша осындай мүлікті сот иесіз деп таныған жағдайда аудандық қазынаның құрамына түседі.
23- бап. Мүлікті бюджет қаражаты есебінен иелену

1. Бюджет қаражаты есебінен мүлікті иелену мемлекеттік сауда туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің ережелерін және талаптарын сақтай отыра мүлікті иелену туралы азаматтық-құқықтық шарттарды іске асыру, жұмыстарды орындау мен қызмет көрсету (сатып алу-сату, мердігерлік, ақылы қызмет көрсету және басқалары) негізінде жүзеге асырылады.

2. Акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы үлестерді бюджет қаражаты есебінен иелену мемлекет құратын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталын өтеу осы Заңда және бюджет қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
24-бап. Мұрагерлік және иесіз қалған мүліктің мемлекеттік мүлік құрамына түсуі

1. Азамат қайтыс болған жағдайда оған тиесілі мүлік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен өсиетіне сәйкес мемлекетке өтуі мүмкін.

2. Егер не өсиет бойынша, не заң бойынша мұрагерлер болмаса, немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мұрагерлердің ешқайсысы мұраға алу құқығына ие болмаса, немесе олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз қалған мүлік деп танылады. Иесіз қалған мүлік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен мұраны табу орны бойынша аудандық коммуналдық меншік құрамына өтеді.
25-бап. Сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқығын иелену

1.Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мемлекетке сыйға тарту шартына осы бапта белгіленген ерекшеліктермен қоса Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 27-тарауының ережелері қолданылады. Мемлекеттік қызметші оның лауазымдық жағдайына немесе олардың сондай-ақ олардың жанұя мүшелерінің қызметтік міндеттерін іске асыруымен байланысты берілген сыйлықтарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері осы Заңның 222- бабында айқындалған.

2. Сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқықтарды иелену Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады:

3. Сыйға тарту шарты бойынша жер учаскесін жеке меншіктен мемлекетке меншігіне беру Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актісінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жүзеге асырылады.

4. Мүлікті жалпыға бірдей пайдалы мақсатта (қайырымдылық) түрінде жеке меншіктен мемлекеттік мүлік құрамына беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 516-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
26-бап. Мүлікті мемлекет иелігіне алу, реквизициялау немесе мемлекет мұқтаждығы үшін иеліктен шығару кезінде құқықтарды иелену

1. Мүлікті мемлекет иелігіне алу, реквизициялау немесе мемлекет мұқтаждығы үшін иеліктен шығару кезінде құқықтарды иеленуді мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген шарттар мен тәртіпте жүзеге асырады.

2. Мүлікті мемлекет иелігіне алу, реквизициялау немесе мемлекет мұқтаждығы үшін иеліктен шығару кезінде құқықтарды иелену бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3. Мүлікті мемлекет иелігіне алу, реквизициялау немесе мемлекет мұқтаждығы үшін иеліктен шығару кезінде мемлекет иеленген мүлік мемлекеттік немесе жергілікті қазынаға түседі.
27- бап. Олжаға мемлекеттік меншік құқығын иелену

  1. Егер осы бапта басқаша белгіленбесе олжа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 247-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет меншігіндегі жер учаскесінде немесе басқа да жылжымайтын мүлікте олжа табылған жағдайда, егер Қазақстан Республикасы мен олжаны тауып алған тұлға арасында жасалған шартпен басқаша белгіленбегендіктен, тең үлесте мемлекет меншігіне және олжаны тауып алған тұлғаға түседі.

2. Егер олжа тарих және мәдениет ескерткіштеріне жатқызылатын мүлікті қамтитын болса ол Қазақстан Республикасының меншігіне беруге жатады. Осындай олжа табылған жылжымайтын мүліктің иесінің және олжаны тапқан тұлғаның Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 247-бабына сәйкес олжа құнының мөлшерінде, егер олардың арасындағы шартпен басқаша белгіленбесе, тең үлеспен сыйақы алуға құқығы бар. Егер мәдени және тарихи ескерткіштерге жатқызылған заттар бар олжа мемлекетке тиесілі жер учаскесінде немесе басқа да жылжымайтын мүлікте табылған жағдайда, олжаны тауып алған тұлғаның осы олжа құнының елу пайызын алуға құқығы бар.

3. Мәдени және тарихи ескерткіштерге жатқызылатын заттары бар олжаны тапқаны үшін сыйақы төлеу бюджет қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен айқындалған тәртіпте бюджет қаражатынан жүргізіледі.
28-бап. Олжаға мемлекеттік меншік құқығын алу

1. Ғимараттан немесе көліктен табылған мемлекетке тиесілі зат немесе меншік иесі немесе орналасқан жері белгісіз зат Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 245-бабының ережелеріне сәйкес жалпы негіздемеде аудандық коммуналдық меншігіне өтеді.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 245-бабының 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда олжа аудандық коммуналдық меншікке өтеді.

Зат аудандық коммуналдық меншікке өткен жағдайда тауып алушы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан затты сақтауға, өткізуге, сатуға байланысты қажетті шығындарды өтетіп алуға құқылы.
29-бап. Қараусыз жануарларға мемлекеттік меншік құқығын алу

1. Ұстауы мен пайдалануында қараусыз жануарлар бар тұлға өзіндегі жануарларды алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы орган айқындаған тәртіппен пайдаланылады.

2. Жануарлар мемлекет меншiгiне көшкеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда меншік иесі осы жануарлар тарапынан оған үйiрсектiгi сақталғаны туралы немесе қатал не оларға жаңа меншік иесінің өзгедей мейiрiмсiз қарағандығы туралы растайтын жағдайлар болған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті мемлекеттік атқарушы органмен келiсiм бойынша белгiленетiн шарттармен, ал келiсiмге келмеген кезде - сот арқылы оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.

30-бап. Өз бетімен салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығын алу

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 244-бабының

4-тармағына сәйкес мемлекетке жататын және жер пайдалануға жатпайтын жерлерде (жер учаскелерінде) тұлға өз бетімен тұрғызған құрылыс әлеуметтік-экономикалық орындылықты ескере отырып сот айқындаған мөлшерде құрылысқа жұмсалған шығыстарды өтей отырып аудандық коммуналдық меншікке берілуі мүмкін.

Мемлекеттік жерді пайдаланушыларға жер пайдалануындағы жер учаскелерінде өз бетімен салуды жүзеге асыру кезде әлеуметтік-экономикалық орындылықты ескере отырып өз бетімен салынған құрылыс бюджет қаражатынан сот айқындаған мөлшерде құрылысқа жұмсалған шығыстарды өтеумен аудандық коммуналдық меншікке берілуі мүмкін.




31-бап. Мемлекеттік мүлік құрамына күтiмсiз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды құндылықтардың түсуі

1. Мәдени және тарихи қазыналарға жатқызылған заттардың меншiк иесi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ерекше бағалы және мемлекет қорғайтын осы құндылықтарды күтімсіз ұстаса олардың өз мәнiн жоғалту қатерiн төндiрсе осындай қазыналарды мемлекет меншiк иесiнен осы бапта көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сот шешiмi бойынша сатып алу немесе жария саудаға салып сату арқылы алып қоюы мүмкiн.

2. Мәдени және тарихи қазыналар сатып алынған кезде меншiк иесiне - тараптардыѕ келiсуiмен, ал дау туған ретте сот белгiлеген мөлшерде олардыѕ құны өтеледi. Жария саудаға салып сатқан кезде меншiк иесiне сатудан түскен сома сауданы өткiзу шығындары шегерiлiп берiледi.

3. Күтiмсiз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды меншік иесінен алып қою тарихи-мәдени мұралар объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесі бойынша жүргізіледі.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау азаматтар мен заңды тұлғалардың мәдени және тарихы құндылықты қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын және күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи құндылықтарды мемлекет меншігіне өткізуді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

4. Мәдени және тарихи құндылықтардың барлық санатын пайдалану жағдайы мен ұстау тәртібіне мемлекеттік бақылауды тиісті саладағы уәкілетті орган, ал жергілікті маңызы бар мәдени және тарихи құндылықтар қатынасында – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырады.

5. Мәдени және тарихи құндылықтардың пайдалану жағдайы мен ұстау тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде оларды күтімсіз ұстағаны туралы фактілер анықталған жағдайда мәдени және тарихи құндылықтардың иесіне олардың мәдени және тарихи құндылықтарды қамтамасыз ету бойынша міндеттемені бұзғаны туралы ұйғарым беріледі және осындай бұзушылықтарды ұйғарымда көрсетілген мерзім ішінде жою жүктеледі.

6. Мәдени және тарихи құндылықтардың иесі оларды сақтау бойынша міндеттемені бұзғанын жоймаған жағдайда халықаралық және республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерге қатысты тиісті саладағы уәкілетті орган, ал жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерге қатысты – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құрған тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия мәдени және тарихи құндылықтарды мемлекеттің меншік иесінен сатып алу немесе оларды жария саудада сату жолымен алып қою туралы талаппен сотқа жүгіну туралы шешім енгізеді.

7. Соттың шешімі бойынша мемлекет халықаралық және республикалық маңызы бар мәдени және тарихи құндылықтарды алып қою жағдайында олар республикалық мүлік құрамына, ал жергілікті маңызы барлар – коммуналдық мүлік құрамына енеді.
32-бап. Жеке меншiктегі ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне мемлекеттік меншік құқығын алу

1. Жеке меншiктегі ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне мемлекеттік меншік құқығын алу жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде оған жер туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.
33-бап. Шартты бұзу немесе өзгерту және мәмілелерді жарамсыз деп тану кезінде мүлікті қайтару жағдайында мемлекеттік мүлікке құқықтың туындауы

1. Мемлекеттік мүліктің шартты бұзу немесе өзгертуге дейін азаматтың немесе заңды тұлғаның жекеменшігіне өту негізінде шартты бұзу немесе өзгерту жағдайында егер осы Заңда, өзге де Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде немесе тараптардың келісімдерінде басқаша көзделмесе тараптар бұзу немесе өзгерістерге дейін олардың міндеттемесі бойынша орындалғандарды қайтаруды талап ете алмайды.

2. Мемлекеттік мүлік азаматтың немесе заңды тұлғаның жекеменшігіне өту негізінде мәмілелерді сот жарамсыз деп танылған жағдайда осындай мүліктер мемлекетке қайтарылады, ал мүлікті заттай қайтару мүмкін болмаған кезде оның құны ақшалай өтеледі.
34-бап. Мемлекеттік меншік құқығының презумпциясы

1. Егер Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу жүйесін енгізуге дейін мемлекеттік заңды тұлғаның балансқа қойылған ғимаратына, құрылыстарына және өзге де жылжымайтын мүлігіне меншік құқығын тану туралы дау болмаса қажетті құқық орнатушылық құжаттар болмаған жағдайда осы мүлікке мемлекеттік құқық осындай мүліктің мемлекет мүлік құрамында болуы туралы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның құжаттарымен расталуы мүмкін. Көрсетілген мүлікке меншік құқығын тану дауы туындаған жағдайда мүдделі тұлғаның талабы негізінде сот тәртібімен жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан және басқа субъектілердің меншігі болып табылмайтын барлық тарихи және мәдени ескерткіштер, сондай-ақ археология ескерткіштердің барлық түрлері, халықтың өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларға байланысты ескерткіш орындары, қала құрылысы мен архитектура ескерткіштері, заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен тарихи және мәдени ескерткіштер ретінде танылған тарихи-мәдени ландшафттар Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.

4-тарау. Мүлікті реквизициялау

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Похожие:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ icon«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік меншік құқығын және басқа да мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы №604 қаулысы «Мемлекеттік мүлік туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мал басы туралы мәлімет. Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconКодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconЖекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысандардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабындағы 1...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №919 Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 6 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница