«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ




Название«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
страница5/16
Дата конвертации14.02.2013
Размер1.99 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

47-бап. Қорғаныс мұқтаждығы үшін реквизициялауға жататын мүлік

1. Соғыс жағдайын енгізген және жұмылдыру хабарландырылған кезде Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарына сәйкес автокөлік құралдары және басқа да мүліктер реквизициялауға жатқызылады.

2. Соғыс жағдайын енгізген және соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету шарасы ретінде мүлікті реквизициялау қажеттілігі танылған кезде реквизициялауға жатқызылатын мүліктің тізбесі соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарымен айқындалады.

3. Соғыс жағдайы кезеңі күшінде болған кезде қосымша реквизициялау қажеттілігі болған жағдайда реквизициялауға жатқызылатын мүліктің тізбесі әскери органдардың ұйғарымына сәйкес айқындалады.

4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қорғаныс мұқтаждықтары үшін мүліктері реквизициялануы мүмкін емес ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталады.

5. Жеке тұлғалардың реквизициялауға жатқызылмайтын мүліктерінің тізбесі мен нормативі Қазақстан Республикасының халқын соғыс уақытында жабдықтау нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталады.
48-бап. Соғыс жағдайында қорғаныс мұқтаждықтары үшін мүлікті реквизициялаудың ерекшеліктері

1. Соғыс уақытында соғыс қимылдары жүріп жатқан және жергілікті атқарушы органдар жұмыс істемейтін жағдайда штаб бастықтарының комитеті бұл туралы кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметінің хабарлай отырып Қорғаныс қажеттіліктері үшін қажеттімүлікті реквизициялауды дербес жүргізеді. Штаб бастықтары комитеті реквизициялауды жүргізу үшін қарулы күштерді қамтамасыз етуге арналған жедел жоспарлары негізінде жергілікті әскери органдарға немесе әскери бөлімдердің командирлеріне жазбаша ұйғарым береді. Ұйғарым сондай-ақ жергілікті әскери органдардың немесе әскери бөлімдері командирлерінің ұсыныстары бойынша да берілуі мүмкін.

2. Мүлікті реквизициялауды ұйғарым берілген жергілікті әскери органдардың бастықтары немесе уәкілетті әскери лауазымды тұлғалардың жазбаша бұйрықтарымен тағайындалған әскери бөлімдердің командирлері тікелей жүргізеді.

3. Мүлікті алып қою реквизициялау туралы мыналарды қамтуы тиіс акт негізінде жүзеге асырылады:

1) штабтар бастықтары комитетінің реквизиттер көрсетілген реквизициялау жүргізу туралы негізделген ұйғарымдары;

2) алып қоюды жүргізу уақыты мен орны;

3) лауазымын, атағын және атын көрсете отырып реквизициялауды жүргізетін лауазымды тұлға туралы, сондай-ақ тұлғаны реквизициялауға реквизицияланатын мүліктің меншік иесі, алып қою кезінде қатысқан басқа да тұлғалар туралы реквизит бұйрықтары туралы мәліметтер;

4) салмағын, мөлшерін, сапасы мен орау түрін, құқықты белгілейтін құжаттарды, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді және өзге де жеке айқындалған сипаттарды көрсете отырып реквизиция жасалатын мүліктің тізімдемесін;

5) мүлікті бағалау туралы мәліметтер;

6) реквизиция және реквизицияланатын мүлік туралы өзге де қажетті мәліметтер.

4. Жүргізілген реквизициялаулар туралы есеп жасалады, ол алып қоюлар туралы қоса берілген актілермен белгіленген тәртіппен жоғарыда тұрған басшылық арқылы штаб бастықтары комитетіне жіберіледі.
49-бап. Соғыс қимылдары жүргізілген кезде қорғаныс қажеттіліктері үшін мүлікті реквизициялаудың ерекшеліктері

1. Ерекше жағдайларда соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жекелеген әскери бөлімдердің мұқтаждығы үшін мүлікті реквизициялауды әскери бөлімнің командирі дербес жүргізеді..

2. Мүлікті алып қою реквизициялау туралы мыналарды қамтуы тиіс акт негізінде жүргізіледі:

1) реквизициялау үшін негіз болған ерекше жағдаяттарды көрсету;

2) алып қоюды жүргізу уақыты мен орны;

3) лауазымын, атағын және атын көрсете отырып реквизициялауды жүргізетін әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ егер реквизиция тағайындалған тұлғамен жүргізілсе, реквизициялауға уәкілетті тұлғаларды тағайындау туралы жазбаша бұйрықтың реквизиттері, реквизицияланатын мүліктің меншік иесі, алып қою кезінде қатысқан басқа да тұлғалар туралы мәліметтер;

4) салмағын, мөлшерін, сапасы мен орау түрін, құқықорнататын құжаттарды, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді және өзге де жеке айқындалған сипаттарды көрсете отырып реквизицияланатын мүліктің тізімдемесін;

5) реквизициялау және реквизицияланатын мүлік туралы басқа да қажетті мәліметтер:

3. актінің бір данасы реквизицияланған мүліктің меншік иесіне (немесе меншік иесінің өкіліне) беріледі.

4. Әскери бөлімнің командирі реквизициялау туралы есеп пен актіні қоса беріп жүргізілген реквизициялау туралы жоғарыда тұрған басшы арқылы штаб бастықтары комитетін дереу хабарлауға міндетті.

5. Штабтар бастықтары комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметін реквизицияланған мүліктің меншік иелеріне кейіннен өтем ұсыну үшін мүлікті алып қоюды жүргізу есебін және реквизициялау туралы актіні қоса беріп соғыс қимылдары жүріп жатқан аумақта мүлікті реквизициялау жүргізілгендігі туралы дереу хабарлауға міндетті.

6. Соғыс қимылдарын жүргізген кезде реквизицияланған мүлікті өтеу бюджет қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес республикалық бюджет қаражатынан төленеді.
50-бап. Қорғаныс мұқтаждықтары үшін реквизициялауға жатқызылатын және қорғаныс мұқтаждықтары үшін реквизицияланған мүлікті есепке алу

1. Бейбіт уақытта есепке алуға Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру бойынша іс-шаралар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік резервтерін жасау шеңберінде айқындалған тізімге қорғаныс мұқтаждықтары үшін реквизициялау мақсатына автокөлік құралдары және басқа да мүліктер жатқызылады.

2. Бейбіт уақытта қорғаныс қажеттіліктері үшін реквизициялауға жатқызылатын мүлікті есепке алуды мемлекеттік органдардың деректері немесе мүліктің жекелеген түрлерін тіркеуді жүргізетін басқа да мемлекеттік органдардың, мемлекеттік статистика органдардың және мүлікті реквизициялау үшін қажетті ақпарат бар басқа да мемлекеттік органдардың деректері негізінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

3. Мемлекеттік органдарға және жұмылдыру және жұмылдыру саласындағы органдарға реквизициялауға жатқызылатын мүлікке қатысты мемлекеттік органдарға және басқа да мемлекеттік ұйымдарға ақпарат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

4. Қорғаныс мұқтаждықтары үшін реквизициялануға жатқызылатын мүлікті есепке алу бейбіт уақытта осы мүлікті еркін иелену, пайдалану немесе басқару құқығын шектеуі тиіс емес.

5. Реквизицияланған мүлікті бастапқы есепке алуды және алып қойылған мүліктің тізбесін айқындауға тиісті реквизицияланған мүлік пайдалану үшін берілген әскери бөлімдер немесе өзге де ұйымдар туралы мәліметтерді жергілікті әскери ұйымдар жүргізеді.

6. Реквизицияланған мүліктің одан әрі қозғалысын есепке алу әскери мүлікті есепке алу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

5-тарау. Мемлекет иелігіне алу
51-бап. Мемлекет иелігіне алуды жүзеге асыру принциптері

1. Мемлекет иелігіне алу тиісті заң тәртібін сақтай отырып Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық мүддеде жүзеге асырылуы және мемлекет иелігіне алынатын мүлік пен басқа да шығындардың нарықтық құнын Қазақстан Республикасы алдын ала және тең бағалы өтеу жағдайында кемсітулерсіз жүргізілуі мүмкін.

2. Мемлекет иелігіне алу азаматтың және мемлекеттік емес заңды тұлғаның иелігіндегі мүлікті иеліктен шығарудың айрықша жағдайы (айрықша нысаны) болып табылады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген мүлікті иеліктен шығарудың барлық өзге де мүмкін нысандарды толық бітіргеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

3. Мемлекет иелігіне алу мемлекет иелігіне алу рәсімдерінің жариялылығын сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс.

4. Мемлекет иелігіне алынатын мүлік иесінің құқығын қорғауды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот жүзеге асырады.

5. Мемлекет иелігіне алынатын мүлік иесі осы Заңның 66-бабында көзделген келісім рәсімдеріне бастамашылық етуге құқылы.
52-бап. Мемлекет иелігіне алу негіздері

1. Мүлікті мемлекет иелігіне алу осы Заңға, бюджет қызметін реттейтін заңнамалық актіге және мүлікті мемлекет иелігіне алуды жүзеге асыруға арналған шығындарды қаржыландыруды көздейтін тиісті жылға арналған бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қабылданатын мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актісі негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің мүлікті иелігіне алу туралы қаулысы жеке қаулы сипатында болады.

2. Мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің жобасын, осы Заңның 57-бабында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасы Парламентіне тек Қазақстан Республикасы Үкіметі енгізеді.
53-бап. Мүлікті мемлекет иелігіне алуды жүзеге асыру рәсімдерінің басталуы

1. Мүлікті мемлекет иелігіне алу рәсімдерінің басталуы туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүлікті мемлекет иелігіне алу рәсімдерінің басталуы туралы қаулысы осындай мүліктің иесіне (иелеріне) жазбаша нысанда оны қабылдаған күннен бастап үш күндік мерзімде хабардар етіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүлікті мемлекет иелігіне алу рәсімдерінің басталуы туралы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарына оны қабылдаған күннен бастап үш күндік мерзімде жариялануы тиіс.

З. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүлікті мемлекет иелігіне алу рәсімдерінің басталуы туралы қаулысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

4. Банкроттық туралы іс немесе осы тұланы банкрот деп тану туралы қабылданған шешім бойынша іс қозғалған жағдайда тұлғаның мүлігін мемлекет иелігіне алуға рұқсат етілмейді.

5. Банкроттық туралы іс қозғалған жағдайда мемлекет иелігіне алу рәсімі тұлғаны банкрот деп тануды қабылдау немесе бас тартуға дейін тоқтатыла тұрады. Тұлғаны банкрот деп танудан бас тартылған кезде мемлекет иелігіне алу рәсімі жалғасады, ал банкрот деп тану туралы шешім қабылданған кезде мемлекет иелігіне алу рәсімі тоқтатылады. Мемлекет иелігіне алу рәсімі тоқтатылған жағдайда мүліктің конкурстық (тарату) массасы құрамында иеліктен шығару кезінде Қазақстан Республикасы мүлікті нарық құны бойынша сатып алудың басым құқығына ие болады.
54-бап. Мемлекет иелігіне алу жөніндегі комиссия

1. Мемлекет иелігіне алу жөніндегі комиссия тұрақты қызмет ететін орган болып табылмайды.

2. Мемлекет иелігіне алу жөніндегі комиссия қызметінің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
55-бап. Мемлекет иелігіне алу жөніндегі комиссияның шешімі

1. Мемлекет иелігіне алу жөніндегі комиссияның шешімі ұсыныс сипатқа ие және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүлікті мемлекет иелігіне алуды жүргізудің орындылығы туралы ұсыныстардан тұрады.

2. Мемлекет иелігіне алудың орындылығы туралы мемлекет иелігіне алу жөніндегі комиссияның шешімі мен мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің жобасы республикалық бюджет комиссиясының қарауына беріледі.

Республикалық бюджет комиссиясы Қазақстан Республикасының мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы заңнамалық актісінің жобасы жөнінде теріс шешім шығарса мүлікті мемлекет иелігіне алу рәсімдері тоқтатуға жатады.

З. Мемлекет иелігіне алу жөніндегі комиссияның шешімі осындай мүліктің иесінің (меншік иелерінің) назарына шешім қабылданған күннен бастап үш күндік мерзімде жазбаша түрде хабардар етіледі.
56-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет иелігіне алу рәсімдерінің тоқтатылуы туралы қаулысы

1. Мемлекет иелігіне алу рәсімдерін тоқтатудың орындылығы туралы мемлекет иелігіне алу жөніндегі комиссияның шешімі немесе мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің жобасы бойынша республикалық бюджеттік комиссияның теріс шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет иелігіне алу рәсімдерін тоқтату туралы қаулы қабылдайды.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүлікті мемлекет иелігіне алу

рәсімдерін тоқтату туралы қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарға қабылданған күннен бастап үш күндік мерзімде міндетті түрде жариялануы тиіс.

4. Залалдарды өтеу мөлшері туралы дауларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сот қарайды.

57-бап. Мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентіне енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

1. Мемлекет иелігіне алудың орындылығы туралы мемлекет иелігіне алу жөніндегі комиссияның шешімі негізінде мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентіне енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданады.

2. Мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентіне енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарға қабылданған күннен бастап үш күндік мерзімде міндетті түрде жариялануы тиіс.

З. Мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентіне енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына Қазақстан Республикасының заңнамасына белгіленген тәртіппен шағым беруге болады.

4. Мемлекет иелігіне алынатын мүлік иесінің тиісті мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің жобасын қарауға байланысты барлық тыңдауларға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Мәжілісі мен Сенатында өткізілетін тыңдауларға қатысуға құқығы бар.

5. Мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентіне енгізу мерзімі мемлекет иелігіне алынатын мүлікке қатысты тұлғалардың құқықтары туралы дау мен мемлекет иелігіне алу туралы шешімдерді дайындауға байланысты өзге де дауларды қарастырғанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.

6. Мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актісі жобасының ауытқуы кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет иелігіне алу рәсімдерінің басталуы туралы қаулысын қабылдау нәтижесінде меншік иесіне және өзге де тұлғаларға келтірілген залалдар республикалық бюджеттен өтеуге жатады.
58-бап. Мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісі

1. Мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентіне енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының Парламенті мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актісін қабылдайды.

2. Мүлікті мемлекет иелігіне алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актісін қабылданған кезде құқықтары мүлігін мемлекет иелігіне алған жағдайда тоқтатылатын немесе мемлекет иелігіне алған кезде шектелетін меншік иесі мен өзге де тұлғаларға залалын тигізетін мемлекет иелігіне алынған мүліктің және басқа залалдарының құнын меншік иесіне өтеулердің мөлшерін азайтуға болмайды.
59-бап. Мемлекет иелігіне алынатын мүліктің құнын өтеудің мөлшері

1. Мүлікті мемлекет иелігіне алған кезде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бап пен 266 баптың 4-тармағына сәйкес мемлекет иелігіне алынатын мүліктің құны өтеуге жатады.

2. Мемлекет иелігіне алынатын мүліктің иесіне төленетін өтеудің мөлшері мүліктің нарықтық құнын негізге ала отырып айқындалады.

3. Өтеудің мөлшері бағалау (қайта бағалау) жүргізген күнге айқындалады.
60-бап. Өтеулерді төлеу тәртібі

1. Мүліктің құнын және басқа залалдарды өтеу толық көлемде Қазақстан Республикасына мемлекет иелігіне алынатын мүлікке меншік құқығына өтуге дейін жүргізіледі.

2. Өтеулерді төлеу ақшалай нысанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, ал егер мемлекет иелігіне алынған мүліктің иесі немесе құқықтары мүлігін мемлекет иелігіне алған жағдайда тоқтатылатын немесе мемлекет иелігіне алған кезде шектелетін өзге де тұлғалар шетел азаматы немесе шетелдік заңды тұлға болып табылған жағдайда – оның таңдауы бойынша шетел валютасында жүргізіледі.

3. Өтеулерді төлеу Қазақстан Республикасының республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

4. Өтеулерді өзге мүлікпен төлеу мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тұлғасында Қазақстан Республикасы мен мүліктің иесінің арасындағы келісім бойынша рұқсат етіледі. Көрсетілген келісім жазбаша түрде жасалуы тиіс.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Похожие:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ icon«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік меншік құқығын және басқа да мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы №604 қаулысы «Мемлекеттік мүлік туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мал басы туралы мәлімет. Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconКодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconЖекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысандардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабындағы 1...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №919 Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 6 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница