«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ




Название«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
страница7/16
Дата конвертации14.02.2013
Размер1.99 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

75-бап. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті алып қою жөніндегі комиссияның шешімі

1. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті алып қою жөніндегі комиссияның шешімі ұсыныс сипатында болады және мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті алып қоюдың орындылығы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметіне немесе жергілікті атқарушы органына ұсыныстарды қамтиды.

2. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті алып қою жөніндегі комиссияның шешімі оны қабылдаған күннен бастап үш күндік мерзімде осындай мүліктің иесіне (иелеріне) жазбаша түрде хабардар етіледі.
76-бап. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын мүлікті өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерін тоқтату

1. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтатудың орындылығы туралы мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті алып қою жөніндегі комиссияның шешімі негізінде мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті алып қою рәсімдерін тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданады.

2. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерін тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі оны қабылдаған күннен бастап үш күндік мерзімде тиісінше республикалық немесе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жатады.
77-бап. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім

1. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығарудың орындылығы туралы мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті алып қою жөніндегі комиссияның шешімі негізінде мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі қабылданады.

2. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі оны қабылдаған күннен бастап үш күндік мерзімде республикалық немесе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануға жатады.

3. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.

4. Мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын мүліктің иесі мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешіммен келіспеген және (немесе) онымен мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын мүліктің құны туралы және меншік иесіне келтірілген өзге залалдардың құны туралы және мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті алып қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімін қабылдаған күннен бастап үш ай мерзімде өтеуге жататын келісімге қол жеткізілмеген кезде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

5. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талапта бас тартылған жағдайда талапты беру және мүлікті алып қою рәсімінің басталуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімін қабылдау нәтижесінде меншік иесіне және өзге де тұлғаларға келтірілген залалдар мемлекеттік бюджеттен өтеуге жатады.
78-бап. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының құқығы

1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімінің басталуы туралы хабарлама алған кезден бастап мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын мүліктің құны және өтеуге жататын залалдар мөлшері туралы келісімге қол жеткізгенге немесе мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сот шешім қабылдағанға дейін жер учаскесiне қатысты өзiне тиесiлi құқықты жүзеге асыруы және осы учаскені оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ететiн қажеттi шығындарды жасай алады. Бұл ретте жер учаскесінің меншiк иесi немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы аталған кезеңде осындай жер учаскесiндегi жаңа құрылысқа, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) кеңейтуге немесе қайта жаңғыртуға байланысты шығындар мен залалды өздерiне алуға тәуекел етедi.

Егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы мемлекеттік мұқтаж үшін жер учаскенің бөлігін алынғаннан кейін қалған бөлігін бұрынғы нысаналы мақсаты бойынша пайдалана алмаса, онда бүкіл жер учаскесі сатып алынады.

2. Иеліктен шығару жолымен немесе өзге де негіздемелер бойынша жылжымайтын мүлікке құқығы осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақыт ішінде басқа тұлғаға өтуі кезде, сондай-ақ әмбебап құқықтық мирасқорлық күшінде құқық иеленуші ауысқан кезде жаңа құқық иеленуші қатынасында мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі қолданылады (жалғасады).
79-бап. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті алып қою кезінде мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару мүліктің құнын өтеу мөлшері

1. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті иеліктен шығарған кезде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару алынатын мүліктің құны және осы Заңның 214-бабында белгіленген ережелерге сәйкес тәуелсіз бағалаушылар анықтайтын меншік иесіне және өзге де тұлғаларға келтірілетін шығындар өтеуге жатады.

2. Мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын мүліктің иесіне өтеудің мөлшері мүліктің нарық құнын және меншік иесі үшінші тұлғалар алдында міндеттемелерін орындау мүмкін болмағанда болатын залалдарды қоса алғанда, меншік иесінде алып қою нәтижесінде туындайтын залалдарды негізге ала отырып Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бапының 4 және 5-тармақтарына сәйкес айқындалады.

3. Өтеу мөлшері бағалау (қайтадан бағалау) жүргізілген күнге айқындалады. Өтеу мөлшері теңгеге айқындалады.

4. Құқықтары мүлігі мемлекеттік мұқтаж үшін алынған жағдайда тоқтатылатын немесе шектелетін өзге тұлғаларға өтеу мөлшері мүлікті алып қою нәтижесінде оларда туындайтын залалдарды негізге ала отырып айқындалады.

5. Жер пайдаланудағы жер учаскелерінде орналасқан ғимараттарды, құрылыстарды мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған кезде өтеу мөлшері егер Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актісінде өзге көзделмесе жер пайдалану құқықтың нарық құнын ескере отырып анықталады.
80-бап. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде өтеуді төлеудің нысандары мен мерзімдері

1. Өтеуге жататын мүліктің құны мен және залалдарын өтеу мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасына немесе әкімшілік-аумақтық бірлікке өту кезеңіне дейін толық көлемде жүргізіледі.

2. Ақшадан гөрі, өзге мүлікпен өтеуді төлеу мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті тұлға ретінде Қазақстан Республикасы немесе жергілікті атқарушы орган ретінде әкімшілік-аумақтық бірлік пен меншік иесі (өзге де құқық иеленуші) арасында жасалған келісім бойынша рұқсат етіледі. Көрсетілген келісім жазбаша түрде жасалуы қажет.

3. Өтеуді төлеу Қазақстан Республикасының бюджеті (республикалық немесе жергілікті) қаражатынан жүзеге асырылады.

4. Өтеуді төлеу мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын мүліктің құны мен меншік иесі мен өзге де тұлғаларға өтеуге жататын шығындардың мөлшері туралы келісімге қол жеткізілген күннен бастап немесе мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті алып қою туралы соттың шешімі күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірмей бір рет жүргізіледі.

5. Өтеуді бөліп-бөліп төлеуді көздейтін мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру рұқсат етілмейді.

6. Мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын мүліктің нақты берілуі алып қою кезде, алынатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе алып қою кезде шектелетін меншік иесі мен өзге де тұлғалар осы Заңның 79-бабында және осы бапта айқындалған тәртіпте тең бағалы өтеуді алғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
81-бап. Мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті алып қою кезінде жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару келісу рәсімдері

1. Мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін бастау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі шығарылғаннан кейін және жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім шығарылғанға дейін кез келген уақытта алынатын мүліктің иесі мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тиісті өтініш беру жолымен келісу рәсімдеріне бастамашылық етуге құқылы. Көрсетілген өтініш берілген күні тіркеледі.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініш жіберілген күннен бастап екі ай мерзімде мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті алып қою жөніндегі комиссия мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын мүлікті беру туралы келісім жобасын қарауға, берілетін мүліктің құрамын, берілетін мүлікке қатысты құқықтары тоқталатын немесе шектелетін тұлғаларды анықтауға, мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын мүліктің құны мен өтеуге жататын залалдарға тәуелсіз бағалау жүргізуді ұйымдастыруға, міндетті мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды қаржыландыру тәртібін айқындауға және мүлікке меншік құқықтың өтуіне байланысты өзге де іс-қимылдарды жүзеге асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын мүліктің меншік иесімен және мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығару кезде алынатын мүлікке қатысты құқықтары тоқталатын немесе шектелетін басқа тұлғалармен келісімге қол жеткізілген кезде көрсетілген келісімді Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган бекітеді.

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мүдделі тұлғалардың бірімен мүлікті беру туралы келісімге қол жеткізілмеген кезде мемлекеттік мұқтаж үшін мүлікті алып қою мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімін немесе басқа да жылжымайтын өтеп мәжбүрлеп иеліктен шығаруға осы тарауда бекітілген жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасына немесе әкімшілік-аумақтық бірлікке өтуге дейін өтеулерді төлеу туралы талаптар мен осы Заңның 79, 80- баптарында бекітілген өтеулерді төлеудің өзге де шарттары тараптардың келісімі бойынша қайтаруға болмайды.

III-бөлім. Мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану

7-тарау. Мемлекеттік мүлік иелену және (немесе) пайдалану туралы жалпы ережелер
82-бап. Мемлекеттік мүлік иелену және (немесе) пайдаланудың тәртібі, шектері мен шарттары

1. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар мүліктің пайдалы қасиеттерін табу, сондай-ақ олардан табыс түрінде, арттыру, жемістер, төл және өзге де нысандар алу үшін мемлекеттік мүлікті иеленуге және (немесе) пайдалануға құқылы.

2. Мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген шектер мен шарттар тәртібімен жүзеге асырылады.
83-бап. Мемлекеттік мүлікті пайдаланудың негіздемелері

1. Мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) мүлікті мемлекеттік емес азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдалануының негіздемелері:

  1. шарттар мен өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелер;

  2. Қазақстан Республикасының азаматтық-құқықтық салдарлар заңнамасы күшіне тудыратын, әкімшілік актілер;

  3. азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілейтін сот шешімдері;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтық-құқықтық салдардың болуын байланыстыратын оқиғалар болып табылады.

5) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайлар мен тәртіппен әмбебап немесе өзге де құқық мирасқорлыққа түсе алады.

2. Мемлекеттік мүлікті уақытша пайдалануға беру туралы шарт жазбаша түрде жасалуы тиіс. Мемлекеттік мүлікті уақытша пайдалануға беру туралы шарттың жазбаша түрін сақтамау оның заңды еместігіне әкеп соғады.

3. Уақытша пайдалануға берілген мемлекеттік мүлік осы Заңның 14-тарауындағы ережелерге сәйкес мемлекеттік мүліктің тізіліміне кіргізіледі.
84-бап. Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беру туралы шарттар

1. Мемлекеттік мүлік келесі келісім-шарттардың негізінде пайдалануға берілуі мүмкін:

  1. мемлекеттік мүліктің мүлік жалдау (жалға беру) шарттары;

2) мемлекеттік мүлікті сенімді басқару шарты;

3) мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану (несие) шарты;

4) мердігерлік шарт;

5) мемлекеттік мүлік болып табылатын табиғи ресурстарды уақытша пайдалануға беру туралы шарттардың негізінде пайдалануға берілуі мүмкін.

2. Мемлекеттік мүлікті уақытша пайдалануға беру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртіпте басқа азаматтық-құқықтық шарттардың негіздерінде рұқсат етіледі.

3. Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік немесе мемлекеттік меншікте ғана жататын стратегиялық нысандар мен мүлікті пайдалануға беру концессия шарты, мүлікті сенімді басқару шарты және Қазақстан Республикасының заңнамаларында тікелей көзделген өзге де шарттар бойынша рұқсат етіледі.

4. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік мүлікті уақытша пайдалануға беру осы тарауда белгіленген ерекшеліктер мен шектеулерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларының ережелеріне сәйкес шарттар немесе әкімшілік актілер негізінде жүзеге асырылады.
85-бап. Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беру үшін уәкілетті субъектілер

Мемлекеттік мүлікті пайдалануға беру бойынша уәкілеттілікке:

  1. республикалық мемлекеттік мүлікке қатысты, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілгенді қоспағанда, – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган;

2) коммуналдық мемлекеттік мүлікке қатысты – мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган ие.
86-бап. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға беру) шарты

1. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға беру) шартына осы Заңның осы бабында, 127-бабының 4-тармағындағы, 133, 156-баптарында белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ережелері қолданылады.

2. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алуды) объект жылжымалы және жылжитын (зат) болуы мүмкін.

3. Республикалық мүлікті мүліктік жалдауды (жалға беруді) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (республикалық мүлікті жалдаушы (жалға беруші) береді. Егер осы заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе мүлік Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен беріледі.

Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауды (жалға алуды) жергілікті атқарушы орган (коммуналдық мүлікті жалдаушы (жалға беруші) береді. Егер осы заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе облыстың (республикалық маңзы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен беріледі.

Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүлік осы Заңның 149, 156, 160 және 168-баптарында айқындалған тәртіппен мүліктік жалдау (жалға беру) шарты бойынша берілуі мүмкін.

Ақшалар, бағалы қағаздар және өзге де мемлекеттің мүліктік құқығы мүліктік жалдау (жалға алу) шарттың объектісі (мәні) болып табылмайды.

4. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаушы (жалға алушы) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар бола алады.

Мемлекеттік мүлікті пайдлану құқығы мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде берілуі мүмкін.

5. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарттың талаптары осы заңда айқындалған шектеулерді ескере отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітетін үлгі шартпен айқындалады.

6. Күрделі жөндеуді жүзеге асыру бойынша міндет мемлекеттік мүлікті жалдаушыға (жалға алушыға) жүктелген жағдайда мемлекеттік мүлікке күрделі жөндеудің құны жалдау (жалға алу) шарт бойынша төлемдер есебіне есептеледі. Құны мен мемлекеттік мүлікке күрделі жөндеу өндірісінің басқа да шарттары мемлекеттік мүлікті жалдаушымен (жалға алушыен) жазбаша келісілген болуы тиіс.

7. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарты осы Заңның 118, 119, 133, 156-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда жалдаушыға (жалға алушыға) мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен айыру туралы шарттарды көздей алады.

8. Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шартын өзгерту және бұзу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 401-404, 556-баптарының ережелері бойынша жүзеге асырылады.

Мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берілген мемлекеттік мүлікті мақсатсыз пайдалану шартты өрескел бұзғандық және Қазақстан Респуликасының Азаматтық кодексінде көзделген ережелері бойынша шартты бұзу үшін негіз болып табылады.

9. Жалдаушы (жалға алушы) жүргізген мемлекеттік мүлікті жақсартудың ажырамас құны жалдаушы (жалға алушы) келісімімен тиісті бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

10. Азаматтар мен заңды тұлғаларға мемлекеттік меншікке жататын тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдалануға беруге арналған шарттарды жасау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұралар объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамалық актілерімен айқындалады.

Тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдалануға беруге арналған шарт тарихи-мәдени мұралар объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган мен азамат немесе заңды тұлға арасында жасалады. Шарт пайдалануында тарихи және мәдени ескерткіштер бар тұлғаны нәтижесінде тарихи және мәдени ескерткішті жойылуға немесе бұзылуға алып келетін мәдени және тарихи ескерткіштердің сипаттары мен мақсаттылығына сәйкес оларды пайдалану міндеттерін бұзған жағдайда пайдалану құқығы сот шешімімен айырылған жағдайда бұзылуы мүмкін.
87-бап. Мемлекеттік мүлікті сенімді басқару шарты

1. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартына осы Заңның 133, 155, 183-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ережелері қолданылады.

2. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктік кешендері, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар (қатысу үлестері), мемлекетке тиесілі ақша мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартының объектісі болып табылады.

Басқа мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мүлік шартының объектісі болып табылады.

3. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (республикалық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы) республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға береді. Егер осы Заңмен немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде басқаша белгіленбесе республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға жергілікті атқарушы орган (коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы) береді. Егер осы Заңмен немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде басқаша белгіленбесе коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

  1. Егер Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде басқаша көзделмесе азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарушылар болып табылады.

  2. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша

Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік пайда алушыны болып табылады.

  1. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартының талаптары осы

Заңмен немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерімен айқындалады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгі шартын бекітеді.

  1. Сенімгерлік басқарушы оған мемлекеттік мүлікті сенімгерлік

басқару шарты бойынша берілген жылжымайтын мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында көзделген жағдайларда немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша келісімімен ғана иеліктен шығаруға немесе кепілге беруге құқылы. Егер Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта басқаша көзделмесе сенімгерлік басқарушы жылжымайтын мүлікке билік етуге құқығы бар.

  1. Сенімгерлік басқарушының мемлекеттік мүлікті сенімгерлік

басқаруды жүргізу кезінде болған қажетті шығыстарды оған сенімгерлік басқаруға берген мүлікті пайдаланудан түскен табыстар есебінен ғана өтеуге құқығы бар.

Егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген жағдайда сенімгерлік басқарушының сыйлықақы алуға құқығы бар.

  1. Сенімгерлік басқарушы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органға мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында бекітілген мерзім мен тәртіпте өзінің қызметі туралы есеп береді. Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы есеп құрылтайшының талабы бойынша және басқа да жағдайларда дереу ұсынылуы керек.

  2. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында сенімгерлік басқарушының мемлекеттік мүлікке билік ету бойынша шектеулер белгіленеді.

Сенімгерлік басқарушының оған белгіленген шектерді бұза отырып

жасаған мәмілелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен заңсыз деп танылады.

Сенімгерлік басқарушының оған берілген құқықтарды асыра

пайдаланумен немесе оған белгіленген шектерді бұза отырып жасаған мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару мәмілелерінен туындайтын міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттер сенімгерлік басқарушыда туындайды.

  1. Сенімгерлік басқарушы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруды жеке жүзеге асырады.

Егер ол мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында осыған уәкілетті болса немесе құрылтайшының мүддесін қамтамасыз ету үшін мән-жайлардың себебінен мәжбүр болса және осы жағдайда оның нұсқауларын сұрауға мүмкіндігі болмаса сенімгерлік басқарушы өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті басқару үшін қажетті іс-қимыл жасауды басқа тұлғаға тапсыруы мүмкін. Бұл ретте сенімгерлік басқарушы өзі сайлаған өкілдің іс-қимылы үшін өзі жауапты болады.

Сенімгерлік басқарушы бірінші мүмкіндікті пайдаланып құрылтайшыға қайта сенімгерлік туралы хабарлауға міндетті. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарушының құрылтайшысы осындай жағдайда сенімгерлік басқарушыға бұған дейін жасалған шығыстарын өтеп, ал мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында көзделген жағдайларда зиянның орнын толтыра отырып мүлікті сенімгерлік басқарудың тоқтатылғаны туралы мәлімдеуге құқылы.

  1. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты Қазақстан

Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген негіздер бойынша өзгертіледі және бұзылады.

Егер Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде

немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта басқаша көзделмесе мемлекеттік мүлікті мемлекеттік мүліктің бір түрінен екіншісіне немесе жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруды тоқтатпайды.

13. Тараптардың бірінің бастамасы бойынша шарт тоқтатылған жағдайда екінші тарап егер Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта басқа мерзім көзделмесе, осы баптың 10-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, кемінде 3 ай бұрын хабардар етілуі тиіс.

14. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты сенімгерлік басқарушыға сенімгерлік басқаруға берген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шартында осы Заңның 118, 119, 133, 156, 183-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларда шарттарды көздеуі мүмкін.

88-бап. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты

1. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шартына осы Заңның 89, 133, 156 баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктермен мүлікті өтеусіз пайдалану шарты (несие шарты) туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ережелері қолданылады.

2. Мүлікті өтеусіз пайдалану шарты (несие шарты) бойынша мемлекеттік мүлік осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңнамсында көзделген жағдайларда ғана берілуі мүмкін.

3. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты осы Заңның 133-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайларда несие алушыға өтеусіз пайдалануға берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен айыру туралы шарттарды көздеуі мүмкін.

4. Несие шарты бойынша берілген мемлекеттік мүліктің кез-келген жақсаруы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы органның) жазбаша келісімімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік мүліктің несие шарты тоқтаған кезде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы органның) келісімен жүргізілген жақсартудың ажырамас құны тиісті бюджет қаражаты есебінен өтеуге жатады.

5. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттің меншігіндегі және тарихи және мәдени ескерткіштер болып табылатын діни (дұға ету) ғимараттар мен өзге де мүліктерді діни бірлестіктердің меншігіне өтеусіз берген жағдайда жасалады. Діни ғимараттар мен өзге де мүліктерді өтеусіз пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер туралы заңнамалық актісімен белгіленеді.
89-бап. Мемлекеттік заттай гранттарды өтеусіз пайдалануға беру

Мемлекеттік заттай гранттарды өтеусіз пайдалануға Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісіне сәйкес инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган береді.
90-бап. Мердігерлік шарты бойынша мемлекеттік мүлікті беру

Мердігерлік шарты бойынша мемлекеттік мүлікті беру тапсырыс беруші – мемлекеттің мердігерлік шартында көзделген көлемде және тәртіпте жұмыстарды орындауға мердігерге көмек көрсетуі бойынша міндеттемелерін орындау шеңберінде жүзеге асырылады.
91-бап. Концессия шарты бойынша мемлекеттік мүлікті беру

Концессия шарты бойынша мемлекеттік мүлікті беру концессия туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
92-бап. Табиғи ресурстарды уақытша пайдалануға беру туралы шарттар

Жер учаскелерін, жер қойнауы учаскелерін, су объектілерін, мемлекеттік орман қоры учаскелерін уақытша пайдалануға беру мүліктің әрбір түрі туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте тиісті шарттардың негізінде жүзеге асырылады.

93-бап. Сақтау шарты бойынша мемлекеттік мүлікті беру туралы шарттар

1. Мемлекеттік мүлік сақтау шарты бойынша оның сақталуын қамтамасыз ету үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің сақтау туралы ережелері осы баппен белгіленген ерекшеліктермен мемлекеттік мүлікті сақтау туралы қатынастарға қолданылады.

2. Мемлекеттік мүлікті сақталуы сақтау шарттары немесе мемлекеттік мүлікті (заттарды) сақтауға қабылдау туралы шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мүлікті сақтау оның сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті кез-келген тұлғаға жүктелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік мүлікті сақтауды кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдар ғана жүзеге асыра алады.

3. Мемлекеттік мүлікті сақтау бұйымдары жылжымалы заттар болуы мүмкін.

Жылжымай тын мемлекеттік мүлікті сақтау оны қорғау туралы шартпен қамтамасыз етілуі мүмкін.

4. Сақтау шарттары мен мемлекеттік мүлікті сақтауға қабылдау туралы шарттар жазбаша түрде жасалады. Шарттардың жасалуы сақтаушы сақтау қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжатты жүк берушiге беру арқылы расталуы мүмкін.

5. Мемлекеттік мүлікті сақтау мерзімі Қазақстан Республкасының Заңнамалық актілерімен немесе сақтау шарттарымен немесе мемлекеттік мүлікті сақтауға қабылдау туралы шарттармен айқындалады. Сақтау мерзімінің өтуі бойынша сақтау немесе мемлекеттік мүлікті сақтауға қабылдау туралы шарттар егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, тиісті шарттарда өзгеше көзделмесе немесе мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша міндеттеменің барынан туындамаса сол мерзімге жасалды деп есептеледі.

Жүк беруші болып табылатын немесе оның жазбаша тапсырмасы бойынша болатын уәкілетті мемлекеттік орган кез-келген уақытта сақтаушыдан мүлігін (затын) талап етуге құқылы. Мұндай жағдайда егер сақтау немесе мемлекеттік мүлікті сақтауға қабылдау туралы шарттарда өзгеше көзделмесе жүк беруші сақтаушыға міндеттемесінің мерзімінен бұрын тоқтатылуынан туындаған залалдарын өтеуге міндетті.

6. Сақтау шарттары мен мемлекеттік мүлікті сақтауға қабылдау туралы шарт өтелетін болып табылады.сақтаушыға сыйақының мөлшері тараптардың келісімдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген таксаларға, ставкаларға, тарифтерге сәйкес айқындалады.

7. Егер сақтау шартында өзгеше көзделмесе сақтаушы жүк берушінің келісімінсіз ол бұған жүк берушінің мүддесінде жағдайдың күшімен және оның келісімін алу мүмкіндігінен айырылған жағдайларды қоспағанда затты үшінші тұлғаға сақтауға беруге құқығы жоқ. Затты үшінші тұлғаға сақтауға беру туралы сақтаушы жүк берушіні жедел хабардар етуге міндетті. Сақтаушы өзінің меншігі ретінде затты сақтауға берген үшінші тұлғанығ іс-қимылына жауап береді.

8. Сақтаушы оған берілген мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін шартта көзделгендердің барлығын, сондай-ақ басқа да қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Мемлекеттік мүліктің сақталуы техникалық нормативтік және сақтау және (немесе) қорғау шарттары бойынша талаптарға сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс.

Сақтаушы сақтауға алынған мемлекеттік мүліктің жоғалуы, жетіспеуі немесе бұзылуы үшін жауап береді. Ол егер заттың жоғалуы, жетіспеуі немесе бұзылуы оның кінәсі бойынша болмағанын дәлелдей алса жауапкершіліктен босатылады.

Сақтауға берілген мемлекеттің мүліктің жетіспеушілігі кезінде сақтаушы сақтау немесе мемлекеттік мүлікті сақтауға алу туралы шарттарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқандалған мерзімде жетіспейтін мүлікті заттай өтеуге, ал мүмкіндік болмаған кезде – жоғалған немесе жетіспейтін мемлекеттік мүліктің құны мөлшерінде өтеуге міндеттеме алады.

9. Осы баптың ережесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе мемлекеттік мүлікті сақтаудың жекелеген түрлеріне қолданылады.

10. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау шарттары негізінде атқарушылық және бақылау, сондай-ақ мемлекеттік резервке басшылық етуші функцияларды жүзеге асытартын мемлекеттік органдардың ведомствалық бағыныстағы ұйымдарында немесе сақтау пунктерінде (мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау мен қызметтер көрсетуді шарттық негізде жүзеге асыратын заңды тұлғаларда) сақталады.

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарды сақтау шартынан туындайтын қатынастар мемлекеттік материалдық резерв туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен реттеледі.
94-бап. Жалпы пайдаланудағы мемлекеттік мүлікті пайдалану құқықтарын жүзеге асыру

1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жалпы пайдаланудағы мемлекеттік мүлікке мыналар жатқызылуы мүмкін:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жалпы пайдаланудағы мүлікке жатқызылған өсімдік пен жануарлар әлемі, өзге де табиғи қорлар;

  2. ені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағалау алқабымен кеме жүзетін және ағынды өзендердің арналары, сондай-ақ көлдер, лагуналар мен табиғи жаратылған өзге де суаттар;

  3. айлақтар, кемежайлар, шығанақтар, рейдтер мен қайнаулар, сондай-ақ бөгеттер, молдар, толқын бөгеттері мен өзге де жағалау құрылыстары;

4) иелік ету жолдары және қосымша құрылыстары мен қызметтері бар жалпы пайдаланудағы жолдар, шоссе мен көпірлер;

5) жер суландыру, мелиорация және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарда салынған шұңқырлар, бөгеттер, су қоймалар, каналдар, үйінділер және қазан шұңқырлар;

6) алаңдар, тротуарлар, көшелер, қоғамдық бақтар мен демалыс орындары, зираттар мен басқа қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

  1. жалпы мақсаттағы ғибадатханалар мен өзге де діни имараттар;

  2. көркем, тарихи және археологиялық ескерткіштер;

  3. ұлттық саябақтар, қорықтар, резерваттар;

  4. ұлттық өнер бұйымдары;

  5. ғылыми және мәдени құндылықтарға жататын мұрағаттар, мұражайлық экспонаттар, көркем және ғылыми коллекциялар, оның ішінде, жекелеген құжаттар, қолжазбалар, басылымдар, карталар мен басқа да қозғалмалы заттар;

  6. жалпы пайдаланудағы сервитуттер (көпшілік сервитуттер).

  7. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен жалпы пайдалану мүлігіне жатқызылған өзге де мүліктер.

Жалпы пайдаланудағы мүлікті пайдалану ережесін Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүліктің жекелеген түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өкілетті немесе атқарушы органдары белгілейді.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүліктің жекелеген түрлері туралы заңнамалық актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде жалпы пайдаланудағы мүлікті басқаруды және пайдалануды ұйымдастырады.

IV-бөлім. Мемлекеттің мүліктік құқығының тоқтатылуы

8-тарау. Мемлекеттің мүліктік құқығының тоқтатылу негіздері
95-бап. Мемлекеттің мүліктік құқығының тоқтатылу негіздерінің тізімі.

1. Мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік – аумақтық бірліктің) мүліктік құқығының тоқтатылу негіздері мыналар болып табылады:

  1. мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) мүлікті жекешелендіру немесе өзгеше иеліктен айыру;

  2. мемлекеттік заңды тұлғалардың өздері өндірген тауарларын немесе негізгі құралдарға жатпайтын және азаматтарға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жекешелендіру объектісі болып табылмайтын мүліктерін иеліктен айыру;

  3. жер учаскелерін жеке меншікке беру;

  4. республикалық немесе коммуналдық мүлікке жататын мемлекеттік заттай грантты жеке меншікке беру;

  5. мемлекеттік (республикалық немесе коммуналдық) мүліктің бұзылуы не жойылуы;

  6. мемлекеттік мүліктің бұзылуы не жойылуы;

  7. мемлекеттік мүлікке арналған өндіріп алу өтінімі;

  8. иелену мерзімі;

  9. шартты бұзу немесе өзгерту сәтіне дейін міндеттемелері бойынша мемлекет пайдасына контрагенттің орындағанын қайтару;

  10. жарамсыз деп танылған мәміле бойынша алынған мүлікті қайтару;

  11. мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар шығару және пайдалану;

  12. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздемелер;

2. Мемлекеттік мүлікті иеліктен айыру осы Заңның 133, 220-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда құнын өтелетін болып табылады.
96-бап. Мемлекеттік мүлік құқықтарынан бас тартуға тыйымдар

1. Мемлекет өзіне тиесілі мүлік құқықтарынан бас тарта алмайды. Мемлекеттің уәкілетті органдарының, оның өкілдері мен лауазымды тұлғаларының мемлекеттік мүліктің мемлекеттік құқықтарынан бас тартуы жарамсыз деп танылады.

2. Мемлекеттік уәкілетті органдарының, оның өкілдері мен лауазымды тұлғаларының мемлекеттік меншік құқығын және басқа да мемлекеттің мүліктік құқығын жүзеге асыруға бөгет жасауын куәландыратын әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіптік және өзге де жауапкершілікке тартылады.
97-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлікті иеліктен айыруы

Мемлекеттік заңды тұлғалар кәдімгі өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезіндегі, оның ішінде, олардың өндірген өнімі, тауарлық-материалдық құндылықтарын қоса алғандағы мүлкі және өзге де негізгі құралдарға жатпайтын және жекеменшік объектісі болып табылмайтын мүлкін иеліктен айыру мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және азаматтарға мемлекеттік мүлікті иеліктен айыру құқығын тоқтатуға алып келеді және жекешелендіру болып табылмайды.
98-бап. Жеке меншікке ұсыну (беру) нәтижесінде жер учаскесі мен өзге де мүлік құқықтарын тоқтату

1. Жер учаскелері Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актісінде көзделген тәртіпте және жағдайларда жеке меншікке берілуі мүмкін.

2. Мемлекеттік заттай грант түрінде берілген мемлекеттік мүлікке мемлекеттің құқықтары Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайлар мен тәртіпте грант алушының инвестициялық міндеттемелер орындауы кезінде тоқтатылуы мүмкін.
99-бап. Мемлекеттік мүліктің бұзылуы не жойылуы

1. Мемлекеттік мүліктің бұзылуы және жойылуы бұл мүлікке мемлекет құқықтарын тоқтатуға алып келеді.

2. Стихиялық құбылыстар мен апаттардың нәтижесінде физикалық немесе моральдық тозу салдарынан жарамсыздыққа ұшыраған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуы және жойылуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ережелерге сәйкес рәсімделеді.

3. Осы баптың ережелері заттарға қолданылады.
100-бап. Мемлекеттің міндеттемелері бойынша мемлекеттік мүлікті өндіру

1. Қазақстан Республикасының міндеттері және әкімшілік-аумақтық бірліктің міндеттемелері бойынша мемлекеттік мүлікті өндіру сот тәртібімен жүргізіледі.

2. Республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын қоспағанда, мемлекеттік және жергілікті қазынаны құрайтын мүлікке өндіріп алу салынбайды. Заңнамалық актілермен өндіру жүргізілмейтін мемлекеттік мүліктің өзге де түрлері белгіленуі мүмкін. Бұл жағдайларда Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірліктер республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражатымен өндіріп алу мүмкін емес мүлік құнының шеңберінде жауапты болады.

3. Өндіріп алу салынған мемлекеттік мүлік құқығы Қазақстан Республикасында және әкімшілік-аумақтық бірліктерде мемлекеттік мүлікке өндіріп алуды салу кезінде құқық берілетін тұлғаның осы мүліктің құқықтарын алу сәтінен бастап тоқтатылады.
101-бап. Реквизиция нәтижесінде алынған мемлекеттік мүлік құқығын тоқтату

1. Осы Заңның 43-бабының ережелері бойынша мүлікті реквизициялау кезінде мемлекет алған мүлікті бұрынғы мүлік иесі-тұлға талап еткенде бұл мүлікке мемлекет құқығы тоқтатылады.

2. Реквизициялау кезінде алынған мүлікті қайтару реквизитталған мүлікті қайтару туралы осы Заңның 42-бабының ережелері бойынша жүзеге асырылады.
102-бап. Тәркілеу нәтижесінде алынған мемлекеттік мүлік құқықтарын тоқтату

1. Мемлекет меншігіне тәркіленген мүлік негізінде сот актіні қайтарған жағдайда (тиісті бөлімге өзгерістері) уәкілетті орган мүлікті заттай қайтаруды және шығынның орнын толтыруды жүргізеді.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте уәкілетті орган мүлікті өткізген жағдайда оның құны меншік иесіне қайтарылады.

Шығындар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабы 4-тармағына сәйкес қайтаруға жатады.

103-бап. Мемлекеттік материалдық резервтен алынған материалдық құндылықтарды шығару немесе пайдалану жолымен мемлекеттік мүлік құқығын тоқтату

1. Мемлекеттік материалдық резервінен алынған материалдық құндылықтарға мемлекеттің мемлекет құқығы мемлекеттік материалдық резервтен алынған материалдық құндылықтарды пайдалану және шығару нәтижесінде тоқтатылады.

2. Мемлекеттік материалдық резервтен алынған материалдық құндылықтар:

  1. оларды жаңартуға байланысты;

  2. қарызға алу тәртібінде;

  3. броннан шығару тәртібінде шығарылуы мүмкін.

3. Мемлекеттік материалдық резервтен алынған материалдық құндылықтар шығару Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резерв туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылдаы.

4. Жаңартуға байланысты және тағайындаудан босату тәртібінде мемлекеттік материалдық резервтен алынған материалдық құндылықтарды шығару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

5. Мемлекеттік материалдық резервінен алынған материалдық құндылықтарды иеліктен айыру олардың құнын толық төлеу шартында немесе аккредитив ашу немесе екінші деңгейлі банктер кепілдік бергенде жүргізіледі.

6. Мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған материалдық құндылықтары сатудан түскен қаражат бюджетке аударуға жатады.

7. Төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары бюджет қаражаты есебінен тоқсан күннің ішінде заттай түрде қайтарылуға жатады.

8. Мемлекеттік материалдық резервтің ресурстары ішкі нарықтағы ұсыныстар мен сұраныстар арасында дағдарысты жағдайлар мен теңсіздіктер туындаған жағдайда мемлекеттік материалдық резерв ресурстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нарыққа реттеу әрекеттерін көрсету үшін қолданылады.
104-бап. Иелену мерзімі тұрғысынан мемлекеттік мүлікке құқықты тоқтату.

1. Мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын, бiрақ мемлекеттің меншігінде жатқан мүлікті өзiнiң жеке жылжымайтын мүлкiндей он бес жыл бойы, не мемлекеттің меншігінде жатқан өзге мүлiктi кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады. 

2. Иелену мерзімі тұрғысынан жылжымалы мүлікке меншік құқығын тану мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша алынған сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

105-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына және акциялардың төлеміне мемлекеттік мүлікті беру.

Жекешелендіру объектілеріне жататын мемлекеттік мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғы капиталына және акциялар төлеміне беру осы Заңының 126-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.

9 тарау. Мемлекеттік мүлікті иеліктен айыру

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Похожие:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ icon«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік меншік құқығын және басқа да мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы №604 қаулысы «Мемлекеттік мүлік туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мал басы туралы мәлімет. Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconКодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconЖекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысандардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабындағы 1...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №919 Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 6 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница