«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ




Название«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
страница9/16
Дата конвертации14.02.2013
Размер1.99 Mb.
ТипДокументы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
§ 3. Мемлекеттік мүлікті иеліктен айырудың өзге тәсілдері
127-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе акционерлік қоғамдардың акцияларын алу төлемдеріне мүліктік салым ретінде мүлікті беру

1. Республикалық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғы капиталына немесе акционерлік қоғам акцияларының төлеміне беру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

2. Коммуналдық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе акционерлік қоғамдар акцияларының төлеміне беру туралы шешімді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

3. Стратегиялық объектілерге жататын мемлекеттік мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе акционерлік қоғамдар акцияларының төлемдеріне беру стратегиялық объектілермен мәмілелер жасау бойынша талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

4. Тек мемлекетке ғана тиесілі бола алатын, сондай-ақ жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына немесе ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоспағанда, акционерлік қоғам акцияларының төлеміне мүліктік салым ретінде пайдаланыла алмайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоспағанда, акционерлік қоғам акцияларының төлеміне тек мемлекетке ғана тиесілі бола алатын немесе жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті осы Заңның 86-бабы 2-тармағының, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 59-бабы 1-тармағының және Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің ережелері бойынша беріледі.
128-бап. Жер телімдерін иеліктен айыру

Жер телімдерін жеке меншікке беру Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актілерінде көзделген арнайы рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылады.
129-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті иеліктен айыру

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітілген мемлекеттік мүлікті иеліктен айыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
130-бап. Жекелеген негіздемелер бойынша мемлекеттік мүлік құрамына түскен мүлікті иеліктен айыру

Осы Заңның 216-бабында көзделген жекелеген негіздемелер бойынша мемлекеттік мүлік құрамына енетін мемлекеттік мүлікті иеліктен айыру осы Заңның 219-бабымен белгіленген рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылады.
131-бап. Діни бірлестіктердің меншігіне діни (дұға оқу) ғимараттар мен діни мақсаттағы өзге де мүліктерді өтеусіз беру

1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мемлекеттің меншігіндегі діни ғимараттар мен діни мақсаттағы өзге де мүліктерді діни бірлестіктердің меншігіне өтеусіз беруге құқылы. Діни бірлестіктердің жақын аумақтардағы діни (дұға оқу) ғимараттарды беруге басымдылық құқығы бар.

2. Діни бірлестіктердің меншігіне діни (дұға оқу) ғимараттар мен діни мақсаттағы өзге де мүліктерді өтеусіз беру тәртібі Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер туралы заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады.
132-бап. Мемлекеттік заттай грантты жеке меншікке беру

1. Республикалық немесе коммуналдық мүлікке жататын мемлекеттік заттай грантты жеке меншікке беру инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіпте және жағдайларда жүргізіледі.
133-бап. Мемлекеттік мүлікті шағын кәсіпкерлік субъектілердің меншігіне өтеусіз тапсыру

1. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сауда-делдалдық қызметтері қоспағанда, өндірістік қызметтерді және қызмет көрсету салаларын ұйымдастыру үшін бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілері сенімді басқаруға немесе мүліктік жалдауға (жалға алу) берілуі мүмкін.

2. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімді басқару шарттары талаптарын орындауын бақылауды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелері немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

3. Халыққа өндірістік қызметтерді және қызмет көрсету салаларын ұйымдастыру үшін жалға немесе сенімді басқаруға берілген мемлекеттік меншік объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз беру мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімді басқару шарттары жасалынған сәттен бастап онда көзделген шарттар орындалған жағдайда бір жыл өткеннен кейін жүзеге асырылады.

4. Пайдаланылмайтын мемлекеттік меншік объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне меншікке кезекті өтеусіз беру құқығымен мүлік жалдауға (жалға алу) немесе сенімді басқаруға ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

134-бап. Мемлекетке жата алмайтын мүлікті және мемлекеттік мүлік құрамына жекелеген негіздемелер бойынша түскен мүлікті иеліктен айыру

1. Егер осы Заңның 17-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікке құқық алуға арналған заңнамалық актілерінде көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына осы Заңның 179-бабы 2-тармағы, 7-бабы 4-тармағының немесе өзге де заңнамалық актілердің талаптарына сәйкес мемлекетке жата алмайтын мүлік, сондай-ақ осы Заңның 216-бабында көрсетілген жекелеген негіздемелер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік, онда бұл мүлік оған құқық алған сәттен бастап бір жыл ішінде иеліктен айырылуы тиіс, ал оны сатудан түскен қаражат мемлекеттік бюджетке аударылуы тиіс.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті иеліктен айыру осы Заңның 219-бапбының ережелері бойынша жүзеге асырылады.

V-бөлім. Мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерін

басқару ерекшеліктері

10-тарау. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлігіне мемлекеттің құқықты жүзеге асыруы
§ 1. Мемлекеттік заңды тұлғалар туралы жалпы ережелер
135-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың түрлері

1. Мемлекеттік мүліктің түріне байланысты мемлекеттік заңды тұлғалар:

1) республикалық заңды тұлғалар (республикалық кәсіпорындар мен республикалық мекемелер) – мүліктері республикалық меншіктегі заңды тұлғалар;

2) коммуналдық заңды тұлғалар (коммуналдық кәсіпорындар мен коммуналдық мекемелер) – мүліктері коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар болып бөлінеді;

2. Мүліктің иесі және мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтайшысы мемлекет болып табылады (Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық бірлік).
136-бап. Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлігіне қатысты мемлекеттік меншік құқығын жүзеге асыру

1. Республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъектісі құқықтарын Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық меншік құқығының субъектісі құқықтарын жүзеге асыратын өзге мемлекеттік орган атқарады.

2. Республикалық заңды тұлғаларды басқаруды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті саладағы уәкілетті орган белгіленбеген республикалық заңды тұлғаларға қатысты, сондай-ақ тиісті саладағы уәкілетті органның мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын құқықтары тоқтатылған кезде тиісті саладағы уәкілетті органның функцияларын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган атқарады.

4. Коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты коммуналдық меншік құқықтарын субъектінің құқығын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқару органы жүзеге асырады.

5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің коммуналдық заңды тұлғаларын басқаруды жүзеге асыратын орган ретінде жергілікті атқару органы болады.
137-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу

1. Мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап құрылған деп есептелінеді және заңды тұлға мәртебесін алады.

Мемлекеттік заңды тұлғаларды тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу туралы заңнамалық актілерінде көзделген жағдайда қайта тіркеуге жатады.
138-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаның жарғысы

1. Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшы құжаты жарғы, мемлекеттік мекеменікі – жарғы немесе жағдай болып табылады.

Республикалық мемлекеттік мекеменің жарғысын (ережесін) тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысын - жергілікті атқару органы бекітеді.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жарғысын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық меншік құқығының субъектісі құқықтарын жүзеге асыратын өзге мемлекеттік орган, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жарғысын - жергілікті атқару орган бекітеді.

2. Мемлекеттік заңды тұлғаның жарғысы (ережесі) мыналарды қамтуы тиіс:

1) мемлекеттік заңды тұлғаның түрі туралы нұсқаулық;

2) атауы;

3) тиісті саланың құрылтайшысы немесе уәкілетті органы туралы мәліметтер;

4) орналасу орны;

5) қызметтің мәні мен мақсаттары;

6) басшысының өкілеттілігі;

7) жұмыс режимі;

8) мүліктің қалыптасу тәртібі;

9) қайта ұйымдастыру және жою шарттары.

Жарғыда (ережеде) сондай-ақ заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы орган), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы орган), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар анықталады. Жарғыда (ережеде) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да жағдайлар келтірілуі мүмкін.

3. Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекеменің құрылтайшы құжатына егер заңнамамен немесе оны құру жөніндегі жеке актімен өзгеше көзделмесе осы баптың ережелері қолданылады.

4. Мемлекеттік мекеме тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы орган) шешімі бойынша, ал мемлекеттік кәсіпорын - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқару органының) шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі жарғының (жалпы ереженің) негізінде қызметін жүзеге асырады.
139-бап. Мемлекеттік кәсіпорынның фирмалық атауы, мемлекеттік мекеменің атауы

1. Мемлекеттік кәсіпорынның фирмалық атауында, мемлекеттік мекеменің атауында қандай мемлекеттік меншік түріне жататыны (республикалық немесе коммуналдық) және ведомстволық бағыныстылығы көрсетілуі тиіс.

Шұғыл басқару құқығындағы кәсіпорынның фирмалық атауында, оның қазыналық екендігі туралы нұсқама болуы керек.

Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемелердің атауы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен немесе оларды құру жөніндегі жеке актілермен анықталады.

2. Мемлекеттік заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының суреті мен заңды тұлғаның атауы көрсетілген мөрі болады.
140-бап. Мемлекеттік заңды тұлға қызметінің мәні мен мақсаттары

1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттарын тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) айқындайды және мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) бекітіледі.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық) анықтамасын осы Заңның 148-бабының талаптарына сәйкес тиісті саланың уәкілдік берілген органының ұсынуы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын бойынша –жергілікті атқару орган айқындайды.

2. Мемлекеттік заңды тұлғаларға (мемлекеттік органдардан басқа) мемлекеттік бақылаушы және қадағалаушы функцияларды беруге рұқсат етілмейді.

3. Егер осы Заңның 149-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік заңды тұлға басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды,

4. Мемлекеттік заңды тұлғаларға жарғыда (ережеде) бекітілген өз қызметтерінің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызмет атқаруға немесе мәмілелер жасасуға тиым салынады.

5. Мемлекеттік заңды тұлғаның жарғыда (ережеде) айқындалған қызметтің мақсаттарына қарама-қайшы жасаған мәмлесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте жарамсыз деп танылады. Мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арызды мемлекеттік мекемелердің мәмілесіне қатысты – тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган), мемлекеттік кәсіпорындардың мәмілелеріне қатысты - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) мәлімдейді.

Мемлекеттік заңды тұлға басшысының заңды тұлғамен жарғылық емес әрекеттерді орындауға бағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзушылық болып табылады және белгіленген тәртіпте тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға итермелейді.
141-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлігі

1. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлігі заңды тұлғаның құны оның балансында көрсетілетін активтерін құрайды.

2. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлігі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (үлестер, пайлар) бойынша, оның ішінде, мемлекеттік заңды тұлғаның жұмыскерлері арасында бөлінуі мүмкін емес.

3. Мемлекеттік заңды тұлғаның мүлігі мыналардың есебінен қалыптасады:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) жеке қызметі нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынған басқа да көздердің.
142-бап. Шаруашылық жүргізу құқығы мен шұғыл басқару құқығын алу және тоқтату

1. Шаруашылық жүргізу құқығы мен шұғыл басқару құқығын алу және тоқтату егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген шарттар мен тәртіптерде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу және тоқтату үшін жүзеге асырылады.

2 Мүлікті құрылып қойған мемлекетік заңды тұлғаға бекіту туралы меншік иесі шешім қабылдаған мүлікке қатысты шаруашылық жүргізу құқығы немесе шұғыл басқару құқығы егер заңнамамен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше көзделмесе осы заңды тұлғада оның балансына мүлікті бекітіп берген сәттен бастап пайда болады.

3. Шаруашылық жүргiзудегi (шұғыл басқарудағы) мүлiктi пайдаланудың жемiсi, өнiмi мен кiрiсi, сондай-ақ кәсiпорын шарттар немесе өзге де негiздер бойынша алған мүлiк меншiк құқығына ие болуға арналған заңнамаларда белгiленген тәртiппен мемлекеттік заңды тұлғаның шаруашылық жүргiзуiне (шұғыл басқаруына) келiп түседi. 

4. Мүлiкке шаруашылық жүргiзу (шұғыл басқару) құқығы меншiк құқығын тоқтатуға арналған Қазақстан Республикасының Азамттық кодексінің 249-бабында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша, сондай-ақ осы Заңның 155, 161, 169-баптарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
143-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаның мемлекет меншігінің немесе ведомстволық бағыну түрінің ауысуы кезінде мүлікке деген өз құқығын сақтауы

Мемлекеттік заңды тұлғаны республикалық меншіктен коммуналдық меншікке немесе керісінше, тиісті саланың бір жергілікті уәкілетті органының (жергілікті атқару органның) бағынысынан басқаның бағынысына берген кезде мұндай мемлекеттік заңды тұлға өзіне тиесілі мүлкіне құқығын сақтап қалады.
144-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және жою

1. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен, ал коммуналдық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және жою жергілікті атқарушы органының шешімімен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік заңды тұлға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген басқа да негіздемелер бойынша жойылады.

Республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру мен жоюды егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, тиісті саланың уәкілетті органы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша жүзеге асырады.

Коммуналдық республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру мен жоюды жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

2. Жойылған мемлекеттік заңды тұлғалардың несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлігін мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган (жергілікті атқарушы орган) қайта бөледі.

Жойылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлігін сату нәтижесінде түскен, несие берушілердің талаптарын қанағаттандырудан қалған қаражатын қоса алғанда, осы заңды тұлғаның ақшасы тиісті бюджет табысына аударылады.

3. Осы Заңның 110-бабының ережелеріне сәйкес мүліктік кешені жекешелендірілген кәсіпорынды заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен шығару Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

145-бап. Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне мемлекеттік заңды тұлғаның шағым жасауы

Мемлекеттік заңды тұлға белгіленген тәртіпте мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның және тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органның және мүлікті қайта бөлуге байланысы бар органының әрекеттерін, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғаның құқықтарын бұзатын басқа әрекеттерді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерін бойынша сотқа шағым жасауға құқылы.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Похожие:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ icon«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ
Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік меншік құқығын және басқа да мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 мамырдағы №604 қаулысы «Мемлекеттік мүлік туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Мал басы туралы мәлімет. Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconКодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беру Жалпы ережелер
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-11 Заңы және «Балалы отбасыларға...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconЖекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі нысандардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабындағы 1...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №919 Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 6 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан республикасының заңЫ iconМемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница