1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар




Скачать 479.49 Kb.
Название1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
страница3/4
Дата конвертации14.02.2013
Размер479.49 Kb.
ТипДокументы
1   2   3   4

              қамтамасыз ету

      Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мүдделi заңды тұлғалармен бiрлесе отырып дене шынықтыру мен спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзедi, халықтың әртүрлi топтары арасында бұқаралық спортты дамытуға және жоғары спорт нәтижелерiне жетуге бағытталған ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар мен бағдарламалар жасайды, келiсiм-шарт негiзiнде дене шынықтыру мен спорт, медицина, биология және психология саласындағы жетекшi отандық және шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етуге тартады. 
      Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10.  N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.

      21-бап. Спорт резервін даярлау

      1. Спорт резервін даярлау оқу-жаттығу процесі кезеңінде оқу-жаттығу бағдарламаларының және оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.
      Оқу-жаттығу процесі спортшыларды даярлаудың мынадай көпжылдық кезеңдеріне бөлінеді:
      1) спорттық-сауықтыру;
      2) бастапқы даярлық;
      3) оқу-жаттығу;
      4) спорт шеберлігін жетілдіру;
      5) жоғары спорт шеберлігі.
      1-1. Спорт резервін жасөспірім және жас спортшылар құрайды. Спорттың жекелеген түрлері бойынша жасөспірімдер мен жастардың жас шамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
      2. Оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларды өткізуді, спортшыларға медициналық қызмет көрсетуді, оларды тамақтандыруды және оқу-жаттығу мен спорттық іс-шараларға бару жолын, сондай-ақ спорттық керек-жарақпен, спорт құрал-сайманымен және жабдығымен қамтамасыз етуді қамтиды.
      3. Оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру-спорт ұйымдарында және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарында жүргізіледі.
      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.10. N 181-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      22-бап. Спортта тыйым салынған тәсiлдер, әдiстер
              мен құралдар

      1. Спорттық нәтижелерге жету үшiн спортшыларға, жаттықтырушылар мен спорт төрешiлерiне:
      Халықаралық Олимпиадалық Комитет, спорт түрлерi бойынша халықаралық федерациялар және республикалық қоғамдық бірлестіктер тыйым салған тәсiлдердi, әдiстердi, медициналық және биологиялық препараттарды пайдалануға;
      қандай түрдегі болса да сатып алушылықты, бопсалауды, қоқан-лоққы мен күш қолдануды пайдалануға тыйым салынады. 
      2.<*>
      Ескерту. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471, 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      22-1-бап. Спорттық сыныптама

      1. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтарды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бередi.
      Жаттықтырушыларға, нұсқаушы-спортшыларға, әдiскерлерге, төрешiлерге санаттар дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес берiледi.

      2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақтар мен разрядтар берiледi:

      1) спорттық атақтар:
      "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы;
      "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы;
      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi;
      Қазақстан Республикасының спорт шеберi;

      2) спорттық разрядтар:
      Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгіне кандидат;
      1-разрядты спортшы;
      2-разрядты спортшы;
      3-разрядты спортшы;
      жасөспiрiмдер арасындағы 1-разрядты спортшы;
      жасөспiрiмдер арасындағы 2-разрядты спортшы;
      жасөспiрiмдер арасындағы 3-разрядты спортшы.

      3. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскерлер мен нұсқаушы-спортшыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
      бiлiктiлiгі жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгі жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы.

      4. Жаттықтырушыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы.

      5. Спорт төрешілеріне мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
      жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi;
      ұлттық спорт төрешiсi;
      бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
      спорт төрешiсi.
      Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.20. N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi Заңымен), өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін  2-баптанқараңыз), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқару

      22-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дене
                шынықтыру және спорт саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу ережесін бекітеді;
      2) спорттық іс-шараларды материалдық қамтамасыз ету нормативтерін бекітеді;
      3) республикалық спорттық іс-шаралардың, универсиадалардың жүлдегерлерін және оларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін көтермелеу мөлшерлерін бекітеді;
      4) еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлемақы төлеу ережесін бекітеді;
      5) Президенттік тестілерді өткізу ережесін бекітеді;
      6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 22-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптанқараңыз), өзгеріс енгізілді - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      23-бап. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі
              уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:
      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару, үйлестіру және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      2) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
      3) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді;
      4) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
      5) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      5-1) спорт түрлерi, соның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт, бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;
      6) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық спорт жарыстарына дайындауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      7) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорт практикасын енгізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
      8) спортта допингке қарсы шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
      9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      10) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласында стандарттау аясындағы қызметті жүзеге асырады;
      11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысады;
      12) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорт шараларында Қазақстан атынан өкілдік етеді;
      13) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды бередi:
      "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы, "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi;
      14-1) спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;
      15) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді;
      16) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      17) спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      18) спорттық iс шараларды қамтамасыз етудiң және республикалық спорттық шараларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiн көтермелеудiң нормативтерiн әзiрлейдi;
      19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      19-1) Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шаралар және шет мемлекеттерде халықаралық спорттық іс-шаралар өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді;
      20) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды беру тәртiбiн айқындайды;
      21) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы субъектілерінің қызметін ұйымдастыру ережесінбекітеді;
      22) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің және спорт медицинасы мен оңалту орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекітеді;
      23) спорт түрлері бойынша жарыстардың ережесін бекітеді;
      24) Спортшының бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан, дене шынықтыру-спорт қоғамынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына, дене шынықтыру-спорт қоғамына (спорт клубына) ауысуы туралы ережені бекітеді;
      25) дене шынықтыру-спорт және балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу бағдарламаларын және оқу-жаттығу процесінің кезеңдерін бекітеді;
      26) спорт түрлері бойынша бас және мемлекеттік жаттықтырушыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      27) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
      28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.07.04. N 471 Заңымен, өзгеріс енгізілді - 2004.12.20 N 13(2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін2-баптан қараңыз), 2009.07.17  N 188-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28 N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      23-1-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың дене
                шынықтыру және спорт мәселелерi
                жөнiндегi құзыретi

      1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы:
      1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;
      2) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жарыстар өткiзедi;
      3) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;
      5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
      6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi;
      7) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
      8) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: спорт шеберлiгiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
      9) облыстық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
      10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi;
      13) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      14) емдік дене шынықтыру және дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды оңалту бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің қызметін қамтамасыз етеді;
      15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:
      1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
      2) спорт түрлерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде жарыстар өткiзедi;
      3) спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;
      5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
      6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi;
      7) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
      8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органға табыс етедi;
      11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорт мекемелерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн қолдайды және оған жәрдем көрсетедi, сондай-ақ азаматтардың тұрғылықты жерінде және жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту үшін жағдайлар жасайды.
      Ескерту. Заң 23-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.04. N 471, жаңа редакцияда - 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгізілді - 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10 N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін  2-баптанқараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      24-бап. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер

      1. Қазақстан Республикасында спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер осы Заңға және Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына сәйкес құрылып, жұмыс істейді.

      2. Спорттың әрбiр түрi бойынша тек бiр республикалық қоғамдық бiрлестiк қана аккредиттелуге жатады, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық бірлестіктерге қатысушы болуы мүмкін.     

      3. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын, оның ішінде халықаралық шараларды ұйымдастыруды және өткізуді дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып жүзеге асырады.
      4. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібін сақтауын, сондай-ақ спортшылардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтінін білуін қамтамасыз етуге міндетті.
      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.07.04 N 471 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10. N 181-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.28 N 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      24-1-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт
1   2   3   4

Похожие:

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар icon1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы заң халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар icon1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар iconЖалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда реттелетiн қатынастар
Осы Заңда қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледi
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар iconҚазақстан республикасының бюджет кодексі
Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң принциптерi
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар iconРегламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары
«Оңтүстік Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар iconРегламенті негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдердің анықтамалары
Алтынтөбе ауыл округі әкімі аппаратының «Қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар iconРегламенті негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдердің анықтамалары
Жаңабазар ауыл округі әкімі аппаратының «Қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар icon«Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру»
Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызметі регламентінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар icon«Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру»
Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызметі регламентінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар iconРегламенті Негізгі ұғымдар Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница