«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже




Скачать 76.39 Kb.
Название«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже
Дата конвертации14.02.2013
Размер76.39 Kb.
ТипДокументы
Қысқартылған нобайы

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП»

ҰЛТТЫҚ АТОМ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ



  1. Жалпы ережелер

1. Осы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің мәртебесін, құрамын, қызметінің тәртібі мен функциясын, сондай-ақ Аудит жөніндегі комитеті мүшелерінің құқығы мен жауапкершілігін айқындайды.

2. Ережеде қолданылатын ұғымдар мен анықтаулар:

Заң – «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

Қор туралы Заң – «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

Қоғам – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ;

Аудит жөніндегі комитет – Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті;

Ереже - Қоғамының Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті туралы ереже;

Қоғам басшылары – Қоғамның атқарушы органының басшысы мен мүшелері.

3. Ереже Қоғамның ішкі құжаты болып табылады және Заңға, Қоғамның Жарғысы мен корпоративтік басқару кодексіне және Қоғамның өзге де ішкі құжаттарына сәйкес әзірленеді.

4. Аудит жөніндегі комитет Қоғамның Директорлар кеңесінің консультативтік-кеңесші органы болып табылады және Директорлар кеңесінің құзыретіне жататын немесе Қоғамның атқарушы органы қызметін бақылау тәртібінде және Директорлар кеңесі мен Қоғамның атқарушы органына қажетті ұсыныстарды әзірлеу тәртібінде Директорлар кеңесі зерделейтін мәселелерді терең пысықтау үшін құрылады.

5. Аудит жөніндегі комитет Қоғамның Директорлар кеңесінің алдында есеп береді, Қоғамның Директорлар кеңесімен және осы Ережеде ұсынылған уәкілеттер шеңберінде әрекет етеді.

6. Аудит жөніндегі комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қоғамның Жарғысын, Қоғамның жалғыз акционерінің шешімдерін, Қоғамның Директоролар кеңесі туралы Ережені, осы Ережені және Қоғамның Директорлар кеңесінің өзге де шешімдерін басшылыққа алады.

II. Аудит жөніндегі комитеттің құзыреті


7. Аудит жөніндегі комитет Қоғамның акционері (-лері) мүддесінде әрекет етеді және оның жұмысы:

1) Қоғамның қаржылық шаруашылық қызметіне (соның ішінде қаржылық есептіліктің толықтығы мен растығына) бақылаудың тиімді жүйесін белгілеу бойынша;

2) рисктердің ішкі бақылау мен басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін, сондай-ақ корпоративтік басқару аясындағы құжаттардың орындалуын бақылау бойынша;

3) сыртқы және ішкі аудиттің тәуелсіздігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету процесін бақылау бойынша;

  1. осы Ереженің талаптарына сәйкес өзге мәселелер бойынша ұсыныстарды әзірлеу арқылы Қоғамның Директорлар кеңесіне қолдау көрсетуге бағытталған.


III. Аудит жөніндегі комитет мүшелерінің құқығы


8. Аудит жөніндегі комитет мүшесі белгіленген тәртіптегі құқықтарға ие:

  1. Қоғамға қатысты кез келген ақпаратты Қоғамның лауазымды тұлғасынан және қызметкерлерінен, сұрау жасап, алуға құқығы бар, егерде аталған ақпарат оған Аудит жөніндегі комитет мүшесінің функцияларын жүзеге асыру үшін қажет болса;

  2. Қоғам басшыларының өкілдерін қатыстырмай, сыртқы және ішкі аудиторлармен кездесулерді өткізуге;

  3. осы Ережеде айқындалғандай, Аудит жөніндегі комитетінің қарауындағы мәселелерге бастаушы болу немесе кез келген тергеуді жүргізу;

  4. Аудит жөніндегі комитеті отырыстарының хаттамаларымен және шешімдерімен, аудиторлық тұжырымдаларымен танысу;

  5. Аудит жөніндегі комитеті отырысының хаттамасына күн тәртібінің мәселелерін және қабылданатын шешімдер бойынша өзінің ерекше пікірін енгізуді талап етуге;

  6. Аудит жөніндегі комитетінің отырысын шақыруды талап етуге;

  7. Аудит жөніндегі комитеті отырысының күн тәртібіне сұрақтарды енгізуге;

  8. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, Қоғамның Жарғысында, Қоғамның өзге де ішкі құжаттарында көзделген басқа құқықтарды жүзеге асыруға.


V. Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы



  1. Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы мына функцияларды жүзеге асырады:

1) Аудит жөніндегі комитеттің қызметін ұйымдастырады;

2) Аудит жөніндегі комитеттің отырысын шақырады және онда төрағалық етеді;

3) отырыстарда хаттаманы жүргізуді ұйымдастырады;

4) Аудит жөніндегі комитеті отырыстарының нысанын айқындайды.

  1. Төраға болмаған жағдайда, оның функцияларын Аудит жөніндегі комитетінің шешімімен Аудит жөніндегі комитеті мүшелерінің біреусі жүзеге асырады.


VI. Аудит жөніндегі комитеттің жұмыс істеу тәртібі


  1. Аудит жөніндегі комитет тоқсанда кем дегенде бір рет үнемі көзбе-көз отырыстары мен кезектен тыс отырыстарын – қажеттілігіне қарай - өткізеді. Аудит жөніндегі комитет отырысты өткізудің түрін қарастырылатын мәселенің маңыздылығына қарай белгілейді. Аудит жөніндегі комитет жыл сайын Аудит жөніндегі комитеттің жұмыс жоспарын жасайды, оны Аудит жөніндегі комитет бекітеді.

Аудит жөніндегі комитеттің отырысын оның Төрағасының бастамасы бойынша немесе:

1) Аудит жөніндегі комитеттің кез келген мүшесінің;

2) акционердің;

3) Ішкі аудит қызметінің талабы бойынша шақыруға болады.

Аудит жөніндегі комитеттің Төрағасы отырысты шақырудан бас тартқан жағдайда, бастамашы аталған талаппен Қоғамның Директорлар кеңесіне шығуына құқылы, ол Аудит жөніндегі комитеттің отырысын шақыруға міндетті.

Аталған талапты көрсеткен тұлғаны міндетті түрде шақырып, Аудит жөніндегі комитеттің отырысын өткізеді.

  1. Шешімдер Аудит жөніндегі комитеттің отырысына қатысушы мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең болған кезде, шешуші дауыс құқығы Аудит жөніндегі комитеттің Төрағасында болады.



VII. Аудит жөніндегі комитеттің функциялары





  1. Аудит жөніндегі комитет, белгіленген тәртіпте, мынадай функцияларды атқарады:

1) қаржылық есептілік мәселелері бойынша;


а) Қоғамның басшылығымен және сыртқы аудитормен қаржылық есептілікті, сондай-ақ қаржылық есептілікте қолданылатын принциптердің, қаржылық есептіліктегі елеулі бағалау көрсеткіштердің, есептіліктегі елеулі түзетулердің негізділігі мен қолайлығын талқылайды;

б) Қоғамның басшылығымен және сыртқы, ішкі аудиторлармен Қоғамның Есептілік саясатына ұсынылатын (болжамды) өзгерістерді, және сол өзгерістер есептілік мазмұнына қалай әсер ететінін талқылайды:

в) сыртқы аудитор мен Қоғамның басшылығы арасындағы Қоғамның қаржылық есептілігіне қатысты кез келген елеулі келіспеушіліктерді қарайды.

2) Рисктерді ішкі бақылау және басқару мәселелері бойынша:


а) сыртқы және ішкі аудиторлардың рисктерді ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жағдайы туралы есептерін талдайды;

б) Қоғамның рисктерін ішкі бақылау мен басқару әдістерінің тиімділігін талдайды, сондай-ақ осы және іргелес мәселелер бойынша ұсыныстарын береді;

в) Қоғам сыртқы және ішкі аудиторларының рисктерді ішкі бақылау мен басқару жүйесіне қатысты берген ұсыныстардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

г) елеулі рисктер мен бақылау проблемаларын және Қоғамның тәуекелдерінің ішкі бақылау мен басқарудың тиісті жоспарларын қарау үшін Қоғамның басшылығымен үнемі кездесулер өткізеді:

е) Қоғам тәуекелдерді ішкі бақылау мен басқару жүйесін жетілдіру бойынша әзірленген іс-шаралардың (түзету қадамын) орындау нәтижесі мен сапасын талдайды.

3) Сыртқы аудит мәселелері бойынша:


а) Қоғамның сыртқы аудиторын тағайындау мен ауыстыру бойынша мәселелерді зерделейді және аталған мәселе бойынша ұсыныстарды дайындайды:

б) сыртқы аудитор Қоғамға көрсететін (көрсетуге жоспарлаған) барлық ілеспе қызметтер тізімін сыртқы аудитордан алуды қамтамасыз етеді және оларды сыртқы аудитормен талқылайды. Қаншалықты ілеспе қызметтер аудитордың тәуелсіздігімен салыстырмалы екенін бағалайды. Қоғамның Директорлар кеңесіне сыртқы аудитордың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шараларды қолдануды ұсынады;

в) сыртқы аудитордан ілеспе қызметтерді алуды алдын ала мақұлдайды;

г) сыртқы аудитормен Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін өткізуге шарт жобасының (келісім-шарттың) елеулі ережелерін алдын ала мақұлдайды.

4) Ішкі аудит мәселелері бойынша:


а) Ішкі аудит қызметінің жұмысына жетекшілік етеді;

б) Директорлар кеңесіне санды құрамы, Ішкі аудит қызметінің өкілеттігі мерзімі, оның басшысы мен қызметкерлерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттігін мерзімнен ерте тоқтату, Ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібі туралы ұсыныстарды енгізеді;

в) Директорлар кеңесіне Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің еңбек ақысының мөлшері мен шарттары туралы және оларға сыйақы беру туралы, Ішкі аудит қызметінің қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ұсыныстарды енгізеді;

е) Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарының, оларда Директорлар кеңесі мен Аудит жөніндегі комитеті болмаған жағдайда, ішкі аудит саясатын және процедурасын алдын ала мақұлдайды;

и) ішкі аудит қызметіне алдына қойылған мақсаттарын іске асыруға кедергі болатын бар шектеулердің мәселесін қарап, осындай шектеулерді жоюға жағдай жасайды:

м) қажет болған жағдайда, ішкі аудит қызметінің мүдделі мәселелерге тәуелсіз тексеруді (бағалауды) жүргізуде бастама етеді.

  1. Заңнаманы сақтау мәселелері бойынша:


а) Қоғамның заңнаманы сақтауды қамтитын ішкі процедураларының тиімділігін бағалайды.

6) Қызметі туралы есептілік:


б) Аудит жөніндегі комитеті қызметінің нәтижесі туралы ақпаратты Директорлар кеңесінің есебіне қосуға және оны Қоғамның Жалғыз акционері алдындағы есепте көрсетуге дайындауды жүзеге асырады.

7) Өзге міндеттері:


а) қажеттілікке орай, Директорлар кеңесіне арнайы тергеуді (тексеруді) жүргізу бойынша ұсыныстарды, соның ішінде тәуелсіз кеңесшілерді (сарапшыларды) тарта отырып, әзірлейді;

в) Директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша Комитеттің құзыретіне жататын өзге де міндеттерді атқарады.


Ауд. Шөпшебаева Ш.М.

23.01.2012ж.


Похожие:

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже icon«Қазатомөнеркәсіп»
Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комиттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін бағалау туралы ереже
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ереже І. Жалпы ережелері «Самұрық-Энерго»
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібін және функцияларын,...
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже iconБекітілді «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің
«электр желілерін басқару жөніндегі қазаҚстан компанияСЫ» акционерлік қОҒамы kazakhstan
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешімміен мақҰлданған 2011 ж. 7 cәуір №2 хаттама
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» акционерлік қОҒамы kazakhstan
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже iconМАҚҰлданды «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» («kegoc») акционерлік қОҒамының директорлар кеңесі туралы ережесі
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешішімен бекітілді 2009 жылғы 20 қазандағы
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы «kegoc» акционерлік қОҒамы
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже iconҚазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы” акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі «Қазатомөнеркәсіп»
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың дұрыстығына жауап береді және ондағы берілген бар ақпараттың...
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже iconKegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «20» қазандағы №10 хаттамасы шешімімен бекітілді
Ереже Қоғамдағы Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібі мен міндеттерін,...
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже icon2007 жыл 1-бап. Жалпы ережелер
«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі Қоғам) Директорлар кеңесінің Хатшысы – Корпоративтік хатшы туралы осы Ереже (әрі...
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже iconБекітілді: келісілді: «kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің хаттамасы Басқарма хаттамасы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница