Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы




НазваниеДенсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
страница1/5
Дата конвертации14.02.2013
Размер0.49 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5


Жоба
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


Бағдарламаның аты

Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы

Дайындаудың негізі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы

Әзірлеушілер

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Бағдарламаның мақсаты

Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын нығайту және елдің әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру

Міндеттері

  • азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекетті жақсарту арқылы халықтың денсаулығын одан әрі нығайту және санитариялық-эпидемиологиялық саулықты қамтамсыз ету;

  • медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға басымдық бере отырып, денсаулық сақтаудың Ұлттық бірыңғай жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру,;

  • кадрлық патенциалдың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру. Инновациялық технологияларды әзірлеуге және енгізуге бағдарланған медицина ғылымын дамыту.

Іске асыру мерзімі

2011 – 2015 жылдар

Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері




Мақсаттық индикаторлар

  • 2015 жылға дейін халық санын 20 млн. адамға жеткізу

  • өмір сүрудің күтілетін ұзақтығын 69 жасқа дейін ұзарту

  • өлім-жітімнің жалпы коэффицентін 7,6-ға дейін азайту

  • сәбилер өлімі көрсеткішін 1000 тірі туған балаға шаққанда 18,5-ке дейін төмендету

  • босанғаннан кейінгі ана өлімі көрсеткішін 100 000 жағдайға шаққанда 30,0-ға дейін төмендету

  • жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткішін 100 мың адамға шаққанда 410,0-ға дейін төмендету

  • онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткішін 100 мың адамға 100-ге дейін төмендету

  • туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткішін 100 мың адамға шаққанда 10,0-ге дейін төмендету

  • травматизмнен болатын өлім-жітім көрсеткішін 100 мың адамға шаққанда 106,0-ге дейін төмендету

  • АИТВ-мен ауырудың көбеюі көрсеткішін қысқарту

  • салауатты өмір салтын қалыптастыру, оның ішінде темекі тартуды 18,6%-ға дейін және алкоголь ішуді 14,0%-ға дейін азайту

  • медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру



КІРІСПЕ

Қазақстандағы нарықтың қатынастың қазіргі жағдайларында әрбір адамның денсаулығы халық денсаулығының құрамды бөлігі ретінде, оның толыққұнды бағасын ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің потенциалын анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму өлшемін анықтайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, деркезділігін, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге жұмылдыратын әлеуметтік бағдарлы жүйені ұсынатын денсаулық сақтау саласы, халық әл-аухатының бірқалыпты және тұрақты жақсаруы тұрғысынан алғанда Республикадағы негізгі және басымдық берілетін саланың бірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2030. Өркендеу, қауіпсіздік және қазақстандықтардың әл-аухатын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын қорғау деңгейін жақсарту қажет екендігі жөнінде «Біз өз қоғамымызды құру барысында адамдарымыздың өмір бойы дені сау және оларды қоршаған ортаның да сау болуы үшін қарқынды күш жұмсауымыз керек» деп айтылған, ол медициналық және сол сияқты медициналық емес сипатқа ие құрамнан тұрады.

Соңғы онжылдықта Қазақстанда жүргізіліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы саясатқа экономикалық және саяси трансформацияның салдары қатты әсер етті, сонымен қатар денсаулық сақтаудағы реформалар бірнеше рет түбегейлі өзгеріске ұшырады. Қазіргі таңда Қазақстанның Денсаулық сақтау жүйесі оның құрылымдарын экономиканың барлық секторларымен ықпалдастыққа негізделген перспективалық мақсаттар анық көрінетін жаңа стратегиялар енгізіп, сондай-ақ дамудың замануи ғылыми және институциялық технологияларын қолданып одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Республикадағы денсаулық сақтау жүйесі елдің көпсалалы экономикасының жүйелі жаңаруымен ықпалдасуы − денсаулық сақтауды дамытудың негізгі принциптерінің біріне айналуы керек. Яғни, денсаулық сақтау елдің ұлттық экономикалық доктринасының бір бөлігіне айналуы тиіс. Дамыған қоғамда денсаулық сақтау ісі және онымен байланысты фармацевтикалық индустрия, биотехнология, ақпараттық технологиялар, медициналық сервис, медициналық сақтандыру сияқты салалар тұрақы экономикалық дамудың өзара байланысты элементтері.

Денсаулық сақтауды тұрақты дамыту бағдарламасын жүзеге тиімді асыруды қамтамасыз ету үшін дамуды стратегиялық жоспарлау және басқару, тиімді және дұрыс қаржыландыру, сапалы нормативтік база, алдыңғы қатарлы ғылыми-әдістемелік және институциялық базалар сияқты компоненттер қажет. Қазақстанда экономиканың әлеуметтік секторларын дамыту шеңберіндегі денсаулық сақтау саласын дамытудың ұлттық институттары қажет, олардың мақсаты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін тұрақты дамытуды ғылыми, ұйымдастырушылық-әдістемелік, білім беру және қаржыландыру тұрғысынан қамтамасыз ету болуы керек.

Президент Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызметтің сапасын жақсарту және денсаулық сақтау жүйесінің жоғарытехнологиялық дамуы болуы керек деп атап көрсетті. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді түсінік және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінен медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын, кәсібилік деңгейі және клиникалық мамандардың оны арттыруға деген мотивациясының болуын, медициналық көмек көрсету және ұйымдастыру процестерін басқарудың заманауи технологияларын енгізуді бөлек атап өткен жөн. Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту бағдарламасында медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру маңызды орын алады.

Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша ұқсас басқа да елдермен салыстыра отырып денсаулық сақтау жүйесі жағдайының бағасына, Халық денсаулығының қазіргі жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) стратегиялық басым бағыттары және іске асыру механизмдері анықталды.

Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық ықпалдастықты есепке ала отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауға қажетті заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету шаралары қарастырылған. Саланың нарықтық қатынастарға бейімделуі де қаралған: жекеменшік нысандардың көпқұрылыстығын дамыту, медициналық қызметтердің нарығын құру, медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестік қатынастар.

Осы Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз формаларына өту жағдайларын құру, саланың профилактикалық бағытын қамтамасыз ету, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына сәйкестендіру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға әсер етеді.
АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реформалаудың және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Мембағдарлама) іске асыру барысында нақты нәтижелерге қол жетті:

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі қабылданды;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ең төменгі стандарттар белгіленді;

ана мен сәби өлімін азайту, қан құю қызметін жетілдіру, ЖИТС індетіне қарсы әрекет ету, кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту, «Салауатты өмір салты» бойынша салалық бағдарламалар әзірленді және енгізілді;

шекараны санитариялық қорғау жүйесі құрылды, мемлекеттік шекарада санитариялық-карантиндік пунктер желісі тартылды, ел аумағын аса қауіпті инфекциялық аурулардың тасымалдануы мен таралуынан қорғау қамтамасыз етілді;

медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) қызметіне реформа жүргізілді, оның нәтижесінде жалпыдәрігерлік практика принципі енгізіледі, қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау үшін балаларды, ересектерді профилактикалық қарап-тексеру жүргізіледі, репродуктивтік жүйенің онкопатологиясын ерте анықтау үшін әйелдерді скринингтік зерттеу, дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті түрде қамтамасыз ету жүргізілді;

мемлекеттік медициналық ұйымдар желісін типтендіру және стандартизациялау жүргізілді, желінің мемлекеттік нормативі бекітілді;

денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі іс-шаралар жүргізілді;

медициналық тәуелсіз сараптама жүйесі құрылды;

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтаудың ұлттық бірыңғай жүйесі енгізілді;

стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін бюджетті облыстық деңгейде шоғырландыру жүргізілді, ал 2010 жылдан бастап республикалық деңгейде жүргізіледі;

денсаулық сақтау менеджерлерін дайындау жұмыстары басталды;

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында институтциялық реформалар жүргізу және технологияларды беру жөніндегі Дүниежүзілік банкпен бірлескен жобаны іске асыру жұмыстары басталды;

дәрілік заттар дистрибутциясының бірыңғай жүйесі енгізілді;

денсаулық сақтау саласына ақпараттық технологияларды енгізу басталды: барлық аймақтарда медициналық ақпараттық-талдау орталығы құрылды;

санитариялық-эпидемиологиялық қызметті қайта құрылды, бақылау-қадағалау функциясы жүйесінен зертханалар бөлінді және басқару сатысы құрылды;

денсаулық сақтау саласын бақылаудағы тіуекелді бағалау жүйесі енгізілуде.
Медициналық-демографиялық жағдай және аурушаңдық
Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде демографиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады. Республикадағы халық саны 2005 жылмен салыстырғанда 762,6 мың адамға өсті және 2010 жылдың басында 15981,9 мың адамға жетті.

Соңғы жылдары Қазақстанда бала туу деңгейінің 18,42-ден (2005 ж.) 22,75-ге (2008 ж.) дейін жоғарылағаны, өлім-жітім көрсеткішінің – 9,74 (2005 ж. – 10,37) тұрақтанғандығы, халықтың табиғи өсімінің коэффиценті 1 000 адамға шаққанда 13,01-ге (2005 ж. – 8,05) дейін өскені байқалады.

Демографиялық жағдайдағы оң өзгерістерге қарамастан әйелдер мен балалар денсаулығының деңгейі нашар. Репродуктивтік денсаулық мәселесі өзекті күйінде қалып отыр, некелескендердің 16%-бедеу. Акушериялық қанкету, гестоздар, экстрагенталиилік патология ана өлімінің негізгі себептері болып келеді (100 мың тірі босанғандарға шаққанда 2005 ж. – 40,5; 2009 ж. – 36,9).

Сәби өлімінің деңгейі 1000 тірі туған балаға шаққанда 2005 жылы 15,1-ді құрады. 2008 жылдан бастап тірі туу және өлі туу критерийлерін қолдануға байланысты сәби өлімінің көрсеткіші 20,7-ні құрады және 2009 жылы 1000 тірі туған балаға шаққанда 18,4-ке дейін төмендеу үрдісі байқалады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реформалау және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырған уақытта аурушаңдық және өлім-жітімнің кейбір көрсеткіштерінің төмендегені байқалады. Туберкулезден болған аурушаңдық және өлім-жітім көрсеткіші (100 мың адамға шаққанда сәйкесінше 147,3-тен 105,5-ке дейін және 20,8-ден 12,5-ке дейін) төмендеген. Сонымен қатар туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай ушыққан күйде қалып отыр. ГИК-тің рейтингісінде Қазақстан туберкулезбен аурушаңдық бойынша 94-орынды (2007 жылғы көрсеткіш 130,0) және туберкулездің бизнеске әсер етуі тұрғысынан 111 орынды алады.

Жүргізіліп отырған көлемді құрылысқа, туберкулезді DOTS-плюс емдеу бағдарламасын іске асыруға қарамастан туберкулездің таралуын, дәріге түрлері дамуын, туберкулезден болатын өлім-жітімді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері өзекті күйінде қалып отыр.

Қатерлі ісікпен аурушаңдықтың кейбір көрсеткіштері (100 мың адамға шаққанда 192,5-тен 182,6-ға дейін) төмендесе де, асқынған түрлері көбеюде (16,2%), ал өлім-жітім көрсеткіші жалпы өлім-жітім себептерінің ішінде екінші орын алады (12,6%).

ДДҰ-ның деректері бойынша Қазақстан АИТВ-ЖИТС эпидемиясының шоғырлану сатысында (орта әлемдік көрсеткіш 1,1 % болған кезде халықтың 0,2%-ы). Халықаралық сарапшылардың бағалау деректері бойынша Қазақстанда АИТВ-мен ауыратын адамдардың саны 16 мың адамды құрайды. Ол тіркелген адамдардың санын 2 есеге дерлік арттырып отыр, ал АИТВ/ЖИТС бойынша жағдайдың күрделену мүмкіндігі жоғары, себебі бірінші кезекте есірткіні инъекция арқылы қолданатын адамдардың іс-әрекеттері қауіпсіз емес және жастардың АИТВ туралы білім-танымдары төмен және осының салдары ретінде жыныстық жолмен жұқтыру жағдайларының артуы байқалады.

Травматизм тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар әлем елдерінің көпшілігі үшін қазіргі заманғы медициналық-әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Қазақстанда жарақаттар халықтың аурушаңдық құрылымында, еңбекке уақытша жарамсыздық және өлім-жітім құрылымында екінші орын, бірінші рет мүгедектікке шығу бойынша үшінші орынды алады.

Экологиялық ахуалдың нашарлауы қоршаған ортаның зиянды факторлары әсерінен дамыған ауруларды (тыныс алу ағзаларының аурулары, онкологиялық аурулар, аллергиялық аурулар және т.б.) диагностикалау және емдеу қызметіне деген сұраныстың артуына ықпал етеді.

Соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың оң динамикасы байқалады, маңызды инфекциялық аурулардың бір қатары төмен деңгейде тіркелген, ал вакцинамен басқарылатын кейбір инфекциялық аурулар бойынша толық жою немесе элиминация міндеті жолға қойылған.

Жыл сайын қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз етілген халықтың үлес салмағы артып келеді, ол 2009 жылғы қорытынды бойынша 81,8%-ды құрады, эпидемиялық маңызды объектілердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы жақсаруда. Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында қажетті профилактикалық іс-шаралар кешені қамтамасыз етілді, оларда халықтың сырқаттанушылығының топтық жағдайларына жол берілген жоқ. Шектес мемлекеттермен эпидемиологиялық жағдай күрделенгені туралы шұғыл хабарлау жүйесі енгізілді.

Сонымен қатар, қызметтің инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша қоғамдық денсаулық сақтаудағы қызметін күшейту мәселелері шешімін таппай келеді. Өткізілетін санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың сапасы мен жеделдігін арттыру қажет, аккредиттеу жүйесі төмен дамыған, зертханалық зерттеулердің және адамның денсаулығына сыртқы орта факторларының қауіп-қатерлерін бағалаудың халықаралық стандарттары жеткіліксіз енгізілген. Өнімнің және қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі дамымаған. Дезинфекциялау ісін жетілдіру қажет етіледі, дезинфекциялау қызметімен айналысатын субъектілерді бірыңғай үйлестіру қажет. Биологиялық терроризмнің өсу қауіп-қатеріне және аса қауіпті инфекциялардың таралуына байланысты биологиялық қауіпсіздіктің ұлттық жүйесін құру қажет.

Халық денсаулығын қалыптастыруда медицинаның үлесі 10-12%-ды құрайтыны баршаға мәлім. Сонымен қатар, қазіргі уақытта сектораралық серіктестік тетігі жолға қойылмаған, ол денсаулық сақтау саласындағы министрліктер мен ведомстволардың өз міндеттерін жете түсінбеуіне, жауапкершілікті нақты бөлісудің болмауына, денсаулық сақтау проблемаларын ақпараттық қолдаудың төмендігіне байланысты.

Жалпы алғанда халықтың денсаулығы деңгейінің төмен болуының себебі, салауатты өмір салын ұстану және аурулардың алдын алу, қоршаған ортаның, суды пайдалану мен тамақтанудың қолайсыз жағдайының сақталуы мәселелерінде халықтың құзыреті мен ынтасының болмауында. Одан басқа, денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық белсенділігінің төмендігі, яғни ауруларды болдырмау емес, оларды емдеуге бағытталу сақталуда.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы iconЖастарға жанашырлық Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында өткен...
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы iconҰлттық медицина қауымдастығыың президенті Айжан Бегайдарқызы Садықованың Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына пікірі
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаның жобасы ( бұдан әрі Мембағдарлама) бүгінгі...
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша 2012 жылдың
Бағдарламалық құжаттың деректемелері: Шығыс Қазақстан облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама)...
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы iconДенсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Азақстан Республикасы Президентінің «2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы icon1 -бөлім. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту болжамы Тұжырымдама Қазақстан Републикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы icon2011 жылғы 17 қазандағы №435 бұйрық Мемлекеттік мекемелер арасынан
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011...
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы iconМаңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығының «Денсаулық сақтау нығайту мектептері мен колледждер» және «Денсаулық университеттері» 2012 жылғы І тоқсанның есебі
Еспубликасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламсының негізгі...
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы iconАтауы Мәртөк ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы
Р президентінің 2010 жылғы 19 наурыз №958 «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық...
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница