Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі




Скачать 65.65 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі
Дата конвертации14.02.2013
Размер65.65 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі
«Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 143-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесінде:

4, 6, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Сату жоспарын сатушы түгендеу деректерінің және борышкердің конкурстық массасын бағалау негізінде осы Ережеге 1-қосымшага сәйкес жасайды.

Ауыл шаруашылығы ұйымы болып табылатын борышкердің мүлкін (активтерін) сату жоспары міндетті түрде қызметінің негізгі түрін сақтай отырып, борышкердің мүлкін бастапқыда аукционға бірыңғай лотпен шығару туралы қосымша шартты қамтиды.

Сату жоспарына: түгендеу актісі, бағалау актісі (бағалауды жүргізген кезде) немесе мүлікті теңгерімдік құны бойынша қоюға келісу туралы кредиторлар комитетінің хаттамалық шешімі, құқық белгілейтін құжаттар, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда, заңнамада белгіленген тәртіппен алынған мүлікке (активтерге) құқықты іске асыруға мемлекеттік органдардың жазбаша келісімі қоса беріледі.

Сату жоспарын борышкердің кредиторлар комитеті бекітеді.»;

«6. Бағалаушыны тарту конкурстық негізде бағалау ұсыныстарына сұрау салу әдісімен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ақпараттық хабарлама қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына немесе борышкер және (немесе) оның мүлкі орналасқан жер бойынша тиісті облыста (республикалық маңызы бар қалада) таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялана отырып, жүргізіледі.

Сонымен бір мезгілде конкурстық басқарушы ақпараттық хабарламаны уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялау үшін оны уәкілетті органға ұсынады.

Уәкілетті орган конкурстық басқарушы ұсынған борышкердің мүлкін (активтерін) бағалау бойынша қызметтерді сатып алу жөнінде конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламаны екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурсында орналастырады.»;

«9. Сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу үшін сатушы қызметіне ақы төлеу комитет кредиторы бекіткен смета шегінде борышкер мүлкінің есебінен жүргізілетін сауда-саттықты ұйымдастырушыны тартуға құқылы.

Сауда-саттықты ұйымдастырушыны тарту конкурстық негізде бағалау ұсыныстарына сұрау салу әдісімен осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес ақпараттық хабарлама қазақ және орыс тілдерінде борышкер және (немесе) оның мүлкі орналасқан жер бойынша тиісті облыста (республикалық маңызы бар қалада) таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялана отырып, жүргізіледі.

Сонымен бір мезгілде конкурстық басқарушы ақпараттық хабарламаны уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялау үшін оны уәкілетті органға ұсынады.

Уәкілетті орган конкурстық басқарушы ұсынған сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметтерін сатып алу бойынша конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламаны екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурсында орналастырады.

10. Сату жоспарында көзделген сауда-саттық жүргізу туралы ақпараттық хабарлама осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына және борышкер және (немесе) оның мүлкі орналасқан жер бойынша тиісті облыста (республикалық маңызы бар қалада) таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында сауда-саттық жүргізілгенге дейін кемінде 15 жұмыс күні бұрын жарияланады.

Егер сату жоспары бойынша барлық ұсынылатын лоттардың бастапқы құны 300 айлық есептік көрсеткіштен аспаған жағдайда, сауда-саттық жүргізу туралы хабарламаны жариялау борышкер және (немесе) оның мүлкі орналасқан жер бойынша тиісті облыста (республикалық маңызы бар қалада) таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жүргізіледі.

Сонымен бір мезгілде конкурстық басқарушы ақпараттық хабарламаны уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялау үшін оны уәкілетті органға ұсынады.

Ауыл шаруашылығы ұйымының конкурстық массасын сату жөніндегі аукционды өткізу уақыты мен орнын конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінің келісімімен «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес анықтайды.

Уәкілетті орган конкурстық басқарушы ұсынған борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы ақпараттық хабарламаны екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурсында орналастырады.»;

көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2012 жылғы

20 маусымдағы

№ 809 қаулысына қосымша
Борышкердің мүлкін (активтерін)

сату жөнінде сауда-саттық жүргізу

ережесіне 1-қосымша
«Бекітілген»

Кредиторлар комитеті отырысының

20_____ ж.« » № ______ хаттамасы
_____________________________

Кредиторлар комитетінің төрағасы

_____________________

(Т.А.Ә., қолы)

_____________

(күні)
Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жоспары

___________________________________________

(борышкердің атауы)
Осы сату жоспары «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 84-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысымен бекітілген Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесіне (бұдан әрі – Ереже) және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленген.

Атауы және деректемелері (СТН, БСН (ЖСН)___________

Заңды мекенжайы______________________________

Банктік есепшоты________________________________

Қызметтің негізгі түрі________________________________ _____________________облысының (қаласының) мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 20____ жылғы «___» шешімімен

_______________________банкрот деп танылды.

(борышкердің атауы)

20___ жылғы «____» _______№ ___ бұйрықпен конкурстық

басқарушы болып ______________________тағайындалды.

(Т.А.Ә.)
Конкурстық басқарушы борышкердің мүлкін (активтерін) түгендеуді

20______жылғы «____» бастап 20 ____ жылғы «___»____________ аралығында жүргізді.

Борышкердің мүлкін (активтерін) бағалауды ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті

20 ___жылғы «_____» берген, тіркеу нөмірі ____мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензиясы бар ________________________________________________жүргізді. (атауы, СТН, БСН (ЖСН) 20____жылғы «____» _____(

шартқа сәйкес 20____ жылғы «______»

20__ жылғы «____» аралығында бағалау жүргізілді (бағалау жүргізілген жағдайда).

Мүлік сатуға _____ лоттармен қойылады:


Лот-

Лоттың

Мүліктің

Бастапқы

Сауда-

Голландтық

Бағаны

тың



сипаттамасы (шығарылған/ тұрғызылған жылы,техникалық жағдайы және басқа)

құны (мың теңге)

бағасы (мың теңге)

саттықты

өткізу

әдісі

тәсіл кезіндегі ең төменгі

баға

(ағылшын

тәсілі кезінде

көрсетілмей-

ді)

жоғары-

лату/

төменде-

ту

қадамы







теңгері-мдік

баға-лау














20 ____ жылғы «____» _____ шартқа сәйкес сауда-саттықты

ұйымдастырушы _____________________________________________________

(Атауы/Т.А.Ә., СТН, БСН (ЖСН) (сауда-саттықты ұйымдастырушыны тартқан жағдайда).

Сатып алушыға қойылатын қосымша талаптар ___________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(негіздеме)
Конкурстық басқарушы

_____________

(Т.А.Ә., қолы)

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 3 маусым №622 Астана, Үкімет үйі
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қазандағы №1100 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 25 маусым №708 Астана, Үкімет үйі
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 21 маусым №681, Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы №252 қаулыcына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 5 шілде №910 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы №1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 22 маусым №826 Астана, Үкімет үйі
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы 50-бабының 1-тармағына...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 18 маусым №799 Астана, Үкімет үйі Жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 31 тамыз №1131 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 ақпандағы №76 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1028 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 18 қаңтар №97 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы №1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 20 маусым №809 Астана, Үкімет Үйі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 3 қыркүйек №1139 Астана, Үкімет Үйі
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы №787 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница