Қазақстан Республикасының




НазваниеҚазақстан Республикасының
страница1/6
Дата конвертации14.02.2013
Размер0.68 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасының

Заңы

 

Лицензиялау туралы

(2011.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Түпнұсқада мазмұны жоқ  1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда реттелетін қатынастар

1. Осы Заңда қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледі.

2. Осы Заңда жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық шарт шеңберінде лицензиялар беруге байланысты қатынастар реттелмейді.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) біліктілік талаптары - өтініш берушінің жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;

2) бірыңғай технологиялық процесс - лицензияланатын бір қызмет түрінің шеңберінде өндіріс процесінде орындалатын технологиялық өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

3) жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау - лицензия беру мониторингтеу мақсатында белгіленген шара;

4) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) лицензиардың электрондық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы лицензиар енгізген мәліметтерді қамтитын лицензиялардың мемлекет­тік электрондық тізілімінің ажырамас бөлімі;

5) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;

6) лицензия - тиісті лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға қызметтің жекелеген түрімен айналысуға беретін рұқсаты;

7) лицензияланатын қызмет түрі (бұдан әрі - қызмет түрі) - айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір іс-әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);

8) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі (бұдан әрі - қызметтің кіші түрі) - тиісті қызмет түрін бір лицензия шеңберінде нақтылау;

9) 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімі – берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын, лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды

9-2) лицензиялардың сәйкестендіру нөмірі – лицен­зиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде генера­цияланатын бірегей код;

10) лицензиялау - лицензияларды беруге және қайта ресімдеуге, лицензиаттардың тиісті талаптарды сақтауын лицензиарлардың бақылауды жүзеге асыруына, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға және қайта бастауға, лицензиялардан айыруға байланысты іс-шаралар кешені;

11) лицензиялық бақылау - лицензиардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын лицензиаттардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;

12) өтініш беруші - лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы тиісті лицензиарға өтініш жасаған жеке немесе заңды тұлға;

13) уәкілетті орган - мемлекеттік саясатты әзірлеу мен жүргізуді жүзеге асыратын және лицензиялау саласындағы басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды

14) электрондық лицензия – қағаз жеткізгіштегі лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресімделетін және берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия.

 

4-бап. Лицензиялаудың негізгі принциптері

1. Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін белгіленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Қызметтің жекелеген түрлері бойынша лицензиялық тәртіп енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді.

3. Осы Заңда қызмет түрлерінің және қызметтің кіші түрлерінің егжей-тегжейлі тізбесі белгіленеді.

4. Осы Заңға жаңа қызмет түрлері және (немесе) қызметтің кіші түрлері енгізілген кезде оларды лицензиялау біліктілік талаптары мен қызмет түрлерін лицензиялау ережелері белгіленетін тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады.

Біліктілік талаптарын, қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс жекелеген тауарлар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер осы актілер ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күндік мерзім өткенге дейін қолданысқа енгізіле алмайды.

5. Қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өнімге қойылатын талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті түрде растау жөніндегі талаптар мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына жету үшін жеткіліксіз болған жағдайларда белгіленеді.

6. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

7. Лицензияның күші, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

8. Бірыңғай технологиялық процеске кіретін және (немесе) қызмет түрін жүзеге асырудың қажетті элементі болып табылатын қызмет түрлері лицензиялануға тиіс емес.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді

9. Мемлекеттiк органдар, дербес бiлiм беру ұйым­да­ры және олардың ұйымдары, оның iшiнде аталған ұйым­дарда бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн және (немесе) iске асыратын шетелдiк заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асы­ратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етi­летiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi.

Кредиттік серіктестіктер, өзара сақтандыру қоғамдары, электрондық үкімет­тің» төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүргізетін қызметті қоспағанда, қаржы саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана жол беріледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік лицензиялау жүйесі

 

5-бап. Мемлекеттік лицензиялау жүйесінің құрылымы

Мемлекеттік лицензиялау жүйесі:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметінен;

2) уәкілетті органнан;

3) лицензиарлардан тұрады.

 

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:

1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлеу;

2) лицензиарлар тізбесін айқындау;

3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітетін біліктілік талаптарын, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлеріне біліктілік талаптарын қоспағанда, біліктілік талаптарын бекіту;

4) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітетін қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін қоспағанда, қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін бекіту;

5) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекітетін өтініш нысанын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш нысанын бекіту;

6) өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға тиіс улардың тізбесін бекіту;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитариялық-эпидемиологиялық, өнеркәсіп, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау саласында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының бірыңғай нысанын бекіту;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді

8) қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсіп, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы органдардың қорытындысы қажет қызмет түрлерінің және қызметтің кіші түрлерінің тізбесін бекіту;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды

9) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу тәртібін белгілеу;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңында, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті органның құзыретіне:

1) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

2) лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімін дамытуды, оған қол жеткізу құқықтарын белгілеуді, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді басқару;

3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

8-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті

Лицензиарлар:

1) біліктілік талаптарының және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерінің жобаларын әзірлеуді жүзеге асырады.

Біліктілік талаптарының және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерінің жобаларын әзірлеуді, егер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы лицензиар болып табылса, орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

2) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілеуді;

3) лицензиялауды;

4) лицензиялық бақылауды;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді  (бұр.ред.қара)

5) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

Лицензиардың электрондық тізілімінде және лицен­зиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде мынадай мәліметтер:

лицензиардың атауы;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның берілген күні және нөмірі;

дара кәсіпкер үшін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған кезде) тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжатының деректері, сондай-ақ жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген жағдайда куәліктің нөмірі және оның берілген күні;

заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі және берілген күні;

қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрлері;

лицензияның қолданылу мерзімі;

салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

төлем тапсырмасының нөмірі және лицензиялық алым төленген күн;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу негіздері және күні;

лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау негіздері және күні;

лицензияның қолданылуын тоқтату негіздері және күні көрсетілуге тиіс;

2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін сұрап қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсіп, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы органдарға сауал жіберуді;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді  (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық қызмет көрсетуді;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады.

 

 

  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Орман кодексі
Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының icon2011 жылғы 29 сәуір №458 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауiпсiздiгi қағидасын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы»
Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №20, 80-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 19 қаңтар №141 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының қорғасыны және Қарулы Күштері туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заныңа сәйкес...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі
Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 7 қараша №1302, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының...
Қазақстан Республикасының iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 2 шілде №760 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница