Даулетиярова Гүлмира Кеңесқызы бастауыш сынып мұғалімі Дүниетану 3 «Г» сынып Сабақтың тақырыбы




Скачать 39.07 Kb.
НазваниеДаулетиярова Гүлмира Кеңесқызы бастауыш сынып мұғалімі Дүниетану 3 «Г» сынып Сабақтың тақырыбы
Дата конвертации17.11.2012
Размер39.07 Kb.
ТипДокументы
Даулетиярова Гүлмира Кеңесқызы

бастауыш сынып мұғалімі
Дүниетану

3 «Г» сынып
Сабақтың тақырыбы: Ел рәміздері

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін оқып, үйрену,

рәміздердің әрбір белгісін түсіндіру, мағынасын ашу, суреттей білуге үйрету.

Балалардың өз Отанына деген сенімдері мен сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Сөздік қорын молайту, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Ту, Елтаңба, мемлекеттік мекемелер суреттері.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Пайданылатын әдебиеттер: Әдістемелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру






  1. Әнұран орындалады.

  2. АНТ қабылданады



ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Балаларға үй тапсырмасын мазмұндату, қосымша сұрақтар қою.

- «Халықтық мереке» деп неге айтамыз? Оларды ата.

- «Кәсіптік мереке» деп неге айтамыз?

- Ауыл шаруашылық мерекелерді ата.

- Ол қай кезде тойланады?
ІІІ. Жаңа сабақ.

Екінші сыныпта оқығандарын еске түсіру.

Сұрақтар

  1. Мемлекеттік тудың авторы кім?

  2. Онда қандай суреттер бейнеленген?

  3. Елтаңбаның авторы кім?

  4. Онда қандай суреттер бейнеленген?

  5. Әнұранның сөзін және әнін жазғандар кімдер?


ҮІ. Кіріспе (түсіндіру) Ендеше балалар бүгін «Ел рәмәздері» туралы толығырақ танысамыз.

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазайық. Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба, Әнұран жататынын білеміз. Сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез-келген азаматтар рәміздерді құрметтеуге міндетті.

а) Тудың көгілдір түсі-адалдық , кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны. Күн бейнесі-байлық пен берекенің белгісі. Қыран бүркіт нышаны әдетте билік, көрегендік пен кеңдік, күш-қайрат ұғымдары арқылы айқындалады.

Мемлекеттік Ту- Республика Президенті сарайында, Парламеттің, Үкіметтің, Министрлердің ғимараттарында және мемлекеттік мекемелерде орнатылады.





Сонымен қатар Тудың алдында әскер адамдары Отанға адал қызмет етуге ант қабылдайды.



Ту 1992 жылы бекітілді. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков.


Ол 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

ә) Елтаңба бүкіл әлем мойындаған мемлекеттің ерекше маңызды нышаны. «Герб» сөзі неміс сөзінен аударғанда «мұра» немесе «енші» деген мағынаны білдіреді. Мемлекеттік Елтаңбаны Туға, мөрге, металл ақшаға, мемлекеттік ғимараттарға сонымен қатар Қазақстан Республикасының азаматы екендігін айқындайтын төлқұжаттарда да салынады. Тұрақты орнатылатын жері: Республика Президенті жұмыс бөлмесінде,Парламент мәжілістері өтетін залда, мемлекеттік мекемелер басшысының бөлмелерінде орнатылады.


Елтаңба Отанымыздың тәуелсіз,егеменді, дербес ел екендігін айқындайды.

Қазақстан Елтаңбасы 1992 жылы қабылданды. Авторы: Жандарбек Мәлібекұлы,

Шот-Аман Уәлиханов.



Жандарбек Мәлібекұлы 1924 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген.

Шот-Аман Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. Бұлар атақты сәлетшілер.

б) Әнұран мәтінін жаттап алып,салтанатты жағдайларда қосылып айту әрбір адамның парызы.

Біз күн сайын Қазақстан телеарнасының бағдарламасы басталғанда, аяқталғанда мемлекеттік Әнұранды естиміз. Әуені көңілді толқытады,жаныңды шаттыққа бөлейді, елімізге деген қуаныш сезіді толтырады. Әнұран салтанатты жиналыстарда, мәжілістерде, шет елдің мемлекет басшыларын қарсы алғанда және шығарып салғанда орындалады. Әнұран орындалғанда орнымыздан тұрып, оң қолымызды көкірегімізге қойып тыңдаймыз. Бұл деген елімізге деген зор құрмет.


Әнұранның сөзің жазған Нұрсұлтан Назарбаев, әні: Шәмші Қалдаяқов.
Ү. Оқулықпен жұмыс:

а) Мәтінді тұтас оқыту.

ә) Мәтінді бөлімге бөліп оқыту.
ҮІ. Дәптермен жұмыс

Әнұран мәтінін жаттап алып, салтанатты жағдайларда қосылып айту-әрбір азаматтың парызы.
Тапсырма:

Мемлекеттік рәміздерді неліктен құрметтейміз?

Ту, Елтаңба қай жерлерде орнатылады?

Әнұранды естігенде қандай күйде боласыңдар?
Сабақты қорытындылау:

Балалар Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.Олай болса еліміздің болашағы сендерсіңдер.

Сабаққа қатысқан оқушыларды деңгейіне қарай бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұндау. Елтаңба , Тудың суретін салу.

Похожие:

Даулетиярова Гүлмира Кеңесқызы бастауыш сынып мұғалімі Дүниетану 3 «Г» сынып Сабақтың тақырыбы iconТақырыбы: Көз көру мүшесі
Павлодар қаласының мемлекеттік мекемесі Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Такиева...
Даулетиярова Гүлмира Кеңесқызы бастауыш сынып мұғалімі Дүниетану 3 «Г» сынып Сабақтың тақырыбы iconБастауыш сынып мұғалімі Алдешова Гүлмира Белдибекқызы Сабақтың тақырыбы: Ұялы телефон және компьютер Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: ұялы телефон мен компьютердің пайдасы мен зияны туралы түсіндіру
Даулетиярова Гүлмира Кеңесқызы бастауыш сынып мұғалімі Дүниетану 3 «Г» сынып Сабақтың тақырыбы iconМектеп басшыларына! 18. 03. 2011 жыл 1 2011 жылдың 20, 21 сәуірі күндері бастауыш класс мұғалімдеріне арналған қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011»
«Үздік бастауыш сынып мұғалімі 2011» байқауы өткізіледі. Сұраныс 12 сәуірге дейін қабылданады
Даулетиярова Гүлмира Кеңесқызы бастауыш сынып мұғалімі Дүниетану 3 «Г» сынып Сабақтың тақырыбы iconБулекбаева Асель Камиловна Астана қаласы №56мектеп-лицей Бастауыш сынып мұғалімі Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша оқушыларда жануарлардың жемін қалай аулайтыны туралы білім, біліктіліктерін кеңейту. Өз білген,...
Даулетиярова Гүлмира Кеңесқызы бастауыш сынып мұғалімі Дүниетану 3 «Г» сынып Сабақтың тақырыбы iconСырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ж.Қ. Утебаеваның 3 «Б» сынып оқушыларымен өткізген тәрбие сағыты

Даулетиярова Гүлмира Кеңесқызы бастауыш сынып мұғалімі Дүниетану 3 «Г» сынып Сабақтың тақырыбы iconБастауыш сынып оқушыларын субьект ретінде ана тілі сабағындағы белсенді әдіс – тәсілдерді қалыптастыру. О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі. Бастауыш сынып мұғалімі: Ибраева А. Б
Субъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Оқытудың белсенді әдісі, дидактика заңдары, теориялық...
Даулетиярова Гүлмира Кеңесқызы бастауыш сынып мұғалімі Дүниетану 3 «Г» сынып Сабақтың тақырыбы iconӨскемен қаласы «№42 орта мектеп» мм 2 сынып Өзін өзі тану пәні Бастауыш сынып мұғалімі
Балалар кәне енді бүгінгі сабағымызда бір – бірімізге тілектерімізді айтып шығайық
Даулетиярова Гүлмира Кеңесқызы бастауыш сынып мұғалімі Дүниетану 3 «Г» сынып Сабақтың тақырыбы iconДаулетиярова Гүлмира Кеңесқызы
Білімділігі: Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын есімнің салыстырмалы жұрнақтары туралы алған білімдерін еске...
Даулетиярова Гүлмира Кеңесқызы бастауыш сынып мұғалімі Дүниетану 3 «Г» сынып Сабақтың тақырыбы iconАға оқытушы Рысбекова Лаззат Касымбековна
Абай атындағы педагогикалық институты, бастауыш сынып мұғалімі және ұлт мектептерде орыс тілі пәнінің мұғалімі
Даулетиярова Гүлмира Кеңесқызы бастауыш сынып мұғалімі Дүниетану 3 «Г» сынып Сабақтың тақырыбы iconАшық сабақ (8-сынып) Сабақтың тақырыбы
ОҚО, Сайрам ауданы, №78 негізгі орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Айтқұлова Маржан Төлегенқызы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница